LABEL 20 SUM;
берілсе, онда GOTO операторында тек осы белгілер ғана пайдаланылады,яғни
GOTO 20;
немесе
GOTO SUM;
Жалпы дұрыс құрылған программалау ережесі бойынша шартсыз көшу операторын қолданбауға тырысу керек.Ол программаны оқуды,мәтінін түсінуді қиындатады.Сондықтан оны барынша аз қолдануға тырысамыз.
Осы оператор пайдаланылған жағдайда опсыз программа құру мүмкін болмаса,оны программа мәтіні бойынша тек төмен қарай көшу үшін пайдаланған жөн; бұл операторды кері қайту үшін қолдану қажет болса,цикл операторының алмастыруға тырысу керек;
белгі тұрған орын мен көшу операторының арасы мәтін бойынша бір беттен немесе дисплей экраны биіктігінен артпауы тиіс.
GOTO операторын қолданған кезде, оның қатарына пішімді жақша ішіне неліктен басқа қатарға көшу қажет екендігін түсіндіріп кету керек немесе оның орнына кейінірек көрсетілетін шартты көшу операторын пайдаланған жөн.
Бос оператор. Бос оператор ешқандай да әрекеттің орындалмайтынын көрсетеді.Ол программа блогынан шықпай-ақ бірнеше жолды орындамай өткізіп жіберіп,блок соңына бірден көшетін кезде пайдаланылады.Мұндайда END сөзінің алдына белгі жазылып, соңына қос нүкте қойылады.
Кейде бос оператор begin end сөздерінен немесе ешбір мәнді өзгертпейтін өрнектен тұрады.
Бос оператор ешқандай да амал орындамайды. Бос оператор қалдырылып кеткен жоқ оператордың орнын белгілеу үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |