Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата08.02.2017
өлшемі12,38 Mb.
#3669
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Қолданылған әдебиеттер 
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.Үшінші (негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012,  
4-306 б. 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
77 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№6 (56) 2014 
Ө 
ткен  ғасырдың  ортасында 
көпшілік  жағдайда  биолог  маман-
дардың  арасында  ғана  қолданылып 
келген  «экология»  термині  кейін  
көпшілік  арасында  кең  танымал 
терминдердің  біріне  айналды.  Осы 
жылдары, 
табиғат 
пен 
адамзат 
арасындағы  қайшылықтардың  үдей 
түсуіне  байланысты,  қоршаған  орта-
ның ластануы, азық-түлік пен энергия 
қорларын  пайдалану  сияқты  мәсе-
лелер ғылымның әртүрлі салаларында 
зерттеліп,  бұқаралық  ақпарат  құрал-
дары  бетінде  кеңінен  талқылана  бас-
тады  және  бұл  процесс  әлі  де  жалға-
сын  табуда.  Соның  нәтижесінде  эко-
логиялық  дүниетаным  жаратылыс-
тану  ғылымдары  ғана  емес,  көптеген 
қоғамдық ғылымдарға да енді. 
Отбасының  қамқорынсыз  өскен 
балалар  көпшілік  жағдайда  қоршаған 
ортаның тұрмыс-тірлігінің құрылысы-
нан  мәліметтері  тым  мардымсыз 
болатыны  белгілі.  Сондықтан  өзімнің 
жұмыс  орным,  жетім  балаларға 
арналған  интернат-мектебі  тәрбиеле-
нушілермен  «Табиғат-анамызды  тани 
білейік» 
тақырыбында 
өткізілген  
«Дәмханадағы  кездесу»  түрінде өткен 
сабағымның үзіндісін ортаға саламын.    
Сабақтың мақсаты: 
1.  Оқушылардың  экологиялық,  ва-
леологиялық  және  табиғат  туралы 
алған білімдерін жинақтау, бекіту жә-
не толықтыру. 
2.  Жаратылыстану,  география  са-
бақтарында  оқушылардың  танымдық 
әрекеттерін  валеологиялық  және  эко-
логиялық  оқыту  арқылы  дамытуды  
жалғастыру. 
3. Қоршаған орта мен оның табиғи 
байлықтарын  тиімді  пайдалану  бары-
сында,  табиғатты  қорғай  алатын, 
аялай  білетін,  адамгершілігі  мол, 
еңбекқор, ізгілікті, экологиялық білімі  
 
мен  мәдениеті  жоғары  жаңа  ұрпақ 
тәрбиелеу. 
Сабақтың  өткізілу  формасы: 
Дәмханадағы кеш. 
Көрнекілігі:  «Эмиль»,  «Өскемен 
құс  фабрикасы»,  «Балық»  кәсіпорын-
дарының  суреттері  мен  өнімдерінің 
жарнамасы,  мақал-мәтелдер,  тестер, 
слайдтар, қанатты сөздер. 
Сабақ барысы: 
Елбасы  Нұрсултан  Назарбаевтың  
2030 жылға дейінгі стратегиялық даму 
бағдарламасында  «Қоршаған  ортаны 
ластануға, экологиялық қалыпты жағ-
дайда  бүлдіруге  жол  бермеуге  зор 
көңіл  бөлгендіктен  оқушыларға  эко-
логиялық  білім  беріп,  табиғатты  қор-
ғауға тәрбиелеу – бүгінгі күннің кезек 
күттірмейтін  өзекті  мәселелерінің 
бірі»  деген.  Осы  бағдарламаны  бас-
шылыққа ала отырып алдағы уақытта 
табиғатқа  деген  сүйіспеншілік,  таби-
ғат байлығын қорғап молайту – басты 
мақсатты 
біздің 
дәмханамыздың 
ұраны ретінде алып отырмыз. 
