Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту


ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА – 20 ЖЫЛ



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата15.03.2017
өлшемі12,72 Mb.
#9572
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА – 20 ЖЫЛ

10

ституция – кез келген халықтың бақуатты өмір 

сүруінің бірден-бір кепілі. Демек, Ата Заңның 

маңызы  мен  мәнін  ешкім  жоққа  шығара  ал-

майды.  Әрбір  елдің  азаматтары  Конституция-

да  көрсетілген  талап-ережелерге  сәйкес  өмір 

сүруі  тиіс.  Мәселен,  Еуропа  Кеңесі  Венеция 

комиссиясының міндеті – біздің комиссияның 

мүшелеріне  Конституцияның  барлық  халық-

ара лық талапқа сай келу қажеттігін түсін діру. 

Біздің  комиссия  25  жыл  бұрын  құрылған  еді. 

Оған  3  млрд-тан  астам  азаматы  бар  60  мем-

лекет  мүше.  Қазіргі  таңда  біздің  бел сенді 

жұмысымыз  тұрақты  демократияны  қалып-

тастыру,  Конституцияны  жазумен  ғана  шек-

тел мейтініне,  бұл  саяси,  заңдық,  халықтық, 

мәдени дәстүрлерге де байланысты екеніне көз 

жеткіздік. Кез келген заң нормалары шынайы 

өмір жағдайларымен үндес болуы керек. Яғни, 

олар мемлекет пен қоғамды алға жылжытудың 

тірегіне  айналуы  тиіс.  Біз  Конституцияның 

«өлі тілге» айналғанын қаламаймыз», – деді ол. 

Мейман Қазақстанның Венеция комиссиясына 

2012 жылдан бастап мүше екенін атап өтті. «Біз 

бірқатар талап-ережелер бойынша Қазақстанға 

қолдау  көрсетіп,  ықпал  еткен  болатынбыз. 

Қазақстан – Еуроодақпен қаржыландырылатын 

бірлескен  жоба лар дың  белсенді  қатысушысы. 

Венеция  комиссиясымен  әріптестік  орнату 

арқылы  Қазақстан  заңдық-құқықтық  салада 

үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізеді  деп  ойлай-

мын», – деді өз сөзінде Е. Танчев. 

Еуразиялық  экономикалық  одақ  соты ның 

төрағасы  Александр  Федорцов:  «Қазақстан 

Кос титуциясының  20  жыл дығы  –  нағыз  та-

рихи  оқиға.  Біз  елдің  қан дай  қиын-қыстау 

күндерден  өткендігін,  түрлі  экономикалық 

және  әлеуметтік  жағдайларды  бастан  кеш-

кендігін  жақсы  білеміз.  Бүгінде  Қазақстан 

қарқынды  түрде  дамып,  құқықтық-зайырлы 

мемлекетке айналды», – десе Армения Респу-

бликасы  Конституциялық  сотының  төрағасы, 

Жаңал  демократия  елдері  конституциялық 

бақылау  органдары  конференциясының  төр-

ағасы  Гагик  Арутюнян  Мемлекет  басшысы 

Н.Назарбаевты,  барлық  қазақстандықтарды 

кон ституцияның  20  жылдық  мерейтойымен 

құт тықтады.  «Конституцияның  үстемдігін 

қам тамасыз  етудің  қазіргі  заманғы  сын-

қатерлері»  тақырыбындағы  баяндамасын 

дүйім  жұртқа  талдап  айта  отырып,  ол  Кон-

с титу циялық  ахуалға  байланысты  бірқатар 

мәселелерді сөз етті. Сонымен қатар Қазақстан 

мемлекетінің  Ата  Заңы  халықтың  рухани 

құндылықтары  негізінде  әзірленгендігіне 

сенімді екен дігін жеткізді. Республикамыздың 

бәсе кеге  қабілетті  болуы  адами  капиталға 

тікелей  байланысты  болып  отырғандығын 

тұспалдай  келе,  мысал  ретінде  «Болашақ» 

бағ дарламасы  бойынша  оқып  келіп  жатқан 

маман дардың  қоғамды  дамытуға  ауқымды 

үлес  қосып  жатқанын  сөз  етті.  «Білімді  ұлт 

жөніндегі  идея  –  тамаша  идея»,  –  деген  ол  – 

«

Технологиялық  тұрғыда  бәсекеге  қабілетті 



дамыған  экономиканың  болуы,  Қазақстанның 

жаһандық  ықпалдастық  үдері сіндегі  керемет 

бастамаларының барлығы да бұл мемлекеттің 

даму  деңгейін  айқындап  отыр»,  –  деді  сөзін 

жалғай.  Қазақстанды  ерекшелейтін  тағы  бір 

өзгешелік  –  Елбасының  алысты  болжайтын 

көрегендігі. Конституция күні – өте мәртебелі 

мереке. Сондықтан осындай салтанатты шара 

барысында  Конституцияның  мән-маңызы  мен 

артықшылығын, ерекше лігін, оның қалыптасу 

кезеңдерін  ортаға  салатын  боламыз»  –  де-

ген  ол  Елбасы  Н.Назарбаевқа  «Қазақстандық 

тренд:  тота ли таризмнен  демократиялық  және 

құқықтық мемлекетке» атты еңбегін тарту етті. 

Ресей  Федерациясы  Ұлттық  стратегия 

институтының халықаралық жобалар жөніндегі 

директоры,  саясаттану  ғылымдарының  докто-

ры  Юрий  Солозобов  бүгінгі  таңда  Қазақстан 

мемлекеттілігін  нығайту  басты  қағидатқа 

айналғанын жеткізді. «Конституция – кез келген 

елдің басты құжаты. Ал алға қарай қарыш тай 

ұмтылатын,  өзіндік  мақсаттары  айқын далған 

елге айналу үшін сол елдің Конституциясында 

бекітілген  ереже-нормаларға  сүйеніп,  бағдар 

алу  керек.  Сонда  ғана  гүлденген,  өркендеген 

елге  айналып,  «Мәңгілік  Ел»  сынды  идея-

ны  жүзеге  асыруға  болады.  Кез  келген  идея 

жайдан-жай пайда болмайды. Ол қанша мерзім 

бойына  сын  елегінен  өтіп,  ой  таразысына  са-

лынады.  Бұл  орайда  Қазақстан  Ата  Заңының 

қалыптасуында  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

рөлі  зор  екендігін  атап  өткеніміз  жөн»,–  деді 

А.Солобозов. 

Беларусь  Республикасы  конституциялық 

сотының  төрағасы  Петр  Миклашевич  Кон-

ституция  қоғам  мен  мемлекет  дамуының 

тұрақтылығы  және  серпінділігіне  ықпал 

ететінін  жеткізді:  «Қазіргі  уақытта  халық-

тың  тұтастығы,  демократиялық-құқықтық 

қоғамның  қалыптасуы  кез  келген  мемлекет 

үшін  маңызды.  Қазақстан  Конституциясында 

бекітілген  қағидаттар  мен  нормалар  елдің  да-

муына және мемлекеттің қалыптасуына тікелей 

бағытталған.  Біздің  конституцияларымыздың 

іргетасы өте күрделі кезеңде қаланды. Алайда 

ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА – 20 ЖЫЛ


11

ол  жаңа  демократияның  қалыптасуына  негіз 

болды. Кейін конституциялық құндылықтарды 

қолдана  отырып,  мемлекеттеріміздің  тұрақты 

дамуына  белгілі  бір  деңгейде  қол  жеткіздік. 

Алдағы уақытта біз конституциялық құндылық-

тардың жалпы қоғамда, әлемде болып жатқан 

үдерістер  мен  өзгерістер  дер  кезінде  ықпал 

ету  мүмкіндігін  үнемі  назарда  ұстауымыз  ке-

рек.  Сол  арқылы  ол  құндылықтар  құқықтық 

стандартқа айналады», – деді П.Миклашевич. 

Сонымен қатар пленарлық сессияның жал-

ғасы  бойынша  спикер  Асқар  Шәкіров  келесі 

баяндама  жасау  кезегін  Малазия  Федералдық 

сотының  төрағасы  Арафин  Бин  Закарияға 

ұсынды. Әуелде ол Қазақстан секілді бірлікке 

ұйысқан мемлекеттің 20 жылдық Конституция 

мерекесін  атап  өтуге  шақырылғанына  алғыс 

білдіре отырып, «Конституция: халық тың бір-

лігі, тұрақтылық және өркендеу» тақыры бында 

өзіндік пайымдарымен бөлісті. 

Осы  ретте  Малайзияның  да  біздің  ел 

секілді  көпұлтты  және  көпдінді  мемлекет 

екендігін  жылы  лебізімен  ұштастыра  келе, 

өздерінің  тәуелсіздік  таңы  атқан  салтанат-

ты  мерекелерін  алдағы  үш  күннен  кейін  атап 

өтетінін  толғана  жеткізді.  «Бүгінгі  таңда 

біздің  еліміз  үлкен  өндірісті,  қарқынды  да-

мушы  индустриялы-аграрлық  мемлекетке 

айналды»,–  дей  отырып,  бұл  жағынан  елдегі 

Конституцияның  дұрыс  жолға  қойылғандығы 

үлкен  сеп  екендігін  тұспалдады.  Сонымен 

қатар  ол  Малайзияның  50-жылдардың  орта-

сында  Тәңірдің  қолдауымен  егемен  ел  стату-

сына ие болғандығын айта отырып, билік ны-

саны  –  конституциялық  монархия  екендігін 

тілге тиек етті. Бұл ретте монарх өзінің билігін 

Конституция негізінде жүзеге асыратынын, заң 

шығару тұрғысынан Үкіметтің айрықша орнын 

атады. Және де ұлттар арасындағы келісім мен 

татулықтың ту етіп ұстаған мемлекет, игілікке 

бастар  достықтың  байрағын  желбіреткен  ел 

ғана алға жылжитыны рас екендігін, сонымен 

қатар елдегі конституциялық ахуалдың дұрыс 

жолға қойылғандығының маңызын атап өтті. 

Конференция  шетелдік  сот  төраға ларының 

бірқатар  баяндамалары  және  ізгі  тілектерімен 

жалғасын тапты. Кезек бойынша жиынды Ду-

бай  халықаралық  қаржы  орталығы  сотының 

бас судьясы Майкл Хван «Дубай халықаралық 

қаржы  орталығы  және  оның  құқықтық 

инфрақұрылымы  –  Астана  Қаржы  орталығы 

үшін  ықтимал  үлгі  ретінде»  тақырыбындағы 

баяндамасымен  жалғастырса,  Грузия  Консти-

туциялық сотының төрағасы Георгий Папуаш-

вили «Конституциялық құқықтардың қорғалуы 

Грузияның  демократиялық  дамуына  негіз 

ретін де» тақырыбын ортаға салды. 

Аздаған  үзілістен  кейін  пленарлық 

сессияның  келесі  кезегі  жалғасын  тапты. 

Л.Н.Гумилев  атындағы  ЕҰУ  ректоры  Ерлан 

Сыдықов модераторлық тізгінін алып, баянда-

ма кезегін Болгария Конституциялық сотының 

төрағасы  Димитар  Токушевке  берді.  «1991 

жылғы Конституция – Болгария Республикасы 

қоғамының  жағдайы  және  мемлекеттік-саяси 

құрылысының  серпінділігі»  тақырыбының 

түйінін ағытқан ол конференцияға қатысушы-

ларды  құттықтай  келе,  бұл  жиынға  шақырту 

алғанына үлкен алғыс білдірді. 

Жиын соңында конференцияға қатысу шылар 

конституциялық  құрылыс та ғы  Қазақстанның 

тәжірибесіне баға беріп, елдің конституциялық 

тұрғыдан  дамуын  дағы  Н.Назарбаевтың  атқар-

ған  рөлі  айрықша  екенін  атап  өтті.  Сонымен 

қатар  Қазақстанның  қоғамдық-саяси  тұрақ-

тылықты  сақтаудағы,  этносаралық  және 

дінара лық келісімді қамтамасыз етудегі табыс-

тары,  сондай-ақ  демократияландыру  және 

ырықтандыру үдеріс теріндегі орнықтылық пен 

жүйелілік туралы сөз қозғады. 

Анар Төлеуханқызы, 

Ләйла Еділқызы, 

Эльмира Мәтібаева 

ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА – 20 ЖЫЛ


12

–  Арыстанбек  Мұха ме диұлы,  біздің 

әңгімеміз  алды мыздағы  жексенбіде  атап 

өтілетін  Қазақстан  халқы  тілдерінің  күні 

қарсаңында  болып  отыр.  Бір  жағынан 

алғанда, бұл – Тіл мерекесі ғой…

 – Атаулы күн болғаннан кейін мерекеден еш 

кемдігі жоқ. Міне, сол себепті де ең алдымен 

бүкіл  жұртшылықты,  тіл  майталмандарын 

Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан 

халқы тілдері күнімен шын жүректен құттық-

таймын. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 

«Ана  тіліміз  –  бізді  ғасырдан  ғасырға, 

заманнан  заманға  аман  жеткізген  бірден-бір 

арымыз да, нарымыз да» деген сөзі тіліміздің 

құдірет-қуатын  кемітпей,  оның  рухын  биік 

ұстауға  шақырады.  Осы  мақсатта  мен  де 

барлық отандастарымызды халқымыздың тұла 

бойындағы ар-намысы болып отырған қасиетті 

тілімізді құрметтеуге шақырамын.

–  Алғашқы  сауалымызға  кезек  берейік. 

Еліміздегі «Тіл туралы Заң» жөнінде не айтар 

едіңіз?  Заңның  орындалуы,  қадағалануы 

қалай?

–  Қазақстан  Республикасындағы  Тіл 

туралы  Заң  –  республикадағы  тілдердің  қол-

данылуының құқықтық негіздерін, мем ле кеттің 

оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай 

жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, елімізде 

қолданылатын барлық тілге құрметпен қарауды 

қамтамасыз  етеді.  Осы  Заңда:  «Қазақстан 

халқын  топтас тырудың  аса  маңызды  факторы 

болып табы латын мемлекеттік тілді меңгеру – 

Қазақстан Республикасының әрбір азаматының 

парызы», – делінген. Осы мақсатта жергілікті 

және орталық атқарушы органдарда қазақ тілін 

меңгеру  үшін  жағдайлар  жасалған.  Мысалы, 

бүгінгі  таңда  88  респуб ли калық,  облыстық, 

қалалық, аудандық деңгейдегі оқыту орталығы 

жұмыс  істейді.  Осы  орталықтардың  ішінде 

тек  қазақ  тілін  оқытатыны  –  17,  қазақ  және 

ағылшын  тілдерін  оқы татыны  –  46,  үш  тілді 

үйрететіні – 25. Оқыту орталықтарының саны 

жыл дан-жылға өсіп келеді.

Министрлік Заңның  орындалуын бақылауды 

жүзеге  асырушы  орган  ретінде  жүйелі  түрде 

тексеріс  жұмыстарын  ұйымдастырып,  құжат 

айналымын  мемлекеттік  тілде  жүргізу 

мәсе лесіне  тұрақты  мониторинг  жасайды. 

Үстіміздегі жылдың жартыжылдығы бойын ша, 

мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 

83% болды. Әрине, бұл көрсеткіш әлі де құжат 

айналымын толықтай мемлекеттік тілге көшіру 

АНА ТІЛІМІЗ – 

АРЫМЫЗ, НАРЫМЫЗ



Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт 

министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен сұхбат:

АНА ТІЛІМ  – АЙБАРЫМ

13

бойынша  біраз  жұмыс  атқаруды  талап  етеді. 

Соның бірі – барлық мемлекеттік органдар мен 

ұлттық компаниялардағы, қаржы саласындағы 

ішкі-сыртқы құжат айналымын толықтай қазақ 

тілінде жүргізу болып отыр.

Заңның  орындалуы  ҚР  Премьер-министрі-

нің  төрағалығымен  өтетін  Мемлекеттік  тіл 

саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия 

отырысында  да  қаралып  келеді.  Комиссия 

отырысында жергілікті және орталық атқарушы 

органдардың  басшыларымен  қатар  ұлттық 

компания  жетекшілерінің  Заңның  орындалуы 

бойынша  есептері  тыңдалып,  мемлекеттік 

тілдің мәртебесі мен қолданыс аясын арттыру 

бойынша хаттамалық тапсырмалар берілуде.

Осы  ретте  айта  кететін  мәселенің  бірі 

–  жарнама,  хабарландыру,  көрнекі  ақпарат 

құрал дарындағы мемлекеттік тілдің мәртебесі 

туралы  жиі  сын  айтылып  жатады.  Көшеде 

ілініп  тұрған  жарнамалардағы  қателер,  дұрыс 

аударылмауы  немесе  басқа  тілдерде  ғана 

жарнамалау  сияқты  жайттар  баршылық.  Бұл 

мәселе  Заң  талаптарына  сәйкес  жергілікті 

атқарушы  органдардың  назарында  және 

өңірлерде  осы  мәселені  шешу  мақсатында 

тұрақты түрде рейдтер жүргізіледі.

Жалпы  мемлекеттік  тілді  білу  және  оны 

құрметтеу – әр азаматтың парызы деп білемін. 

Заңның  өз  деңгейінде  орындалуына  барша 

қазақстандықтар үлестерін қосады деген сенім 

бар.


–  Еліміз  тәуелсіздік  алғалы  қазақ 

терминологиясы біртіндеп дамып келе ді деп 

айта аламыз. Қазақ тілі тари хында бұрын-

соңды болмаған сала лық терминологиялық 

сөз діктер  топта масының  әзірленуі  –  соның 

айғағы.  Одан  бөлек  жыл  сайын  түрлі 

салалық  сөздіктер  жа рық  көруде.  Бірақ 

өкініштісі – терминдерді қолдануда бірізділік 

жоқ. Бұл мәселе қалай реттелуі керек?

–  Шынымен  де,   терминология  саласының 

дамуымен  қатар,  жекелеген  кемшіліктердің 

орын  алып  отырғандығы  рас.  Өздеріңізге 

белгілі,  кез  келген  сөздік  –  авторлық  еңбек. 

Сөздіктер,  негізінен,  құрастырылатындықтан, 

автордың 

жеке 


ұстанымымен 

тікелей 


байланысты.  Ал  біздің  мақсатымыз  –  әр 

терминнің оларға қойылатын талапқа сәйкес бір 

ұғымды білдіруі, бір тілдік бірлік қана болуын 

қамтамасыз ету. Осы ретте терминдерді реттеу, 

біріздендіру  бағытында  Үкімет  жанындағы 

Республикалық терминология комиссиясының 

отырыстарында 

мүмкіндігінше 

көбірек 

термин  бекітіп,  солардың  негізінде  салалық 

терминологиялық 

түсіндірме 

сөздіктер 

әзірленуі,  оларды  қолданысқа  енгізу  қажет. 

Бүгінгі таңда Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді 

дамыту  республикалық  үйлестіру-әдістемелік 

орталығы  тарапынан  Терминкомда  қаралатын 

терминдерге лингвистикалық сараптама жасау, 

терминдердің дефинициясын анықтау, салалық 

терминологиялық  анықтамалықтар  әзірлеу 

жұмыстары  қолға  алынып  отыр.  Терминком 

шешімдерін  көпшілік  құптайтынын  ескерсек, 

бұл  жұмыстар  терминдерді  біріздендіруге 

ықпал 


ететіні 

анық. 


Терминология 

комиссиясының  шешімдері,  өз  кезегінде, 

респуб ликалық 

БАҚ-тарда, 

«til.gov.kz» 

порталында  жария ланады.  Алдағы  уақытта 

қазақ тілі терминдерінің бірыңғай электрондық 

базасын құру жоспарланған және терминдерді 

ғалым, мамандармен бірге жан-жақты талдап, 

талқылап,  бір  сөзбен  айтқанда,  сүзгіден 

өткізіп барып, сапалы терминдерді ғана бекіту 

үшін  терминологтар  мен  аудармашылар  пікір 

алысатын электрондық алаң құру көзделуде.

–  Тілдің  маңызды  саласының  бірі  – 

ономастика. Елімізде жер, елді мекен, көше 

атауларын  бүгінгі  көзқарасқа,  ұлттық 

санаға  сай  өзгертуде  қандай  жұмыстардың 

қолға 

алынып 

жатқанына 

тоқтала 

кетсеңіз…

– Тәуелсіздік алған уақыттан бергі аралықта 

елімізде  көптеген  елді  мекен,  көшелердің 

атаулары  өзгертіліп,  көп  жағдайда  тарихи 

әділеттілік  үстемдік  құрып,  ономас тика 

саласында ауқымды жұмыс жүргізілді. Алайда 

жергілікті  жерлерде  атау  беру  және  қайта 

атау  туралы  шешім  қабылдау  тиісті  дәрежеде 

ашық  және  жүйелі  жүргізілмеуі  салдарынан 

нысандарға көп жағдайда елге еңбегі сіңбеген 

белгісіз  адамдардың  есімдерін  негізсіз  беру 

жағдайлары  орын  алған.  Көптеген  жерлерде 

көше  атауларын  бейберекет  ауыстыру  сәнге 

айналып, келеңсіз жағдайлар қоғамда теріс пікір 

тудырып,  сынға  алынды.  Осыған  байланысты 

ономастика  саласын  реттейтін  нормативтік-

құқықтық  базаны  жетілдіру  жұмыстары 

жүргізілді. Бұл жұмыс барысында әсіресе атау 

беру тәртібін жүргізуде ашықтық қағидаттарын, 

яғни  халық  пікірін  ескеру  мәселесіне  баса 

назар  аударылды.  Нәтижесінде  ономастика 

мәселелеріне  қатысты  министрлік  тарапынан 

әзірленген  Заң  жобасы  мен  заңға  тәуелді 

нормативтік-құқықтық  актілер  қабылданып, 

қолданысқа  енгізілді.  Міне,  биыл  ономастика 

саласын реттейтін жаңа заңнамаға сәйкес Ұлы 

Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге байланыс-

ты батырлардың есімдері өскелең ұрпаққа үлгі 

ретінде мектептерге, көшелерге берілді.

Дегенмен ономастика сала сындағы заңнама 

талаптарын  орындау да  заң  нормаларын 

әркелкі ұғынуға байланысты мәселелер туын-

дауда. Мұндай жайттар құқықтық салдарларға 

әкелуі  мүмкін.  Осыған  байланысты  бүгінгі 

таңда   ономастика  саласын  реттейтін  нор-

АНА ТІЛІМ  – АЙБАРЫМ


14

ма тивтік-құқықтық  базаны  жетілдіру  мақ-

сатында  Мәдениет  және  спорт  министрлігі 

жанынан  зиялы  қауым  өкілдері,  заңгерлер, 

Республикалық  ономас тика  комиссиясының 

мүшелері,  тәуелсіз  сарапшылар,  орталық 

және  жергілікті  атқарушы  органдардағы  тіл 

мәселесімен,  оның  ішінде  ономастика  сала-

сымен  айналысатын  мамандардан  тұратын 

жұмыс  тобы  құрылды.  Аталған  жұмыс  тобы 

халықаралық  тәжірибені  зерделей  отырып, 

саланы 


реттейтін 

нормативтік-құқықтық 

актілерге  талдау  жасап,  нысандарға  атау  беру 

және қайта атау беруге қатысты критерийлерді 

нақтылау жұмыстарын жүргізуде.

–  Елімізде  үш  тілді,  қазақ  тілімен  қоса 

орыс,  ағылшын  тіл дерін  білу  керектігі 

жөнінде  талап  бар.  Әрине,  көп  тіл  білген 

жақсы.  Мұны  құптаймыз.  Алайда  қа зақ 

баласының алғашқы кезде, яғни бастауыш 

сыныптарда  өзге  тілдерді  араластырмай, 

өзінің ана тілінде білім алғаны дұрыс емес 

пе?  Мәселен,  бесінші  сыныптан  бастап-

ақ  басқа  тілдерді  оқытсақ,  «қолымызды 

мезгілінен кеш сермеген» болмас….

–  Сауалыңызды  түсініп  тұрмын.  Әрине, 

мектеп  табалдырығын  алғаш  аттаған  қазақ 

баласының  ана  тілімен  ауызданғаны  дұрыс. 

Мұны  мен  де  қолдаймын.  Негізінде  солай 

болады  да.  Сонымен  бірге  қосымша  орыс, 

ағылшын  тілдерін  жүргізу  керектігі  жөнінде 

де айтылып жүр. Орыс тілінің жайы бұрыннан 

белгілі,  көпшіліктің  үркексоқтайтыны  – 

ағылшын  тілі  ғой.  Бұл  жерде  бүгінгі  уақыт 

талабын  да  ескеру  қажет.  Қазіргі  жағдайды 

осыдан он бес-жиырма жыл бұрынғы кезеңмен 

салыстыра  алмайсыз.  Өмір  ағымы  қарқынды. 

Ағылшын  тілін  меңгеру  –  заман  талабы. 

Бүгінгі таңда ағылшын тілін 1,5 млрд-тай адам 

меңгерген, ол 12 елдің мемлекеттік тілі болып 

табылса,  90  мемлекетте  екінші  тіл  ретінде 

кеңінен қолданылады.

Ағылшын  тілі  –  халықаралық  тіл. 

Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының 

XXII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Әлемдегі 

негізгі  ақпараттарға  қолы  жетпейтін    ұлт 

бәсекеге  қабілетті  бола  алмайды.  Бұл  –  XXI 

ғасырдың  заңы»,  –  дей  келе  ақпараттар 

ағынына  ілесудің  бір  жолы  –  ағылшын  тілін 

меңгеру  екендігіне  тоқталып  өткен  болатын. 

Халыққа  үш  тілді  білу  мәселесі  –  жаңалық 

емес,  Елбасымыз  бұл  мәселені  2007  жылы 

көтерген.  Осы  уақыттан  бері  Министрлік 

тарапынан республика бойынша жыл сайын үш 

тілді  жетік  меңгерген  жастар  арасында  түрлі 

байқаулар,  олимпиадалар  ұйымдастырылып, 

ынталандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Сонымен  қатар  әлеуметтік  зерттеу  нәти-

желері де үстіміздегі жылы «ағылшын тілінде 

түсінемін, тілдесе аламын» дейтіндердің үлесі 

20,4% болғанын көрсетіп отыр.

Тілдерді  білу  жеке  адамға  ғана  емес, 

қоғамның  дамуына  пайдалы.  Тілдерді  білу 

арқылы  сол  елдердің  тарихына,  мәдениетіне, 

салт-дәстүріне  ден  қоямыз.  Бұл  елімізде 

халықаралық  мәдениет  пен  экономикалық 

байланыстардың дамуын жандандырады.

Бүгінде шетелдік компаниялармен бірлесіп 

жұмыс  атқаруда  сол  саланың  маманы  ғана 

болу  шарт  емес,  кәсіби  білімді  қажетті  шет 

тілдерінде қолдана білу де маңызды.

Мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі,  ағылшын  тілі 

және  тағы  басқа  тілдерді  білу  азаматтардың 

білімін  көтерумен  қатар,  жаңа  шығарма-

шылық  тәжірибесін  де   арттырады.  Еш-

қандай  ел  халықаралық  аренада  бір  ғана 

тілмен  шектеліп,  оқшау ланып  қалмайды. 

ЮНЕСКО  мамандарының  пікірінше,  үшінші 

мыңжылдықта  адам  баласы  ең  кемі  үш  тілді 

меңгерген  болуы  керек.  Осы  ретте  үш  тілді 

білім  беру  идея сын  құптағанымыз  жөн  деп 

білемін.


–  Тілге  қатысты  шаралардың  жиі  өте-

тіндігі  белгілі!  Фестивальдар,  бай қаулар… 

Мұны дұрыс делік. Осы шара лардың қазақ 

тілін оқып-үйренуге ықпал-көмегі бар ма?

–  Бар  деп  нық  сеніммен  айтуға  болады. 

Шаралар – бұл да тілді үйренуге, құрметтеуге 

ынталандыратын жолдардың бірі.

Барша қазақстандықтарды бі ріктіруші негіз-

гі факторлардың бірі – мемлекеттік тіл. Тәуел-

сіздік алған жылдар ішінде мемлекеттік тіліміз 

де көркейіп, қолданыс аясы кеңеюде. Осы ретте 

Министрлік Тілдерді дамыту мен қолданудың 

2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарлама аясында мемлекеттік тілді дамыту 

және насихаттау бойын ша бірқатар шараларды 

жүзеге асырып отыр. Соның ішінде үстіміздегі 

жылғы  қыркүйек  және  қазан  айларында 

өткізілетін  Қазақстан  халқы  тілдерінің  ХVII 

республикалық фестивалі аясында республика 

бойынша  барлығы  585  шара  өткізілу 

жоспарланған  болса,  оның  шамамен  81-і 

ауқымды шаралар болып табылады.

Ұйымдастырылып  отырған  шаралар  алуан 

түрлі: ғылыми конференциялар, фестивальдер, 

дөңгелек үстелдер, поэзия кештері, семинарлар, 

ақындар  сайысы,  жылжымалы  концерттер, 

форумдар, жыр мүшәйралары, байқаулар, сұх-

бат  кештері,  көрмелер,  ашық  есік  күндері, 

акция лар, флешмобтар, ашық сабақтар, ертең-

гіліктер, гала-концерттер, пікірлесу сағаттары, 

интеллектуалды-танымдық ойын дар, шоу-бағ-

дар ламалар  және  т.б.  Мұның  бәрі  адамдарды 

қызық тырмауы,  оларды  ойландырып-толған-

дырмауы мүмкін емес.

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Жаңа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет