Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен



бет52/79
Дата28.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#130731
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79
Байланысты:
2 лекция тезЭКОЖуйе

«Экономикалық өсу» негізінен сандық сипаттағы категория болып табылады.Бұл категорияның сандық мәні ретінде пайыздық өлшемдегі өсу қарқыны жәнен жалпы ішкі өнімнің немесе ұлттық табыстың өткен жылғы салыстырмалы көрсеткіштері алынады.
Ал «Экономикалық даму» болса сапалық тұрғыдан сипаттап, оны жан басына шаққандағы ұлттық табыс өндірісті анықтайды.
Экономикалық өсу қарқыны ұлттық экономиканың динамикасын, оның салалық және аумақтық құрылымдарын сараптау үшін пайдаланылады. Экономикалық өсу экономикалық факторлармен қатар экономикалық емес факторлар әрекетінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық емес факторларға әскери-саяси, географиялық-климаттық, ұлттық-демографиялық ,мәдени және т.б. факторлар жатады»./3/
Сыртқы факторлардың жағым­сыз әсеріне қарамастан, рецессияға жол бер­мей, экономикалық өсiмнің оң көр­сеткіштерін қамтамасыз етеді. Жай ғана эконо­ми­калық өсу емес, сапалы эконо­микалық даму қажет. Өнеркәсіпке кең ауқымда ақпа­раттық технологияларды ен­гізу және қуат үнемдейтін өндi­рiс­терге көшу нәтижесінде Төртiншi өнеркәсiптiк революция басталуда. Мұның бәрi даму­дың жаңа моделіне көшу маңыз­дылығын арттырып отыр. Еңбек тиімділігін арттыру ұтымдылыққа апарады Көптеген дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, еңбек өнімділігін арттыру тұрақты және қарқынды экономикалық өсудің кепілі болып табылады. Өнімділік көрсеткішін арттырмай, экономиканың сапалы жаңа даму деңгейіне шығу мүмкін емес. Еңбек өнімділігін арттыру үшін өндірістік үдерістерді автоматтандыру және роботтандыру жоспарлануда. Соны­мен бірге, мемлекет негізгі капи­талға инвестициялар тартуды көз­деп отыр.
Экономикалық өсу күрделі процесс. Ол-цикл тәрізді,белгілі бір іс-әрекеттің қамтылуын әрі қайталануын қажет етеді. Теориялар мен негіздерді қамти отырып, өзін-өзі реттейді.
«Экономикалық өсудiң қалыптасқан қарқыны оның техникалық технологиялық негiзгi түпкiлiктi қайта құруымен байланысты жаңа технологиялардың жеткiлiктi болуы əлемдiк экономикада əлеуметтiк экономикалық қайта құру процесiнiң негiзi болды. Технологияның дамуы көп жағдайда қоғамның өнiмдiлiгi, өмiр сүру деңгейi жəне экономикалық ұйымдардың əлеуметтiк формаларымен анықталады.
Экономикалық өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру түрлері болып табылады.Сонымен қатар ірі экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады.Сондықтан экономикалық теория Экономикалық өсу категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдағы өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады:ұлғаймалы өсу бірқатар фактороларға байланысты,табиғат ресурстарының саны мен сапасына,еңбек ресурстарының саны мен сапасына,капитал ресурстарына,қолда бар технологияға.
Экономикалық өсудің теориялары:Мультипликатор жіне акселератор эффектісі болып табылады.Өндіріс қарқынына жедел қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әр түрлі өкілдері эконмикалық өсудің әр түрлі теориясын жасап, алдағы уақытқы болжау құрды.
Осы формуланың негізінде Кейнстің МУЛЬТИПЛИКАТОР теориясы жатыр,ол кейінірек АКСЕЛЕРАТОР теориясымен толықтырылды.
Мультипликатор бұл көбейткіш, ал акселератор –бұл дайын өнімнің сұранымының өсуіне деген өсушілік коэфициенті.
Мультипликатор –бұл қолда бар күрделі қаржының өсуі кезңндегі ұлттық табыстың қанша есе өсетіндігін көрсетеді.
Акселератор-ұлттық табыстың өсуі, инвестицияның өсуіне алып келеді.Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді.Экономикалық өсудің біртекті, бір бағытта іс-әрекет жасайтын мультипликациондық процесі пайда болады.
Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет.
Бір жағынан –нарықтық экономиканың өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның экономикалық өсмуді тұрақты байқалуы қажет;
Екінші жағынан-нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін;
Экономикалық өсудің тербелуі және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін факторды анықтау қажеттілігін тудырады»./4/
Тұрақты экономикалық даму өзін-өзі қалыптастыру жағдайында көптеген факторлардың әсеріне ұшырайды.Ол факторлар- экономикалық дамуды қалыптастырушылар. Егер факторлардың әсері тұрақты әрі тепе-тең жағдайда әсер етпесе, онда экономиканың дамуы іске аспауы мүмкін.Қазіргі батыстық нарықтық экономикалық теориялардың көпшілігі тепе-теңдік талдау негізінде қалыптасқан.
«Үкімет пен Ұлттық банктің қызметі экономиканың нақты секторын қолдауға, жеке инвестиция таратуда ынталандыруға, жұмыспен қамтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, қаржылық тұрақтылықты ұстап тұруға, Ұлттық қор қаражатың тиімді пайдалануға, сондай-ақ, республикалық бюджет теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған».
Тепе-теңдік жəне қаржыландыру бір-бірімен жау, өйткені, қаржыландырудан түсетін пайда тек тепе-теңдік жағдайында ғана құрылады.Жалпы экономикалық өсу мен техникалық прогресс экономикалық теңсіздік тудырады немесе сол теңсіздікен өзі пайда болады.Бұл көзқарастардың жақтастары аз емес.
Нарықтағы конъюктураның нашарлануына, ел бюджетінің ахуалына, сондай-ақ, біздің негізгі экспорттыө тауарларымызға деген бағаның төмендеуіне байланыстыжалпыға бірдей қаражат үнемдеуді енгізу қажет.Бұл шараларды келесі жылдың бюджетінде де ескеру қажет.Ешқандай қиындыққа қарамастан, біз экономика өсімінің қарқының төмендетуге және азаматттарымыздың әлеуметтік жағдайын нашарлатуға жол бермеуімізге тиіспіз.Халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау керек. Біз осы бір күрделі кезеңді еңсеруге тиіспіз»./6/
Әр мемлекетте қор нарығының дамуы жеке акционерлік меншіктің және жеке инвесторлар институтының бар болуымен тығыз байланысты. Инвестор ретінде халықты тарту және оларды экономикада болып жатқан инвестициялық үрдістерге қосу арқылы қоғамның қолданылмаған қор жинағын іске қосуға болады, сонымен қатар қаржылық ресурстарды экономиканың бәсекеге қабілетті салаларына бағыттауға болады. Жеке акционерлік капиталдың кеңеюі халықтың әл-ауқатының жоғарылауы мен оның бизнес мүдделеріне қатыстыруын білдіреді. Бірақ негізінде маңыздысы, ол берілген үрдіске халықтың максималды санын, мемлекеттің әлеуметтік саясатының контекстінде қарастыру керек.
Соңғы жылдары үкімет нақты секторды, оның ішінде ауыл шаруашылығын және шағын бизнесті несиелендіру мақсатымен банктердің қызметін белсендіру үшін түрлі шаралар қолдануда. Қаржылық лизинг осындай шаралардың бірі. Аталмыш лизинг кәсіпорныдардың кепілмүлкінің жоқтығына қарамастан қайта жарақтануына мүмкіндік береді. Дегенмен, бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктер лизингтік келісімшарттарды қаржыландыруда бәсеңділігін көрсетіп отыр.
«Инвестистициялар және даму министірі машина құрастыру, құрылыс материялдар өндірісі, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп сияқты салалар өнімдеріне ішкі сұраныстың азайғанына назар аударды.
Осыған байланысты біз тек не трансұлттық компаниямен, не Қазақстанның озық компанияларымен серіктес болып отырған қуатты кәсіпорындардың қолдау ниетіндеміз. Жаңғыртумен айналыспаған кәсіпорындар банкрот болып жатқанда мейлінше қуатты компаниялар жұмысты жалғастырып жатқынын көріп отырмыз, бұлт жайт біздің жұмыспен қамту бағдарламамызда ескерілетін болады»./7/
Бұл дүниежүзілік әрбір мемлекеті қолданатын экономикалық тұрақты дамуды қамтамасыз ететін негізгі Факторлар. Егер мемлекет осы жолмен дамуды көздесе, бұл факторлар мемлекеттің өркендеуіне кепілдік береді.Ондаған болашағы мол жобалар Қазақстан, Ресей, Украина инженелерiнiң бiрiгiп жұмыс iстеуі негiзiнде iс жүзiне асты. Кейбiр қазақ технологиялары əлемде еш жерде қолданылмайды. Бiрақ, көптеген қажеттi ойлап табылған дүниелер тек тəжiрибе түрiнде қалып қойған. Оларды өндiрiске енгiзудiң ұйымдық-құқықтық механизмi жоқ. Елдiң қаржы жəне коммерциялық құрылымдары тарапынан қолдау болуы қажет. Елдiң əлеуметтiк өмiрiнiң материалдық негiзiн трансформациялау жолында нақты қадамдарды қамтамасыз ететiн ұзақ мерзiмдi болашақ экономикалық бəсекелестікке қабiлет негiзiн қалыптастыруға қажеттiлiк туады. Бұл мақсатты iске асыру үшiн экономиканың басым саласын жақсартуды тездету қажет. Ол үшiн қазiр қолда бар өндiрiс қуаттылығын дұрыс пайдалану керек.
«Мемлекет әлеуметтік бағыттағы экономиканың тұрақты дамуы үшін жағдай жасауда маңызды рөл атқарады.Бүгінгі таңда мемлекеттік сектор –халық шаруашылығын дамытудың өзекті міндеттерін және жалпы ұлттық көлемде ұдайы өндірістің аса күрделіленген үдерісінде мемлекетке объективті жүргізілгненн міндеттерді шешудің маңызды құралы. Айтарлықтай ресурстарды жұмылдыра отырып, нақ мемлекеттің өзі жаңа кәсіпорындарды құру арқылы нарықты монополиясыздандыру міндетін тез және тиімді шешуге қабілетті.меншік құқығы бойынша мемлекетке тиесілі және оның бақылауындағы кәсіпорындар арқылы баға саясатын жүргізудің көмегімен ол нарықтық баға белшілеу саясатына ықпал етіп,ату көлемін ұлғайтуға және өндіріс тиімділігін көтеруге бағытталған барынша бәсекелі бағаға көшуді ынталандыра алады. Мемлекеттік сектор экономика мен әлеуметтік саланы дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттегі ірі қаржы ресурстарын жұмылдырудың мүмкіндіктерін кеңеңйту тұрғысында аса маңызды./8/
Экономикалық дамудың қамтамасыз етілуі үшін сенімді әрі тұрақты қауіпсіздік жағдайы енгізілуі тиіс.Тек қауіпсіздіктің жағдайында экономиканың дамуы нақты болады. Ал нақтылық-ол сенімділік. Қауіпсіздік-тұрақты экономикалық дамуға жетудің бірден-бір шарты.
«Ұлттық экономикалық қауіпсіздік экономикалық жүйенің аса маңызды сапа сипаттамасы болып табылады. Экономикалық қауіпсіздік – ұлттық экономиканың тәуелсіздігін, оның тұрақтылығы мен орнықтылығын, тұрақты жетілдіруге қабілетті қамтамасыз ететін шарттар мен факторладың жиынтығы. Экономикалық қауіпсіздік экономиканың ұлттық-мемлекеттік мүдделердің жүйелі түрде іске асырылуын,шаруашылық жүргізуші субъектілердің орнықты іске қабілеттілігін, халықтың тыныс-тіршілігінің үнемі қалыпты жағдайларын қолдау қабілетін білдіреді.
Экономикалық қауіпсіздік шаруашылық жүргізудің қаржы, сыртқы экономикалық, азық-түлік, салалық, өңірлік құрамдастарын және т.б. әр түрлі аспектілерін қамтиды. Елдің сыртқы экономикалық қауіпсіздігі әлемдік экономикаға интеграцияланған және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалына төзімді ұлттық шаруашылықты қалыптастыруға бағытталған тәуелсіз сыртқы сауда саясатын жүргізгенде іске асырылады. Сыртқы экономикалық қауіпсіздікті іске асыру отандық өнімнің сыртқы нарықты бәсекеге қабілеттілігіне негізделеді.
Елдің экономикалық қауіпсіздігіне сырттан және іштен қауіп төнуі мүмкін.
Сыртқы қауіпке:Қазақстанның белгілі бір салаға маманданған табиғи ресурстарды экспорттаушы ретінде ғана танылу қаупі, импортқа тәуелді болудың күшеюі, сыртқы берешектің ұлғаюы, капиталдың шет елдерге кету ауқымы, қолайсыз инвестициялық ахуал жатады.
Негізгі сыртқы экономикалық қауіпті талдау олардың сыртқы экономикалық қауіпсіздіктің ішкі факторларына қатысты маңызы аздау екенін көрсетеді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің ішкі құрылымының келесі маңызды элементтерін жеке атап өту қажет: Мемлекеттің ұлттық ресурстарға, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін және әлемдік саудаға,кооперациялық байланысқа ғылыми-техникалық жетістіктермен алмасуға тең қатысуға мүмкіндік беретін өндірістің, тиімділіктің қол жеткізуге бақылау жасау мүмкіндігі, ұлттық экономиканың орнықтылығы мен тұрақтылығына қол жеткізу үшін қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты қолдау, кәсіпкерлік белсенделік үшін сенімді жағдай мен кепілдік беру, сондай-ақ жағдайды тұрақсыздандыруы ықтимал факторларды жою, елдің әлеуметтік –экономикалық прогресінің негізгі көрсеткіші ретінде ғылыми және білім беру әлеуетінің ұдайы жаңғыртылуы». /9/
Қазақстандық компанияларға қор нарығының мүмкіндіктерін толығымен қолдану үшін қаржы әлемінде ашықтық пен абырой бірігіп басқару халықаралық стандарттарының керекті талабы болып қана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті көрсеткіш пен ең бағалы актив болып саналатынын білу керек.
Мемлекетіміздің экономикалық жағдайын анықтау көп уақытты қажет етеді. Алайда Президентіміздің жолдауын талдау арқылы,оның мүмкін болашағын болжай аламыз.Белгілі бір мақсаттар мен міндеттер экономикамыздың болашағын белгілейді.
«Елбасының биылғы Жолдауындағы басты идеялардың бірі – Қазақстанның әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық дамудың жаңа моделін құру. Бұл ретте, цифрлық технологияларға аса көп көңіл бөлінетіні белгілі. Алайда, Жолдауда айтылған жаңа модель Қазақстан экономикасының дәстүрлі салаларын дамытуға негізделетінін де айта кеткен жөн. Нақтылай түссек, мұнай өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік саласы және т.б. Осыған байланысты мемлекеттің экономикалық даму мәселесінде қандай жаңа басымдықтарға назар аударатынын айқындап алу қажет. Шикізат дәуірінің дәурені шектеулі Қазақстан үшін соңғы жылдары экономикалық дамудың жаңа формуласын іздеу қажеттілігі туын­­дай бастады. Мәселе мұнай-газ саласынан түскен табысты іш­кі сұранысқа айналдыруға негізд­елген бұрынғы даму үлгісі өзі­нің маңыздылығын біртіндеп төмен­детіп келе жатқандығымен бай­ланысты еді. Әлемдiк энерге­тика нары­ғындағы соңғы жаңа­лық­тар мұнай дәуiрінiң аяқта­ла бастағанынан хабар беретін­дей. Одан басқа, Қытай экономика­сы­ның бәсеңдеуi және Ресей эконо­ми­касындағы дағдарыс жағдайы қазақ­стандық экспортқа деген сұраныстың төмендеуіне әкеліп соқтыруда. Сыртқы факторлардың жағым­сыз әсеріне қарамастан, Қазақ­стан Үкіметі рецессияға жол бер­мей, экономикалық өсiмнің оң көр­сеткіштерін қамтамасыз ете алды. Қазақстанға жай ғана экономикалық өсу емес, сапалы экономикалық даму қажет.Өнеркәсіпке кең ауқымда ақпараттық технологияларды енгізу және қуат үнемдейтін өндірістерге көшу нәтижесінде төртінші өнеркәсіптік революция басталуда.Мұнын бәрі Қазақстан үшін дамудың жаңа моделіне көшу маңыздылығын арттырып отыр.Еңбек тиімділігін арттыру ұтымдылыққа апарады.Көптеген дамыған елдердің тәжірибесі көрсекендей, еңбек өнімділігін арттыру тұрақты және қарқынды экономикалық өсудің кепілі болып табылады.Өнімділік көрсеткішін арттырмай, экономиканың сапалы жаңа даму деңгейіне шығу мүмкін емес. Еңбек өнімділігін арттыру үшін өндірістік үдерістерді автоматтандыру және роботтандыру жоспарлануда.Сонымен бірге мемлекет негізгі капиталға инвестициялар тартуды көздеп отыр»./10/
Тұрақты экономикалық дамудың негізгі тетіктерін анықтау мақсатында, ел экономикасында орын алған күрделі процесстерді назарға алу керек.Себебі негізгі экономикалық процесстер –экономиканы тұрақтануына жағдай жасайтыны бізге мәлім.Тұрақты дамуды бағалауда төмендегідей критерийлер қолданылады: тұрғын халықтарды жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейі; адамзат дамуының индексі; ақша – қаржы критерийі. Тұрақты даму тұжырымдамасының ажырамас бөлігі ретінде БҰҰ – ның тұрақты даму бойынша жасалған индикаторлар жүйесін қарастырамыз. Бұл индикаторларға жұмыссыздық деңгейі, миграция мен туудың коэффициенті, жан басына шаққандағы ішкі өнім, дайын өнім өндірудегі табиғи ресурстарды пайдалану мөлшері, қаржылық қордың көлемі, қаржылық жүйе арқылы қаржы қорларын бөлу мөлшері және т.б жатады.
«Инвестиция (латынша investire–киіндіру)-табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материялдық байлығы мен бейматериялдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.Сонымен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің,инфрақұрылымды дамытудың негізгі факторы болып саналады.
ҚР Инвестициялар туралы Заңына сәйкес,инвестициялар-бұл лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанды заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері немесе кәсіпкерілік қызмет үшін пайдаланылатын тіргелген активтерді ұлғайту,сондай-ақ концессионердің коцессия шарты шеңбңрінде жасағантжәне алған тіркелген активтері.
Әлеуметтік-экономикалық мсазмұны бойынша инвестициялар қоғамдық –пайдалы қызметтерді атқарады және оларға келесілер жатады: өндірістік,өндірістік емес салалардағы жай және ұдайы өндіріс үдерістерін қамтамасыз ету, өндірістік үдерісті қайта жаңғырту үшін тозған негізгі қорларды және қолданылған шикізат пен материалдардың орнын толтыру, капиталдық, қаржылық салымдарды жұмсау негізінді бір саладан басқа тартымды салаға капиталды аудару, адам әулетін,жаңа технологиялар мен материалдаржы дамыту, болашақтағы экономикалық өсу үшін ненгізді қалау, қажетті шикізат базасын құру». /11/
­­­­Өзіндік немесе несиеге алынған немесе басқа жақтан тартылған қаражатты инвестициялық жобаларға құятын заңды немесе жеке тұлғалар-экономиканың құрылымын іске асыруда үлкен рөл атқарады.. Инвестор тәуекелдердің аз болуын қалайды. Әйтсе де «тәуекел»-олардың екінші аты.
«“Инвестиция” дегеніміз қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға немесе инновациялық жобаларға құю. Инвестициялар құйылған сәттен бастап ұзақ уақыт өткеннен кейін пайда келтіреді.
Инвестициялар төмендегі мақсаттарды шешуге көмектеседі :қаржы және материалдық қорларды жинақтау арқылы өз кәсіпкерлік іс-әрекетін кеңейту, жаңа кәсіпорындарды сатып алу, бизнесті жаңа салаларды меңгеру арқылы түрлендіру (диверсификация).
ҚазАқпарат — Қазақстанға тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 255 млрд доллардан асады екен. Осы уақыт ішінде еліміз ірі трансұлттық компаниялармен тиімді ынтымақтастық орнатып, әлемге әйгілі біраз алпауыттардың сеніміне кірді. Шындығында шетелдік инвестиция болашағына сенімді, әсіресе бүгінгідей алмағайып заманда келешек көкжиегі мейлінше жарқын жаққа қарай көбірек тартылады. Осының өзі Қазақстандағы реформаларға халықаралық көзқарастың оң екенін білдірсе керек. Жалпы инвестиция — экономикалық дамудың тірегі. Сондықтан да, Үкімет инвестициялық белсенділікті арттыру арқылы экономикалық өсімнің оң қарқынына ие болу жолдарын мейлінше назарда ұстап келеді. Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2016 жылдың 9 айында Қазақстанға тікелей инвестицияның жалпы ағыны 27,3%-ға өсіп, 14,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл 2015 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішке қарағанда 3 млрд. долларға артық. Яғни, әлемдік дағдарысқа қарамастан Қазақстан соңғы жылдары экономиканы инвестициялау бойынша оң динамика қарқынын сақтап тұр»./12/

1-сурет. 2015-2016 жылғы Инвестицияның жалпы көлемі мен жалпы ағыны.
Ескерту-Автор құрастырған. Мәліметтер http://www.inform.kz сайтынан алынған.
Бұл көрсеткіш инвестицияның даму қарқынын анықтауға негізделеді. Жалпы көлем-255млрд. Доллар жақсы көрсеткіш, сонымен қатар жалпы ағынның өсуі де соған дәлел.
«Жергілікті бюджеттер басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызмет қаржысының негізі болып табылады, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарда инфрақұрылымды дамытуға, аумақтық экономикалық əлеуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды»./13/
Әр мемлекетте қор нарығының дамуы жеке акционерлік меншіктің және жеке инвесторлар институтының бар болуымен тығыз байланысты. Инвестор ретінде халықты тарту және оларды экономикада болып жатқан инвестициялық үрдістерге қосу арқылы қоғамның қолданылмаған қор жинағын іске қосуға болады, сонымен қатар қаржылық ресурстарды экономиканың бәсекеге қабілетті салаларына бағыттауға болады. Жеке акционерлік капиталдың кеңеюі халықтың әл-ауқатының жоғарылауы мен оның бизнес мүдделеріне қатыстыруын білдіреді. Бірақ негізінде маңыздысы, ол берілген үрдіске халықтың максималды санын, мемлекеттің әлеуметтік саясатының контекстінде қарастыру керек.
«Дағдарыс ауқымы бойынша ұлы тоқырау кезінен бері қазіргі айрықша дағдарысқа әлемнің жетекші елдерінің даяр болмауы көп жағдайда, әлемнің әртүрлі елдерінде соңғы ұшжылдықтың бойында табысты жүргізілген экономикалық даму үдерістерінің елеулі ғылыми-зерттеулерінің нәтижелері «еркін нарық» апологеттері мен жаңа классикалық қағидат схоластарының шайқалту нәтижесі болып шықты»./14/
Инвестиция экономиканың дамуына әсер ететін негізгі фактор екені анықталды.Инвестицияның дамуы сөзсіз экономикаға оң нәтижелер алып келеді.Қазіргі уақытта дамушы елдердің экономикасында инвестициямен сабақтас процесс-бәсекелестік орын алуда. Монополияны жою — экономикада тепе-теңдікті қалыптастыратыны бізге мәлім.Қазақстандық компанияларға қор нарығының мүмкіндіктерін толығымен қолдану үшін қаржы әлемінде ашықтық пен абырой бірігіп басқару халықаралық стандарттарының керекті талабы болып қана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті көрсеткіш пен ең бағалы актив болып саналатынын білу керек.
«Бәсекелестік-экономиканың тиімді дамуы мен жұмыс істеуінің басты тетеігі. Тиімді бәсекелестік үшін жағдай жасау , адал бәсекелестікті қолдау мен қорғау мемлекеттің индустриялық және инновыциялық саясатының негізгі міндеті-экономиканың әртараптануы мен өнеркәсіпті жаңғыртуға ықпал етуі тиіс.
Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу,шектеу тәжірбиесінің шектен тыс шоғырлануы мен өсуі жайлы мәселелерді шешуге бағытталған. Бәсекелестік саясатының негізгі бағыттары: монополиялық бағаларды белгілеу, өндірісті негізсіз қысқарту және монополиялық тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізу, шарттарға кем қою шарттарын енгізу,басқа кәсіпорындардың тауар және қаржы нарықтарына кіруіне кедергі жасау, нарық субъектілері және олардың бәсекелестіктерін құру,қайта ұйымдастыру , тарату, нарық субъектілерінің капиталындағы акцияларды сатып алу жөніндегі монополистер әрекеттерінің жолын кесу арқылы басым жағдайға ие нарық субъектілерінің асыра сілтеуіне жол бермеу, біріңғай бағалар мен тарифтерді белгілеуге ,нарықты аумақтық қағидасы бойынша бөлуге ,ықтимал бәсекелестердің нарыққа қол жеткізуін шектеуге немесе нарықтағы бәсекелес субъектілер арасында сөз байласуға бағытталған,бәсекелестер арасындағы келісілген әрекеттердің жолын кесу арқылы бәсекелестікті жоюға немесе шектеуге бағытталған жасықсыз бәсекелестік пен бәсекелестікке қарсы келісімдерге тиым салу, Мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуына жол бермеу. Мемлекеттік органдардың жекеленен кәсіпорындарға жеңілдіктер беруі, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің белгілі бір тобына тауарлар мен қызмет көрсетулердің бірінші кезектегі жеткізілімі туралы шаруашылық субъектілеріне нұсқау беруі арқылы бәсекелестікті шектеуге бағытталған әрекетінің жолын кесу». /15/
Заман өзгерген сайын экономиканы қозғаушы күштер жаңа мүмкіндіктерге ие болып,өз алдына белгілі бір шарттарды талап етеді.Тұрақты дамуға қол жеткізу үшін мемлекет нақты әрі дұрыс шешімдерді қабылдай білуі тиіс, бәлкім заман талабына сай даму дұрыс шешім болуы керек?!
«Экономикалық жүйенің тиімділігінің ең қолайлы өлшеміне экономикалық потенциал жатады.
Потенциал-ол максималды мүмкіндік. Мемлекет қамтамасыз ететін мүмкіндіктерге дұрыс шешімдер қабылдап,ИНОВАЦИЯНЫ дамыту жолынатүсу керек.
Дəстүрлi экономикалық саясатқа ғаламданудың əсер етуiнiң күшеюi реттелген ұлттық экономикалық шекарасда тиiмдi емес жағдайға жетедi. Өйткенi, оның басты құралдары ақша-несие саясаты, технологиялық инновация əлемдiк тенденцияларға тəуелдi болып қалады.Технологиялық дамудың фундаментiн қалыптастыратын негiзгi сапалы сегменттер инновация, бiлiм, ақпарат, бiлiм беру болып табылады»./16/
Бiздiң елiмiзде инновациялық əрекет заң жобасының мазмұны негiзiнде мемлекеттiк сұраныс жəне мемлекет қаржысы арқылы iске асады. Бiрақ, бұл жағдайда қоғамдық ұйымдар мен басқа құрылымдық қажеттiлiктер көзден таса болады. Ғылым жөнiндегi заңға сəйкес, қазiргi заманға сай технологиясы аз технопарк-құрылым жəне инновациялық əрекет өнiмнiң рыногын алға жылжытуға жағдай жасайтын инкубатор-құрылымға мемлекет белсендi түрде көмегiн тигiзсе де жеткiлiксiз болады.
Экономиканың ақпараттық сатысында қоғамның техникалық және әлеуметтік үдерісінің жеделдеуі нәтижесінде оның әлеуметтік, саяси және рухани салалары арасындағы байланыстар неғұрлым тығыз бола түсуде.Инновация мен іскерлікке арқа сүйей отырып, экономикалық дамуға негіз болатын ақпараттық технологияқалыптасқан. Автоматты басқару жүйелерінің бүкіл әлеуетін іске қосу үшін әлемнің жетекші компаниялары қызметкерлер мен технологияларды біртұтас «әлеуметтік-технологиялық жүйе» кіруде,ол есесіне экономиканың дамуына септігін тигізуде.
«Қалалық әкімдікте өткен отырыстың күн тәртібінде Алматы қаласының индустрияланыру картасына индустриялды-иновациялық жобаларды кіргізу қаралды. Аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысына аудан әкімдері, басқарма басшылары, жобаларын ұсынған компаниялар жетекшелері мен БАҚ өкілдері шақырылыпты.Отырысты ашқан Бауыржан Байбеков Қазақстанда Елбасының тапсырмасымен бірнеше индустриялды-иновациялық жоба бар екеніне тоқталды.Бүгінгі таңдағы жаңа экономикалық саясат жағдайында қоғамның индустриялды-иновациялық дамуы бірінші кезекте тұрған басымдылыққа ие бағыттардың бірі»./17/
Оның негізгі бағыттары келесідей: инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламарды жасау, Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау, инновациялық инфрақұрылымды құру, Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру, бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы, Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қаматамасыз ету, отандық инновацияларды шетелге шығару.
«Инновациялық стратегияның негізгі бағыттары келесі жолдар арқылы жүзеге асады: кәсіпорынның басты мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың қажеттіліктерін белгілі түрдегі өніммен немесе қызмет көрсету арқылы инновациялық қызметтердің ең қолайлы нәтижелерін мақсатқа сәйкес және ұтымды қолдану керек, жаңа өнімдерді игеру және жаңалық енгізу кезінде ресурстардың экономикалық пайдаланылуын қамтамасыз ету, кәсіпорын қызметінің инновациялық белсенділігін , сондай-ақ алдыңғы қатарлы тәжірбиелі мамандардың еңбегін анықтауда шығармашылылқ ынталандыруды пайдалану.
Кәсіпорынның инновациялық саясатын жасау олардың алдына қойған мақсаттарының жақын және алыс болашақта даму стратегиясын анықтайды, сондай-ақ кәсіпорынның әлеуетті мүмкіндігіне қарай оны қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуін анықтайды.
Әрбір кәсіпорынның өмірлік даму кезеңінде статика мен динамиканың элементтер жүйесі тексеріліп отырады. Бұл жерде барлығы кәсіпорынның алдына қойған мақсатына байланысты болып отырады.
Инновация күрделі, әр түрлі жерде күтпеген жағдайларға түсіп қалатын, болжау жасауға қиындық туғызатын процесс. Әрдайым болып отыратын үйлестірушілер,құрылым мен өндірістегі жиі болатын өзгерістер, инновациялық жолды қолдаушы барлық жүйедегі осы жағдайға байланысты өзгерістер,инновациялық процесстер кәсіпорын жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады». /18/
Ғылым жөнiндегi заңға сəйкес , қазiргi заманға сай технологиясы аз технопарк-құрылым жəне инновациялық əрекет өнiмнiң рыногын алға жылжытуға жағдай жасайтын инкубатор-құрылымға мемлекет белсендi түрде көмегiн тигiзсе де жеткiлiксiз болады. Елдiң қаржы жəне коммерциялық құрылымдары тарапынан қолдау болуы қажет. Елдiң əлеуметтiк өмiрiнiң материалдық негiзiн трансформациялау жолында нақты қадамдарды қамтамасыз ететiн ұзақ мерзiмдi болашақ экономикалық бəсекелестікке қабiлет негiзiн қалыптастыруға қажеттiлiк туады.
«Тұрғындардың еркін қаржы ресурстары қазақстандық кәсіпкерлік үшін маңызды тартымды инвестициялар болады. Сонымен, Орталық депозитарийдің мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың ақпан айы бойынша 9,7 мың жеке тұлғалар, 72 млрд.теңге (немесе 492 млн. АҚШ доллары) болатын корпоративті бағалы қағаздардың ұстаушылары болып саналады. 2010 жылы KASE-де жеке инвесторлар тарапынан сомасы 282 млн. АҚШ доллары болатын акциялар мен корпоративті облигацияларды сатып алынды.»./19/
Соған қарамастан, инновациялық əрекеттiң дамуы үшiн iргетас əлi де сақталған. Ондаған болашағы мол жобалар Қазақстан, Ресей, Украина инженелерiнiң бiрiгiп жұмыс iстеуі негiзiнде iс жүзiне асты. Кейбiр қазақ технологиялары əлемде еш жерде қолданылмайды. Бiрақ, көптеген қажеттi ойлап табылған дүниелер тек тəжiрибе түрiнде қалып қойған. Оларды өндiрiске енгiзудiң ұйымдық-құқықтық механизмi жоқ. Ведомствоаралық байланыс та iс жүзiне аспады. Бiздiң елiмiзде инновациялық əрекет заң жобасының мазмұны негiзiнде мемлекеттiк сұраныс жəне мемлекет қаржысы арқылы iске асады. Бiрақ, бұл жағдайда қоғамдық ұйымдар мен басқа құрылымдық қажеттiлiктер көзден таса болады. Бұл мақсатты iске асыру үшiн экономиканың басым саласын жақсартуды тездету қажет. Ол үшiн қазiр қолда бар өндiрiс қуаттылығын дұрыс пайдалану керек.
«Бүкіл дүниежүзілік шаруашылық қоғам дамуының аса ірі түпкі нәтижелерінің бірі. XIX ғасырдың аяғында адам өмірінің дамуындағы жағдайлар мүлдем өзгерді.Оған саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми –техникалық, экологиялық жағдайларды болған өзгерістер тікелей әсер етті.Біріншіден, дүниежүзілік ынтымақтастық формаларының көптігі;олардың қайшылықтарының шегіне жетуі.Екіншіден, мемлекеттердің өзара байланыстығы күшейе түсті.Үшіншіден, дүниеде қандай да бір мәселені шешу бір мемлекеттің немесе дүниежүзіндегі бір ғана шаруашылықтың қолынан келмейтін жағдайлардың тууы және басқа да процесстердің дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуын жеделдетті.
Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылық – ол өзіндік өзара байланысты өзара тәуелді біртұтас халықаралық еңбек бөлінісіне қатынасушы жеке мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтар жүйесінен тұрады.Өсіп келе жатқан мемлекеттердің өзара тәуелділіктерінің маңызды сферасы – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінен көрініс алуда.Ол мемлекеттер арасындағы шаруашылық айырбастарды реттеу негізінде өндіргіш күштердің интернационализациялануы күшеюін, ұлтаралық механизмдердің қалыптасуын сипаттайды»./20/

2-сурет. 2011-2015 жылдар аралығындағы Иновацияларға бөлінген қаржы өсімі.
Ескерту автор құрастырған. Мәліметтер http://www.stat.gov.kz сайтынан алынған.
«Республиканың экономикалық дамуының негізгі параметрлеріне жасалған талдау ұлттық экономикадағы қиын жағдайлардың бірі – қайта өндіру процессіндегі байланыстық тепе-теңдігі екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл құбылыс мемлекеттің экономикалық саясаттың тактикасы мен стратегиясын өңдеу кезінде анықтаушы факторға айналды. Қайта өндіру процесін жетілдіруде және ынталандыруда негізгі ролді атқаруға біріккен кәсіпорындар шақырылды»./21/
Қазіргі жағдайда еліміздің инновациялық дамуы орташа дәрежеде деп есептейміз. Инновациялық қызметті дамыту үшін арнайы қаржылық қолдау құралдары кеңейтіліп, отандық кәсіпорындар үшін салықтық жаңа жеңілдіктер мен преференциялар енгізілсе нұр үстіне нұр болар еді.Қазақстандық инновациялық жүйе жетілдіріліп, индустриялық-инновациялық қолдаудың жаңа құралдарымен толықтырылуда. Жүргізіліп отырған барлық шаралар оң нәтижесін береді деп үміттенеміз.
Экономиканы тұрақтандырудың тағы бір жолы — бюджеттің шығыстарын қамтамасыз ету мақсатындағы бюджет арқылы трансферттiк қатынастардың жетiлуi. Бұл бюджеттік демеу бағытына сәйкес жүзеге асады.
Трансферттік мәміле — сыртқы сауда операцияларына қатысушылардың (валюта бағамы бойынша, баға бойынша) келісімшартпен тауарды немесе валютаны өзара айырбастауын қарастыратын әр түрлі коммерциялық мәмілелер екен.
«Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасы мақұлданды.
Күрделі шығындардың трансфертке қатынасы алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамы тиісті жылға арналған ағымдағы шығындар көлемінің 6,5 %-ы мөлшерінде анықталған». /22/
Трансферттік қатынастар біздің елімзде жаңа экономикалық серпін ретінде сипатталады. Трансферттік мәмілелердің орындалуы коммерциялық операцияларды үздіксіз жүзеге асыруда. Елімізде трансферттік қатынасқа байланысты бірқатар заң жобалары қабылданып, ҚР азаматтарына келешектегі трансферттік қатынастарының өңірлердің бюджеттік қамтамасыз ету деңгейін мемлекет кепілдік қызметтер ұсынуды теңестіруге, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қаржылық дербестігін арттыруға бағытталып отырғанын анықтап, міндеттеп отыр.
«Қазіргі кезде халықты әлеуметтік қорғаудың төрт деңгейлі жүйесі қалыптасқын: бірінші деңгей-мемлекеттік бюджеттен бөлінетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар:базалық зейнетақы төлемдері, мемлекеттік жәрдемақылар, баланың туылуына арналған біржолғы төлемдер, екінші деңгей- әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан ортақ зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу,яғни барлық жұмыскерлер аударым жасайтын, ал зейнеткерлікке жасы толғандар немесе тиісті сақтық жағдайы орын алғандар ғана алатын орнықтылық қағидаттарымен жүзеге асырылатын төлемдер, үшінші деңгей-міндетті зейнетақы жарналарының есебінен төленетін зейнетақы төлемдері, яғни адамның жеке салымдарына тәуелді жүзеге асырылатын төлемдер, төртінші деңгей- ерікті сақтандыру есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер.
Үкіметтік бағдарламалармен халықтың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің қосымша нысандары қарастырылған.Мәселен, кедейлікті жою және әлеуметтік –демографиялық жағдаятты жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатымен 2015 жылдан бастап бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақылар енгізуді, ал песпективада отбасының табыстарына қарай балалар үшін жәрдемақыны төлеуді қоса , балаларды қорғаудың біртұтас жүйесі жасалуда». /23/
Бюджетті толықтыру сұранысының жоспары толық қанағаттандырылған жағдайларда да оның орындалуы өте жоғары артық дəрежеде орындалуы мүмкiн немесе басқаша. Бұл əлi де болса алдағы уақыттарда ғалымдар мен əкімшілік басшыларының назар аударуына тұратын мəселе екенін баса айтқан жөн.Себебі, жергілікті жердің əлеуметтік-экономикалық жағдайы қалай болса, солай дамуына жол беруге болмайды. Немқұрайлы қарау əрқашанда жауапкершілікке тартылуы тиіс деп ойлаймыз.Соған қарамастан, инновациялық əрекеттiң дамуы үшiн iргетас əлi де сақталған.
«Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етудiң келесi тетiктерi қажет:
— еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен толық қамтамасызм ету жəне бағаның тұрақтылығын сақтау;
— ғылыми техникалық мүмкiндiктердi пайдалана отырып, жұмыспен қамтамасыз етудiң ақпараттық жүйесiн кең көлемде ұйымдастыру;
— зейнет жасына келген азаматтардың жұмыс қызметiн одан əрi жалғастыруына мүмкiндiк беру;
— əйелдердiң еңбекке белсендi араласу мүмкiндiктерiн жасау;
— жинақталған сұранысты несиелiк қаржылық саясат арқылы тиiмдi реттеу;
— нарықтағы еркiн бəсекелестiктi құқықтық қорғау;
— экономикалдық өсудiң тиiмдi дамуын қамтамасыз ету үшiн еңбек өнiмдiлiгiн тұрақты көтеру;
— күнделiктi сұраныс тауарларын тұрақты қамтамасыз ету;
— қоғамдық тарифтердiң деңгейiн қатаң бақылауға алу;
— тауар нарқындағы коньюнктураны жəне баға қозғалысын əрдайым байқап отыру;
— бағаның заңдарға негiзделген жүйесiн құру;
— бiр жағынан өнiм мен инвестициялар экспорттау жəне iшкi нарықтың дамуымен келiсiмде болатын стратегиялық мақсаттарға негiзделуi қажет, екiншi жағынан оны iс жүзiне асыратын экономикалық, ұйымдық-құқықтық заңдарме, механизмдермен қамтамасыз етілген ғылыми негiзделген экономикалық саясатты жоспарлау;
— экономиканың барлық саласы мен сферасын қамтитын бəсекелес нарықтардың тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз ететiн нормативтi-құқықты базаны жетiлдiру;
— инновациялық орталықтарды құру мен дамытудың ұйымдық-құқықтық заңдылықтарымен нақты қамтамасыз етiлетiн, ғылыми-технологиялық ойластырылған заттарды коммерциялы өнiм деңгейiне жеткiзу;
— əлеуметтiк-экономикалық жүйе мүдделерiн қамтамасыз ететiн билiктiң атқарушы жəне заң тараптарының арасында тепе-тең қатынас орнатудың жаңа балансы».
Экономиканың тұрақтануы ең бірінші халықтың әлеуметтік жағдайында көрініс беретіні айдан айғақ. Әлеуметтік тұрақтылық экономикалық тұрақтылықтан туады. Экономика мен əлеуметтіліктің дамуына əрбір кезеңдерде бағасын беріп, оның дамуын бақылауды қолға алмайынша, түсініксіз жағдайға жол береміз. Сондықтан,есепті жылда əрбір объектiнiң экономикасының даму бағасын талдау арқылы анықтау керек. Талдау бұрынғы талдау нəтижелерiмен салыстырмалы қаралуы керек. Өйткені, жетiстiктер мен кемшіліктер өлшемiне баға берiлгені жөн.Экономикалық қатынастарда салыстырмалы əлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын бағалау көрсеткіштерін енгізу жəне оны одан əрі талдау— бүгінгі күннің негізгі талаптарының бiрi болуы тиісті. Алайда бұл сұрақ әлі де нақты жауапты тапқан жоқ, еліміде көрсеткіш үдерісі аз.
Экономиканы тұрақтандыру əлеуметтікті көтеру болғандықтан, экономикаға жергілікті қаражатты бөлу оның тұрақтылығын бірден туғызбайды. Себебі, экономиканың даму қарқынына белгілі уақыт көлемі керек.
Енді экономиканы тұрақтандыруға қанша уақыт кетеді деген сұраққа жауап iздеп көрейiк. Біз мұны қазіргі даму қарқынының есептік көрсеткіштер арқылы ғана анықтай аламыз. Дегенмен, өсім қарқынының жай немесе ұлғаймалы дамуы əрбір аймақта, аумақта, облыста, аудандарда, қалаларда əртүрлі дəрежелерде белгiлi бiр себеп-салдарда жүруі мүмкін. Бұл экономиканың даму қарқынына байланысты екені мәлім.
«Мысалы, 2012 жылы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда инновациялық гранттардың 5 жаңа түрін қамтитын индустриялық-инновациялық дамуды қолдаудың 14 құралы көзделген.Бүгінгі күні Қазақстандағы инновациялық қызметтің қомақты бөлігін мемлекет тікелей ынталандырады және ғылыми-зерттеу жұмыстарының көпшілігі мемлекеттік зертханаларда жүргізіледі. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша кешендік қол­дау арқасында облыс кәсіпкерлері поли­графиялық нарықта бәсеке қабілеттілікті жоғарылату үшін алдыңғы қатардағы баспа технологияларын енгізе алды («ЭКОЖАН» ӨК), ағаш өңдеу саласында көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейте алды («ЛДСП Караганда» ЖШС), сапаны жоғарылатуға және серке тәрізді крандарды жасау өндірісінің көлемін өсіре алды («СП Оптим-кран Казахстан» ЖШС), жолаушыларды тасымалдау үшін автокөлік паркін жаңарта алды («№2 автобус паркі» ЖШС), темір арқанды өндіру саласында аймақтың экспорттық әлеуетін өсіре алды («Kaz-metiz» ЖШС), медициналық құрылғыларды жетілдіре алды («Көз микрохирургиясы орталығы» ЖШС), сонымен қатар, облыста ең ірі спорттық-сауықтыру кешені «Мега – фитнес World Class» ашылды.
Несиелер бойынша пайыздық мөл­шерлемені субсидиялаумен 4,8 млрд.теңге несие сомасына 71 кәсіпкер пайдаланды.
Өз бизнесін ашуға Гранттық қаржы­ландыруды 102,5 млн.теңге сомасына жаңадан бастап келе жатқан 39 кәсіпкер, оның ішінде 13 кәсіпкер әйел алды.
Моноқалаларды дамыту бағдар­ламасы» екінші бағыты шегінде – аймақтық жобаларды жүзеге асырудың басынан (2013 жылдан. бастап) шағын және орта бизнес пен экономиканы әртараптандыруда 7,1 млрд. теңге сомасына 178 жоба қолдау алды, оның ішінде 2014 жылы 5,1 млрд.теңге сомасында 118 жоба, ол 2013 жылға қарағанда шамамен 2 есе артық.
Біз тұрақты экономикалық өсу жолымен одан әрі алға жылжи береміз және бізді ешкім тоқтата да алмайды, бұл жолдан қайтара да алмайды. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы халыққа жолдаған Жолдауында үкіметке 2015 жылы жанбасына шаққанда ІЖӨ 14 000 АҚШ долларына жеткізуді міндеттеді»./25/
Иә, моноқалалардың дамуы немесе керісінше құлдырауы қоғамның әлеуметтік жағдайында көрініс беретіні түсінікті. Ал қоғамның әлеуметтік жағдайы экономикалық жағдайдың көрінісі. Мемлекет кәсіпкерлерді трансферттік, лизингтік, т.б. жолдармен қамтамасыз етсе, кәсіпкерлер саны көбейіп, қалалардың дамуы тек бір ғана кәсіпкердің әрекетіне тәуелді емес болар еді. Кәсіпкерліктің дамуы тұтынушылардың, яғни сатып алушылардың тұтынушылық талғамы мен табысына байланысты, бұл өз кезегінде жұмыссыздықты жою процессінен туындайтын салдар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет