Жанр әдеби шығармалардың жеке түрлері,көркем әдебиеттің салалары. Көркем әдебиет көп салалы өнер болғандықтан көркемдік сипат-белгілері де әр алуан болады. Сондықтан әдеби шығармалардың жүйесін тауып жіктеп- топтауға, түр-түрге бөлуге үлкен мән беріледі.
Көркем шығармаларды тегіне қарай және бітім-түлғасы, өмірді бей- нелеу өзгешелігі жағынан жіктеп-ажырату ерте заманнан бастап-ақ кездеседі. Осылай әдеби нүсқаларды тегіне, түр- түріне қарай ажыратып бөлу негізінде жанр деген үғым қалыптасқан.
Поэма
ПОЭМА (грек. роіета — туыңды, шығарма деген мағынада)— оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарма.
Күмісбаев Ө.
Поэма дегеніміз бір оқиғаны немесе заман шындығы мен адам тағдырын эпикалық үлгімен сипаттайтын көлемді шығарма. Поэма көбіне сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді. Поэма барлық халықтың әдебиетінде кездесетін көне жанр.
Сюжетті оқиға желісін ширақ өрістетіп, кейіпкерлердің іс-әрекетін бейнелеуге негізделеді, ал сюжетсіз поэмада лирикалық сарын басым болады, көлемі жағынан шағындау келеді. Поэманың алғашқы нұсқалары деп ауыз әдебиетіндегі уақиғалы жырларды айтуға болады. Олардың баяңдау тәсілі, кейіпкерлер бейнесін суреттеу өзгешелігі де ауыз әдебиеті дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Повесть
ПОВЕСТЬ (орыс. баяндау)— оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қара сөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпи- калық жанрдың орташа түрі.
Ысмақова А.
Повесть эпикалық жанрдың бір түрі. Көлемі жағынан кейде ұзақтау келіп, романға аздап жақындаса да ол компо- зициялық қүрылысының жинақылығы, оқиға желісінің біркелкі өрістеп, байсалды түрде баяндалатынымен ерекше- ленеді. Романдағыдай қат-қабат шиеленіскен оқиғалар тізбегі кездесе қоймайды.
Повестьтің көлемі емес, көтерген жүгі мен арқау еткен мәселесінің aуқымы шағын келіп, романнан кіші жанр екендігін, ал эпизодтары мен өмір иірімдеріне бойлай енуі тарапынан әңгімеден күрделірек жанр екенін дәлелдейді. Повестьке оқиға тізбегін баяндау, хроник. әңгімелеу тәсілі тән.
Роман
«Егер әдебиет – адамтану болса, оған мұндай мағынаны ең алдымен – табиғат пен қоғам туралы шексіз білім қайнары болып табылатын роман береді»
В.И.Этов
Роман дегеніміз күрделі сюжетті көбінесе қара сөзбен жазылатын кейді өлеңмен жазылатын эпикалық жанр түрі . Сонымен қaтaр романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады.
Романда суреттелетін жайлар- да жалпы адамзатқа ортақ гуманистік мәселелердің қамтылуы заңды қүбылыс. Бүл орайда суреткердің творче- стволық қуаты ерекше роль атқарады. Үлкен суреткер ғана роман жанрынын жүгін көтереді.
Роман жанрының бірнеше түрлері бар. Мәселен тарихи роман, деректі роман, мемуарлық роман, публицистикалық роман, детективті роман т.б