Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата02.01.2017
өлшемі1,2 Mb.
#1011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
§ 6. Болгария 
 
Болгарияның  экономикалық  және  саяси  дамуы.  Бiрiншi 
дүниежүзiлiк  соғыста  Болгария  үштiк  одақ  мемлекеттері 
жағында  соғысты.  Болгария  өз  одақтастары  сияқты  бұл 
соғыстан жеңiлiп шықты. Соғыс елдiң экономикасын күйзелiске 
әкелдi. Болгария соғыс жылдарында Германияны азық-түлiкпен 
қамтамасыз  етіп  отырды.  Соғыстың  ауыртпалығы  халықтың 
мойнына  түстi.  Өнеркәсiптiң 70%-ы  тоқтатылды.  Ауыл  шаруа-
шылығы  күйзелiске  ұшырап,  егiс  көлемi 25–30% қысқарды. 
Елде қымбатшылық болып, азық-түлiк жетiспедi. 1915–1918 жж. 
нанның  бағасы 4 есе,  ет – 5 есе,  қант – 3 есеге  қымбаттады. 
Солдаттарға  қару-жарақ,  азық-түлiк  жетiспедi.  Соғыстан  қажы-
ған солдаттар үйлерiне қайтуды талап етiп, соғыс майдандарын-
да үкіметке қарсы қозғалыс кең етек ала бастады. 1918 жылы 26 
қыркүйекте Владай селосындағы болгар солдаттары көтерiлiске 
шығып,  София  қаласына  бет  алды. 29 қыркүйекте  Владай 
көтерiлiсi  жеңiлiс  тапты. 30 қыркүйекте  Болгария  соғыстан 
шықты. 3 қазан күнi Болгария патшасы Фердинад тақтан түсiп, 
елдiң билiгiн баласы Бориске бердi. 
1918 жылы 17 қазанда Болгарияда ұсақ буржуазиялық үкiмет 
құрылды.  Үкiметтiң  құрамына  социалистер  мен  БЗНС  (Болга-
рияның жер, халық одағы) партиясы кiрдi. Елде саяси дағдарыс 
шиеленiсiп,  революциялық  ахуал  күшейдi.  Жаңа  үкiмет  кейбiр 
жеңiлдiктер  жасауға  мәжбүр  болды.  Бiрiншiден,  елде  кешiрiм 
(амнистия)  жариялады,  екiншiден, 8 сағаттық  жұмыс  күнiн 
енгiздi.  Бiрақ  бұл  шаралар  елдегi  саяси  дағдарысты  жоя  алған 
жоқ. 1919 жылы  наурыз  айында  Болгар  социал-демократиялық 
(тесняктар)  партиясының  ХХII  съезi  болды,  бұл  съезд 
партияның  атын  өзгертiп,  Болгар  Коммунистiк  партиясы  деп 
атады.  Оған  БКП  басшылары  Васил  Коларов,  Георгии  Ди-
мировтар сайланды. 1919 жылы  жаз айларында  революция-лық 
қозғалыстар  кең  етек  алды.  БКП  басшылық  жасап,  халықтың 
арасында  беделi  өстi. 1919 жылы  тамыз  айында  халық 

147 
 
жиналысына  (парламент)  сайлау  өттi.  Сайлауда  БЗНС  ұсақ 
буржуазия  партиясы  жеңiске  жетсе,  екiншi  орынды  БКП  жеңiп 
алды. Парламентте 47 депутаттық орынға ие болды. Сайлаудан 
кейiн  бiр  партиялық  БЗНС  үкiметi  құрылды.  Үкiмет  басшысы 
болып  БЗНС  партиясынан  Стамболийский  тағайындалды.  Бол-
гария  монархиялық-буржуазиялық  ел  болды.  Болгар  патша-сы 
Борис  орнында  қалды.  Стамболийский  үкiметiнiң  iшкi  және 
сыртқы жағдайы өте ауыр еді.  
1919 жылы 27 қарашада Нейи-Сюрсенде Антанта елдерi мен 
Болгария  арасында  келiсiмге  қол  қойылды.  Нейи  келiсiмi 
бойынша, Болгария Грецияға Фракияны қайтарды, Югославияға 
2500  кв  км  жерi,  Кула,  Цариброд,  Струлищ  қалалары  берiлдi. 
Сонымен  бiрге,  Румыния  Добрудж  жерiн  алды.  Болгария 2250 
млн  франк  төлем  төлеуге  келiстi.  Греция,  Югославия  мен 
Румынияға 70 мың мал, 50 мың тонна көмiр беруге тиiстi болды. 
Нейи бiтiмi Болгария үшiн өте ауыр соқты. 
1920  жылы  наурыз  айында  Болгарияда  парламент  сайлауы 
болды.  БЗНС  партиясы  жеңiске  жетiп,  А.Стамболийский  жеке 
үкiмет құрды. Елде бiрпартиялық билiк орнады. Стамболийский 
елде  бірталай  өзгерiстер  жүргiздi.  Болгарияда  экономикалық 
даму  байқалды.  Егiс  көлемi  өсiп,  картофель,  қант  қызылшасы, 
темекi өнiмдерi мол өндiрiле бастады. Мал басы өстi. Өнеркәсiп 
саны артып, капитал шоғырланып, ауыл шаруашылық өнiмдерiн 
өңдейтiн  кәсiпорындар  көбейдi.  Француз  капиталы  еркiн  кiрдi. 
Болгария аграрлы ел болып қала бердi. Шаруалар партиясы бола 
отырып,  аграрлық  реформа  жүргiздi. Iрi  жер  иелiктерiнiң 
меншiктерiн  тежеп, «жердi  кiм  өңдесе,  жер  соныкi»  деген 
принциптi  жүргiздi. 1923 жылы  мажоритарлық  сайлау  жүйесiн 
енгiздi.  Сәуiр  айында  өткен  парламент  сайлауында  БЗНС 87% 
дауыс  алып,  парламентке  көп  депутат  өткiздi.  Бiрпартиялық 
жүйе  нығая  түстi.  Парламент  арқылы  конститутцияға  өзгерiс 
енгiзудi  ұсынды.  Елде  Стамболийскийге  қарсы  буржуазия  мен 
патша төңiрегiндегi әскери топтар үкiметтiк төңкерiс дайындап 
жатты. «Халық  бiрлiгi»  атты  фашистiк  партия  құрылып,  мем-
лекеттiк  төңкерiс  жасауды  қолдады.  Саяси  дағдарыс  жылда-
рында  БЗНС  партиясы  жалғыз  қалып,  БКП-ны  қолдамады. 
Әскери топтар мен фашистер бiрiгiп, 1923 жылы маусым айында 
төңкерiс ұйымдастырды. 

148 
 
Болгариядағы маусым төңкерiсi. 1923 жылы 8 маусымнан 
9  маусымға  қараған  түнi  мемлекеттiк  төңкерiс  жүзеге  асты. 
А.Стамболийский  тұтқындалып,  үкiмет  мекемелерiн  басып 
алды.  Мемлекеттiк  төңкерiсті  фашистiк  «Халық  бiрлiгі» 
партиясы, офицерлiк топтар және патша Бористiң өзi қолдады. 
Монархиялық-фашистiк  билiк  орнады.  Жаңа  үкiметке  «Ха-
лық  бiрлiгі»  партиясының  басшысы  А.Цанков  тағайындалды. 
Стамболийскийдi  қолдаған  топтар  өте  әлсiз  болды.  БКП  мен 
халық  Стамболийскийдi  қолдамады.  БКП  мемлекеттiк  төңкерiс 
арқылы келген үкiметтi, ұсақ буржуазиялық топтарды қолдады. 
Бiрақ бұл реакциялық буржуазиялық топтар болатын. А.Цанков 
үкiметi  елде  қарсыластарына  қарсы  террор  ұйымдастырып, 
БКП-ның қызметiне тыйым салды. 
1923  жылы 5–7 тамызда  БКП-ның  Орталық  комитетiнiң 
отырысында өздерiнiң тактикалық қателiктерiн мойындап, елде 
фашизмге  қарсы  қарулы  көтерiлiс  ұйымдастыруға  шешiм 
қабылдады. 12 қыркүйекте  елде  жаппай  террор  кең  етек  алды. 
2,5  мың  коммунист  тұтқындалды.  БКП    халықты  көтерiлiске 
шақырды. 19–20 қыркүйекте Старозаор округiнде антифашистiк 
қарулы  көтерiлiс  басталды.  Қарулы  көтерiлiстi  басқару  үшiн 
әскери-революциялық  штаб  құрылды.  Жалпыхалықтық  көтерi-
лiстi В.Коларов, Г.Димитров және Г.Геновтер басқарды. 
23 қыркүйекте  көтерiлiс  Болгарияның  Врачан, Видин округ-
терiн  түгел  қамтыды. Фердинанд  қаласы  көтерiлiстiң  орталығы 
болды.  Оңтүстiк  Болгарияда  халық  көтерiлiсi  кең  етек  алды. 
Бiрақ  округ  ауылдарындағы  көтерiлiске  қатысқан  шаруаларда 
бiрлiк  болған  жоқ.  Көтерiлiсшiлердi  қаладағы  жұмысшылар 
қолдамады. 
А.Цанков  үкiметi  көтерiлiстi  басу  үшiн  жақсы  дайындалды. 
Сондықтан  округтердегi  аздаған  қарулы  топтарды  бiрiнен  соң 
бiрiн  басып  отырды. 1923 жылы 30 қыркүйекте  Болгариядағы 
антифашистiк  көтерiлiс  жеңiлдi.  Еуропада  Италиядан  кейiнгi 
орнаған  фашистiк  диктатураға  қарсы  халық  көтерiлiсiн  басқар-
ған БКП әлi де тәжiрибесiнiң аздығын көрсеттi. 30-жылдардағы 
Еуропа  елдерiндегi  фашизмге  қарсы  күресте  тәжiрибесіздік, 
бiртұтас  жұмысшы  майданын  құра  алмау  олардың  жеңілуіне 
әкеліп  соқты.  Франция  мен  Испаниядағы  фашистiк  бүлiкке 
қарсы  күресте  «Халық  Майданын»  құру  арқылы  ғана  жеңiске 

149 
 
жете алды. Коммунистiк Интернацио-налды басқарған Г.Димит-
ров 1935 жылы Коминтерннiң VII конгресiнде баяндама жасап, 
өз  қателіктерінен  сабақ  ала  отырып,  антифашистiк  күштерге 
Коминтерннiң стратегиясы мен тактикасын белгiлеп бердi. 
Капитализмнiң  уақытша  тұрақтануы  кезiндегi  Болга-
рия. 1923 жылғы  қыркүйек  айындағы  антифашистiк  көтерiлiс 
жеңiлiс  тапқаннан  кейiн,  Болгарияда  буржуазия  жеңiске  жеттi. 
Реакциялық топтар солшыл күштерге қарсы террор ұйымдасты-
рып,  БКП  мен  БЗНС  партияларын  қудалап  жеңiске  жеттi. 1923 
жылы  қараша  айында  өткен  «Халық  жиналысына»  сайлауда 
буржуазиялық  топ  Демократиялық  бiрлiк  партиялары  жеңдi. 
Олар  депутаттық  орынның 60%-ын  қолдарына  алды.  БКП  бар 
болғаны 8 депутат өткiздi. 
Сайлаудан  кейiн, 1924 жылы  қаңтарда  «Мемлекеттi  қорғау» 
туралы заң  шығарды. БКП-ның жұмысына тыйым салды. БКП-
ның басшылары В.Комаров, Г.Димитровтар шет елге кеттi. Елде 
коммунистерге қарсы ақ террор басталды. 
Экономика саласында тұрақтылық басталды. Болгар ақшасы 
левтiң  құны  өстi.  Өндiрiс  пен  құрылысқа  көп  көңiл  бөлiндi. 
Өндiрiс пен қаржы салалары жаңа өнеркәсiп орындарын ашып, 
өндiрiс  тауарлары  көптеп  шығарылды.  Темекi  монополиясы 
нығайды.  Шетел  капиталының  үлесi  артты.  Ауыл  шаруашы-
лығында  егiс  көлемi  өстi.  Қант  қызылшасы  мен  темекi 
плантациясында мол өнiм жиналды. 
1926 жылы реакциялық үкiмет басшысы А.Цанков отставкаға 
кеттi.  Жаңа  үкiмет  басшысы  болып  А.Лянчев  тағайындалды. 
Оның  алғашқы  жүргiзген  шараларының  бiрi - «мемлекеттi 
қорғау» заңы арқылы сотталғандарға амнистия жариялады. Бур-
жуазия реакциялық iшкi саясаттан бас тарта бастады. 1928 жы-
лы  отандық  буржуазия  өнеркәсiбiн  қолдап,  көптеген  жеңiл-
дiктер  жасады.  Шет  елден  алған  заем  арқылы,  несие  бөлу 
арқылы  ұлттық  өндiрiстiң  дамуына  жағдай  жасады.  Ауыл  ша-
руашылығының капиталистiк жолмен дамуына көмектестi. 
Дүниежүзiлiк  экономикалық  дағдарыс 1929 жылы  Болга-
рияда да басталды. Ауыл шаруашылығы айтарлықтай күйзелiске 
душар  болды. Ауыл  шаруашылығының  өндiрген  тауарларының 
бағасы 2 есеге арзандады. Ұсақ шаруалардың жағдайы өте ауыр 
болды. 

Өнеркәсiп  өнiмдерiн  шығару 40% азайды.  Елде  жұмыссыз-
дық  кең  етек  алды.  Ұсақ  және  орта  өнеркәсiп  орындары  бан-
кроттыққа  ұшырады.  Экономикалық  дағдарыс  әлеуметтiк 
қайшылықты  күшейттi.  Халықтың  тұрмыс  жағдайы  төмендеп 
елде үкiметке қарсы оппозиция күшейдi. «Халық блогы» бiрлiгi 
құрылды. 1931 жылы халық жиналысына өткен  сайлауда оппо-
зициялық  «Халық  блогы»  жеңiске  жеттi.  Бiрақ  жаңа  үкiметтің 
бұрынғы Ляпчев жүргiзген саясаттан айырмашылығы аз болды. 
Экономикалық  дағдарыс  тереңдеп,  Болгарияда  жаңа  мемле-
кеттiк төңкерiс дайындалып жатты. 
Монархиялық-фашистiк  төңкерiс. 1932 жылы  Болгарияда  
профашистiк  «Звено»  партиясы  құрылып,  әскери  және  монар-
хиямен бiрлесiп, мемлекеттiк төңкерiс ұйымдастырады. Мемле-
кеттiк  төңкерiс 1934 жылы  мамыр  айының 19-ы  күнi  жүзеге 
асты. «Халық  блогы»  үкiметi  құлатылып,  оның  орнына 
К.Георгиев  басқарған  әскери-фашистiк  жаңа  үкiмет  құрылды. 
Үкiметтiң  алғашқы  шараларының  бiрi - парламенттi  таратты. 
Саяси  партиялардың  қызметiне  тыйым  салынды.  Әскери  адам-
дарға арқа сүйеген монархия 1935 жылы қаңтарда монархиялық 
төңкерiс  жасады,  К.Георгиев  үкiметi  отставкаға  кеттi.  Болга-
рияда  монархиялық-фашистiк  диктатура  орнайды.  Үкiметке 
патша  сарайына  жақын  адам  Г.Кюсейванов  тағайындалады. 
Болгария патшасы Бористiң қолдауына сүйенiп, Германия мем-
лекетiмен достық қатынас орнатады. 1936 жылы қараша айында 
Борис  Германияға  барып  Гитлермен  кездеседi.  Болгария  мен 
Германия  арасында  экономикалық-сауда  келiсi-мiне  қол  қой-
ылады.  Немiс  капиталы  Болгария  экономикасының 
3
2
  өз 
қолдарына  алады.  Ауыл  шаруашылығы  дамып,  егiс  көлемi  мен 
мал  саны  өседi.  Темекiнiң,  жемiс-жидектiң  егiс  көлемi  артты. 
Болгарияда  мал  етiн  өңдейтiн  ет  комбинаттары  мен  iрi 
тоңазытқыштар  салынып,  еттiң 85% Германияға  тасылады. 
Болгария  темекiсiн  өңдейтiн  темекi  фабрикалары  салынып, 
темекi өнiмдерiнiң 90% Германияға  жiберiлдi. Болгария  Герма-
нияның  шикiзат  өнiмдерiн  шығаратын  вассалына  (тәуелдi) 
айналды. 
1938  жылы  екi  ел  арасындағы  жасырын  келiсiм  бойынша 
Германия  Болгарияға  қару-жарақ  берiп,  әскерлерiн  немiс 
150 
 

151 
 
қаруымен  жабдықтайды.  Германия  Болгарияға  темiржол  вагон-
дарының 100%, жүк  таситын  автомобильдiң 90%, тыңайт-
қыштың 100%,  паровоздың 80%-ын берiп отырды. 
1937  жылы  Болгария  үкiметi  Югославиямен  «мәңгiлiк 
достық»  келiсiмiне  қол  қояды. 1938 жылы  шiлде  айында 
Грециямен  достық  қатынас  туралы  Самолника  келiсiмi  болды. 
Екiншi  дүниежүзiлiк  соғыстың  бiрiншi  кезеңiнде  Болгария 
өзiнiң  профашистiк  саясатын  жасырып,  бейтараптық  саясат 
ұстайды деп жариялады. 1940 жылы халық жиналысын таратып, 
елде  жаңа  үкiметтi  Б.Филов  басқарады. «Ұлтты  қорғау»  заңын 
шығарып ,террорлық саясат басталады. 
Фашистiк  жастар  ұйымы  құрылады.  Германияға  жұмысшы-
лар  жiберiлiп,  соғысты  жақындата  түсуге  көмектеседi.  Елдiң 
экономикасы толықтай соғысқа дайындалды. 
1941 жылы наурыз айының 1-і күнi Вена қаласында Болгария 
«үштiк  одаққа»  кiру  туралы  келiсiмге  қол  қояды.  Фашистiк 
Германия  әскерлерi  Болгария  жерiне  кiргiзiлiп,  Югославия  мен 
Грецияны жаулап алу плацдармына айналдырады. Болгария мен 
Германия  бiрiгiп,  Македония  мен  Францияны  жаулап  алады. 
Монархиялық  фашистiк  Болгария  үкiметi  және  патша  Борис 
Германияның  одақтасына  айналып, 1941 жылы  маусымда  Гер-
мания  Кеңес  одағына  соғыс  ашқанда,  Болгария  антисоветтiк 
саясатын  жалғастырды. 1944 жылы 5 қыркүйекте  КСРО  Болга-
рияға соғыс жариялап, Кеңес Армиясы Болгарияны азат еттi. 
 
§ 7. Югославия (1918-1939 жж.) 
 
Серб,  Хорват  және  Словен  корольдiгiнiң  құрылуы. 1915 
жылы  Корф  аралында  Югослав  (СХС)  жерiндегi  халықтар 
бiрiгуi  үшiн  және  бiртұтас  мемлекет  болып  құрылуы  үшiн 
декларация  қабылдайды.  Ұлт-азаттық  қозғалыстың  барысында, 
Антанта  мемлекеттерiнiң  қолдауымен 1918 жылы  Женева 
қаласында  мемлекеттi  бiрiктiруге  декларация  қабыладанады. 
Оған Серб, Хорват, Словен буржуазиясы қол қояды. 1918 жылы 
1  желтоқсанда  Белград  қаласында  Серб,  Хорват,  Словен 
корольдiгi  құрылады.  Корф  декларациясының  негiзiнде  Балқан 
түбегiнде  буржуазиялық,  демократиялық  мемлекет  құрылады. 
Жер көлемi 248 мың кв км, халқының саны 12 млн адам болды. 

152 
 
1919 жылғы Версаль бiтiмi негiзiнгде СХС корольдiгiнiң Истрия 
жерi - Триест  қаласы,  Долмат  аралы  Италияға  берiлдi.  Задар 
(Зара) қаласы Италияның протектораты болады. 
СХС  корольдiгi  ауыл  шаруашылықты  ел  болатын.  Бiрiншi 
дүние  жүзiлiк  соғыста  Австро–Венгрия  жаулап  алғаннан  кейiн, 
экономикалық дамуы күйзелiп, артта қалған еді. СХС корольдiгi 
көп  ұлтты  мемлекет  болды.  Халықтың 39% - сербтер, 24% - 
хорваттар, 9% – словендер, 2% – черногорлар, 26% – македон-
дар  мен  албандардан  құрылатын.  Серб,  черногорлар  мен 
македондар – православие,  хорват  пен  словендер – католик, 
Босняктар  мен  Герцеговина,  Косово-Метохиялар – мұсылман 
діндерін  ұстанады.  Серб  буржуазиясы  СХС  корольдiгiнде  өз-
дерiнiң үстемдiгiн орнатты. Елде серб буржуазиясы шовинистiк 
ұлтшылдық  саясат  жүргiздi.  Олар  «Ұлы  Сербия»  мемлекетін 
құру үшiн күрестi. СХС корольдiгi Қарагеоргиев династиясынан 
бастау алып, сербтер корольдiкте басшылық рөл атқарды. 
СХС корольдiгiн серб радикал партиясының басшысы Пашич 
басқарды.  Серб,  Хорват,  Словен  королi  Александр  таққа  отыр-
ды. 1920 жылы СХС корольдiгiнде 100-ден аса жалпы ереуiлдiк 
қозғалыс  болып,  оған 30 мыңдай  жұмысшы  қатысты.  Пашич 
үкiметi 1919 жылы 27 ақпанда  аграрлық  реформа  жүргiздi.  Ре-
форма помещиктiк жер иеленушіліктi азайтып, жердi шаруалар-
ға  үлестiрдi. 500 гектардан  артық  жер  конфискацияланды. 
Словен, Хорват және Воеводинде бұрынғы австро-венгер поме-
щиктерiнiң  жерi  тартып  алынды.  Ұсақ  шаруашылықты  жер 
иеленушілер саны көбейдi. Аграрлық реформа өте ұзаққа созы-
лып,  аяқталмады.  Қандай  дегенiмен  реформа  шаруалардың 
жағдайын жақсартуға себебiн тигiздi. 
1920  жылы  СХС  корольдiгiнде  парламент  (скупщина) 
сайлауы өттi. Сайлауға елдегi барлық саяси партиялар қатысты. 
Белград қаласында ЮКП-сы жеңiске жетiп, Белград қаласының 
мэрi (әкiмi)  болып  Ф.Филипович  сайланды.  ЮКП  скупщина 
сайлауында айтарлықтай жеңiске жетiп, оларды 200 мың сайлау-
шылар қолдап, 59 депутатын өткiздi. 
1920  жылы  елде  реакциялық  күштер  күшейiп,  ЮКП-ны 
таратты, Хорват шаруалар партиясы (ХРКП) бөлiніп шығу үшiн 
күрес жүргiздi. Скупщинаны таратты, СХС королi Александрға 
қастандық жасалды. Пашич үкiметi елдегi реакцияны басу үшiн, 

скупщинаны  қайтадан  шақырып, 1921 жылы  Косово  шайқасы 
болған  маусымның 28-і  күнiне  орайлап,  қасиеттi  Вида  күнi 
конституция  қабылдады.  Бұл  конституцияны  Видовдан  деп 
атады.  СХС  корольдiгi  буржуазиялық-монархия  болды.  СХС 
үкiметi корольге бағындырылды. Король Александр парламент-
тi  таратуға,  үкiметтi  тағайындауға  құқықты  болды.  Ұлы  Серб 
буржуазиясының  үстемдiгi толық  орнады. Жекеменшiк  консти-
туция  арқылы  қорғалды.  СХС  корольдiгi  басқару-әкiмшiлiк 
жағынан 33 жупанға (облысқа) бөлiндi. Әр жупанды губернатор 
басқарды.  Әйелдер  мен  әскери  адамдардың  сайлау  құқы  жоқ 
болды. 
СХС  корольдiгi  құрылған  күнiнен  бастап,  сыртқы  саясатта 
Францияның ықпалында болды. Антисоветтiк саясат кең қолдау 
тапты. 1920 жылы тамыз айында Чехословакия мен СХС корол-
дiгiнiң арасындағы келiсiм бойынша Кiшi Антанта саяси-әскери 
одағына  бiрiктi,  бұл  келiсiмге  кейiннен  Румыния  кiрдi.  Фран-
цияның  тiкелей  қолдауымен 1920–1922 жылдары  Кiшi  Антанта 
одағы құрылды. 
СХС  корольдiгi  капитализмнiң  тұрақтану  кезiнде.  Капи-
тализмнiң уақытша тұрақтану кезеңiнде  де  елдiң  экономикасы 
дағдарыстан  шыға  алмады.  Бұрынғыша  аграрлы  ел  қалпында 
қалды.  Ауыр  өнеркәсiп  саласы  болмады. 2 мыңдай  ауыл  ша-
руашылық  өнiмдерiн  өңдейтiн  өнеркәсiп  жұмыс  iстедi. 10 
мыңдай  ұсақ  қолөнер  шеберханалары  болды.  Таукен  өндiрiсiн-
де шет ел капиталы үстем болды. Мемлекеттiң шет елге қарызы 
30  млрд  динарға  жеттi.  Ұлттық  табыстың 
3
2
  ауылшаруашылы-
ғы құрады. Жердiң 70% iрi жер иеленушілердің қолында болды. 
Шаруалардың жер мөлшерi 5 га артпады. Жердiң 
4
1
 шаруалар-
дың меншiгiнде болды. Жарты миллион шаруада жер болмады. 
Ауыл  шаруашылығы  да  дағдарыстан  шыға  алмады.  Ауыл 
шаруашылығындағы  жерсiз  шаруалар  күн  көру  үшiн  қалаларға 
немесе шет елге жұмысқа кетуге мәжбүр болды. 10 жыл iшiнде, 
яғни 1928 жылға дейiн 250 мың шаруа шет елге кеттi. 
СХС корольдiгiнде 1924–1929 жылдарда саяси дағдарыс кең 
етек  алды.  Ұлт  саясаты  шешiлмедi,  Серб  буржуазиясының 
153 
 

154 
 
шовинистiк  саясаты  күшейдi.  Хорват  Республикалық  шаруалар 
партиясы  (ХРКП) 1924 жылы  скупщина  сайлауында  жеңiске 
жеттi.  Үкiметтi  Радич  басқарды.  ХРКП-сының  үкiметi  серб 
буржуазиясына  қарсы  күрес  жүргiздi. 1928 жылы  Радич 
оппозицияға кеттi. Серб буржуазиясы оппозицияға қарсы күрес 
жүргiзiп, елде террор ұйымдастырды. 1928 жылы скупщинадағы 
хорват  депутаттары  Басаричск  пен  П.Радичқа  қарсы  оқ  атып, 
Степан Радич өлдi. Хорватияда халық қозғалысы кең етек алды. 
Жаңа  үкiметтi  словен  халық  партиясының  уәкiлi  А.Корошец 
басқарды.  СХС  корольдiгiнде  саяси  дағдарыстан  шығу  үшiн 
король  мен  серб  буржуазиясы  мемлекеттiк  төңкерiс  ұйымдас-
тыруға дайындала бастады. 
1929  жылғы  мемлекеттiк  төңкерiс.  20-жылдардың  соңын-
да СХС корольдiгiнде  буржуазиялық  демократизм  дағдарысқа 
ұшырады.  Әлеуметтiк  және  ұлттық  дағдарыс  күшейдi.  Ұлттық 
буржуазия  саяси  дағдарыстан  шығудың  жолы  диктатуралық 
билiк  орнату  деп  түсiндi.  Бұл  жолды  монархия  қолдап,  елде 
ашық  мемлекеттiк  төңкерiске  дайындық  жүргiзiлдi.  Король 
Александр  Франция  қолдауына  сүйену  үшiн  Париж  қаласына 
барды. 1929 жылы  қаңтардың 6-ы  күнi  Белград  қаласында 
төңкерiс  жүзеге  асырылды.  Елдегi  билiктi  король  өз  қолына 
алды.  Видовдан  конституциясының  қызметi  тоқтатылды.  Пар-
ламент  таратылып, саяси партияларға тыйым салынды. Үкiмет 
басшысы  болып  генерал  П.Живкович  тағайындалды.  СХС 
корольдiгiнде төңкерiстен кейiн террор кең етек алды. Төтенше 
соттар мен цензура құрылды. 
Бiртұтас  мемлекет  идеясын  құру  үшiн  король  Александар 
СХС  корольдiгiнiң  атын  Югослав  корольдiгi  деп  өзгерттi. 
Әкiмшiлiк басқару реформасын жүргiздi. Жупандардың орнына 
9  бановтар  құрды.  Облысты  король  тағайындаған  банов 
басқарды.  Басқа  жергiлiктi  басқару  жүйесiн  таратты.  Әрбiр 
облыс  басшылығын  серб  буржуазиясы  басқарды.  Ұлы  серб 
идеясы  кең  түрде  енгiзiлдi.  Бұл  саясат  басқа  ұлттардың 
наразылығын туғызды. Монархия террор мен реакцияны қолдау 
үшiн  «мемлекеттi  қорғау»  заңын  шығарды.  Арнайы  диктату-
раны  қолдау  үшiн  Мемлекеттiк  сот  құрылды.  Елде  монар-
хиялық-фашистiк  диктатура  құрылды.  Ақ  террор  саясатының 
құрбаны  ЮКП  басшысы  Д.Джакович 1929 жылы  сәуiр  айында 

155 
 
өлтiрiлдi.  ЮКП-сының  көптеген  басшылары  шет  елге  кетуге 
мәжбүр болды. 
Монархиялық  төңкерiстен  кейiн  Югославияда  экономика-
лық  дағдарыс  басталды.  Ауыл  шаруашылығының  жағдайы  өте 
ауыр  болды.  Шаруалар  күйзелiске  ұшырады. 1932 жылы 
шаруалардың  мемлекетке  қарызы 3,5 есеге  көбейдi.  Ауыл 
шаруашылық өнiмдерiнiң бағасы арзандады. Югославия өндiрiсi 
де  дағдарысқа  ұшырады.  Өнеркәсiп  өнiмдерiн  шығару 50% 
қысқарды,  Орта  және  ұсақ  өнеркәсiп  банкротқа  ұшырады. 
Ұлттық  табыс  азайды.  Өнеркәсiп  орындарының 70% жұмыс-
тарын тоқтатты. Елде жұмыссыздың саны 300 мың адамға жеттi. 
Үкімет шет елдiң капиталына сүйендi. Франция көмек ретiнде 3 
млрд  динар  заем  бердi.  Немiс  және  Италия  капиталына  қысым 
жасалды. 
1931  жылы  қыркүйектiң  айының 3-і  күнi  жаңа  конституция 
қабылданды. Парламент қалпына келтiрiлдi. Халық скупщинасы 
мен  сенатқа  жалпыға  бiрдей  сайлау  арқылы  депутаттар 
сайланды.  Бiрақ  король  елдiң  билiгiн  өз  қолында  ұстады. 
Бұрынғы  төтенше  заңдар  сақталды.  Парламенттiк  жүйенiң 
қалпына келтiрiлуiн саяси партиялар қолдағанымен, профашис-
тiк  күштер  ұнатпады.  Германия  мен  Италияның  арандатуымен 
1934 жылы қазан айының 9-ы күнi Марсель қаласында Югосла-
вия  королi  Александр  мен  Францияның  сыртқы  iстер  министрi 
Луи  Барту  өлтiрiлдi.  Кейiннен  белгiлi  болғандай,  бұл 
қастандықты Германияның арнаулы барлау ұйымдары ұйымдас-
тырғаны  белгiлi  болды.  Ол  «Тевтон  қылышы»  атты  арнаулы 
операция арқылы жүзеге асты.  Германия мен Италияның мақса-
ты Балқан түбегiнде Францияның ықпалын әлсiрету болды. 
Александр  өлтiрiлгеннен  кейiн,  оның  орнына  регенттiк 
кеңестiң  басшысы  принц  Павел  елдi  басқарды. 1935 жылы 
мамыр айында парламент сайлауы өттi. Сайлауға саяси партия-
лар  белсендi  қатысты. «Югослав  радикалдық  одағы  бiрлiгi» 
жеңiске жеттi. Оппозициялық партиялар жеңiлiс тапты. Үкiметтi 
финанс  буржуазиясынан  М.Стоядинович  басқарды.  Стоядино-
вич  басқарған  үкiмет  принц  Павелмен  бiрiгiп  профашистiк 
саясат  ұстады.  Оларды  ұлттық  және  фашистiк  ұйымдар 
(Борбаш,  Збор)  қолдады.  Үкiметтiң  бұл  саясатын  көптеген 
буржуазиялық  партиялар  қолдамады.  ЮКП  елде  фашизмге 

156 
 
қарсы  күресте  халық  майдан  құру  үшiн  күрес  жүргiздi. 1937 
жылы  ЮКП-ның  басшысы  болып  Иосит  Броз  Тито  тағай-
ындалды.  
30-жылдарда  Югославия  үкiметi  сыртқы  саясатында  фашис-
тiк  Германияға  қолдау  көрсетті.  Стоядинович  үкiметi «Кiшi 
Антанта»  одағынан  шықты. 1937 жылы  қаңтарда  Болгариямен 
«мәңгi достық» келiсiмiне қол қойды. Көп кешiкпей, 1937 жылы 
наурыз  айында  Италиямен  байтарап  және  достық  келiсiмiн 
жасасады. 1937–1938 жылдарда  Стоядинович  Рим  мен  Берлин 
қалаларына  барып  келiссөздер  жүргiздi.  Югославияда  фашизм 
кең етек ала бастады. 1939 жылы Стоядинович үкiметтен кетуге 
мәжбүр  болды.  Өйткені  халықтың  қарсылығы  күшейе  түстi. 
Жаңа  үкiметтi  Цветкович  басқарды.  Хорватияда  Югославиядан 
бөлiну  қозғалысы  кең  етек  алып,  автономия  берудi  талап  ете 
бастайды. 
1939  жылы  тамыз  айының 26-ы  күнi  Цветкович  Хорват 
крестьян  демократиялық  партия  басшысы  Мачекпен  келiссөз 
жүргiзiп, Цветкович–Мачек үкiметiн құрады. Соғыс қарсаңында 
хорват мәселесi осылай өз шешiмiн табады. 
1941 жылы  наурыздың 25-і күнi Вена қаласында Югославия 
үштiк  одаққа  мүше  болып  кiрдi.  Бұл  саясат  Югославияда 
халықтың  наразылығын  туғызды.  Елде  iрi  шерулер  мен  қарсы-
лық қозғалысы кең етек алды. Демократиялық қоғам құру үшiн 
күрес басталады. Югославияда диктатураға тiкелей қауiп төнедi. 
27  наурызда  Югославияда  мемлекеттiк  төңкерiс  болып, 
Цветкович – Мачек  үкiметi  құлайды.  Сол  күнi  генерал  Душан 
Симович бастаған үкiмет билік басына келеді. Ол үштiк одақты 
қолдамайды.  Бұл  Германияға  қарсы  құрылған  үкiмет  болды. 
Югославиядағы  мемлекеттiк  төңкерiстi  естiген  Гитлер  Кеңес 
өткiзiп,  Югославияны  жою  үшiн  тез  жоспар  жасау  керектiгiн 
айтады.  Шын  мәнiнде,  кейiннен  белгiлi  болғандай,  Гитлер 
«Барбаросса»  жоспарын  iске  асыру  үшiн  дайындалып  жатқан 
болатын. Күтпеген жағдай «Барбаросса» жоспарын, яғни КСРО-
ға шабуылды бiр айға кешiктiруге әкеп соқты. 
КСРО  үкiметi  Югославиядағы  мемлекеттiк  төңкерiстi 
қолдап, көмек көрсетуге дайын екенiн бiлдірдi. Сәуiр айының 5-
і  күнi  Мәскеу  қаласына  Симович  үкiметiнiң  уәкiлi  М.Гаври-
лович келедi. Сәуiрдiң 6-ы күнi Кеңес – Югославия келiссөздерi 

157 
 
болып, бiр-бiрiне шабуыл жасаспау және достық келiсiмiне қол 
қойылады.  Келiсiмде  атап  көрсетiлгендей,  КСРО  Югославияға 
көмек берудi өз мойынына алады. Сол күнi түнде, яғни 6 сәуiр 
күнi фашистiк Германия Югославияға шабуыл жасайды. Күштiң 
тең  болмауына  байланысты 15 сәуiрде  Югославия  жеңiледi. 
Югославия  халқы  жауға  қарсы  ұлт-азаттық  күрестi  бастайды. 
1941–1945  жылдарда  Балқан  түбегiнде  Югославия  халқының 
ерлiк күресi екiншi дүниежүзiлiк соғыс тарихында ерлiкке толы 
күрес жылдары боолды. Югославия халқының фашизмге қарсы 
күресiн ЮКП басшысы Иосип Броз Тито басқарды. Югославия 
халқы қарулы күрес арқылы жауға қарсылық көрсеттi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

158 
 
IV-тарау. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС 
(1939–1945 жж.) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет