Мәселесі қарастырылған. Оларды ақыл-ой мен таным тереңдігі табыстырған, ел қамын жеу мен адамды түзеу идеясы біріктірген



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата15.12.2023
өлшемі390,68 Kb.
#138110
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №2(110), 2022 
39
Ахмет Байтұрсыновтың бір өлеңі «Адамдық диқаншысы» деп 
аталады. Өлеңнің тақырыбы да, ондағы айтылған өзекті ой да Абай 
дәстүрімен дәлме-дәл сабақтасады. Абай туындыларындағы басты 
таным мен негізгі тақырып – адамгершілік жайы екені М. Әуезов пен 
М. Мырзахметұлының зерттеулерінде әбден бекітіліп айқындалған.
М. Әуезов Абайды терең зерттеуі нәтижесінде «Ол адамгершілікті, 
моральдық философияны барлық жайдан жоғары қояды» [9, 179-б.] 
деген түйінді тұжырымын ұсынса, М. Мырзахметұлы Абайдағы 
адамгершілік ілімді толық адам, жәуанмәртлік, иманигүл танымдары 
арқылы терең танытып берді [10]. А.Байтұрсынов та өзін Абай жүйелі 
жырлаған адамгершілік, адамдықтың диқаншысы деп білген: 
Адамдық диқаншысы қырға шықтым, 
Көлі жоқ, көгалы жоқ – қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың [7, 34-б.].
Өзінің адамдық диқаншысы екенін А.Байтұрсынов өз өлеңдерімен де, 
аударма мысалдарымен де айқын танытқан. Не нәрсе болса да, жоқтан 
бар болған қалпымен я «көлі жоқ, көгалы жоқ» құнарсыз жерде 
қиындықпен пайда болуымен құнды болмақ. Абай да, Ахмет 
Байтұрсынов та адамгершілік пен адамдықты қанау мен қараңғылық 
жайлап, отаршылдық жағдай мен соған сай аяр әкімшілік жүйеде әбден 
азып, азғындаған кезеңде ерекше ықыласпен жырлады. Ахмет 
Байтұрсыновтың адамдық тұқымын шашып, егуінен Абай жырлаған 
жүйелі адамгершілікті еске аламыз. Адам болу мен адамгершілік 
жайын Абай ақындыққа дендеп кіріскен алғашқы жылында-ақ (1886) 
жазған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жүйелеп айта бастаған: 
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол -
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз [8, 41-б.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет