Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен


Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар



бет63/79
Дата28.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#130731
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79
4. Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар
Формациялық теория. Бұл теорияны жете зерттеп дүниеге әкелген К.Маркс және оның ізбасарлары. Осы теорияның мәні: дамудың белгілі кезеңіндегі өндіргіш күштер және қоғамның өндірістік қатынастары бірлікте болады және бір-біріне әсер етеді. Осы бірлік «өндіріс тәсілі» деген түсінікпен сипатталады.өндірістік қатынастар саяси үкімет институттарының, қоғамда үстемдік ететін мораль мен теологияның, ұлттық, отбасылық және басқа да қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру принциптерінің базисі болып табылады. Осы қатынастар мен институттар бірігіп «қондырма» деген түсінікті құрады.
Өндіріс тәсілі қондырмамен бірігіп қоғамдық-экономикалық формацияны құрады. Осылардың К.Маркс бесеуін бөліп атайды:

  • алғашқы қауымдық;

  • құл иеленушілік;

  • феодалдық;

  • капиталистік;

  • коммунистік формация.

У.Ростоу бойынша, тарихи эволюцияны стадияларға бөлудің негізінде үш негізгі жалпылама сипаттаманың – техника даму дәрежесінің, экономикалық өсу қарқынының қорлану нормасының, тұтыну дәрежесінің арасындағы негізгі айырмашылықтары жатады. Осы сипаттамалардың сапалық айырмашылығына сәйкес, У.Ростоу экономикалық даму стадияларының бесеуін атайды.
1. Дәстүрлі, немесе таптық қоғам. Ғылым мен техниканың төмен дамығаны, экономикадағы ауыл шаруашылығының үстемдігі, қоғамның топтарға бөлінуі, экономикада статикалық тепе-теңдіктің орын алуы, қорланудың төмен нормасы, ҒТП-ке өндірушілердің икемдігінің болмауы және халықтың санының жоғары қарқынымен өсуі – осының барлығы дәстүрлі қоғамға тән болады. Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі мен халық санының тез өсуінің ұштасуы жан басына келетін нақты табыстарды төмендетеді. Осы негативтік тенденция бірте-бірте халықтың саны мен табыстар дәрежесін тұрақтандырады.
2. Дамудың екпінді болуына жағдай жасау стадиясы. Бұл стадияда өндірістің тиімділігі мен экономиканың өсу қарқыны бірте-бірте жоғарылау үшін шарттар жасалады.
3. Екпін алу стадиясы. Ұлттық табыста қорлану нормасының өсуі, ҒТП жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік тудыру және дамуға үкімет институтттарының, әдет-ғұрыптардың жасайтын кедергілерін жою.
4. Кемелдену бағытына шығу. Экономикалық өсудің қарқыны өседі. өндіріс көлемінің өсуі халық санының өсуінен түседі.
5. Жаппай жоғары тұтыну қоғамы. Осы стадияда өндіріс көлеміне шектелген ресурстар кедергі келтіреді деген уайым жоғалады. Керісінше, сұраныс пен экология тарапынан шектелу туа бастағаны өсе түседі, ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтердің маңызы күшейеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет