Күй: «Балбырауын» 1-жүргізуші: Өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне Тәуелсіздігімізге 32 жыл толып отыр.
2-жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.
1-жүргізуші:Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
«Қазақша би» 1-жүргізуші: Сен де армандап едің-ау, мен де арманда,
Сол арманға қол жетті, арман бар ма?
Өзімізді-өзіміз таба алмастан,
Адасқанбыз, сан тарап ормандарда.
Аспан түсті туымыз желбіреді,
Шықты және теңгеміз – ел біледі.
Әнұран да, Елтаңба - өзімдікі,
Қара аспанды қай саяқ төндіреді?!
Экранда Елтаңба көрсетіліп тұрады.
2-жүргізуші:Ұмытылған сәт қараңғыдан жарыққа,
Тап болсақ та тар қыспақты нарыққа.
Төл мерекең құтты болсын деп бүгін,
Тілек айтам төзімі зор халыққа.
Ақ аспанға ән боп ұшып кетті үні,
Қуанышқа куә болып көп күні
Күннің алтын шапағына малынып,
Желбірей бер, қазағымның көк туы!