Дәрістің мақсаты: Экономиканың тұрақты дамуы және макроэкономикалық мақсаттар қарастыру
Негізгі ұғымдар: тұрақты даму, тұрақты экономикалық даму, экономикалық өсу, нарықтық қатынастар, мультипликатор, акселератор, экономикалық қауіпсіздік, инвестиция, бәсекелестік, инновация, трансферттік қатынастар
Тұрақты даму – бұл, қазіргі уақыттың қажеттілігін қанағаттандырып, болашақ ұрпақ қажеттілігіне қол сұқпау. Сонымен қатар, тұрақты дамудың қысқа түсініктері де кездеседі:
— болашақ ұрпаққа қосымша шығынды қажет етпейтін даму;
— ұрпақтар арасындағы сыртқы әсерлерді минимумдау арқылы даму;
— болашақтағы қарапайым және кеңейтілген өндірістік потенциалмен үнемі қамтамасыз ететін даму.
Тұрақты даму процесінің мəні мен мазмұнын зерттеу біздің елде экономикалық теорияның негізгі мəселелерінің біріне айналып отыр
Тұрақты дамудың маңызды аспектілері:экономикалық,экологиялық,әлеуметтік болып бөлінеді.
Тұрақты дамуды бағалауда төмендегідей критерийлер қолданылады: тұрғын халықтарды жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейі; адамзат дамуының индексі; ақша – қаржы критерийі. Тұрақты даму тұжырымдамасының ажырамас бөлігі ретінде БҰҰ – ның тұрақты даму бойынша жасалған индикаторлар жүйесін қарастырамыз. Бұл индикаторларға жұмыссыздық деңгейі, миграция мен туудың коэффициенті, жан басына шаққандағы ішкі өнім, дайын өнім өндірудегі табиғи ресурстарды пайдалану мөлшері, қаржылық қордың көлемі, қаржылық жүйе арқылы қаржы қорларын бөлу мөлшері және т.б жатады.
Болашақ ұрпаққа, олардың өмір сүру ортасына қамқорлық ету тұрақты даму концепциясының негізгі идеясы болып табылады.Бұл анықтамада əлеуметтік жəне экологиялық аспект басым. Оның себебі — адамзат өміріне қажетті өте маңызды бірсыпыра табиғи ресурстардың таусылу қаупінің нақты екендiгiнде.
Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамып жатқан елдердің бірі болып табылады.
«Бүгінде біздің экономиканы жекеменшікке жəне кəсіпкерлікке арқа сүйейтін барынша ырықтандырылған экономика деп сипаттауға болады. Дүниежүзілік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономикасы дамыған мемлекет ретінде таныды. Республикада құқықтық база жаңартылып жатыр, салықтың салмағы азайтылып, нарық инфрақұрылымы жетілдірiлуде, еңбек ресурстарының сапасы артып, өнім сапасына деген талап өскелең бола түсуде”, —деген ҚР Президентi Н. Ə. Назарбаев еліміздің қазіргі экономикалық деңгейін осылай бағалады»./1/
Біз тұрақты экономикалық дамудың ғылыми негізін тек дамыған елдердің тәжірбиесіне терең зерттеу арқылы жасай аламыз. Əсіресе, оның басым бағыттарын — институционалдық,потенциалдық, инвестициялық жəне даму кезеңдерін жете түсініп, объективті түрде бағалап, тұрақты даму процесінің теориялық-əдістемелік негізін жасауға пайдалану қажет.
Қазіргі уақытта елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі елдің ұзақ мерзімді дамуындағы тұрақты экономикалық өсу қарқынымен анықталады. Елдің бұл экономикалық өсуіне макроэкономикалық жағдайдың тұрақтылығы, қызмет көрсету саласы мен өндіріс құрылымының технологиялық деңгейі, мемлекеттік институттардың сапасы сияқты факторлар әсер етеді.
Ғылым мен технология да елдің экономикалық өсуіне әсер ететін маңызды факторларының бірі болып келеді. Оны қолданыста жүрген ресурстарымыздың басым бағыттарының өзгеруінен, яғни шикізаттық бағытта ғана жүруден бас тартып, интеллектуалдыққа немесе білімге қарай ауысқанымыздан көруге болады. Әлемді шарқыған білімнің бәсекеге қабілеттілігі идеясы елдің даму стратегиясының негізі ретінде қалыптасты.
Қазақстанның дамуының стратегиялық мақсаты — ғылым мен технологияны дамыту, яғни олардың нәтижелерін жаңа бағытта дамытуы мен коммерциялық пайда әкелуі арқылы, және де, экономикалық өсуді қолдайтын қолайлы инновациялық ортаны құру арқылы «білім экономикасын» қалыптастыру болып табылады.
«Нарықтық қатынастарға өту аймақтардың, облыстардың, сонымен бірге муницивалдық құрылымдардың айқындаушы экономикалық және әлеуметтік сипаттамаларын айтарлықтай өзгертті.Бұл өзгерістер әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқарудың орталықтандырмауы едәуір дәрежеде ауыр салдар туғызған шағын және орташа деңгейдегі қалаларға әсерін тигізді.Осыған байланысты шағын және орташа деңгейдегі қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен осы дамуды стратегиялық басқару ерекше маңыздылыққа ие болды.
Қазақстанның жалғыз ғана қала түзуші кәсіпорынның айналасында орналасқан моноқалалардың жағдайы бойынша қиын жағдайда қалып отыр (мысалы, Кентау, Текелі, Жаңаөзен , Шу, Степногорск, Арқалық, Лисаковск, Приозерск, Қазалы және т.б.). Қайта құру мен нарықтық қайта реформалау жылдары көптеген қала түзуші кәсіпорындар бәсекелестікке төтеп бере алмай, өздерінің мәнін жоғалта бастады, нәтижесінде шағын қалалардың халқы күрт азайып кетті»./2/
Тұрақты экономикалық даму және экономикалық өсу бір –біріне мағынасы жағынан жақын, алайда экономикалық көзқарастан екеуінің айырмашылықтырын да ажыратуға болады.
«Экономикалық өсудің негізігі мақсаты ұлттық шаруашылық қызметінің жағдайы мен сапасын қолайлы өзгерту,жақсарту жен жоғарылату екендігі белгілі мәселе. Бұл үшін өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері менс апалық дәрежесі әлемдәк деңгейлерге ұмтылуы тиіс. Ал бұл болса халықтың әл-ауқатын арттыру,оның табысы мен тұтынушылық деңгейін жоғарылатудың бірден-бір кепілі болып табылады.
Кез келген әлеуметтік –экономикалық жүйенің өміршеңдігі өндіріс және тұтыну құрылымына, ресурстық қамтамасыздандыруылуына,іс-әрекет нәтижелілігіне байланысты.
Экономикалық өсу деп жалпы ұлттық өнім ,жалпы жиынтық өнім ,ұлттық табыс жалпы ішкі өнім,т.б. сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасының өзгерістері арқылы сипатталатын ұлттық шаруашылық дамуындағы оңды қозғалысты айтамыз.