«Думан»  атты  дәмханамызға  бүгін 
іскер  адамдар  жиналып,  кәсіпорын-
дары  шығаратын  өнімдеріне  жарнама 
өткізіп,  білімдерін  ортаға  салып 
сайысқа  түскелі  отыр.  «Жарнама» 
дегеніміз  экономиканың  итермелеуші 
күші  екенін  бәріміз  жақсы  білеміз. 
Яғни  олар  өздерінің  өнімдерін  бізге 
көрсетіп таныстырады. 
Ойыншыларымыз  үш  дастархан 
басында орналасты: 
І.  Бірінші  дастархан  басында 
«Эмиль»  сүт  өнімдерін  шығаратын 
жауапкершілігі шектелген серіктестік-
тің өкілдері келіп отыр. 
ІІ.  Екінші  дастарханға  «Өскемен 
құс  фабрикасының»  өкілдері  орна-
ласты. 
ІІІ.  Ал  «Балық  кәсіпорын»  иелері 
үшінші дастарханға жайғасты. 
Г. Қалиева,   
облыстық  арнайы   
жетім  балаларға  
арналған  мектеп-
интернаты, география, 
жаратылыстану пәні 
мұғалімі, дефектолог 

78 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№6 (56) 2014 
Осы сайыс барысында ойыншылар өз білімдерін 
көрсетіп,  кәсіпорындары  шығаратын  өнімдерінің 
беретін пайдасын, әсерін тәптіштеп, талдау арқылы 
жарнамалайды. 
Ал 
олардың 
жарнамасы, 
жауаптары 
қаншалықты 
сәтті 
болғандығын 
анықтап, 
бағалайтын 
әділқазылар 
алқасына 
жүктеледі. Танысып қойыңыздар... 
Біздің сайысымыз 4-кезеңнен тұратын болады 
І.  Бірінші  кезеңде  әртүрлі  қайталау  сұрақтар 
қойылады.  Оларға  сүрінбей  жауап  беретін 
болсаңыздар,  өздеріңіздің  қоржыңдарыңызға  әр 
сұрақ үшін тиісті ұпай аласыздар. 
І. «Эмиль» кәсіпорнына сұрақтар: 
1. Ең үлкен материк? (Еуразия) 
2. «Экология» сөзі  грек тілінен аударғанда нені 
білдіреді? 
3.  «Невада  Семей»  қозғалысын  ұйымдастырған 
қоғам қайраткері, ақын ?  (О.Сүлейменов) 
4. Дүние жүзінде неше материк бар? (6-материк) 
5.  Шығыс  Қазақстан  облысындағы  қорық? 
(Марқакөл  қорығы  Өскемен  қаласынан  500  шақы-
рым жерде, 1976 жылы құрылған) 
ІІ. Өскемен құс фабрикасына»: 
1. Ең үлкен мұхит? (Тынық) 
2.  Құрып  кеткен  немесе  құрып  бара  жатқан  өсім-
діктер мен жануарлар тіркелетін кітап? (Қызыл кітап) 
3. Тосын желді не деп атайды? (Құйын) 
4.Дүние жүзінде неше мұхит бар? (4 мұхит) 
5. Ең тұзды мұхит? (Үнді мұхит) 
6. Семей полигоны қашан жабылды? (1991ж.) 
ІІІ. «Балық» кәсіпорнына: 
1.  Барлық  табиғи  байлықтары  кешенді  түрде 
қатаң  қорғалатын  арнайы  белгіленген  аймақ
(Қорық) 
2.  Қазақстан  қай  елдермен  шектеседі?  (Ресей, 
Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан,Түркіменстан) 
3.  Қызыл  кітап  Қазақстанда  қай  жылы  шықты
(1978 ж) 
4. Қазақстанда құрып бара жатқан теңіз? (Арал) 
5. Қазақстанда неше қорық бар? (9 Қорық) 
6. Ең кіші материк?(Австралия) 
2-тапсырма  «Мақал  сөздің  мәйегі»  (жалғасын 
табасыңдар) 
І.«Эмильге»: 
1. Ақыл – дария, алсаңда таусылмайды, 
Жер қазына...(саусаңда таусылмайды) 
2. Аяз, әліңді біл... (Құмырсқа жолыңды біл) 
3. Ерді талап ұшырар...(құсты қанат ұшырар) 
4.  Атасы  жер  жырта  білмегеннің...(баласы  тұ-
қым себе алмас) 
ІІ. «Өскемен құс фабрикасы»: 
1. Жалғыз еменге... (жай түскіш) 
2. Құстың жайын салған білер... (құдық жайын 
қазған білер) 
3. Судың да..(сұрауы бар) 
4. Биік таудың басы – қыс... (баурайы – жаз) 
5. Түйе... (құрғақтағы кемемен тең) 
ІІІ. «Балық» кәсіпорны: 
1. Көп жүрген жер көл...(құм жүрген жер – шөл) 
2. Көлдің көркі-құрақ...(таудың көркі – құрақ) 
3. Балық аулай алмаған...(суды лайлар) 
4.  Дауылды  күні  -  құс  салма...(жауынды  күні-
жылқы алма) 
5.  Ақсақ  қойдың  аузына...(жел  айдаған-қаңбақ 
түсер. 
3-тапсырма.  Сұрақтарға  сүрінбей  жауап 
бердіңіздер,  енді  кәсіпорындар  өз  өнімдерін 
жарнамалап берсін: 
І.Біздің  өнімдер  сүтқоректілер  тобының,  аша 
тұяқты,  сүтті  тұқымды  малдан    алынады.  Сүт, 
айран, сүзбе – бұлар тіске керек кальцийдің негізгі 
көздері.  Тісіңіз  мықты  болсын  десеңіз  біздің 
«Эмиль» өнімдерін әрқашан алып тұрыңыздар! 
ІІ.  «Өскемен  құс  фабрикасы»  -  құстар  тобы-
ның,үй құстарына жататын тауық еті мен жұмырт-
қасын  пайдаланады.  Жұмыртқа  мен  құс  етінде 
минералдар, соның ішінде кальций де мол. 
ІІІ.  «Балық»  кәсіпорны  Марқакөлде,  Күршімде  
ускуч,  таймень  балықтары  ауланып,  халық 
қажеттілігін өтейді. Балық еті шетелдерге тасымал-
данады.  Қалдықсыз  кәсіпорын  ретінде  өңдеуден 
тыс  қалған  балық  сүйектерін  өңдеп,  тауық  жемін 
дайындайды. Балық еті түрлі дәрумендерге бай. 
Әділқазылар «Думан» кезеңдерін бағалайды. 
Қазіргі уақытта табиғатты қорғау Халықаралық  
Қызыл кітабқа енген аса сирек кездесетін аң-құстар 
да  -  Қызыл  Қасқыр,  сусар,  қар  барысы,  Алтай 
ұлары,  Қара  тырна,  қыран,  қаршыға,  бүркіт  біздің 
елде кездеседі. 
Өсімдік  әлемінен  дәрілік  қасиеті  мол,  емдік 
шөптер  мен  хош  иісті  гүлдердің  1000  нан  астам 
түрі  Шығыс  Қазақстан  өлкесіннен  табылады. 
Бұлардың  30  түрі  Қызыл  кітапқа  енген  сирек  кез-
десетін  өсімдіктер.  Жануарлар  мен  өсімдіктерінің 
байлығына  қарап  бұл  өңірді  табиғаттың  өзі  жасай 
салған әрі ботаникалық, әрі хайуанаттар паркі десе 
де болғандай. 
Ата-аналарының  қамқорынсыз,  отбасылық  тәр-
биеден  тыс  қалған  балалар  осындай  іс-шараларда  
өздерін туған табиғатының және қоғамның  ажыра-
мас  бір  бөлшегі  ретінде  сезініп,  болашақ  өмірле-
ріне қажет  қорытынды әсер алады. 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
79 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№6 (56) 2014 
Қ 
азіргі  кезде  мектеп  оқушысына  білім  негіздерін  меңгертуде  білімді 
әлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқы-
лы білім сапасын көтеру-мемлекеттік проблема болып отыр.  Әрбір оқушының 
қызығушылығы мен қабілетін ескеру, оқытудың іс әрекеттік мәнділігін арттыру, 
білімнің  практикалық  бағыттылығын  күшейту,  оқу  материалының  мазмұнын 
оқушының  өмір  тәжірибесіне  жақындату,  оның  өз  бетінше  оқу  және  іздену 
қызметін  кеңейтетін  жағдайлар  туғызу  -  оқушының  математикалық  қабілетін 
арттырып,  дарынын  ашуға  ықпал  етеді.  Сабақ  жоспарын  жасағанда  осы  ұста-
нымдарды басшылыққа алатын болсақ, оқушының білім білік дағдысын дамы-
тып  қана  қоймай,  олардың  қабілетін,  шығармашылық  мүмкіндігі  мен  өзіндік 
тұлғалық  қасиетін,  адамгершілік  құндылықтар  жүйесі  мен  денсаулығын  да 
нығайтып, қалыптастыруға қол жеткізуге болады. 
Сын  тұрғысынан  ойлау,  күрделі  мәселелерді  шешуде  қажетті  ақпаратты 
қабылдау, басқаның пікірін тыңдап талдау жасау, салыстыру, қорытынды жасау 
сияқты  даралық  қасиет  -  қабілеттері  дамиды.  Оқыту  тәсілдерін  дәстүрлі,  бел-
сенді, интерактивті деп бөлетін болсақ, субъектілер арасындағы қарым  - қаты-
насты схема түрінде былайша көрсетуге болады: 
 
Оқыту тәсілдері: 
 
Дәстүрлі:                                        Белсенді:                                            Интерактивті: 
Мұғалім           оқушы                   мұғалім               оқушы                  мұғалім               оқушы  
             
               оқушы                                         оқушы                                              оқушы 
 
 
Оқыту  үрдісінің  субъектілерінің  арасында  өзара  түсіністік,  өзара  бірін-бірі 
толықтыру, өзара әрекет ету процесі жүзеге асады.  
Математиканы  оқыту  процесінде  оқу  материалдарын  формальды  есте 
сақтауға  емес,  оны  шығармашылықпен  қолдану  шеберлігін  дамытуға  көңіл 
бөлемін.  Оқушылардың  бойында  жоғарғы  математикалық  мәдениет,  ой  әре-
кетінің математикалық стилін қалыптастырудың негізгі жолы - әртүрлі матема-
тикалық  есептерді  шығарту  процесінде  оқушылардың  оқу  әрекетін  ұтымды, 
тиімді ұйымдастыру және басқару.  Бұл міндетті жүзеге асыру үшін күнделікті 
сабақта  математиканы  оқытудың  әртүрлі  тәсілдерімен  математикалық  есептер 
шығарудың  жолдарын  оқушылардың  таным  қызметі  мен  логикалық  ойлау 
қабілетін  дамыту  міндетін  шешетіндей  етіп  таңдап  аламын.  Оқушы  дарынды-
лығын ашуға ықпал ететін технологиялардың бірі  -  оқу мен жазу арқылы сын 
тұрғысынан  ойлауды  дамыту  технологиясы,  оның негізгі  философиясы  төмен-
дегідей: 
өмірдегі тәжірибеге сүйену;  
ойлау жүйесіне қозғау салу;  
ынталандыру және белсендіру; 
бірлесіп жұмыс жасау; 
сабақ оқыту проблема тудырудан басталады; 
мәліметті дайын түрде бермеу. 
К. Большманова,  
Қ. Дамитов атындағы 
орта мектептің 
математика пәні 
мұғалімі,  
Катонқарағай ауданы  

80 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№6 (56) 2014 
Мұғалім  —  білім  көзі  емес,  оқушы  мен  білім 
арасын  жалғастырушы,  ол  дауыс  көтермейді, 
бұйрық бермейді, еш нәрсені теріске шығармайды. 
Оқушы  өз  қателігін  өзі  түсінуге,  өзі  ұғуға  жағдай 
жасайды. Мұнда ешкім сыналмайды, тежеу салын-
байды, ой тереңдігі, пікір еркіндігі жүзеге асады, іс 
- әрекетке жағдай жасалады.  
Сыни  ойлауды  дамыту  технологиясы  білім  бе-
руде  басты  мақсат  «не  нәрсеге  оқыту?»  яғни  маз-
мұн емес «қалай оқыту?» - басқаша айтқанда әдіс-
теме,  сабақ  барысының  өзі.  Осы  ұстанымды  бас-
шылыққа  алып,  әр  сабақты  жоспарлап,  өткізгенде 
оқыту мақсатын төмендегідей етіп белгілеймін: 
Білім алу оқушы тұрғысынан белсенді процесс 
болу  керек,  тек  белсенді  жұмыс  жасай  отырып  ол 
қандай да болмасын білімді игереді, әр адам білімді 
өздігінен игермесе ол ешнәрсеге үйрене алмайды. 
Жаңа жағдайда білім берудегі басты мәселе - ол 
оқушының әлеуметтік  тәжірибесін арттыру,  басқа-
ша  айтқанда  оқыту  үрдісінде  әлеуметтік  мазмұн 
басым  болу  керек,  әр  сабақта  оқушы  оқытудың 
басқа  да  қатысушыларымен  араласып,  коммуника-
тивтік  қарым-қатынас  процесінің  белсенді 
мүшесіне  айналады.  Басқаның  ойымен,  пікірімен 
санасу,  бөтенді  түсіне  білу,  өзін  оның  орнына  қоя 
білу  -  осының  бәрі  әлеумет  ахуалын  белгілейді. 
Өмірде  ең  керекті  білік  пен  дағды  —  қоғамда 
қарым-қатынас  құра  білу,  басқа  адамдармен  тіл 
табысу.  
Математикалық білім мазмұнының моделін: 
- программа бойынша білім білік дағдысы; 
-  шығармашылық  сипаттағы  білім  білік 
дағдысы; 
-  білім  мазмұнының  тәрбиелік  аспектісі  -  деп 
бөлсек,  оқушының  есептерді  әртүрлі  тәсілмен  ше-
шуі, тиімді, жеңіл, қысқа әрі нұсқа жолмен шешуі, 
стандарт  емес  есептерді  шығаруы,  білім  білік 
дағдысын  практикада  математикалық  модельдеуде 
қолдана  алуы  сияқты  шығармашылық  қабілеттері-
мен  бірге  зейін,  таным,  есте  сақтау,  салыстыру, 
қорытынды жасау, тағы басқа ойлау сапаларын қа-
лыптасытыру,  дамыту  процесі  жүзеге  асады.  Сон-
дықтан  математиканы  оқыту  процесін  жетілдіру  - 
ол  оқушылырадың  танымдақ  белсенілігі  мен  із-
денімпаздығын арттыруға бағытталған. Оны жүзеге 
асыру үшін әр оқушының білім деңгейін дәл анық-
тап және оны қандай дәрежеге жеткізу керек екені 
туралы  айқын  мақсат  қойып,  оқушының  жеке 
психологиялық  ерекшеліктерін,  қабілеті  мен 
дарынын білу керек.  
Қабілетті  оқушы  есепті  дұрыс  шешіп  қана 
қоймайды,  ол  есепті  шешудің  ең  тиімді  тәсілін 
қолданады.  Математикалық  қабілеті  жоғары  оқу-
шыны  бақылай  отырып  оның  байқампаздығын, 
жинақылығын,  кез-келген  тапсырманы  орындауға 
ынталы  дайын  тұратындағын  байқауға  болады 
және  оның  математиканы  оқып  үйренүге  ұмты-
лысы сүйікті ісімен айналысуға деген қажеттілікке 
ауысады.  
Математикалық  қабілеті  жоғары  оқушылардың 
ерекшелігі: 
-  математикаға  бейімділігі,  қызығушылығы, 
математикалық  білімді  игеруге,  есеп  шығаруға 
деген ұмтылысы; 
-  терең  эмоционалдық  жайы,  қуанышы  мен 
реніші, шаттануы, қанағаттанғандық сезімі; 
-  математикалық  сұлулық  сезімі,  тиімді  жеңіл 
тәсілді таңдай алуы; 
-  математикамен  айналысудағы  табандылық 
көрсетуі; 
-  ойлау  қабілетінің  математикалық  бағытта 
дамуы,  яғни  көптеген  құбылыстарды  математика-
лық тілде қабыдауы. 
Оқушының  шығармашылық  қабілетін  дамыту 
үшін  алдымен  психологиялық,  педагогикалық, 
әлеуметтік  бағытта  жан-жақты  зерттеу  жұмыста-
рын жүргіземіз. 
Оқушының  ақыл  ой  дамуын,  интеллектісін, 
логикасын,  түрлі  қабілет  мүмкіншіліктерін    анық-
тауға    арналған  көптеген  тест  түрлері  бар.  Соның 
бірі ақыл ой дамуының мектеп тесті, оны оқушы өз 
бетінше  қағазда  орындайды.  Топтастыру  –  7  мин., 
ұқсастыру – 10 мин., жалпылау – 5 мин., теориялық 
ойлау  –  8  мин.,  барлығы  –  30  минут.  Оқушыларға 
тест  материалдары  таратылып,  алынған  нәтижені 
өңдеу  тест  кілті  бойынша  жүзеге  асырылады. 
Оқушының  оқу  үрдісіндегі  жетістігі  жүйке  жуйе-
сінің  қозғыштығымен  тікелей  байланысты.  Жүйке 
жүйесінің  қозғыштығы  жоғары  болған  сайын 
оқушы қабылдауға бейім, сергек. Жүйке жүйесінің 
қозғыштығын анықтау үшін оқушыға алты бөлікке 
бөлінген екі кесте сызылған қағаз беріледі. “Баста!” 
деген нұсқау бойынша оқушы әр бөлікке барынша 
тез,  әрі  бейберекет  нүкте  белгілейді.  Әр  бөлікке  5 
секундтан  барлығы  30  секунд  уақыт  беріледі. 
“Тоқта!”  деген  нұсқаумен  белгілеуді  аяқтап,  әр 
бөліктегі нүктелерді санап, жоғарғы жағына жазып 
қою керек. Бірінші сабақта бірінші кестені, соңғы 6
-шы  сабақта  екінші  кестені  толтырып,  нәтижесін 
график  түрінде  кескіндейміз.  Бірінші  кестедегі 
нәтижені  көк  түспен,  екінші  кестедегі  нәтижені 
қызыл түспен сызу керек. Сонда,  жүйке жүйесінің 
қозғыштығын  бағалау  критериі  төмендегідей 
болады: 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
81 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№6 (56) 2014 
0-25 дейін - төмен,  
25-35 дейін - орта,  
35-60 дейін - жоғары.  
 
 
1 – сабақ (өлшемі – 10х15) 
 
 
6 — сабақ (өлшемі – 10х15)   
 
Оқушының  қарым-қатынасын  анықтау  мақса-
тындағы  психологиялық  зерттеулерден  баланың 
өзіндік  бағасы,  сыныптастарымен,  мұғалімдермен 
қарым қатынастары анықталады, бала үнемі жақсы 
психологиялық  жағдайда  тәрбиеленуі,  оқуы,  өсуі 
тиіс.  Сонда  ғана  балада  жағымды  «Мен»  қалып-
тасып,  өзіне  деген  сенімі  артады.  Мұндай  «Мен» 
бейнесі  кез-келген  баланың  нәтижеге  жетуіне 
мүмкіндік береді.  
Оқушының  қабілет  -  дарынын  дамытуда 
темпераментін  анықтау  тестінің  нәтижесін  де 
ескеру қажет. 
Екінші  кезеңде  сұрау  ата-аналарға  жүргізеді, 
оны  жеке  немесе  ұжымдық  түрде  жүргізуге 
болады, жауап беруге 12-15 секунд жеткілікті. Ата-
аналарға  арналған  нұсқау,  түсініктеме:  балала-
рыңыздың  қабілетін  дамытуда  нақты  кеңес,  көмек 
беру үшін өз балаңыздың қабілетін білу керек, сізге 
36 сұрақ беріледі, оған жауап бергенде балаңыздың 
қабілетін  кемітіп  немесе  көтермеуіңіз  сұралады, 
жауап  парағына  өзіңіздің  және  балаңыздың  тегін 
жазыңыз,  сұрақ  парағындағы  қасиет  балаға  тән 
болмаса «-», балаға қасиет тән бірақ айқын болмаса 
«+», қасиет ерекше байқалса «++»қоямыз. 
 
Балалардың дарындылығын анықтау үшін тест: 
Оқушының аты-жөні:_____________ 
 
- оқуға деген ынтасы 
- сауаттылығы 
- түсінігін және оқығаның көркем тілде баяндауы 
- уызша есептерді шығарудағы логикалық ойы 
- өз бетімен есеп шығару дағдыларын 
-  ережелерді  немесе  анықтамаларды  практикада 
қолдану 
- көбейту кестесін, формулаларды меңгеруі 
- оқулықпен жұмыс жасауы 
- үй тапсырмасын орындауы 
- әптер ұстауы 
- жаратылыстану пәндерін меңгеруі 
- отан тарихын білуі, қызығушылығы 
- сарамандық жұмыстарды орындауы 
- алған білімді өмірмен байланыстыруы  
- шет тілін меңгеруі 
- спортқа және еңбекке ынтасы 
- музыканы меңгеру қабілеті 
- логикалық ойлау дағдыларын 
- жинақылығы, мәдениеттілігі. 
Шартты белгі: 
- өте жақсы  
- дамытуды қажет етеді 
- қадағалау қажет  
- қанағаттанарлықсыз 
Сонымен,  қорыта  айтқанда,  білім  беру  мазмұ-
нын жаңарту жағдайында дарынды балалармен жұ-
мыс  барысында  төмендегі  мәселелерге  баса  назар 
аудару керек: 
-  қабілетті  балалардың  жеке  ерекшеліктерімен 
икемділіктерін жан-жақты зерттеу, ол үшін әр түрлі 
тесттер мен сауалнамалрды тиімді пайдалану. 
-  сабақта  шығармашылық  сипаттағы  тапсыр-
маларды  іріктеу,  орындау,  талдау  жұмыстарын 
жүргізу. 
-  қабілетті  оқушылардың  білім  деңгейімен 
олардың  өз  мүмкіндіктерін  пайдалану  көрсеткішін 
үнемі есепке алу.  
«Білім  алу  —  батылдық,  оны  толықтыру  — 
даналық,  ал  шебер  қолдана  білу  —  өнер»  дейтін 
болсақ,  табиғаттың  адамға  берген  тамаша  сыйы  – 
ойлай  білуін  одан  әрі  дамытып,  ерекше  қабілетті 
оқушыны  дарынға  айналдыру,  ол  үшін  күнделікті 
ағымдағы  жұмыстармен  шырмалмай,  дарынды 
және  талантты  балаларды  тәрбиелеуге,  білім 
беруші  рөлінен  оқушылардың  қызығушылығын 
арттырудың  әдістерін  меңгеруге,  оқытуға  деген 
көзқарасты  өзгертуге,  өз  әрекеттеріне  сыни 
тұрғыдан баға бере отырып, оқыту үдерісін оқушы 
қажеттілігіне  бағыттап  ұйымдастыруға,  ойы  озық, 
ақылы  алғыр,  жаңа  жағдайларда  іс-қимылды  тез 
өзгерте  алатын  шығармашыл  тұлға  тәрбиелеуге 
бағыттау менің ұстаз ретінде ең негізгі міндетім. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

82 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№6 (56) 2014 
Б 
үгінгі  ақпараттар  ағымы  қар-
қын,  адамдардың  қажеттілігі  артып 
отырған  айшылық  алыс  жерлерден 
жылдам  хабар  алғызған  XXI  ғасырда 
денсаулықты  нығайтуды  ұмытпаған 
жөн. 
Осы  орайда  мемлекет  тарапынан 
адам  денсаулығын  жақсартуға  негіз-
делген  түрлі  бағдарламалар  қолға 
алынуда.  Мектеп  бағдарламасына 
дене  шынықтыру  сабағына  аптасына 
үш  сағат  бөлу,  қыздар  мен  ұлдарды 
жекелей  оқыту  барлығы  да  бірінші 
байлық  –  денсаулыққа,  бала,  жас-
өспірім  денсаулығына  жасалған 
қамқорлық деп білемін. 
Әдістемелік  нұсқаулықта  көрсе-
тілгендей «дене шынықтыру» оқу пәні 
- дене шынықтыру қызметі бола тұра, 
сонымен  бірге,  оқушының  дене  және 
психикалық  саулығын  сақтау  туралы 
білімдер жүйесі. Пәнді оқыту тұлғаны 
қалыптастыру,  адамның  танымдық 
белсенділігінің  дамуына  бағытталған. 
Дене тәрбиесі - тұлғаны жан-жақты үй
-лесімді қалыптастырып, дамыту про-
цесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене 
тәрбиесі  баланың  қалыпты  жетілуін, 
денсаулығының нығаюын қамтамасыз 
етуде, оларды еңбекке,  өмірге дайын-
дауда аса маңызды қызмет атқарады. 
Біздің  мектепте  дене  тәрбиесі  са-
бақтарын  баланы  ерік-жігері  мықты, 
тәртіпті,  батыл  және  белсенді,  өз  
Отанын  қорғауға  әзір  азамат  етіп 
қалыптастыру  құралы  міндеттерін 
атқарады.  Дене  тәрбиесі  жастарда 
ақыл-ой  және  еңбек  әрекетінде  нәти-
желі жұмыс істей алатын сапа қасиет-
терін  қалыптастыруға  ықпал  етеді. 
Спортшы балаларымыздың дене мәде-
ниеті  олардың  жалпы  адами  мәдени-
еттілігімен  ұштасып  жататынын  
 
байқаймыз.  Спорт  құдыреті,  міне, 
осында!  Сондықтан,  оқушылармызда 
спортпен  айналысу  қызығушылықта-
ры мен қажеттіліктерін ояту, ынталан-
дыру пән  мұғалімі  ретінде  менің  бас-
ты міндетім. 
Оқушылар  шығармашылығын  да-
мыту  мақсатында  жұмыс  жасап 
жатқан  Өскемен  қаласындағы  №16 
орта  мектепте  спортты  өмірлеріне 
серік  еткен  оқушылар  саны  жылдан 
жылға  артып  келеді.  Спорт  тек  дене 
шынықтыру  сабақтарына  ғана  қатыс-
ты болмай, мектебіміздің сапалы білім 
беру  мен  тәрбие  жұмысының  ажыра-
мас  бір  бөлігіне  айналуда.  Бірнеше 
жылдар  қатарынан  мектебіміз  қала 
мектептері  арасында  алдыңғы  қатар-
дан  көрініп  келуінде  оқушылары-
мыздың спорт шараларындағы мықты 
әзірліктерінің  арқасындағы  жеңісте-
ріміздің де өз үлес салмағы бар. 
Өз  тәжірибемде  қолданатын  сы-
ныптан  тыс  дене  тәрбиесі  жүйесінің 
бағыттары: 
1)  Оқушылардың  санитарлық-
гигиеналық білімдері мен түсініктерін 
тереңдету, оған қажетті біліктілік пен 
дағдысын қалыптастыру; 
бағытта  мектеп  мұғалімдері,  сы-
нып жетекшілері оқушылармен еңбек, 
демалыс  және  дұрыс  тамақтану  ре-
жимі, дене гигиенасын сақтау, денсау-
лықты  шынықтыру  амалдарының 
маңыздылығы  жайында  әңгіме  жүр-
гізу, баяндамалар жасау, спортшылар-
мен  қызықты  кездесулер  ұйымдасты-
ру,  оқушылардың  жаппай  спорт  түр-
лерімен айналысуға деген қызығушы-
лығы және қажетсінуін тәрбиелеу. 
2)  Оқушылардың  денсаулығы  мен 
дене күштерін шынықтыруда табиғат-
тың  мүмкіндіктерін  пайдалану 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет