Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы заманауи денсаулық сақтау технологиялары



бет1/3
Дата22.05.2023
өлшемі20,38 Kb.
#95691
  1   2   3

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Мангазинова А.Ж.
Нұр-Сұлтан қаласы,
17 «Ер-Төстік» балабақшасының инновация әдіскері

Аңдатпа:
Түйін сөздер:

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының бірі – оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтау технологияларын енгізу болып табылады.


«Денсаулық сақтау білім беру технологиялары» ұғымы педагогикалық практикада соңғы жылдары ғана пайда болды. Бұл тақырып балалардың денсаулық жағдайына байланысты өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселесін бала мектепке барғанға дейін, яғни балабақшада шешу маңызды.
Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған іс-шаралардың әртүрлі нысандары мен түрлері бар. Олардың кешені қазіргі таңда «Денсаулықты сақтайтын технологиялар» жалпы атауын алды.
Мұндай жаңа технологиялардың негізгі мақсаты: педагогтарды, психологтарды, дәрігерлерді, ата-аналарды, ең бастысы балалардың өздерінің денсаулықтарын сақтау, нығайту және дамыту үшін біріктіру, салауатты өмір салтын ұстануға қажетті білім, білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге үйрету.
Денсаулықты сақтайтын педагогикалық технологиялар әртүрлі іс-әрекеттерде қолданылады және келесідей ұсынылады:

Балаларды тәрбиелеу мен дамытудың денсаулық сақтау үдерісінің негізгі шарттары:

  • Балалар іс-әрекеттерінің әртүрлі түрлерін ойын түрінде ұйымдастыру;

  • Мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени шығармашылығын ұйымдастыру;

  • Балалардың іс-әрекетін құрал-жабдықтармен, ойыншықтармен, ойындармен, ойын жаттығуларымен және оқу құралдарымен жабдықтау.

Бұл жұмыстардың барлығы кешенді түрде, күні бойы, және медициналық-педагогикалық қызметкерлердің: тәрбиешінің, музыка жетекшісінің қатысуымен жүргізілуі керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтының негізгі қимыл-қозғалысы мен дағдыларына үйретуге, жас тобындағы денсаулық сақтау үдерісіне жағдай жасаудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін енгізуді тәжірибеге енгізуге баса назар аудару қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет