1.2 Меншіктеу операторы.
Меншіктеу операторы барлық тілде пайдаланылатын негізгі оператор болып табылады.Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалыларға сандық символдық та болуы мүмкін мән беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады.
Меншіктеу операторы жазылған өрнектің мәнін есептеп,оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады.Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне міндетті түрде сәйкес келуі тиіс.Кейде нақты түрдегі айнымалыға бүтін сан мәнінің меншіктеуге болады,ондайда бүтін сан нақты санға айналып кетеді.Меншіктеу операторының жазылу ережесі пішімі төмендегідей болады:
<айнымалы атауы>;=<өрнек>;
мұндағы <айнымалы атауы>-айнымалы идентификаторы, :=- меншіктеу белгісі яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәнін қабылдайды;
<өрнек> -арифметикалық өрнек немесе сан.
Бұл оператор екі міндет атқарады:
1.Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектің сандық мәнін есептейді.
2.Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі яғни анықталған мән сол айнымалыға сәйкес компьютер жады ұяшығына орналасады.Мұнда әдеттегі теңдік белгісі мен программалау тіліндегі меншіктеу белгісін шатастырмау қажет.Олар ұқсас болғанымен, мағынасы жағынан өзгеше.
Мысалы,х=5өрнегі х-тің мәні 5-ке тең дегенді білдіреді де, х:=x+3 өрнегінің дұрыс мағынасы жоқ.Ал х:=5 өрнегі x айнымалысына арналған ұяшыққа 5 санын жазамыз дегенді білдіреді.Ал енді х:= х+3 өрнегі де дұрыс, өйткені бұл бұрынғы х ұяшығында тұрған санға 3 санын қосып х ұяшығына қайта орналастыру дегенді білдіреді.
Меншіктеу операторы тек арифметикалық өрнектер үшін ғана емес логикалық және символдық өрнектер үшін қолданылады.
Мысалы,егер К:=A AND B,мұндағы А-ақиқат, ал В-жалған болса, онда К жалған мән қабылдайды.К ақиқат мән қабылдау үшін А және В мәндері бірдей ақиқат болуы қажет, өйткені AND сөзі ЖӘНЕ деген ұғымды білдіреді.
Символдық мән арқашанда апостроф алгоритмдік тілде қос тырнақша ішіне алынып жазылады.
Меншіктеу операторын пайдаланғанда айнымалы атауының типі мен қабылдайтын мәннің типі бірдей болуы қажет.
Себебі оператордың оң жағындағы өзнек логикалық типте,ал айнымалы сипатталуы бойынша нақты типте деп көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |