Мәселесі қарастырылған. Оларды ақыл-ой мен таным тереңдігі табыстырған, ел қамын жеу мен адамды түзеу идеясы біріктірген



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата15.12.2023
өлшемі390,68 Kb.
#138110
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №2(110), 2022 
42
көрінсе, А.Байтұрсынов та өткір ойлар айтып, Абай деңгейінде болуға 
тырысады:
Қиналма бекер, тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ – ойға олақ [8, 85-б.]. 
Жүрегіңнің жарасын 
Көрсет жұртқа, қарасын [7, 26-б.]. 
Екі ақын да әлеуметтік күресінің құралы ретіндегі өлеңін көпке 
жеткізуде тілі атқарар қызметін алғашқы екі шумақта айшықтап 
танытқан. 
Екі ақын да әр шумағы сегіз тармақтан тұратын «Сегіз аяқ», 
«Жиған-терген» өлеңдерінің үшінші шумағынан бастап тыңдаушысы
оқырманы, надандау, қараңғылау қауымы жайлы толғанысқа түседі. 
Ахмет Байтұрсыновтың Абай тапқан жаңа өлшеммен өзі де жаңа өлең 
жазып, ондағы мазмұнды да Абай ойларымен үйлестіріп, 
сабақтастырып сөз етуі айрықша қайран қалдырады. Екі ақын да 
тыңдаушысына көңілі толмай, қараңғы надан ортаны суреттеп айтуға 
көбірек аялдайды. Алғашқы екі шумақта екі ақын да ортақтасып тілдің 
құдіретін толғана жырласа, үшінші шумақтан бастап екеуі де 
надандықтың кесірін қынжыла сөз етеді:
Басында ми жоқ, 
Өзінде ой жоқ 
Күлкішіл кердең наданның; 
Көп айтса көнді, 
Жұрт айтса болды –
Әдеті надан адамның; 
...Қайнайды қаның,
Ашиды жаның, 
Мінездерін көргенде [8, 85-б.]...
Абайдағы надандыққа күйінген осы сарын жетінші шумаққа шейін 
жалғасады. Надан ортаның жасап жүрген жағымсыз, жексұрын 
«санасыз, ойсыз, жарым ес» қылықтары олардың өз түсінік, 
танымдарында ерсі емес, «өз ойында ар емес». Абай армандаған 
«ынсап, ұят, терең ойды ойлаған жан» емес олар. Ақын өз ортасының 
осындай қараңғы қалпына күйініп өткен. Ахмет Байтұрсынов та негізі, 
жетінші шумаққа шейін ұстазы жүрген жолменен оқымаған, сауатсыз, 
үлгісіз ортасын қамыққан көңілмен сынап өтеді: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет