Мәселесі қарастырылған. Оларды ақыл-ой мен таным тереңдігі табыстырған, ел қамын жеу мен адамды түзеу идеясы біріктірген



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата15.12.2023
өлшемі390,68 Kb.
#138110
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №2(110), 2022 
38
«Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» өлеңінде түпкі мақсаты – 
адамгершілікті жырлау арқылы халықты ояту болып, осы жолда 
толғанып тапқан асыл ойларын тыңдаушылары қасақана қабылдамай, 
ұқпай, керек етпей жүргеніне қынжылып күйінетін еді: 
...Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар, 
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар. 
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей
...Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой, 
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар, 
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар [8, 40-б.]. 
Абай сөзі өзінің биік өресіне орай өрелі, терең болса да, шын 
талаптанған кісіге танылмас ой да емес. Ақын айтқан асыл сөзге 
қауымының ықылас танытпай, қадірін білмей жүретіні де бар. Сондай 
жағдайда ақынның қараңғы қауымын қаттырақ, ащырақ айтып сынап 
жіберетіні рас, бірақ бәрібір де «сәулесі бар жігіттердің бір ойланып» 
шығарына Абай сенеді, үміт етеді. Осындай үндес ойлар мен ұқсас 
сарындар Ахмет Байтұрсыновта да бар. Ол да алғаш жазған өлеңінің 
бірі – «Жазушының қанағатында» Абайша толғанады:
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар. 
Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдап, 
Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар, 
Солардан аз да болса белгі қалар [7, 23-б.].
А.Байтұрсынов өлеңіндегі бұл ойлар жоғарыдағы Абай 
ойларымен сабақтасып тұрғаны талассыз. Екеуінің де ел қамын жеп 
айтқан пайдалы, тағылымды ойларын тыңдаушысы жаратпайтындай 
көрінеді. Екеуі де айтқан сөздерін тыңдаушыларының біразы ұқса, 
басым көбі түсінбей жүргеніне күйінеді. Өздері тап болған осындай 
ортақ жағдайда Абай сөзін ұғар «сәулелі», ойлы жігіттер бір шығар деп 
үміт етсе, А.Байтұрсынов сөзіне «құлағын салар» аз ғана қауымның 
барына қанағаттанады. Екеуінің де мақсаты ортақ – адамды түзеп, елді 
ояту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет