Меншіктеу операторы


І Тарау. Паскаль тілінің операторлары



бет3/15
Дата31.12.2021
өлшемі147 Kb.
#22146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
І Тарау. Паскаль тілінің операторлары

1.1 Паскаль тілінің операторы
Программаға енетін айнымалылар мен тұрақтыларды сандарды пайдаланып түрлі әрекет орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалар деп атайды.Операторларды қарапайым және күрделі деп екі топқа бөледі.Begin және end түйінді сөздерді операторлық жақшалар деп аталады.Сәйкесінше begin-ашылатын, end-жабылатын жақшалар.Оператор дегеніміз-алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі.Олар жазылу ретіне қарай біртіндеп бірінен кейін бірі тізбектей орындалады.Операторлар бір бірінен нүктелі үтір(;) арқылы бөлініп жазылады.Оқуға,түсінуге қолайлы болу үшін бір жолға бір оператор жазылады.Қағазға программа мәтінін басып шығарарда орын үнемдеу үшін немесе экран бетіне көбірек символ жазу мақсатында бір жолға бірнеше операторжазуға да болады.Бірақ бір жолға орналасатын операторларды құраушы символдар саны 256 символдан артпауы қажет.

Сонымен операторлардың жалпы жазылу түрі төмендегідей болады.

BEGIN

1-оператор;



2-оператор;

..................;

n-1-оператор;

n-оператор

END. {соңында; немесе.}

Құрама немесе күрделі операторлар бірнеше қарапайым операторлардан құралып,бір оператор сияқты орындалады.Осындай құрама операторлар операторлық жақша болып саналатын BEGIN және END сөздері арасына жазылады.Жол арасына не соңына жүйелі жақшаға ({})немесе(**) алынған түсініктеме сөздер жазуға болады.Түсініктеме сөздерді орыс,қазақ сондай-ақ кез келген ұлттық алфавит әріптерімен жазуға болады.

Операторларды пайдаланып айнымалыға мән меншіктеуге, берілген мәліметтерге амалдар қолдануға,программаны басқаруға,мәндер енгізуге және шығаруға,процедуралар мен функцияларды орындауға болады.

Паскаль тіліндегі опреаторлар қарапайым және құрама күрделі құрылымды болып екіге бөлінеді.

Қарапайым операторлар деп құрамына басқа операторлар енбейтін меншіктеу,шартсыз көшіру,процедура шақыру операторларды айтады.

Құрама операторлар бірнеше операторлардан құралады,оларға: шартты операторлар,таңдау операторы,қайталау операторлары жатады.Сонымен,операторлар орындайтын қызметіне байланысты жіктелуін көрсетеді.

Программа тақырыбына мысал келтіреміз.

PROGRAM атау (INPUT, OUTPUT);

түрінде болуы тиіс.

Кез келген программада INPUT және OUTPUT стандартты процедуралар қолданылатындықтан,оларды жазбауға да болады.Ал егер программада басқа стандартты пайдаланылатын болса,олардың атаулары программа атауынан соң жақша ішіне үтір арқылы бөлініп жазылады.

Программаның сипаттау бөлігінде аталып өткен 7 түрлі сипаттаудың барлығының да болуы шарт емес көбінесе,тек var-айнымалыларды сипаттау бөлігі және begin,end сөздерімен қоршаған операторлар бөлімінің болуы міндетті.

Қарапайым операторлар құрамына ішіне басқа бір оператор енбейді.Ал күрделі операторлар ішіне бірнеше қарапайым операторлар еніп тұруы мүмкін.

Программалау тілдерінің қарапайым операторларына:меншіктеу,шартсыз көшу,енгізу-шығару операторлары мен бос оператор және процедураларды орындау шақыру операторлары жатады.

Ал күрделі немесе құрама операторларға: шартты көшу,қайталау цикл, таңдау,жалғастыру, тіркестіру т.б.операторлар жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет