Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата15.03.2017
өлшемі12,72 Mb.
#9572
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
9572

РЕДАКЦИЯ

 

АЛ

Қ

А

СЫ

МЕНШІК ИЕСІ: Қазақстан Республикасының

Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту 

және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті

Альманах Қазақстан Республикасының 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің 

Ақпарат және мұрағат комитетінде қайта тіркеуден өтіп,

2007 жылғы 23 шілдеде № 8514-А куәлігі берілген.

ТУҒАН ТІЛ № 3 (24), 2015

ЕЛАРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ,

ӘДЕБИ-ҒЫЛЫМИ АЛЬМАНАХ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ



Данияр ТАУМҰРАТ 

БАС РЕДАКТОР



Талғат МАМАШЕВ

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ 



Жанар ЖАНАПИЯНОВА

Өмірзақ АЙТБАЕВ

Нұргелді УӘЛИҰЛЫ

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ

Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ

Әділбек ЫБЫРАЙЫМҰЛЫ

Орынай ЖҰБАЕВА

Абдулқаюм КЕСИЖИ 

(Еуропа)

Сұраған РАХМЕТ 

(Моңғолия)

Ирина ҚАРАБУЛАТОВА 

(РФ, Мәскеу)

Назарбек БАЙЖІГІТОВ 

(Қырғызстан)

Меллат РӘМЕТҰЛЫ 

(Қытай)

М а з м ұ н ы

ЕЛІМІЗДІҢ КИЕЛІ КІТАБЫ  

АНА ТІЛІМІЗ – АРЫМЫЗ, НАРЫМЫЗ 



12

ANA TILIMIZ – ARIMIZ, NARIMIZ 

17 

   


21 

ЖҰЛДЫЗ ЕСЕБІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН КҮНҚАЙЫРУ 

26 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОЛАЙЫ МЕН БҰЛАЙЫ 



30 

АБАЙДАН ҚАБАЙҒА ДЕЙІН 

35 

ABAYDAN QABAYĠA DEYIN 



40 

БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙ 

46 

МАЛЫЙ КУРУЛТАЙ КАЗАХОВ РЕСПУБЛИКИ БЕЛАРУСЬ 



52

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІМЕН САЛЫСТЫРА БАЯНДАЛҒАН 

«ОҒЫЗНАМА» МӘТІНІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ 

58 


ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ 

62 


ҚАЗАҚ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫНА АРНАЛҒАН                

ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ 

66 

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ БІР ТУҒАН 



70 

«ҚАЗАҚ» СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ 

75 

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫ ҰЛТТЫҚ РУХ БІРІКТІРЕДІ 



79 

ФОЛЬКЛОРЛЫҚ КЕЙІПКЕРЛЕРДІ СУРЕТТЕУ 

82 

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ 



86 

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ 

90   


А л ғ ы   с ө з

Талғат

МАМАШЕВ 

«Туған тіл» альманахының 

бас редакторы

Құрметті ағайын!

 

Қолдарыңыздағы  «Туған  тіл»  альманахын  елдігіміздің  еселі 



болуына  жол  ашқан,  осыдан  жиырма  жыл  бұрын  қабылданып, 

мемлекеттігіміздің  тұрақтылық  нышанына  айналған  Қазақстан 

Республикасының Конституциясына арнап отырмыз. «Елдігіміздің 

киелі кітабы» атты мақалада Ата Заңның 20 жылдығына арналған 

ғылыми-тәжірибелік  конференция  материалдарын  оқырман 

назарына  ұсынуды  жөн  көрдік.  Бұл  мақаладан  шығатын  негізгі 

қорытынды  мынадай:  бүгінгі  Ата  Заңымыздың  қайнар  бастауы 

арыда, тым арыда жатыр. Әрі бұл жайттың өзі біздің еліміздің терең 

тарихымен сабақтас екендігі де дау тудырмайды, тегінде. Тарихтың 

шыңырау  түкпірінен  тамыр  тартып,  ата-бабаларымыздың  өмір 

сүру  дағдысымен  біте  қайнасқан    Әз  Тәукенің  «Жеті  жарғысы» 

мен  бүгінгі  біздің  Ата  Заңымызда  көзделген  ізгі  мұраттардың 

бір-бірімен  сәйкес  келетіні    даусыз  шындық.  Дамыған  Қазақстан 

Конституциясының    баптары  ата-бабаларымыздың  «Жеті  жар-

ғы  да»  көздеген  мақсаттарымен  үндесіп,  жалғасып  жатыр.  Бүгінгі 

күні біздің елдің ең жоғары заң күшіне ие негізгі құжаты Қазақстан 

Республикасының Конституциясы болып табылады. Ата Заңымызды 

негізгі бағдар етіп алған Қазақстан елі қазір айтулы үлкен биіктерге 

қол  жеткізуде.  Қазіргі  жаһандық  үдерістер  толқынында  сенімді 

қадаммен  алдыға  нық  басып  келеміз.  Еліміздің  болашағы  нұрлы 

боларына біз сенеміз. Альманахымыздың қолдарыңыздағы осынау 

санындағы  еліміз  Конституциясына  арналған  материалдардың 

негізгі айтары – осындай. Бұл – жалаң үгіт, құрғақ насихат емес, 

нақты өмір шындығы екендігін басылым беттерін парақтап ашып 

қараған әрбір адам түсінеді.   

Биылғы мерекелердің ішіндегі айтулысы ретінде, ұлтымыздың 

біртуар  дана  ақыны,  ғұламасы,  хакім  Абай  Құнанбайұлының 

туғанына 170 жыл толып отырғандығын атап өтуіміз керек. Осыған 

орай  Нұрболат  Әбдіқадырдың  «Абайдан  Қабайға  дейін»  атты 

мақаласын беріп отырмыз. Сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт 

министрі  Арыстанбек  Мұқамедиұлының  журналист  Нұрперзент 

Домбайға берген сұхбатын латын және төте жазумен  беруді жөн 

көрдік. «Туған тіл» альманахының ұстанған бағыты мен бағдары – 

шеттегі қазақ диаспорасының мәдени өмірін жандандыру, еліміздегі 

болып жатқан жарқын оқиғаларды олардың арасында  насихаттау, 

шетел  қазақтарының  жаңалықтарын  жалпақ  қазақ  еліне  жеткізу.  

Осыған орай Беларусь, Өзбекстан Республикасындағы қазақтардың 

кіші  құрылтайлары,  Қырғыз  Еліндегі  қазақ  мәдени  орталығының 

сайлауы  сынды жайттарға байланысты  мақалаларды да оқырман 

назарына  ұсынып  отырмыз.  Елімізде  және  шетелдегі  қандастар 

арасында жанға жағымды, жақсы жаңалықтар көп бола бергей!      


28 тамыз күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

қатысуымен Ата Заңның 20 жылдығына арналған «Кон­

с титуция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» тақырыбында 

халықаралық ғылыми­тәжірибелік конференция өтті. 

Жиынға Қазақстанның Консти ту циялық кеңесі, 

Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, Адам 

құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, Қазақстанның 

Жоғарғы соты, еліміздің Бас прокуратурасы, 

Қазақстанның Әділет, Сыртқы істер министрліктері, 

Астана қаласы әкімдігі, Л.Н. Гумилев атындағы Еура­

зия ұлттық университеті мен Қазақ гуманитарлық заң 

университеті, сондай­ақ Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы 

демократия үшін Еуропалық комиссиясы ұйытқы болды. 

6

К

онференция жұмысына Үкімет мүше-



лері,  Парламент  палаталарының 

төр аға лары  мен  депутаттары,  Кон-

с титуциялық  Кеңес  төрағасы  мен  мүшелері, 

беделді халықаралық ұйым делегациялары, со-

нымен қатар 28 елдің құқыққорғау мекемелері 

мен  прокуратураларының,  соттары ның,  кон-

ституциялық  бақылау  органдарының  басшы-

лары, отандық және шетелдік танымал заңгер-

ғалымдар,  саясаттанушылар  мен  сарапшылар 

қатысты. 

Ғылыми-тәжірибелік конференцияны ашқан 

Қазақстан  Республикасы  Конституциялық 

Кеңе  сі  нің  төрағасы  Игорь  Рогов  Елбасы 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  баста-

маларына  сәйкес,  биылғы  жылы  ортақ  та-

рихи  тамыры  бар  бірқатар  елеулі  оқиғаның 

өтіп  жатқанына  тоқталды:  «Олар  –  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  20  жылдығы,  Қазақ 

хандығының 550 жылдығы және Қазақстан Рес-

публикасы  Конституциясының  20  жылдығы. 

Еліміздің  Конституциясы  қазіргі  заманғы 

әлем дік  құқықтық  ғылымның  жетістіктерін 

ғана  емес,  сондай-ақ  қазақ  мемлекеттілігінің 

тұң ғыш  актілерінің  әлеуетін  де  қамтыды. 

Оларға  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»,  «Есім 

ханның  ескі  жолы»,  «Тәуке  ханның  Жеті 

жарғысы», сонымен қатар басқа да құқықтық-

заңдық ережелерді жатқызуға болады. Ал 1995 

жылы 30 тамызда республикалық референдум-

да  қабылданған  Конституция  Қазақстанның 

демократиялық, зайырлы-құқықтық және әлеу-

меттік мемлекет ретінде қалыптасуының, бекі-

тілуінің,  дамуының  айшықты  символына  ай-

налды», – деді И.Рогов.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаевқа сөз берілді. 

Қымбатты  отандастар!  Қадірлі  конферен-

цияға қатысушылар, – деп бастады сөзін Мемле-

кет басшысы. – Баршаңызды мемлекеттігіміздің 

берік іргетасы – Конституциямыздың 20 жыл-

дық  мерейтойымен  құттықтаймын!  30  тамыз 

–  Қазақстан  халқы  тарихи  таңдау  жасаған 

ұлы  бетбұрыс күні. Біз осыдан 20 жыл бұрын 

бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымызды 

қабылдадық. Ескі мен жаңа тоқайласқан алма-

ғайып кезеңде халқымыз барша әлемге бірлігі 

мен  даналығын  көрсетті.  Жаңа  Қазақстанның 

заманның  талаптарына  сай  келетін  Негізгі 

Заңының  мәтінін  бекітті.  «Біз,  ортақ  тағдыр 

біріктірген  Қазақстан  халқы»,  –  деп  бастала-

тын  Ата  Заңымыз  бойына  еліміздің  ең  басты 

құндылықтарын түгел сыйғыза білді.

Мен Конституцияның 1 жылдығына арнал-

ған салтанатты жиында: «Біз заң аясында өмір 

сүруді  үйренуіміз  керек»,–  деген  едім.  Ата 

Заңымызбен  жүріп  өткен  20  жылға  көз  сала 

отырып,  бүгін:  «Біз  заң  аясында  өмір  сүретін 

елміз»,– деп мақтанышпен айта аламын. Кон-

ституция  –  біздің  барша  табыстарымыздың 

бастауы. Елдігіміздің киелі кітабына айналған 

қастерлі құжат – тұрақтылық пен татулықтың 

тұғыры.


Біздің  Конституциямыз  «Біз  ортақ  тағдыр 

ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА – 20 ЖЫЛ

7

біріктірген Қазақстан халқы» деген сөздермен 

басталады. Негізгі заңның осы сөздерде біздің 

басты құндылығымыз – елдің көпэтносты, көп-

конфессиялы халқының бірлігі көрініс тапқан. 

Біздің Отанымыз да осы сөздерден басталады.

Бүгін,– деді Президент, – біз 1995 жылдың 

басында  Қазақстанның  тәуелсіздігі  шыңырау 

шетіне тіреліп тұрды дегенді объективті түрде 

айта аламыз. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 

«мемлекет бола ма, болмай ма?» деген мәселе 

төтесінен қойылды. 

Ол  сәтте  Қазақстан  шарасыз  кедей  және 

өз  іс-қимылдары  мен  мүмкіндіктері  де  шара-

сыз шектеулі болды. Бізде өзін-өзі басқарудың 

білімі де, тәжірибесі де болған жоқ және қазіргі 

заманғы мемлекет қалай қызмет істейді дегенді 

де көз алдымызға көмескі елестеттік. Біз егер 

өзіміз тез әрі батыл әрекет етпесек, онда бізде 

жаңа және тәуелсіз мемлекеттің орнына анар-

хия  болатынын  білдік.  Біз  оны  өзге  елдер 

тәжірибесінен байқадық. 

Бұрынғы  Одақтың  тарауынан  туындаған 

эконо микалық  коллапс  реформаларға  ғана 

емес, сонымен бірге іс жүзінде өліп бара жат-

қан  экономиканы  ұстап  тұруға  да  қандай  да 

бір  қаржының  болмауымен  тереңдей  түсті. 

Жұмыссыздық,  еңбекақы  мен  зейнетақының 

болмауы миллиондаған адамды тек әйтеуір күн 

көру  үшін  күрес  шегіне  апарып  қойды.  Сол 

кездегі  «демократияландыру»  мен  «жария-

лылықты» қате түсіну инерциясы түрлі этнос-

тарға  жататын  қазақстандықтар  арасын дағы 

сенімге қылау түсірді. Осылардың бәрі де бол-

ды! 

Менің  күрделі  ахуалдан  шығу  жөніндегі 



пайым дарым  мен  ұсыныстарыма  сол  кездегі 

парламент  атымен  түсінбестік  танытты.  Дау-

жанжалдармен  және  азаматтық  соғыстармен 

қоса  жүрген  сценарийді  ТМД-ның  көптеген 

елдері  біздің  көз  алдымызда  бастан  өткеріп 

жатты.  Біздің  жас  және  көпэтносты  мем-

леке тімізде  оған  жол  беруге  болмайтын  және 

ол  апатқа  парапар  еді.  Біз  көптеген  елдерде 

жаңа  мемлекеттілік  құрылысының  қасіретті 

және  қантөгісті  болып  шыққанын  көрдік. 

Осы  тұрғыда  Қазақстанның  ең  жаңа  тарихы 

көптеген  жаңа  мемлекеттерге  маңызды  сабақ 

бола алады. 

Конституция туралы, – деді сөзін жалғаған 

Елбасы, – 1995 жылғы 30 тамыздағы референ-

думда  біз  бірден-бір  дұрыс  жолды  таңдадық 

және  оны  біздің  20  жылдық  тарихымыз  рас-

тап  отыр.  Мен  бізді  кейде  автократиялы  деп 

жазғырып  жататынын  білемін,  бірақ  біздің 

халқымыз  өз  Президенті  мен  Парламентін 

еркін  балама  сайлауда  таңдап  алып  жатқанда 

қалайша  бұлай  деуге  болады.  Бізге  АҚШ-

тан  Еуропаға  дейінгі  батыс  елдері  өмір  сүріп 

жатқан  демократия  жолымен  тездетіп  жүру 

қажеттігін  айтады.  Біз  мұның  бәрін  жақсы 

түсінеміз.  Демократия  –  адамзат  дамуының 

ортақ  магистральдық  жолы.  Біз  де  сол  жол-

мен  келеміз,  бірақ  бұл  ретте  біздің  азиялық 

қоғам екенімізді ескеру керек. Бізде Батыстан 

ерекшеленетін  дәстүрлер,  өзгеше  діни  және 

мәдени көзқарастар бар. Сондықтан бізге бұл 

жолмен абайлап, асықпай жүру керек. Өйткені 

өзге  елдермен  салыстырғанда,  бұл  кеңістікте 

соңғы 300 жыл бойында демократия мәдениеті 

болған  жоқ.  Сол  себепті  де  мен  біздің 

қызметімізді  бағалағанда,  азиялық  қоғамның 

қалыбына, тарихына, мәдениеті мен дәстүріне 

тереңірек бойлап қарауға кеңес берер едім. 

Мемлекеттік  құрылыстың  қасаң  кесте  не-

месе  утопиялық  жоспарлар  негізінде  жүзеге 

асуы  мүмкін  емес.  Экономикалық  алға  басу-

сыз және адамдардың әл-ауқатынсыз орнықты 

тұрақтылықтың  болуы  да  мүмкін  емес.  Ал 

тұрақтылықсыз  елде  табысты  өзгерістерге 

қол  жеткізу  мүмкіндігі  нөлге  тең.  Мен 

экономикалық  реформаларды  жаңғырту  ісінің 

басына  қойдым,  өйткені  демократияның  да-

муы  басымдықтарды  алдымен  –  экономика, 

одан соң – саясат түрінде нақты қойғанда ғана 

үлкен  табыстарға  жететіне  сенімді  болдым. 

Өмір  біздің  жолымыздың  дұрыс  таңдалғанын 

дәлелдеп  берді.  Біз  өзіміздің  осы  жолымыз-

ды өзгертпейміз. Сонымен қатар айналамызға 

мұқият, жіті, асқан сақтықпен қараймыз. Осы-

лай ету арқылы жүріп келе жатқан жолымыздың 

дұрыс екенін адамдарға лайықты жағдай жасау 

арқылы дәлелдеуге тырысудамыз. 

Бүгін  біз  1995  жылдың  ұлы  оқиғаларын 

біздің халқымыздың тарихи тағдырын таңдауы 

ретінде атап көрсете аламыз. 

Біріншіден,  оған  біздің  жас  мемлеке ті міз -

дің  өмір  сүруіне  қатер  төндірген  жүйелі  дағ-

дарыс  объективті  түрде  алғышарт  жасады. 

Батыл  іс-қимылдармен,  халқымыздың  топтас-

қандығымен  және  бірлігімен  біз  ол  қатерді 

еңсердік. 

Екіншіден,  елдің  мемлекеттік  құрылы мы-

ның бүкіл жүйесі түбегейлі ауысты. Ол кеңес-

тік  кезден  қалған  инерциялық  формадан  түп-

кілікті арылды. 

Үшіншіден,  ұлттық  экономиканың  басым-

дықтың  үлгісі  әкімшіл-әміршіл  тәсіл ден 

нарық тық тәсілге қарай бұлжымастай өзгерді. 

ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА – 20 ЖЫЛ


8

1995  жылы  қабылданған  заң  күші  бар  147 

жарлық  ахуалды  нарықтық  қатынастар  пай-

дасына  қарай  түпкілікті  бұрды.  Іс  жүзінде  ол 

өзіміз  дербес  әзірлеген  және  жүзеге  асырған 

біздің алғашқы табысты жаңғырту тәжірибеміз 

болды.  Осынау  тамаша  тәжірибені  өзіміздің 

дамуымыздың  жаңа  сатысына  аяқ  баса  оты-

рып,  бүгінде  де  пайдаланудамыз.  Мен  ел 

экономикасының одан әрі өсуіне және қоғамды 

жаңғыртуға жағдай жасайтын бес институттық 

реформа мен «100 нақты қадамды» ұсындым. 

Ол  кезде,  90-жылдардың  екінші  жартысында 

валюталық  және  банк  жүйесі,  сондай-ақ  жас 

қазақстандық бизнес дамудың жаңа серпініне ие 

болды. Жекешелендіру ісі бастау алды, осыған 

дейін  Қазақстанда  болмаған  жекеменшік  ин-

ституты алғаш рет пайда болып, жұмыс істей 

бастады. Азаматтардың жеке бастамашылдығы 

мен  іскерліктері  құндылықтарына  негізделген 

қағидатты  жаңа  еңбек  және  әлеуметтік 

қатынастар  жүйесінің  іргетасы  пайда  бол-

ды.  Осылардың  бәрі  тұрақтылыққа,  одан  соң 

біз  мақтаныш  ететін  экономикалық  өсімнің 

жоғары қарқындарына негіз қалады. 

Төртіншіден,  дәл  сол  1995  жылы  саяси 

жүйе қағидатты түрде жаңарды. Консти туция-

ның  қабылдануымен  қоғамда  партияның,  аза-

мат тық сектордың жаңа ҮЕҰ-лармен, тәуелсіз 

БАҚ-тармен  дамуы  үшін  қолайлы  жағдайлар 

пйда  болды.  Осынау  есте  қаларлық  жыл-

да  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  өмірге 

келді.  Референдумда  Конституция  жоба-

сына  қолдау  көрсетудегі,  барлық  этностар-

ды  патриоттық  негізде  топтастырудағы  ең 

алғашқы  тарихи  рөл  де  Ассамблеяға  тиесілі. 

Қазір  біз  оның  да  20  жылдық  мерейтойын 

кеңінен  атап  өтудеміз.  Біздің  Конституция-

мызда  бүкіл  қазақстандықтардың  қолдауына 

ие  ортақ  құндылықтар  айқын  баяндалған.  Ол 

–  азаматтарға  жынысына,  нәсіліне,  ұлтына, 

тіліне, дініне және басқа да белгілеріне қарай 

қысым жасауға қатаң тыйым салу. Осы негізде 

бүкіл халықтың арасында бейбітшілік, келісім 

мен бақуаттылық қамтамасыз етілуде. 

Ең  бастысы  –  біз  қазақтың  тілін,  тарихы 

мен  мәдениетін  өркендетіп,  өрісін  кеңейттік. 

Мектептеріміздің  көпшілігінде  оқу  қазақ 

тілінде  өтетін  болды.  Қазақ  тілінде  басылым-

дар  мен  кітаптар  көптеп  шығарылып,  барлық 

Жер  шарын  аралап,  біздің  тарихымызға 

қатысты «инемен құдық қазғандай» етіп, қайта 

жаңғыртуға  мүмкіндік  алдық.  Өз  тілімізді, 

ділімізді,  дінімізді  өркендете  отырып,  біз 

өзге  этнос  өкілдерін  кемсітпедік,  басқаларды 

төмендетпедік,  оларға  өз  деңгейімізде  қарап, 

олардың  құқықтарына  құрметпен  қарадық. 

Біздің  тұғырымыздың,  біздің  бірлігіміз  бен 

тыныштығымыздың  ең  негізгі  арқауы  –  осы. 

Қазақ  мәдениеті  мен  тарихы  еліміздегі  бар-

ша  ұлыстардың  рухани  ұйытқысына  ай-

налды.  Күллі  ел  болып  атап  өткелі  отырған 

Қазақ  хандығының  550  жылдығы  –  осының 

айқын  көрінісі.  Тіл,  тарих  және  мәдениет 

үштағанының  бірлігі  –  біздің  мызғымас  ру-

хани  тірегіміздің,  Ел  бірлігінің  негізі.  Біздің 

газеттеріміз  бен  журналдарымыз  11  тілде 

шығады, ал театрларда ағылшын, әзірбайжан, 

неміс,  кәріс,  украин,  ұйғыр,  өзбек,  дұнған, 

татар  тілдерін  қоса  алғанда  алты  тілде  өнер 

көрсетіледі.  Екі  жүзден  астам  этностық  мек-

теп,  195  жексенбілік  тілдік  орталық  табысты 

жұмыс  істеуде.  Тілдерді,  мәдениетті  қайта 

өркендету, патриотизмге тәрбиелеу, ұлтаралық 

келісімді нығайту бойынша үлкен де көпқырлы 

жұмыс  жүргізілуде.  Олардың  бәрі  толықтай 

мемлекеттен  қаржыландырылады.  Мұндай 

тәжірибе әлемде еш жерде жоқ. Бұл – бүкіл ел 

бойынша: әр қалада, ауылда дәстүрге айналған 

мемлекеттің  игі  ісі  және  ол  әлемнің  өзге 

мемлекеттерінде оқып-үйрену тақырыбына ай-

налып отыр. 

Құрметті  конференцияға  қатысушылар,  – 

деді  бұдан  әрі  Мемлекет  басшысы.  –  Небәрі 

жиырма  жылдың  ішінде  біз  Конституция 

ережелерін басшылыққа ала отырып, ұлы жол-

ды  жүріп  өттік.  Қазақстан  –  бүгінде  әлемдегі 

қалыптасқан, құрметті және абыройлы мемле-

кет.  Бұл  –  біздің  Негізгі  Заңымыздың  барлық 

ережелері  мен  қағидаттарының  өмірде  нақты 

жүзеге асуы. Тек жақсылыққа қарай өзгертуге 

қабілетті мемлекеттік және қоғамдық құрылыс 

қана  тиімді  болып  табылады.  Біздің  Негізгі 

Заңымызда  табысты  даму  үшін  де,  ұлттың 

өзді-өзінен жаңаруы үшін де барлық құқықтық 

құрал  бар.  Біз  алдымызға  жаһандық  мақсат  – 

ғасырдың ортасына қарай 2050 жылға дейінгі 

кезеңге  әзірленген  стратегиялық  бағдарлама 

негізінде  Қазақстанды  әлемнің  неғұрлым 

дамыған 30 елінің біріне айналдыру мақсатын 

қойдық. 

Барлық  көшбасшы  елдерде  табыстың  екі 

бас ты  құрамдасы  бар  екенін  тарих  көрсетіп 

отыр. Біріншісі – серпінді экономика және жаң-

ғыру. Екіншісі – тұрақты конституциялық жүйе 

және  орнықты  мемлекет.  Осынау  екі  фактор 

XXI  ғасырда  Қазақстанға  да  толық  дәрежеде 

қажет.  Олар  біздің  «Ұлт  жоспары  –  баршаға 

ортақ  қазіргі  заманғы  мемлекетке  қарай  жүз 

ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА – 20 ЖЫЛ


9

қадамымыздың» барлық ой-мақсаттын және іс 

жүзіндегі міндеттерін жанды жіп түрінде бой-

лай  өтеді.  Терең  жаңғыртудың  кең  ауқымды 

мәні биылғы жылы өткен президенттік сайлау 

барысында бүкілхалықтық қолдауға ие болды. 

Жаңғырту  жөніндегі  Ұлттық  комиссияның 

аясында Ұлтжоспарын орындау бойынша нақты 

іс-қимылдар  әзірленді.  Оларды  халықаралық 

сарапшылар  қарап,  қолдау  білдірді.  Парла-

мент  пен  Үкімет,  барлық  мемлекеттік  орган 

үшін орасан зор жұмыстар алда тұр. Бүтіндей 

алғанда,  біздің  іс-қимылдарымыздың  мәні 

Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 

әлеуетін одан да кеңірек ашуға келіп тіреледі. 

Біріншіден, мемлекеттік биліктің бірден-бір 

қайнар көзі – халық туралы. Ұлт жоспарының 

кәсіби  мемлекеттік  аппарат  пен  есеп  беретін 

мемлекет құру жөніндегі шаралары да осыған 

бағытталған.  «Ашық  Үкімет»,  жемқорлыққа 

қарсы батыл күрес, мемлекеттік органдар мен 

қызметшілердің жұмыстарын нақты нәтижелер 

бойынша бағалау, сондай-ақ өзге де шаралар – 

осылардың бәрі – ел мүддесі үшін. 

Екіншіден, азаматтық тең құқықтық туралы 

конституциялық постулаттар Бес реформаның 

заң  үстемдігін  қамтамасыз  ету  сияқты 

бағытында біртіндеп ашылып отыратын бола-

ды. Бұл жұмыстың маңызды қыры тәуелсіз сот 

жүйесін нығайтуға және құқық қорғау органда-

рын реформалауға байланысты. 

Үшіншіден, 

индустрияландыру 

және 


эконо  микалық  өсу  бағыттары  аясында  бүкіл 

халық  игілігі  үшін  экономикалық  дамудың 

кон ституциялық  қағидаты  толыға  түседі.  Біз 

эконо миканы  көтеру  мақсатында  Индустрия-

ландыру  бағдарламасын  қолға  алып  келеміз. 

Себебі Қазақстан – табиғи ресурстарға, мұнай 

мен  газға  бай  ел.  Қазақстанда  Менделеев 

кестесіндегі 53 элемент шығарылады. Иә, бұлар 

–  біздің  байлығымыз.  Алайда  бүгінде  конъ-

юнктура  өзгеруде.  Сондықтан  біз  ресурстарға 

тәуелді емес, баламалы, қайта өңдейтін, мүлде 

басқа  экономика  құруға  көштік.  Ол  жұмысты 

жүзеге асыру үшін нақты реформа керек. Біздің 

басты міндеттеріміз – бизнес үшін кедергілерді 

жою,  рұқсат  беру  рәсімдерін  қысқарту  және 

салық  режімін  қарапайымдандыру,  иннова-

циялық  кластерлерді  дамыту  және  энергия 

үнемдеу. 

Төртіншіден,  әлеуметтік  мемлекеттің  кон-

с ти туциялық  қағидаты  білім  беру,  денсау-

лықсақтау, азаматтардың әлеуметтік жұмыспен 

қамтылуы салаларын жаңғырту жөніндегі ша-

ралармен біртіндеп кеңейе түсетін болады. 

Бесіншіден,  біздің  Конституциямызда 

«қазақстандық патриотизм» ұғымы бекітілген. 

Оның  мағынасы  біздің  азаматтық  ұлтымызға 

адал  қызмет  етуге,  азаматтың  міндеттерін 

сөзсіз орындауына келіп тіреледі. Шынайы па-

триотизм  Конституцияға  адалдықтан,  мойын-

дау мен қатаң орындаудан басталады. Қандай 

этносқа  немесе  дінге  қатысты  болмасын  дәл 

осылар барлық қазақстандықты біртұтас халық 

етеді. 

XXI  ғасырда  біздің  ұлы  арманымыздың  – 



Мәңгілік  Елдің  сенімді  іргетасы  бар.  17  мил-

лионнан  астам  азаматы  бар  мемлекет  бізге 

сондай  тірек  болып  табылады.  Ол  –  бүгіннің 

және  болашақтың  мемлекеті!  Мен  айтқан 

бес  институттық  реформаны  жүзеге  асыру 

бағытында  біз,  Үкіметтің  барлық  аппараты, 

Парламент депутаттары табанды түрде жұмыс 

жүргізіп келеміз. Біз оның тетігін келер жылдың 

1  қаңтарында  іске  қосқымыз  келеді.  Ол  үшін 

78  заңнамалық  акт  қабылдап,  Конституцияға 

өзгерістер  енгізуіміз  керек.  Себебі  ЭКСПО-

дан  кейін  Астанада  мемлекетаралық  қаржы 

орталығын  құруды  көздеп  отырмыз.  Содан 

соң  Дубай  орталығының  жұмыс  істеу  әдісін 

толықтай  қабылдағымыз  келеді.  Сондықтан 

бүгіннің  және  болашақтың  мемлекетін  құру 

арқылы біз жаңа өзгерістердің табалдырығында 

тұрмыз. 


Қымбатты  қазақстандықтар,  –  деді  сөзі-

нің  соңында  Президент.  –  Біз  барын  бағалап, 

қымбатын  қадірлей  білген  елміз.  Азат-

тығымыздың  айшықты  айғағы  болған  Ата 

Заң  –  тәуелсіздіктің  теңдессіз  тартуы.  Сан 

буын  ұрпақ  алмасса  да,  ескірмейтін,  жыл 

өткен  сайын  жаңғыра  беретін  құндылықтар 

жинағы.  Мемлекеттігіміздің  алтын  қазығын 

қастерлеу  –  әрбір  қазақстандықтың  қасиетті 

парызы. Конституцияның әрбір сөзін мүлтіксіз 

орындап,  бұлжытпай  сақтасақ,  алар  асуымыз 

әрдайым  асқақ  болады.  Сол  арқылы  Мәңгілік 

Елдің тұғырын нығайтып, шаңырағын биіктете 

түсеміз. Ата Заңымыздың мерейлі белесі құтты 

болсын!  Елдігіміздің  тұмары  болып  асқақтай 

берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 

Алар асуларымыз әрқашан биік болсын!

Елбасының сөзінен кейін жиынға қатысушы 

қонақтар  сөз  алып,  өздерінің  ой-пайымдарын 

ортаға  салды.  Мәселен,  Еуропа  Кеңесі  Ве-

неция  комиссиясының  вице-президенті  Ев-

гений  Танчев  өзінің  Қазақстан  Республика-

сы  Конституциясының  20  жылдығына  орай 

ұйымдастырылған шараға қатысу мүмкіндігіне 

ие  болғанына  ризашылығын  білдірді.  «Кон-



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет