Мәселесі қарастырылған. Оларды ақыл-ой мен таным тереңдігі табыстырған, ел қамын жеу мен адамды түзеу идеясы біріктірген



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата15.12.2023
өлшемі390,68 Kb.
#138110
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №2(110), 2022 
46
мұндай елді көріп пе ең» деп, Ахмет Байтұрсынов Абайша түңіліп 
кетсе де, ақын өлеңін «талауда малы, қамауда жаны» қалып, 
«қайқайып белі, сынуға таянып тұрған қазағын-елін» оянуға шақырып 
аяқтайды. Қалай болғанда да Абай мен Ахмет ортақ ой, бірдей 
өлшеммен жазылған өлеңдерінде зор сабақтастық бар. Ахмет 
Байтұрсынов 
туралы 
зерттеу-эссенің 
авторы 
Ө.Әбдиманұлы 
жазғандай, «Сегіз аяқ» үлгісінде жазылған Ахметтің «Жиған-тергенін» 
осынау даналық Абай туындысының дүниеге қайта келген тағы бір 
сыңары деп бағалауға болатындай [5, 251-б.].
Қорытынды 
Қазақ әдебиетінде Абай мұрасының алар орны орасан зор. Ол 
шыншыл, сыншыл, жаңа жазба әдебиеттің негізін қалаған айрықша 
алып, ойшыл ақын. Түптеп келгенде, күллі кейінгі қазақ әдебиеті Абай 
жасаған жаңа әдебиеттің жолымен жүріп келеді. Абай арқылы сөз де 
түзелді, тыңдаушы қауым да таным мен тағылым жағынан жетіліп 
өсуге бет алды. Ахмет Байтұрсынов та халқын, ұлтын сүйген терең 
таным, үлкен жүрегімен Абай салған осы бір қасиетті жолды жалғай 
түсіп, қазақ елін маса болып оятуға ат салысты. Ол аудармалары, төл 
өлеңдері, мақалалары мен ғылыми-ағартушылық туындыларының 
бәрін де бір ғана өзінің ағартушылық, ұстаздық мақсатына жұмсады.
Абай мен Ахмет Байтұрсыновтың өмір сүрген кезеңі мен сөз 
өнерін құрал етіп өлең тудырған уақыты ширек ғасырдай аралықпен 
алшақтау тұрса да, «қазағым», «елім» деп соққан жүрегі мен білім-
ғылым, адамдықты дәріптеген ақыл-ойы ортақ, ниеттері ізгі болды. 
Қазақтың екі асыл ақыны әсіресе адамгершілікті жүйелі жырлады. 
Өйткені адамшылық қасиеті толысқан, жетілген ел ғана әр істе де 
есесін жібермей, адамдық болмысы мен азаматтық ұстанымын сақтап 
қалады. Абай мен Ахмет Байтұрсыновты табыстырған асыл тілек – 
қазақтың адамгершілігін арттырып, елдік, ұлттық санасын ояту болды.
Әдебиеттер
1.
Абайды оқы, таңырқа... (Құрастырған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған – 
М.Мырзахметов, филология ғылымының докторы). Алматы: Ана тілі, 1993. –160 
б. 
2.
Классикалық зерттеулер: Көп томдық. Т. 7. Мұқанов С. ХХ ғасырдағы қазақ 
әдебиеті. І бөлім (Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі). –Алматы: Әдебиет әлемі, 
2012. –420 б.
3.
Дулатов М. Шығармалары: Өлеңдер, қара сөздер, көсемсөз. –Алматы: Жазушы, 
1991. –384 б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет