Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен



бет53/79
Дата28.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#130731
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79
Байланысты:
2 лекция тезЭКОЖуйе

Қорытынды
Экономикалық тұрақтылықты дамыту жолдарының негізгі тетіктері анықтылды. Инновация, инвестиция, қаржыландыру мен бюджеттік демеулер, трансфеттік қатынастар және т.б. жатады.Бұл тетіктер жыл сайынғы президент жолдауында жария етіледі. Халыққа жоспар түрінде хабарландырылып, келешекте күтілетін экономикалық үрдістер жайлы мәлімет береді.Тұрақты ЭКОНОМИКАЛЫҚ даму мемлекеттің өркендеуіне кепілдік береді. Мемлекет тұрақты экономикалық даму үшін өз алдына белгілі бір мақсаттар мен міндеттерді белгілеуі тиіс.
Мемлекеттің алдында тұрған басты міндеті —ұлттық экономиканы əлеуметтік-нарықтық экономика негізінде қайта құру болатын. Республикада нарықтық экономика қалыптасты. Нарықтық экономиканың негізгі заңдылықтары қалыптасты: меншік түрлері, əртүрлі нарықтардың өзара байланыстылығы жəне өзара бағыныштылығы, кəсіпкерліктің түрлері жəне экономика салаларындағы алатын орындары, нарықтағы бəсекелестік, өкімет пен бизнестің өзара қатынастары жəне басқалар. Сыртқы экономикалық іс-əрекеттер ішкі экономикада жеке меншік мүддесі түрғысынан ырықтандырылған, кəсіпкерлерге үлкен экономикалық бостандық берілген, өз инфрақұрылымдары бар тауар жəне ресурстар нарықтары құрылып, қалыпты жұмыс істеуде. Қорытынды елде тек қана нарықтық экономика емес, экономиканың болашақтағы даму модельі де қалыптаса бастаған.
Дүние жүзі мемлекеттері экономикалық даму барысында түрлі кезеңді басынан кешіреді, әр кезеңнің ерекшелігі қоғамда көрініс таба береді.Тұрақты экономикалық дамудың жолдары қоғамға белгілі бір міндеттер мен мақсаттарды жүктейді. Теориялық негіздерге сүйене отырып біздің алдағы экономикалық дамуымыз анықтылып отыр. Қазақстан өзге де дамушы мемлекеттер сияқты СТРАТЕГИЯЛЫҚ даму мақсаттарын анықтай келе, өз алдына үлкен жоспарлар құрды. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев елімізге кәміл сенім артып отыр. Әр ҚР азаматы өз елінің асқақ патриоты болу арқылы ғана болашақта мемлекетіне үлес қоса алады. Бұл біздің азаматтарға өз мемлекетінің алдына міндеттелген ПАРЫЗЫ.
Ел­басы Үкіметке негізгі салаларды тех­­ни­калық қайта жарақтандыру бағ­дар­ламасын әзірлеуді тапсырды. Біздің ойымызша, негізгі капи­тал­ды арттыру орта мерзімді бола­шақ­та экономиканың жоғары қар­қынмен дамуына зор мүмкіндік бере­ді. Сонымен бірге, үлкен инвес­ти­ция­лар өздігінен нәтиже әкеле ал­майтыны түсінікті. Мұндағы негіз­гі мәселе инвестициялардың сапа­сына және олардың өндірістік қуат­­тылығының тиімділігін артты­ру­ға бағытталғандығымен байла­нысты.
Мемлекет басшысы ұсынған дамудың жаңа моделі экономикамыздың ұзақ мерзімді өсу драйверлерін қайта айқындайды. Жаңа модель аясын­да дамудың ішкі факторларына басым­дық беріліп отырғанын бай­қауы­мызға болады. Яғни, инвестиция, инновация, трансферттер мен лизингілер, бәсекелестік-экономикалық дамудың қазғаушы күштері болса, ұлттық қауіпсіздік пен стратегиялық мақсаттар-тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі факторларға жатады.
Экономиканы тұрақты дамытудың басты мақсаты — дамыған, өркениетті ел қатарына қосылумен бiрге, мемлекет ішінде баршаға барынша мүмкіндіктер беріп, əрбір адамның бостандығы, еңбектің барлық түрін қадірлейтін, зейнеткерлер мен ардагерлерді қоғамдық қамқорлыққа бөлейтін жəне экологияны қорғайтын қоғам құру. Экономиканың тұрақты дамуын анықтайтын факторлардың үздіксіз әсері бұл процесстің ажырамас бөлігі болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет