Мәселе есептер


Химиялық концентрацияға байланысты мәселе есептер



бет4/6
Дата28.12.2022
өлшемі216,5 Kb.
#60118
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
320 masele esepter

Химиялық концентрацияға байланысты мәселе есептер



  1. Құрамындағы йод 1% болатын 300 г спирт бар. Құрамындағы йод 10%-тен аспайтын болу үшін осы спиртке қанша грамм йод қажет?

Жауабы: 0

  1. 50%-тік қышқыл ерітіндісін алу үшін 30 г 15%-тік қышқыл ерітіндісіне 75%-тік сол қышқыл ерітіндісін қосу керек. Қосатын 75%-тік қышқыл ерітіндісінің мөлшерін табыңыз.

Жауабы: 42 г

  1. Бір ерітіндіде 30% (көлемі бойынша) азот қышқылы, ал екіншісінде 55% азот қышқылы бар. 50%-тік 100 литр азот қышқылының ерітіндісін алу үшін, бірінші және екінші ерітінділерден қаншадан алуымыз керек?

Жауабы: 20 л; 80 л

  1. Цестернаға 38 л бензин құйғаннан соң, цестернаның 5%-нің толмағаны байқалды. Цестерна толық толтырулы үшін қанша бензин құйылуы керек?

Жауабы: 2 л

  1. 36 кг мыс пен мырыш қорытпасының 45%-і мыс. Қорытпада 60%-тік мыс болу үшін, қорытпаға қанша мыс қосу керек?

Жауабы: 13,5 кг

  1. 15 литр 10%-тік тұз ерітіндісіне 5%-тік тұз ерітіндісі араластырылып, 8%-тік ерітінді алынған. Қанша литр 5%-тік ерітінді қосылған?

Жауабы: 10 л

  1. Қалайы мен қорғасын қорытпасының салмағы 15 кг. Қалайының салмағы қорғасын салмағының -іне тең болса, қорытпадағы қалайы мен қорғасынның әрқайсысының салмағын табыңыз.

Жауабы: 9,375 кг; 5,625 кг

  1. Құрамында никель 5% және 40% болатын екі сорт болат сынақтары бар. Құрамында 30%никелі бар 140 т болат алу үшін әр сорттан қанша болат алу керек?

Жауабы: 40 т; 100 т

  1. Массасы 10 кг қоспада никель және бірдей мөлшерде төрт түрлі металл бар. Олардың ішінде темір де бар. Қоспаның құрамында қанша темір бар?

Жауабы: 500 г

  1. Металдардың суда салмағы өзгеретіні белгілі. 36 г мырыштың судағы салмағы 31 г, ал 23 г қорғасынның судағы салмағы 21 г болды. Массасы 292 грамнан тұратын мырыш пен қорғасынның қорытындысының судағы салмағы 261г. Қорытпада қанша мырыш және қорғасын бар екенін табыңыз.

Жауабы: 108 г мырыш және 184 г қорғасын

  1. Алтын мен күмістің екі балқымасы бар. Бір балқымадығы бұл металдардың мөлшері 2:3 қатынасындай да, ал екіншісінде 3:7 қатынасындай. Алтын мен күміс 5:11 қатынасында енетіндей 8 кг жаңа балқыма шығарып алу үшін, әр балқымадан қанша алу керек?

Жауабы: 1; 7

  1. Бір бөшкеде спирт пен судың қоспасы 2:3 қатынасындай, ал екіншісі 3:7 қатынасындай. Спирт пен су 3:5 қатынасында енетіндей 12 шелек қоспа алу үшін, әр бөшкеден қанша шелектен алу керек?

Жауабы: 9; 3

  1. Теңіз суының құрамында 5% тұз бар (массасы бойынша). 80 кг теңіз суына, ондағы тұздың мөлшері 4% болу үшін қанша тұщы су құю керек?

Жауабы: 20 кг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет