Драма оқиға немесе тартыстар желісіне жинақталып дамиды, драмалық шығарма негізінен театрға сахнаға арнап жазылып, көркемдік қуатқа ие болады. Сонымен қатар драмалық шығармада кейіпкердің жеке қалып айтылатын сөзі монолог бірі-бірімен сөйлесуі диалог деп аталады.
Драмаға уақиғаны қызу тартысқа қүрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне әбден жеткізіп барып тану -айрықша тән қасиет. Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы дамиды. Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ремарка не ремарка деп атайды.
Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған. Кейін драма сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды, оның трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары қалыптасты.