Мерекелік-концерттік кештің барысы: Көрініс. Тарих – рухани ізгілікке үндейді!



бет1/4
Дата21.12.2023
өлшемі22,94 Kb.
#142204
  1   2   3   4

Тақырыбы: «Тәуелсіздік -тұғырым»
Мақсаты: еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы, Отанға, еліне деген патриоттық сезімі қалыптасқан жастардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі ету, тарихымызды таныту.
Мерекелік-концерттік кештің барысы:
Көрініс. Тарих – рухани ізгілікке үндейді!
Әнұран. «Менің Қазақстаным» - ҚР әнұраны орындалады.
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халқым менің
Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.
Отанымыз Қазақстан – ата-бабамыздың қоныстанып мекендеген жері, кіндік кесіп, кірін жуып, өніп өскен жері.
2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және құрметті білім алушылар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 32 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
2-жүргізуші: Тәуелсіз елдің төрінде бақытты ғұмыр кешіп, тәтті балалықты өткізіп, білімді ұрпақ болу мақсатында осында бас қосып отырған жайымыз бар. Тарих беттерінде ізі қалған оқу орнымыздың заман талабына сай көрініс табуына себепші болған колледжіміздің директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Абдибаттаева Гүлнар Мәуленқызына құттықтау сөз кезегін берейік.
1-жүргізуші: Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға,
Тербеліп ырғағына тамылжиық
2-жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет