Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен


Экономикалық өсудің факторлары мен мақсаттары



бет62/79
Дата28.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#130731
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79
Байланысты:
2 лекция тезЭКОЖуйе

3. Экономикалық өсудің факторлары мен мақсаттары
Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің нақты көлемінің көбею масштабын белгілейтін құбылыстар мен процесстер белгілейтін өсудің тиімділігі мен сапасының жоғарылау мүмкіндіктерін атайды.
Факторларды экономикалық өсуге әсер етуіне байланысты тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілецтіндер жатады. Жанамаға осы мүмкіндіктерді ақиқатқа айналдыратын факторлар жатады.
Тікелейді 5 негізгі факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді:

  1. еңбек ресурстары санының көбеюі және сапасының жоғарылауы;

  2. негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы;

  3. өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуының жетілдірілуі;

  4. шаруашылық айналымына тартылған өндіріс ресурстарының саны мен сапасының өсуі;

  5. қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттердің өсуі.

Жанамалар құрамына мынадай ұсыныс факторлары жатады: нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтың азаюы, несие алу мүмкіндіктерінің көбеюі және т.б. Жанамаларға сұраныс пен бөлу факторлары да жатады.
Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін белгілейді. Сұраныс факторларының маңыздылары; тұтынушылық, инвестициялық және мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелік қабілетінің өсуі нәтижесінде экспорттың кеңеюі.
Егер сұраныстың динамикасы нақты өндіріс көлемінің табиғи дәрежесінің ұлғаюынан төмен болса, онда экономикада өсу шапшаңдығының құлдырауы немесе өсудің рецессиясы деген жағдай орын алады.
Экономикалық өсуге әсер ететін бөлу факторлары:

  • өндірістік ресурстардың салалар, кәсіпорындар және елдегі аймақтар бойынша нақты аллокациясы;

  • қоғамда орын алып отырған табыстарды шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлу тәртібі.

Бұл факторлар экономикалық жүйенің өсу қабілетіне және оның тиімділігіне әсер етеді.
Мақсаттардың иерархиялық бағыныштылығын «мақсаттар пирамидасы» деген ұғыммен атау қабылданған. Экономикада, әдетте, маңызды төрт мәселені атайды:

  1. Экономикалық өсу

  2. Жұмыспен толық қамту

  3. Баға деңгейінің тұрақтылығы және ұлттық валютаның орнықтылығы

  4. Сыртқы экономикалық тепе-теңдік

Ұсынылып отырған схема сырттай осындай құрылымды көрсетеді: оның негізгі мақсаты молшылықпен байланысты және оны нақты цифрлармен белгілеу мүмкін емес, ол белгілі бір нақтылы тапсырмалар қатарына бөлшектенеді. Алайда, экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында осынау нақты тәсілдердің жиынтығынан үйлесімді жүйе тудыру өте қиын. Бұл екі түрлі жағдаймен байланысты.
Біріншіден, нақты міндеттің тұжырымдалуынның өзі белгілі бір қиындықтардың элементтерін көрсетеді. Қоғамның әр түрлі топтарында, көбінесе, мақсаттар туралы әр қилы түсініктер болады. Екіншіден, іс жүзіндегі реттеудің жүзеге асуы мынаны көрсетеді: бір мақсатты орындау, екіншісінің орындалуын тежейді немесе тіпті, жалпы оған жету мүмкін де болмайды. Бір қатар нақтылы мақсаттарды жүзеге асыру үшін, оларды қисындарын қалыптастыра отырып, экономиктер оны «мақсаттардың дуалы көпбұрышы» деп атаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет