Революция қарсаңындағы саяси күштердiң қалып-тасуы.
Қараша революциясының қарсаңында Герман социал-демокра-
тиялық партиясы (СДПГ) және Тәуелсiз социал-демократиялық
партиясы (НСДПГ), оның сол қанатында «Спартак» одағы
қалыптасты.
Герман социал-демократиялық партиясы - жұмысшы пар-
тиясы еңбекшi халықтың қолдауында болды. 1918 жылы мамыр
айында СДПГ «Қимыл бағдарламасын» қабылдайды. Партия
бағдарламасы Германияда буржуазиялық-демократия жолына
түсу және парламенттiк жүйенi орнату, яғни монархияға қарсы
күресiп, республика құру талабын алға қойды. Социал-демо-
кратияның негiзгi мақсаты - реформа арқылы қоғамдық-саяси
өзгерiстер жүргiзу болды.
14
Германияның тәуелсiз социал-демократиялық партиясы бур-
жуазиялық реформаны қолдай отырып, революциялық жолдан
да бас тартпайды. Негiзгi көзқарасы оңшыл центристiк бағыт
болды. Партия мүшелерi К.Каутский, Г.Гаазе, Р.Гильфердинг
оңшыл центристiк көзқараста бола отырып, большевиктер
партиясының пролетариат диктатурасын орнату идеясынан бас
тартты да, Германияда демократиялық республика орнатуды
көздедi. Каутский: «Германияда пролетариат диктатурасын
орнату бiздiң түпкi мақсатымыз емес», - деп мәлiмдеген
болатын. Ол - В.И.Лениннiң таптық көзқарасын сынаған адам-
дардың бірі еді.
Ресейдегi қазан төңкерiсiнен кейiн Германияның саяси да-
муында революциялық идея, пролетариат диктатурасын орнату
үшiн күрес жүргiзетiн саяси топ - «Спартак» одағы құрылды.
Оның басшылары К.Либкнехг және Р.Люксембург болды.
Революциялық қозғалыс жылдарында олар жұмысшы табын
кеңес өкiметiн орнатуға шақырды. Олардың негiзгi саяси көз-
қарастары қоғамдық-саяси өзгерiстердi революциялық жолмен
iске асыру болатын. Сонымен қатар, В.И.Лениннiң идеясын
қолдай отырып, Германияда коммунистiк партия құру үшiн
күрес жүргiздi. 1918 жылы қазан айында революциялық топтың
конференциясы шақырылып, еңбекшi халықты қарулы көте-
рiлiске шығуға, сөйтiп буржуазиялық революцияны социалистiк
революцияға жалғастыруға үндеу тасталды. Халықтың тұрмыс
жағдайын жақсарту, соғысты тоқтату, кейбiр банктердi национа-
лизациялау, жалақыны өсiру т.б. талаптар қою арқылы халықты
революцияға шақырды. Бiрақ «Спартак» тобының үгiт-насихат
жұмысын еңбекшi халық қолдаған жоқ. Халық революциялық
жолды түсiне алмады, ал буржуазиялық-реформалық жол әлде-
қайда түсiнiктi еді. Қоғамды реформалық-парламенттiк жолмен
өзгертiп, Германияда буржуазиялық республика құру халық
түсiнiгіне жақын болатын. Қараша революциясының қарсаңын-
дағы саяси күштер iрi буржуазия мен монархияға қарсы тұратын
оппозициялық күшке айналды.
Қараша революциясының басталуы. Революцияның баста-
луына негiзгi себеп болған оқиға Герман монархындағы соғыс-
теңiз министрiнiң Киль қаласында тұрған соғыс-теңiз база-
сының кемелерiне ашық теңiзге шығып соғыс қимылдарын
15
жүргiзу арқылы жеңiске жету туралы бұйрығы болды. Бiрақ та
соғыс-теңiз флотының кеме басшылары теңiзге шығудан бас
тартып, кемелерде матростар арнаулы революциялық комитет-
тер құрып, көтерiлiске шығады. Кемелерде қызыл жалаулар
көтерiлiп, соғысты тоқтатуды талап ете бастайды. Революцияға
шыққан кемелердегi матростарды тұтқындау басталады. Қараша
айының 3 күнi Киль қаласының халқы матростарды қолдап
ереуiлдi бастайды. Қала халқы тез арада жұмысшы және солдат
кеңестерiн құрып, өздерiнiң талаптарының орындалуын сұрай-
ды. Соғысты тоқтату, саяси тұтқындарды босату талаптарын
жергiлiктi үкiмет орындауға мәжбүр болады. Германияда рево-
люция басталады.
Макс Баденский үкiметi Киль қаласына оңшыл социал-
демократ Носкенi жiберiп, революцияны басуға тырысады. Нос-
ке келгеннен кейiн Киль қаласында құрылған жұмысшы және
матрос кеңестері кеңес өкiметiнiң қызметiне араласып, рево-
люцияның Германия жерiне тарап кетпеуiне күш салады, бiрақ
бiрнеше күннен кейiн революция Германия мемлекетiнiң бар-
лық қалаларында кең тарап, бүкiлхалықтық революцияға ұласа-
ды.
Қараша айының 7-8 күндерi барлық қалалардағы револю-
цияға қатысқан халық үкiметтiң жұмысшы және солдат кеңес-
терінің қолына берiлуiн, сонымен қатар монархияның билiктен
кетуiн, рейхстаг пен ландтагтың таратылуын, армияны демо-
кратияландыруды, жаңа үкiмет құруды талап етедi. Елдегi бас-
талған революцияға герман социал-демократтары да қатысып,
жаңа үкiметтiң құрамына буржуазияның қатысуын талап ете
бастайды. ГСДП (Германия социал-демократ партиясы) елде
құрылған кеңес өкiметiнiң атқару комитеттерiне кiре бастайды.
Революцияның барысында жұмысшы және солдат кеңестері
кеңес өкiметiнiң орнына буржуазияның жеңiске жетiп шығуын
қалайды. Қараша айының 8-9 күндерi Берлин қаласында рево-
люция жеңiп, жұмысшы және солдат кеңесiндегi ГСДП уәкiл-
дерi монархияның тақтан бас тартуын және бiрiккен үкiмет
құруды талап етедi. Берлин қаласында билiк жұмысшы және
солдат кеңесiнiң қолына көшедi. Кеңестiң атқару комитетiне
ГСДП және ТСДП (тәуелсiз социал-демократ партиясы) «Спар-
так одағы» кiредi. Революциялық «Спартак одағының» басшы-
16
лары Германияда пролетариат диктатурасының орнауын қалап,
революция барысында жұмысшы және солдат кеңесi арқылы
социалистiк революцияның жеңiп шығуы үшiн күрес жүргiзедi.
Кеңес атқару комитетiнде екi ағым қалыптасады. Бiрiншi ағым -
революцияны қарулы күрес арқылы жалғастырып, кеңес
өкiметiн құру; екiншiсі - социал-демократ партиясының қол-
дауымен буржуазиялық республика құру.
Қараша айының 9-ы күнi Берлин қаласының көшелерiнде
халық демонстрациясы Кайзердiң тақтан кетуiн талап етеді,
қалада жұмысшы және солдат кеңес атқару комитетi құрылып,
үкiметтiк билiктi қолдарына ала бастайды. Түс қайта Кайзер
Вильгельм II өзiнiң тақтан түскенiн жариялап, елдi басқарушы
етіп ГСДП-ның басшысы Ф.Эберттi тағайындайды. Қала көте-
рiлiсшiлердiң қолына толық көшедi. Түрмелерден саяси тұтқын-
дар босатылады. Кайзер Вильгельм II шет елге қашып кетедi.
Қараша революциясының бiрiншi талабы орындалып, Герма-
нияда монархия құлайды. Үкiметтi өз қолына алған буржуазия-
лық топтар, революцияның алға қарай кең етек алмауы үшiн
Кеңес атқару комитетiндегi революциялық топтарды келiсiмге
келуге шақыра бастайды. Ф.Эберт Рейхстагта Германия тәуел-
сiз республикасы құрылғандығын жариялайды. Бiрiккен рево-
люциялық үкiмет құрып, оның құрамына ГСДП және ТСДП,
«Спартак одағының» басшысы К.Либкнехт кiредi.
Жаңа үкiмет халық уәкiлдерiнiң кеңесi (СНУ – совет
народных уполномо÷енных) деп аталады. Үкiметтiң төрағалары
болып ГСДП басшысы Ф.Эберт және ТСДП басшысы Г.Гаазе
сайланады. Сөйтiп, Германияда Эберт-Гаазе үкiметi құрылады.
үкiметтiк билiк халық уәкiлдерiнiң кеңесiне берiледi. Бұл өкiмет
пролетариат диктатурасы болып құрылмайды. Үкiметтiк билiктi
буржуазия бейбiт жолмен өз қолына ала бастайды. Бiрақ
революция барысында екi өкiметтiк билiктің - бiреуi -
революция барысында құрылған жұмысшы және солдат кеңесi,
екiншiсi - халық уәкiлдерi кеңесiндегi буржуазиялық топтар -
арасында билiк үшiн күрес жалғаса бердi. Халық уәкiлдерiнiң
кеңес үкiметiнiң құрылуымен қараша революциясының бiрiншi
кезеңi аяқталды.
Кеңес және ұлттық жиналыс үшiн күрес. Революцияның
алғашқы кезеңiнен бастап құрылған жұмысшы және солдат
17
кеңесiнiң құрамындағы революциялық топ - «Спартак одағы»
өкiметтiң кеңеске берiлуiн талап еттi. Германиядағы револю-
цияны «Спартак одағы», олардың басшысы К. Либкнехт бур-
жуазиялық-демократиялық революция деп бағалады. Сондықтан
революция социализм құруды бiрден мақсат еткен жоқ.
Социалистiк революцияның жеңiп шығуының Германияда
толық алғышарттары болған жоқ. Елде социалистiк революция
ұйымдастыратын маркстiк партия болмады, еңбекшi халық
социализм идеясынан алыс болды. Сондықтан «Спартак одағы»
буржуазиямен бiрлiкке келiп, бейбiт жолмен кеңес өкiметiн құру
үшiн күрестi. Жұмысшы және солдат кеңесiнiң құрамындағы
солшыл радикалдар мен ТСДП мүшелерi кеңес өкiметi үшiн
күрес жүргiзгенiмен қатар, халық уәкiлдерiнiң кеңесi үшiн де
күрес жүргiзiп, ГСДП-ымен ынтымақтасып отырды.
«Спартак одағының» болашақ коммунистері Кеңес үшiн үгiт-
насихат жүргiзiп жатқанда, немiс буржуазиясы революцияны
бәсеңдетiп, бейбiт жолмен өкiметтi халық уәкiлдiлiк кеңесiне
алу үшiн күрес жүргiздi. Буржуазияның мүмкiндiгi революция-
лық топқа қарағанда зор болды. Герман үкiметiнiң мүшелерi
буржуазиялық топтардан тұрды. Армия Эберт үкiметiн қолдады.
Елде буржуазиялық партиялар құрыла бастады: Германия
демократиялық партиясы - басшысы И.Вирт, немiс халық
партиясы (ННП) - басшысы Г.Штрезман және Немiс ұлттық-
халық партиясы (НННП) - басшысы Востарп. Бұл партиялар
үкiметтi қолдап, революцияға қарсы күштерiн бiрiктiре бастады.
Эберт-Гаазе үкiметi сыртқы саясатта антисоветтiк үгіт жүргiзiп,
АҚШ үкiметiмен ынтымақтасуды жақтады. Контрреволюция-
лық күштердiң орталығы - Германия армиясының бас штабы
негiзгi күшке айналып, Кеңес атқару комитетiне қарсы қарулы
күреске шығуға дайындалып жатты.
Кеңес және Ұлттық жиналыс үшiн күресте контрреволю-
циялық күштер басым түсе бастады. Буржуазия Ұлттық жина-
лыс шақыру үшiн күресiп жатты. Ал бұл кезде Кеңес съезiн ша-
қыру келiсiлiп қойылған болатын.
16-21 желтоқсанда Берлин қаласында Кеңестiң I съезi
шақырылды. Съезд жұмысының барысында үкiмет және заң
шығару билiгiн Халық уәкiлдiлiк кеңесiне беруге шақырды.
Кеңес съезiне қатысқан депутаттардың талас туғызған мәселесi
18
кеңес және Ұлттық жиналыс туралы болды. Үкiметтiк билiк
кiмге берiлуi керек? Бұл мәселеде буржуазия жеңiске жетiп,
Ұлттық құрылтай жиналысының сайлауын өткiзу туралы шешiм
қабылданды. Сөйтiп, Ұлттық жиналыс арқылы буржуазия же-
ңiске жетiп, революциялық «Спартак одағы» кеңес үшiн күресте
жеңiлiс таба бастады. Қараша революциясының екiншi кезеңi
аяқталды.
1919 жылғы революциялық өрлеу. «Спартак одағы» Кеңес-
тiң I съезiнде жеңiлiс тапқаннан кейiн, революцияның сабақ-
тарын ескере отырып, маркстiк партия құру керек екенiн түсiне
бастады. 1918 жылдың соңында желтоқсан айының 30-ы күнi
партия конференциясында Германия коммунистiк партиясының
құрылғандығы жарияланды. Конференция жұмысында Р.Люк-
сембург партияның бағдарламасы туралы сөз сөйлеп, ГКП-ның
негiзгi мақсаты - социалистiк революция арқылы пролетариат
диктатурасын орнату екендігін айтты. Конференцияда сөз
сөйлеген К.Либкнехт партияның Ұлттық жиналысқа көзқарасы
туралы айтып, Ұлттық жиналыс сайлауына бойкот (бас тарту)
жариялады.
Коммунистiк партия конференциясында қабылданған шешiм-
дер сол кездегі тактикалық қателiктерге апарды. Бұқара халық
үшiн күресте өздерiнен өздерi оқшауланды. Кейiннен В.И.Ленин
бұл қателiктердi «солшылдардың балалық ауруы» деп бағалады.
Германия коммунистiк партиясы Еуропа елдерiндегi тұңғыш
маркстiк партия болды. Ол таптық мүддеге бағытталып құры-
лып, марксизм-ленинизм iлiмiн жақтап немiс пролетариаты
арасында кең түрде үгiт-насихат жұмысын жүргiздi.
1919 жылдың басында Германияда революциялық толқулар
күшейе бастады. ГКП халықты қарулы көтерiлiске шақырып,
үгiт-насихат жұмысын белсендi түрде жүргiздi. Буржуазия
революциялық қозғалыстан сескенiп, жұмысшы табына қарсы
күреске шығуға дайындалды. Кеңес съезiнде жеңiлiс тапқан
революциялық топтар билiктi қарудың күшiмен алуға шықты.
Халық көтерiлiсiнiң басталуына Берлин қаласының полиция
бастығы Э. Эйхгорнның жұмыстан босатылуы себеп болды.
Берлин жұмысшы табы және солшыл саяси күштер ТСДП және
ГКП үкiметке қарсы саяси талаптар қойып, ереуiлге шақырды.
Эйхгорнның қайта жұмысқа алынуын талап еттi, контррево-
19
люцияға қарсы қайтадан қарулы көтерiлiске шақырды. Қаңтар
айының 5-і күнi Берлин қаласында 100 мың адам демон-
страцияға шықты. Олар Эберттiң үкiметтен кетуi, Халық
уәкiлдер кеңесiн тарату туралы саяси талаптар қойды.
Революцияны басқару үшiн ТСДП басшылығымен қимыл
комитетi құрылды. Тәуелсiз социал-демократ партия басшысы
үкiметпен келiсiмге келiп, халық қозғалысын басуға шақырып
отырды. ГКП-ның мүшелерi де бұл көзқарасты қолдады. Сөйтiп,
қаңтар айындағы ереуiл бiртiндеп жеңiлiс таба бастады.
Революциялық өрлеуді Германияның Брауншвейг, Гамбург,
Галле, Бремен қалаларындағы жұмысшы тобы да қолдады.
Берлин қаласындағы ереуiлдi басу үшiн қаңтардың 12-і күнi
Германия әскер басшысы Носкенiң басқаруымен ерiктiлер
әскерлерi келiп, ереуiлге қатысушылар мен үкiмет әскерлерiнiң
арасындағы соғыс қимылдары бiрнеше күнге созылды. 1919
жылы қаңтардың 15-і күнi контрреволюцияшылдардың қолынан
Роза Люксембург пен Карл Либкнехт қаза тапты. Революция
жеңiлiс тауып, қараша революциясы барысында құрылған кеңес
атқару комитеттер таратылды. 1919 жылы революция жалғасын
тауып, сәуiр айында Бавария Кеңес Республикасы құрылды.
Бiрақ та қолдарында күштерi бар контрреволюция, оны
қолдаған ТСДП-ның басшылары мамыр айында жеңiске жетiп,
Германиядағы тұңғыш Бавария кеңес өкiметi құлады. Қараша
революциясының үшiншi кезеңi 1919 жылғы 19 қаңтардағы
ұлттық жиналыс сайлауының өтуiмен, революциялық күштердiң
жеңiлiс табуымен аяқталды.
Германиядағы қараша революциясының мәнi туралы Кеңес
тарихнамасында социалистiк революция болды деген көзқарас
болып келдi. Оның себебi - 1918 жылы қаңтардың 9-ы күнi
К.Либкнехт Берлин жұмысшы табының алдында сөз сөйлеп,
«Социалистiк революция жасасын» деп ұран тастаған болатын.
Екiншi себебі - революция барысында құрылған кеңес өкiметi
болды. Бiрақ социалистiк революцияның негiзгi мақсатының
шешілуiне елде жағдай жоқ болатын. Революцияға жұмысшы
тобының одақтасы - шаруалар қатысқан жоқ, жер мәселесi
буржуазия мүддесiне сәйкес шешiлдi. Германияда монархия
құлатылып, буржуазиялық республика құрылды. 1918-1919
жылдардағы қараша революциясы мәнi жағынан буржуазиялық-
20
демократиялық революция болды. Қараша революциясын төрт
кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi кезеңi - қараша айының 10 күнi
Халықтық кеңес үкiметiнiң құрылуы; екiншi кезеңi – қара-
шаның 10-нан желтоқсан айының 16-ы аралығындағы Кеңестiң
1 съезiнiң шақырылған күнiне дейiн; үшiншi кезеңi – жел-
тоқсанның 16-нан 1919 жылдың қаңтар айының 19-ы аралығын-
дағы Ұлттық жиналыстың сайлауына дейiн; төртiншi кезеңi
1919 жылдың ақпан айында Веймар буржуазиялық Республи-
касының құрылуымен аяқталды. Германия тарихында бур-
жуазиялық республиканың құрылуының маңызы зор болды.
Германияның қоғамдық-саяси дамуы демократиялық даму
жолына түстi.
Веймар Республикасының құрылуы және оның Консти-
туциясы. 1919 жылы қаңтар айының 19-ы күнi Германияда
Ұлттық жиналысқа сайлау өттi. Сайлауда 54,5% дауыспен бур-
жуазиялық партиялар жеңiске жетiп, Ұлттық жиналысқа (пар-
ламент) буржуазиялық депутаттар сайланды. Сайлаудан кейiн
ақпан айының 6-ы күнi Веймар қаласында Ұлттық жиналыстың
сессиясы өз жұмысын бастады. Елдiң Веймар Республикасы
болып аталуы Веймар қаласының атымен байланысты болды.
Ұлттық жиналыстың шақырылуы елдегi саяси тұрақсыздықпен
сәйкес келдi. Ол 1919 жылғы қаңтар айында басталған рево-
люцияға жалғасты, буржуазия үкiметтi өз қолына алғанымен,
Германия бiрiншi дүниежүзiлiк соғыста жеңiлгендiгiн мойын-
дады. Саяси қиындыққа қарамастан, Ұлттық жиналыс
депутаттары Германияның жаңа үкiметiн құруға, алдағы үкi-
меттiң мiндеттерiн анықтауға кiрiстi. Ұлттық жиналыстың
қолдауымен Ф.Шейдеман бастаған үкiмет құрылды. Үкiметтiң
құрамына ГСДП, Центр және Герман демократиялық партия-
ларынан өкілдер кiрдi. Веймар Республикасының президентi
болып Ф.Эберт сайланды.
Халық жиналысында Конституцияның жобасын қабылдау
мәселесi өте тартысты жүрдi. Үкiметтiң әлеуметтiк бағдар-
ламасы да қызу тартыста өттi. Елдегi саяси күштердiң ара
салмағын ескере отырып, Ұлттық жиналыс шiлде айының 31-ы
күнi Веймар Республикасы Конституциясының жобасын бекiттi.
1919 жылы тамыз айының 4-і күнi Конституция өз күшiне ендi.
21
Веймар Конституциясы Германияны республика деп
жариялады. Халық – өкiметтiк билiктiң негiзгi тiрегi болды.
Сонымен қатар еңбек етуге, адам құқықтарын қорғауға, бiлiм
алуға Конституция кепiлдiк бердi. 20 жасқа толған азаматтарға
жалпыға бiрдей сайлау құқығы берілді және референдум
(жалпыхалықтық сұрау) өткiзуге рұқсат етiлдi. Конституция
бойынша Германияның заң шығарушы парламентi – Рейхстаг.
Жергiлiктi немiс жерiнде заң шығарушы парламент – ландтаг
болды. Ландтаг депутаттарының сайлауымен Германия парла-
ментiнiң жоғарғы палатасы Рейхсрат болды. Рейхсратқа 68
депутат сайланды. Германия парламентi Конституция бойынша
екi палатадан тұрды. Рейхстаг – жалпыға бiрдей сайлау арқылы;
жоғарғы палата Рейхсрат – жергiлiктi немiс жерiнiң парламент
депутаттарынан құрылды. Рейхсрат рейхстаг жұмысын тежеуге
және шыққан заңдарды бекiтуге құқылы. Рейхсрат – бақылаушы
орган және вето қоюға құқылы болды.
Конституция бойынша атқарушы билiк президенттiң қолын-
да болды. Президент өкiмет басшысын (канцлер) және министр-
лердi тағайындады. Президент елдің жоғарғы әскери қолбас-
шысы болды. Президент конституцияның 48-бабына сәйкес,
елде төтенше жағдай жариялауға, парламенттi (рейхстаг)
таратуға және Конституцияның баптарына өзгерiстер енгiзуге
құқылы болды. Президент жалпыхалықтық сайлау арқылы 7
жылға сайланды. Веймар Республикасының Конституциясы
президентке жеке билiк жүргiзуге мүмкiндiк жасады. Веймар
Конституциясы буржуазиялық демократияның қалыптасып,
дамуына жол ашты.
1919 жылы наурыз айында Ұлттық жиналыс экономикалық-
әлеуметтiк бағдарламаны бекiттi. Бұл бағдарлама бойынша жеке
меншiктiң барлық түрiне кеңшiлiк жасалды. Өндiрiстi басқару
және реттеу мемлекеттiң құзырында болды. Көмiр өндiрiсiн де
жеке меншiктi сақтай отырып мемлекеттiк реттеуге бердi. Көмiр
өндiрiсiн басқару үшiн «Империялық көмiр кеңесi» деп аталған
мемлекеттiк мекеме құрылды. 1919 жылы сәуiр айында ұлттық
жиналыс өндiрiстi басқаруда фабрика-завод комитеттерiн құр-
ды. Бұған жұмысшылар кең қамтылды. Өндiрiстiк кеңес ең
жоғарғы басқару құқына ие болды. Әлеуметтiк бағдарлама
мемлекеттiк реттеудiң жаңа үлгiсi - мемлекеттiк-монополиялық
22
капитализмнiң негiзгi механизмi болса, фабрика-завод комитетi
өндiрiстегi еңбек ынтымақтастығын қалыптастырудағы басқару
жүйесi болды. Ұлттық жиналыс арқылы буржуазия реформаны
кең түрде жүргiзе алды. Әлеуметтiк реформа қараша револю-
циясынан кейiнгi еңбекшi халықтың жеңiсi бола алды.
1920-1923 жылдардағы саяси дағдарыс және Рур оқиғасы.
1919 жылғы қаңтарда өз жұмысын бастаған Париж конферен-
циясы Германияда саяси дағдарыстың күшеюiне әкелдi. Версаль
бiтiмi жеңген елдердiң Германиямен арадағы келiсiмi немiс
халқы үшiн ең ауыр сын болды. Германия келiсiм барысында
өзiнiң отарларынан айрылды, олардың қатарында Эльзас және
Лотариния көмiр бассейндері де бар. Германия жеңген елдерге
132 млрд алтын марка репарациялық төлем төлеу керек болды.
Версаль бiтiмi Германияда немiс халқының ұлттық намысына
қатты соққы болып, Германияның саяси дамуы барысында
пайда болған ұлтшылдық бағыттағы саяси ұйымдар халықты
кек алуға шақыра бастады. Оңшыл саяси топтар мен консер-
ватормилитаристiк күштер бiрiгiп үкiметке қарсы күреске,
Версаль бiтiмiне қол қойған адамдарды жазалауға шақырды.
Арандатушы-милитаристiк күштер фашистiк топтар құруға
кiрiстi. Алғашқыда халық арасында оларды қолдаушылар аз
болды. Фашизмнiң әлеуметтiк негiзi - люмпендер, соғыстан
қайтқан солдаттар, жұмыссыздар, жастар және орта топқа
жататындар, қоғамнан әлi де болса өз орындарын таппаған
адамдар. Үкiметке қарсы реванш – ұлттық әскери ұйымдар
құрылды. Бұл ұйымдардың негiзгi қызметi террор, кек алу еді.
Олардың алғашқы құрбаны 1918 жылғы қараша айында
Компьен орманындағы келісімге қол қойған Центр партия-
сының басшысы М. Эрнбергер, 1922 жылы Рапалло келiсiмiне
қол қойған Сыртқы iстер министрi В Ратенау болды. 1919 жылы
Мюнхен қаласында «сыра бүлiгiн» бастаған А.Гитлер алғашқы
фашистiк ұйымдарды құруға қатысып, фашизм бiртiндеп
нацистiк (ұлтшылдық) идеологияға айнала бастады. Елдегi
саяси дағдарыстың күшейiп тұрған кезiнде, 1920 жылы тұңғыш
парламент сайлауы өттi. Жаңа үкiмет кабинетi құрылды.
Канцлер болып Ференбах тағайындалды. Бiрақ елдегi саяси
дағдарыс үкiметтiң жиi алмасуына әкелдi. 1921 жылы мамырда
канцлер Ференбах репарация төлеуден бас тартып, отставкаға
23
кетуге мәжбүр болды. 1922 жылы Центр партиясының басшысы
И.Вирт үкiмет құрды, бiрақ үкiметтiк дағдарыс И.Виртты
отставкаға кетуге мәжбүр еттi. 1922-1923 жылдары жаңа үкiмет-
тi Куно құрды. Жаңа үкiметтiң репарациялық төлемнен бас
тартуы 1923 жылы Франция-Бельгия армиясының Рур көмiр
бассейнiн басып алуға алып келдi.
1923 жылы қаңтардың 11-і күнi Франция мен Бельгия
әскерлерi Рейн-Рур облысын басып алды. Ол Батыс Гер-
маниядағы ең iрi өндiрiс орталығы болатын. Көмiрдiң 70%,
болат және шойынның 50%-ы Франция мен Бельгияның қолына
көштi. Олардың Рур облысын басып алуы немiстердiң ашу-
ызасын келтiрiп, елде саяси дағдарыстың тереңдеуiне әкелдi.
ГКП-сы халықты революцияға шақырып, бiртұтас жұмысшы
майданын құру арқылы буржуазиялық үкiметке қарсы күреске
шақырды. Немiс буржуазиясы халықты отан қорғауға, «Отанға
қауiп төндi» деген ұрандармен ұлттық бiрiгуге бастады. Куно
бастаған үкiмет халықты жаулап алған жердi қайтарып алуға
шақырды. ГСДП және кәсiподақ ұйымы үкiметтiң саясатын
қолдап, жұмысшы тобы бiрлiгiне шақырып, ұлттың санасын
оятып, елдi жаудан қорғауға үгiт-насихат жұмысын белсендi
түрде жүргiздi. Рур оқиғасы Германияның экономиялық дамуы-
на керi әсер еттi, өндiрiс өндiру көлемi азайды, инфляция да-
мып, жалақы төмендедi. Елдiң қаржы-ақша құрылысы алтын
қорының азаюына әкелдi. Үкiмет екiншi жағынан бұл саясатқа
сылбыр келiсiп, өзiндiк саясат жүргiздi.
Елдегі экономикалық дағдарыс еңбекшi халықтың тұрмыс
жағдайының төмендеуiне әкелдi. 1923 жылы жаз айында Рур
облысында көмiр, тау-кен жұмысшылары ереуiлге шықты.
Ереуiлге шыққан жұмысшылардың саны 400 мың адамға жеттi.
Шiлде айында Берлин қаласында, Силезияда 250 мың адам
қатысқан ереуiлдер болды.
Куно үкiметтi, елдi басқара алмай, елде жалпы германдық
қозғалыс кең етек алып, 2 млн адам қатысқан ереуiлдiң
нәтижесiнде Куно үкiметi отставкаға кеттi. 1923 жылы тамыз
айының 13 күнi Немiс халық партиясы (ННП) басшысы
Штреземан «үлкен бiрлiк» үкiметiн құрды. Үкiметтiң құрамына
ГСДП мүшелерi де кiрдi. Штреземан елдегi жағдайды тұрақ-
тандыру мақсатында экономикалық заңдар қабылдап, елдiң
24
бюджетiн тұрақтандыру үшiн салықты көбейту, жаңадан алтын
марка шығару сияқты шараларды жүргiздi. Бұл жүргiзiлген
шаралар елдегi дағдарысты тоқтата алған жоқ, қазан айының 13-
і күнi рейхстаг Штреземан үкiметiне төтенше жағдай жариялау-
ға келiсiм бердi. Елде қараша революциясынан кейiнгi револю-
циялық ахуал кең етек алды. Елде әскери диктатура жеке билiктi
өз қолына алып, революцияға қарсы қарулы күшпен Саксония,
Тюрингиядағы ереуiлдi басты. ГКП-ына тыйым салды, ГСДП-
үкiметпен ынтымақтан бас тартып, құрамынан шығып, ГСДП-
оппозицияға айналды. Фашизм бүлiгi күшейдi. Фашизм елде кең
етек ала бастады. Фашисттiк бүлiктi басып, демократияға жол
ашылды. 1923 жылы қарашада Штреземан үкiметi отставкаға
кетiп, оның орнына буржуазиялық В. Маркс үкiметi құрылды.
1922-1923 жылдардағы революциялық қозғалыс жеңiлiс тауып,
контрреволюция жеңiске жеттi. Сөйтiп 1918-1923 жылдар ара-
лығында Германияда саяси оқиғалар буржуазиялық-демократия-
лық қоғамға көшуге жол ашып, буржуазия бейбiт өмiрге көшiп,
капитализм тұрақтану дәуiрiне өттi.
Капитализмнiң уақытша тұрақтану кезеңiндегi Германия
(1924-1929 жж). 1924 жылы дүниежүзiлiк капитализм саяси
дағдарыстан шығып, тұрақтану кезеңiне аяқ басты. Капитализм-
нiң тұрақтануының негiзгi себептерi неде? Бiрiншiден, 1918-
1923 жылдардағы революциялық қозғалыстың барысында
буржуазия реформалық көзқарастарын iс жүзiне асырып жеңiске
жетуi; екiншiден, революцияға белсендi қатысқан пролетариат
тәжiрибесiнiң аздығы, В. И. Лениннiң сөзiмен айтқанда,
маркстiк
партиялардың
жұмысшы
табын
дүниежүзiлiк
революцияға бастай алмауы. Осының нәтижесінде дүниежүзiлiк
жұмысшы қозғалысы жеңiлiс тапты; үшiншiден, революциялық
толқудың бәсеңдеуi. Сол кездегi социал-демократтардың
буржуазиялық реформа саясаты капитализм қоғамының бейбiт
жолмен қайта құрылуына әкелдi.
Капитализм жеке меншiктi сақтай отырып, мемлекеттiк-мо-
нополиялық капитализмнiң жаңа жолымен, яғни көптеген
елдерге экономиканы мемлекет арқылы реттеу жолымен эконо-
микалық дамуға көше бастады. Бұған мысал ретінде Германия
мен Ұлыбританияны алуға болады. Капиталистiк өндiрiстiң өнiм
шығаруының өсуi сауданың дамуына әкелдi. Өндiрiстiң құры-
25
лымы өзгеріп, жаңа технологиялар енгiзiліп, өндiрiстiң жаңа
салалары (автомобиль, электротехника, химия, синтетика)
дамыды. Социал-демократиялық қозғалыстағы реформизм тап-
тық ынтымаққа әкелдi. Капитализм өзiнiң тұрақтану кезеңi -
жаңа қоғамдық өзгерiс кезеңiнде дүниежүзiндегi тұңғыш со-
циализм елi КСРО-ға қарсы тұруымен ерекшелендi. Дүние-
жүзiлiк екi қоғамдық жүйе - капитализм мен социализм арасын-
дағы таптық күрес барысында капитализм тұрақтану кезеңiн
бастан кешiрдi.
Капитализмнiң тұрақтануы Веймар Республикасының эконо-
микалық дамуының барлық саласын қамтыды. Экономиканың
тұрақтануына әсер еткен жағдай - Маркс үкiметiнiң төтенше
жағдайда жүргізілген қаржы-экономикалық шаралары. Олар
әлеуметтiк топқа бөлiнген мемлекеттiк бюджеттi қысқарту,
жұмыссыздыққа бөлiнген қаржыдан бас тартты. Жұмысшы
ереуiлiне тыйым салды, кәсiпкерлерге кең жол ашты. Салықтың
мөлшерi өстi. Федералдық бюджет салық арқылы толықты-
рылды. Капитализмнiң тұрақтану жылдарында репарациялық
төлем төлеу реттеле бастады. «Дауэс» жоспары АҚШ-тың көме-
гiмен Германияның төлемiн жеңiлдеттi. Репарациялық төлемдi
төлеу үшiн тұтыну тауарларына салық өстi, темiр жол және
өндiрiс орындарынан түскен таза табыстан мемлекеттiк бюд-
жетке қаржы бөлiп отырды. АҚШ үкiметi Германияға 16 млрд
марка мөлшерiнде жеңiлдетiлген, ұзақ және қысқа мерзiмді
заемдар бөлдi.
1924-1929 жылдардағы экономиканың дамуы айтарлықтай
тұрақты бола алған жоқ. Бiрақ 1926 жылдан бастап өнеркәсiп
өнiмдерi көптеп шығарыла бастады. Ол 1929 жылы 1913
жылмен салыстырғанда 117%-ға өстi. Германияның әлемдегi
үлесi 1923 жылы 8% болса, 1929 жылы 12%-ға артты. Көмiр өн-
дiру, химия және газ, электротехника саласы жедел қарқынмен
дамыды. Капитализмнiң уақытша тұрақтану кезеңiнде Германия
экономикасының дамуына әсер еткен iшкi жағдайлар: 1)
өндiрiстiң соғыстан кейiнгi шоғырлануы, құрылымының өзгеруi,
өндiрiсте ғылыми-техникалық үрдiстiң кең етек алуы, өнер-
тапқыштық және өндiрiлген өндiрiс тауарларының бәсекелiк
сапасының артуы; 2) өндiрiсте электр энергиясын кең қолдану,
өндiргiш күшiнiң артуына, өндiрiсте конвейерлiк жүйенiң
26
енгiзiлуi. Темiржол саласы электр қуатымен жабдықталды.
Электр саласында екi немiс монополиясы үстем болды.
Жалпыгермандық электр компаниясы мен Сименс-Гольск
фирмасы; 3) Банк жүйесiнiң шоғырлануы. Германия капита-
лының 63%-ы банк бақылауында болды. Шет елде 50-ге жуық
немiс банктерiнiң бөлiмшелерi жұмыс iстедi. 1913 жылмен
салыстырғанда Германияда капитал қоры 4,5 млрд маркадан 23
млрд маркаға өстi; 4) Германия экономикасының ерекшелiгi -
мемлекеттiк меншiк үлесiнiң көп болуы. Мемлекеттiк өндiрiс
орындарында 2 млн адам жұмыс iстедi, бұл барлық жұмысшы-
лардың 11%-ы болды. Жеке өнеркәсiп салалары бойынша
мемлекеттiк кәсiпкерлердiң үлес салмағы төмендегiдей болды:
көмiр өндiрiсiнде 20%, алюминий өндiрiсiнде 70%, газ сала-
сында 84%, электроэнергияның 57%-ын мемлекеттiк меншiк
өндiрiсi қамтамасыз етiп отырды. Мемлекеттiк меншiк өндi-
рiстiң негiзгi құрамдас бөлiгi болды; 5) Капитализмнiң тұрақ-
тану кезiнде ұлттық өнеркәсiптiң дамуы үшiн жеке өндiрiс
иелерiне және мемлекеттiк өнеркәсiпке дотация, займ берілді
және шет елге шығаратын тауарларды мемлекет кепiлдiкке алып
отырды. Банк несиелерін де мемлекет қорғап отырды. Осы
шараларды жүргiзiп және бақылап отыратын “Германия өндiрiс
одағы” атты комитет құрылды. Бұл комитетке мемлекеттiк және
жекеменшiк өнеркәсiп басшылары кiрдi. Мысалы: К. Ф. Сименс,
Дуисберг және Тиссен. Жыл сайын комитет мемлекеттiк
бюджеттен 1,5-1,7 млрд марка көмек алып отырды. 6) 1926-1929
жылдары Германияда iрi картель, концерндер құрылып, өндi-
рiстiң шоғырлануын арттырды. 1925 жылы Еуропадағы ең iрi
химия концернi «ИБ Фарбениндустри» құрылды. Олар сол кезде
азоттың 80%, жанармайдың (бензин) 100%-ы өндiрілдi.
Монополиялық гигант «Болат трестiң» 300 өнеркәсiп орынында
200 мың адам жұмыс iстедi. Болат пен темiр өндiрiсiнiң 40%,
шойын өндiрудiң 43%-ы өз меншiгiнде болды. Капитализмнiң
уақытша тұрақтану кезiнде еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайы
төмен болды. 1924-1929 жылдары бiр апталық жалақы 26,40
маркадан, 42,90 маркаға өстi. Жұмысшылар апта бойына 48
сағат жұмыс iстедi. Жұмыссыздық тұрақтану жылдарында 2 есе
өсiп, барлығы 3 млн адамға жеттi.
27
Германия үкiметiнiң сыртқы саясаты. Германияның эко-
номикалық-саяси тұрақтануы елде iрi буржуазияның империа-
листiк бағыттағы сыртқы саясаттың қалыптасуына әкелдi. 1924
жылғы желтоқсан айындағы рейхстаг сайлауында iрi буржуазия
партиялары жеңiске жеттi. Германияның канцлерi Лютер үкiмет
құрды. Үкiметтiң құрамында iрi буржуазия болды. ГСДП-сы
бұрынғыша оппозицияда қалды. 1925 жылы елдiң президентi
Эберт өлiп, оның орнына реакциялық топтан кайзер генералы,
монархияны жақтаушы Гинденбург сайланды. Германия үкiме-
тiнiң сыртқы саясаты Версаль бiтiмiн жою үшiн күреске шығып,
қайта бөлу бағытында жүргiзілдi. Лютер үкiметi елдегi фашизм-
ге арқа сүйеп, ұлтшылдық саясатты жалғастырды. Фашизм
ұйымдасқан түрде саяси күшке айналып, 1925 жылы А.Гитлер
Ұлттық социалист немiс жұмысшы партиясын (НСДАП – немiс
сөзiнен қысқартылған) құрды.
Капитализмнiң уақытша тұрақтану кезiнде Германияның
сыртқы саясаты нығайып, АҚШ үкiметiнiң қамқорлығына
бөлене бастады. 1924 жылы Лондон конференциясында «Дауэс
жоспары» Германияның репарациялық төлеуiн жеңiлдетiп, iшкi
экономиканың тұрақтануына әкелдi. 1925 жылы Локарно конфе-
ренциясында Франция, Бельгия және Ұлыбритания Герма-
нияның батыс шекарасының қауiпсiздiгiне кепiлдiк бердi. Сөй-
тiп, Германияның империалистiк топтары шығыс саясатын еркiн
жүргiзуге мүмкiндiк алды да, 1926 жылы Ұлттар лигасына
толық мүшесi болып қабылданды. Империалистiк елдердiң
қолдауымен 1927 жылдан бастап Германияға қойылған әскери
шектеу алынып тасталды. Германия өзiнiң армиясын көбейтуге
және қаруландыруға қол жеткiздi және Рур облысынан Франция
мен Бельгия әскерлерiн шығаруға келiстi. Версаль бiтiмiндегi
әскери шектеу тежеле бастады.
Германияның сыртқы iстер министрi Штреземан «Рапалло
келiсiмiн» пайдалана отырып, КСРО елiмен достық қатынасты
дамыта түстi. Сөйтiп Батыс пен Шығыс елдері арасында екi
жақты саясат жүргiздi. Кеңестiк Ресеймен сауда-экономикалық
қатынастың дамуын Германиядағы демократиялық күштер
ГКП-сы мен жұмысшы табы қолдап отырды. Германия импе-
риалистiк елдер арасында бiрiншi болып Кеңестiк Ресеймен
достық қатынас орнатқан ел болды. Рапалло келiсiмiнен кейiн
28
1925 жылы Герман-Кеңес сауда келiсiмiне қол қойылса, 1926
жылы екi ел арасында бейтараптық келiсiмге қол қойылды.
Штреземан жүргiзген екi жақты саясат Германияның эконо-
мика-сауда қатынасының дамуына, Еуропадағы бейбiтшiлiкті
сақтауға мүмкiндiк жасады.
Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Германия
(1929-1933 жж.). 1929-1933 жылдардағы әлемде болып жатқан
экономикалық дағдарыс Германияның экономикасына айтар-
лықтай ықпал етті: өнеркәсiп өнiмдерiн шығару азайды, инфля-
ция күшейдi; жұмыссыздық көбейiп, 7,5 млн адамды қамтыды;
көптеген өнеркәсiп орындары жабылып қалды; еңбекшi ха-
лықтың жалақысы 25-40%-ға азайды; 31 мың өнеркәсiп банк-
роттыққа ұшырады; ауыл шаруашылығы құлдырап, 50 мың
жеке ауыл шаруашылық фермерлерi жерлерiн сатуға мәжбүр
болды; Германияның қаржы-несие жүйесi дағдарысқа ұшырады;
мемлекеттiк бюджет азайды. Соғыстан жеңiлген Германия
экономикасының дағдарыстан шығуы өте қиынға соқты. АҚШ
экономикасының дағдарысқа ұшырауына байланысты Герма-
нияға бөлiнген заем мөлшерi қысқартылды. Әлемдегi экономи-
калық дағдарыс Германияда жаңа әлеуметтiк-саяси ахуалға
әкелді, саяси дағдарыс жаңа қөзқарастарды пайымдап, милита-
ристiк-фашистiк күштер дағдарыстан шығу жолдары - Версаль
бiтiмiн жою, Еуропаны қайта бөлiске салу, жаңадан өмiр
кеңiстiгiн iздестiру деген талаптар қоя бастады.
Экономикалық дағдарыс Веймар Республикасының әлеумет-
тiк-қоғамдық құрылымын түгел қамтыды. Үкiметтiк дағдарыс
барысында 1930 жылы Г.Мюллер отставкаға кетiп, оның орнына
Центр партиясының өкілі Г.Брюнинг үкiмет құрды. Г.Брюнинг
үкiметi елдегi буржуазиялық демократияны жоюға бағыт алды.
Экономикалық дағдарыс әсiресе орта таптарға өте ауыр соқты.
Ұсақ буржуазия қайшылыққа ұшырады. Ұсақ және орта топтар
республикаға қарсы күреске шыға бастады. ГКП-сы дағдарыс-
тан революция арқылы шығуға болады деп түсiндi. Қоғамдағы
саяси дағдарыстан шығу мақсатында ұлтшыл-социалистердiң
ұраны тоталитарлық жол, жеке адам билiгiн орнатуға шақырды.
Экономикалық дағдарыс iрi буржуазия топтарына айтар-
лықтай ықпал етті. Iрi буржуазия дағдарыстан шығу үшін
милитаристiк кек алуға шақырып, Германияны қаруландыруға
29
әрекет жасап, жеке әскери-патриоттық ұйымдар құра бастады.
Экономикалық дағдарыс фашизм идеологиясын күшейтiп,
А.Гитлер бастаған фашистiк партия елдегi барлық әлеуметтiк
топтарды дағдарыстан шығарудың жолын фашизм деп түсiн-
дiрдi. Елде әскери диктатура орнату қажет, сөйтiп А.Гитлер
үкiмет басына келетiн болса, әлеуметтiк дағдарыстан шығарады
деген үгiт-насихат жұмысын күшейттi. Фашизм iрi саяси күшке
айнала бастады.
Фашизм идеологиясын ұлтшыл шовинизм, тоталитарлық
билiк, Германия қоғамындағы барлық әлеуметтiк топтар қолдай
бастады. Фашистiк партия НСДАП үкiметтiк билiктi алуға
шақырды. Iрi монополия иелерi Ф.Тиссен, Э.Кирдорф, Г.Стин-
нес фашистiк партияға мүше болып, оларға ақшалай көмек
көрсете бастады. Мысалы: «Болат трест» басшысы Ф. Тиссен
партияға кiру жарнасы үшiн 300 мың марка төлеген. Iрi моно-
полияның көмегiмен фашистiк партия мүшелерінің саны 100
мыңнан 1927 жылы 300 мыңға жеттi. 1930 жылы рейхстаг
сайлауында НСДАП-сын қолдап 6,5 млн адам дауыс бердi.
Парламентте депутаттар саны жағынан екiншi партияға айнал-
ды. Фашизм беделiнiң тез өсуiне не себеп болды? Соғыстан
кейiнгi Веймар Республикасының үкiметi орта және ұсақ
буржуазияның жеке меншiгiне қолдау көрсеткен жоқ. Iрi
монополия үстемдiгi басым болды. Орта және ұсақ буржуазияға
салынатын салықтың мөлшерi жоғары болды. Жеке меншiк
иелерi қайшылықта өмiр сүрдi. Әлеуметтiк қайшылыққа түскен
орта және ұсақ топтар фашизмнiң үгiт-насихат жұмысын
қолдап, оның негiзгi әлеуметтiк қолдауына тiрек бола алды.
Фашизмнiң әлеуметтiк негiзi – орта және ұсақ буржуазия, кәсiп-
керлерден тұрды. Фашистiк партия НСДАП бұл топқа көмек
көрсетiп, жағдайларын жақсартуға уәде бердi. Тiптi кәсiп-
керлерге дүкендер ашуға көмектесетiнiн де айтты. Ұсақ және
орта шаруаларға iрi помечиктердiң жерлерiн тартып алып
үлестiретiнiн, жер рентасын жоятынын айтып, уәде бердi. Ұсақ
буржуазия алдында Версаль шартын жойып, «Ұлы Германия»
құруға шақырды. 1932 жылы орта және ұсақ кәсiпкерлердi
қолдайтын «орта кәсiпкерлердiң одағы» ұйымын құрып, iрi
кәсiпкерлердiң қолындағы иелiктердi ұсақ-орта кәсiпкерлерге
алып беру туралы талап жасай бастады. Фашизмнiң ұлттық-
30
социализм идеологиясы орта буржуазия мен немiс аристократия
мүддесiн қолдады. Ұлттық социализм марксизмге қарсы болға-
нымен, фашистiк идеологияның түпкi шыққан негiзi социа-
листiк қозғалыс болды. Социалистiк идеяның солшыл қанаты-
нан қалыптасты. Коммунистiк идеяның негiзi де социалистiк
қозғалыстың солшыл революциялық жолын қолдады. Қазiргi
кезде фашизм және коммунистер арасындағы ұқсастық осыдан
басталады. Фашизм дегенiмiз – iрi монополияның қолдауынан
туындаған шовинистiк, тоталитарлық диктатура. Коммунистiк
партия жүргiзген саясатқа тоталитарлық және ұлтшылдық тән
болғандығына СОКП (Совет Одағы Коммунистiк партиясының)
КСРО-да жүргiзген саясаты дәлел болды. Екi идеологияның
негiзi бiр екенi тарихта дәлелденiп отыр. Герман фашизмі
негiзiнде үгiт-насихат, ұлттық және әлеуметтiк уәде арқылы
жүргiзiлдi. Пролетарлық интернационализм жұмысы тобының
мүддесiн сатты, Антанта мемлекеттерi Германияны тонауға
қатысты, сондықтан немiстерге соғыс, кек алу керек деп
уағыздады.
Фашистер Германияда «ұлттық социализм» қоғамын құруға
шақырды. Социализм барлық әлеуметтiк топтарға жеңiлдiк
әкеледi дедi. Жұмысшы табы ірi өнеркәсiптердi нацио-
нализациялауға, өндiрiстi басқаруға қатыстырылып, олар семья
және баланы қорғау, халыққа бiлiм беру, халық армиясын құру
және т.б. талаптар қойды. Фашистiк партияның үгiт-насихат
жұмысын жұмысшы табының 20%-ы қолдады.
Фашистiк партия қоғамдағы әлеуметтiк жағынан қорғалма-
ған жастар арасында жүргізілген үгiт-насихат жұмысын өте
тиiмдi пайдаланды. Жастар арасында жұмыс жүргiзу үшiн
«жастар одағы» ұйымын құрды. Бұл ұйымдар мектептерде,
жоғарғы оқу орындарында, жастар клубтарында жұмыс атқар-
ды. Жастарға арналған арнаулы кешкi клубтар ашылып, жастар
таңға дейiн көңiлдерiн көтерiп, ойын-сауық өткiздi.
Фашистiк партия - НСДАП жастар арқылы әскери-патриот-
тық ұйымдар құрып, әр уақытта күш көрсету арқылы көмек
көрсетiп отырды. Оларға арнаулы әскери киiмдер кигiзiп,
арнайы танылым белгiлерін беріп отырды. Олардың iшiнде СА
(штурмовые отряды) және СС (охранные отряды) ұйымдары
жұмыс iстедi. Бұлардың саны тез өсiп отырды. 1929 жылы 280
адам болса, 1933 жылы 52 мың адамға жеттi. Фашистердің iрi
монополия мен аристократтардың қолдауымен өкiметтiк билiктi
өз қолдарына алуы шындыққа айналды. Фашизм қаупi елде кең
етек алды.
Германияда фашизм қаупiне қарсы күресушi саяси күштер де
болды. Олар: Германия социал-демократ партиясы (ГСДП) және
Германия коммунистiк партиясы. Рейхстагта депутаттардың
3
1
бөлiгi болды, бiрақ та бұл екi саяси партия фашизмге қарсы
күресте тактикалық қателiктер жiбердi. Фашизм қаупiне онша
сене берген жоқ, ұсақ және орта топтардан құрылған фашистiк
партияны социалистiк қозғалыстың бiр бөлiгi ретiнде қарады.
ГПК-сы да осы тактиканы ұстап, фашизмге қарсы күресте
бiртұтас жұмысшы майданын құра алған жоқ. ГСДП-ын социал-
фашистiк партия деп бағалады. Сондықтан екi партия да
фашизм қаупiне сене бермедi. Бiрақ та ГКП фашизмге қарсы
үгiт-насихат жұмысын жүргiзiп, антифашистiк акциялар ұйым-
дастырды. Ереуiлдiк қозғалысқа еңбекшiлердiң көбi қатысты.
ГКП-ның беделi өстi. 1931 жылы ГКП-ның саны 195 мың болса,
1932 жылы 360 мың адамға жеттi. 1932 жылы рейхстаг
сайлауында ГКП-сы 6 млн сайлаушылар қолдады. Пролетариат
диктатурасын орнату ұраны, сол кездегi ГКП-ның тактикалық
қателiгi болды. Антифашистiк күрестiң барысында ГСДП мен
ГКП фашистiк партияға қарсы шыққан iрi оппозициялық саяси
күшке айнала алмады.
Гитлердiң үкiмет басына келуi. Экономикалық ж¸не сая-си
дағдарыс үкiметтiң елдi басқару қабiлетiн бұрынғыдан да
төмендеттi. Фашистiк партия және профашистiк iрi монополия
иелерi Ф.Тиссен, Флик, Феллер тез арада фашистiк дикта-
тураның орнауын қалады. Германиядағы президенттiк сайлау
қарсаңында фашистер мен реакциялық күштер бiрiгiп күрес
жүргiздi. 1932 жылы сәуiр айында президенттiк сайлауда
генерал Гинденбург 19,3 млн дауыс алып, жеңiске жеттi. Ал
Гитлер болса, 13,4 млн дауыс алып, жеңiлiс тапты. ГСДП-сы
Гинденбургтi қолдады. Сайлаудан кейiн елде саяси күштердiң
ара салмағы фашистiк күштер жағына ауысты. 1932 жылы
мамыр айында Брюнинг үкiметi отставкаға кетiп, Папен канцлер
31
32
болып тағайындалды. Папен үкiметi елдi саяси дағдарыстан
шығара алмады, олар төтенше шаралар жүргiздi. Саяси дағда-
рыс тереңдеген тұста, 1932 жылы шiлде айында Пруссияда
мемлекеттiк төңкерiс болды. Пруссия үкiметiнде социал-де-
мократ министрлерi қуылып, оның орнына профашистiк реак-
циялық топтар жаңа үкiмет құрды. Саяси дағдарыс жылдарында
1932 жылы шiлде айының 31-і күнi рейхстаг сайлауы өткiзiлдi.
Сайлауда 13,8 млн дауыс алған фашистiк партия үкiмет құру
мүмкiндiгiн алды. Веймар Республикасы өзiнiң тарихында саяси
дағдарыстың ең жоғарғы шыңына жеттi. Парламентте Папен
үкiметiне сенiмсiздiк бiлдiрілдi. Президенттiң жарлығымен
рейхстаг таратылып, А.Гитлерге жол ашылды. Бiрақ Гитлер
канцлер бола алмады. 1932 жылы қараша айында рейхстаг
сайлауында фашистiк партия 11,3 млн дауыс алды, яғни алдың-
ғы сайлаумен салыстырғанда 2,4 млн дауыс жоғалтты. НСДАП-
сында iшкi дағдарыс күшейдi. Антифашистiк күштердiң қарсы
күресi де оған ықпал жасады. Канцлер болып генерал Шлейхер
тағайындалды. Гитлердi үкiмет басына жiбермедi. Iрi монополия
иелерi Шахт, Тиссен т.б елдiң президентi Гинденбургқа
ультиматум-хат жолдап, Гитлердi рейхканцлер тағайындауын
талап еттi. Мұны ірi қаржы олигархиясы түгелдей қолдады.
Президентке тiкелей қысым жасау арқылы, 1933 жылы қаңтар
айының 30-ы күнi Гинденбург амалсыздан Гитлердi рейхканц-
лер етіп бекiттi. Сөйтiп Германияда Веймар Республикасы
құлап, фашистiк диктатура орнады.
Гитлер кезiндегi Германия ( 1933-1939 жж.). Гитлер рейх-
канцлер болғаннан кейiн Германияда құрама (коалиция) үкiмет
құрды. Үкiметтiң құрамына 4 министр НСДАП-сынан, 11 ми-
нистр буржуазиялық партиядан кiрдi. Алғашқы кезден Гитлер
Конституцияны өзгерiссiз қалдырып, демократиялық жүйенi
өзгертедi. Рейхстагтағы саны аз болған НСДАП жеке үкiмет
құра алмады. Сондықтан Гитлер өзiнiң диктаттық билiгiн
орнату үшiн жаңа парламенттiк сайлау күнiн белгiледi. Рейстаг
сайлауы 1933 жылы 5 наурызда өтетiн болып белгiлендi.
Сайлау қарсаңындағы үгiт-насихат жұмысы арқылы антифа-
шистiк күштердi әлсiрету үшiн үкiмет көптеген шаралар жүр-
гiздi. Демократиялық күштерге қарсы әр түрлi арандатушылық
шараларды iске асырды. Үкiмет саясатына қарсы шыққан саяси
33
күштерге тыйым салды. Ереуiлге шыққандарды қару арқылы
күшпен басып отырды. Антифашистiк топтар Гитлерге қарсы
күреске шығып, жалпыұлттық ереуiлге шақырды. Антифашис-
тiк қозғалыстың басында ГСДП мен ГКП-сы болды. Гитлер
үкiметi саяси күштердiң әлi де болса басым екенiн бiле отырып,
сайлау қарсаңында ерекше шараларға барды. Гитлердiң тiкелей
нұсқауымен 1933 жылы ақпан айының 27-і күнi Германияның
парламент үйi Рейхстаг өртелдi. Өртенiп жатқан Рейхстаг үйiне
келген Гитлер «бұл коммунистердiң жасаған iсi, сондықтан
коммунистердi жою керек» деп баға бердi. Осы күннен бастап
Гитлер өзiнiң тап жауы коммунистерге қарсы террорға шықты.
Рейхстагтың өртенуiн сылтау ете отырып, елде жеке билiк
орнату үшiн билiктi өз қолына алып, заңды құқығы бар
декреттер шығара бастады. Веймар Республикасының Конститу-
циясын тоқтату туралы заң қабылдады. Коммунистердi жаппай
тұтқындау басталды. Наурыздың 3-і күнi ГКП-ның мүшесi
Э.Тельманды, 9 наурыз күнi Коминтерннiң басшысы, Болгар
коммунистiк партиясының мүшесi Г.Димитровты тұтқындады.
Оған рейхстагты өртеген деп айып тағылып, 1933 жылы
қыркүйек айында Лейпциг сот процесi болды. Сот процесiнде
Г.Димитров өзiн фашистiк сот алдында ақтап шықты. Бұл анти-
фашистiк күштердiң iрi жеңiсi болды.
Гитлер үкiметi рейхстаг өртенгеннен кейiн екi төтенше
декрет қабылдады: «Мемлекеттiк сатқындыққа қарсы», «Халық
пен мемлекеттi қорғау». Халықтың конституциялық құқығы
тежелдi. Бiрақ та сайлауға дейiн Гитлердің террор, арандатушы-
лық және қорқыту секілді шараларды жүргiзуiне қарамастан,
парламент сайлауында демократиялық күштер айтарлықтай
жеңiске жеттi. Фашистiк партияны 17,2 млн адам қолдап, 43,9%
дауыс алды. Рейхстагта барлығы 647 депутаттық орын болатын.
Басқа партияларды қолдап 22 млн адам дауыс бердi. Террорлық
әрекеттерге қарамастан, ГКП мен ГСДП-сын қолдап 12 млн
адам дауыс бердi. Төменде берілген кесте сайлау қорытынды-
сын анықтауға мүмкiндiк жасайды.
Парламент сайлауында ойдағыдай жеңiске жете алмаған
Гитлер жеке билiк арқылы парламенттiң жұмысын тежедi.
Контитуция жұмыс iстеген жоқ. Гитлер елдi басқаруда төтенше
билiктi өз қолына алды. Сөйтiп, заң және атқарушы сот билiгi
34
бiр кiсiнiң қолына көштi. Сайлауда жеңiске жеткен 81 комму-
нистiң парламенттегi мандатын заңсыз деп тауып, мандаттарын
тартып алды.
1933 жылғы 5 наурыз айындағы рейхстаг сайлауы
Партиялар
Дауыс беру пайызы %
Депутаттық
мондат
ГСДП
ГКП
ЦЕНТР
НННП
НСДАП
Басқа партиялар
18,3
12,3
14,0
8,0
43,9
3,5
120
81
92
52
288
15
Гитлер 1933 жылы желтоқсан айының 12-і күнi «Партия мен
мемлекеттiң бiрлiгi» деген төтенше декрет шығарды. Мем-
лекеттiк билiктi тек қана НСДАП қана мойындады. Елде көсем
(фюрер) идеясы кең етек алды. Мемлекеттiк-әкiмшiлiк басқару
аппараттары фюрер алдында ант берiп қызмет атқаруға мiндеттi
болды. Жергiлiктi парламент-ландтаг, жоғарғы палата Рейхсрат
таратылды. 1934 жылы тамыздың 2-і күнi қарт генерал,
президент Гинденбург өлдi. Осы күннен бастап Гитлер елдiң
фюрері (көсемi) және рейхканцлерi болып өмiрлiкке тағайын-
далды.
Германияда фашистiк тоталитарлық диктатура орнауы
Мемлекеттiк-монополиялық капитализм (ММК). Германия
экономикасының даму ерекшелiгi. Гитлер үкiметiнiң эконо-
микалық саясатының негiзгi мәнi мемлекеттiк-монополиялық
капитализм тұрғысында болды. 30-жылдардағы дағдарыс кезiн-
де көптеген капиталистiк елдер экономикалық-әлеуметтiк даму-
ды мемлекет арқылы реттеу процесін iс жүзiне асыра бастаған
болатын. Буржуазиялық реформа капитализмдi, жеке меншiктi
сақтап қалудың бiрден-бiр жолы болды. Әлемдiк капитализм
КСРО елiндегi социализм қоғамын жою мақсатын iс жүзiне
асыра бастады. АҚШ-тың президентi Ф.Рузвельттiң «жаңа
бағыт» саясаты мемлекеттiк реттеудiң дұрыс жол екенiн көрсете
алды.
35
Германия экономикасын мемлекеттiк реттеу, тез арада
дағдарыстан шығып, елдiң экономикасын милитаризациялау
(соғысқа дайындау), сөйтiп кек алуды тездету саясаты жүргі-
зілді. Бұл шараларды iске асыру үшiн Гитлер елдегi экономи-
каны бiр орталыққа бағындырып, бiрнеше төтенше реформа
жүргiздi. 1933 жылы шiлде айында картель құру туралы заң
шығарды. Бұл заң бойынша экономиканы басқару мақсатында
«Немiс шаруашылық Бас кеңесі» мемлекеттiк басқару мекемесi
құрылып, оған «шаруашылық және өнеркәсiп орындарын
бiрiктiретiн» мекемелер бағындырылды. Мемлекеттiк шаруашы-
лық кеңесiн басқаруға iрi монополия иелерi мен финанс
басшылары кiрдi. Империялық шаруашылық мекемесi 7 топтан
тұрды: өндiрiс, энергия, сауда, қолөнер, банк және қамсыздан-
дыру. Әрбiр топтың жергiлiктi жерлерде мекемелерi құрылды.
1934 жылы қыркүйек айындағы төтенше заң бойынша сыртқы
және iшкi сауда, валютаға мемлекеттiк бақылау қойылды.
Ауыл шаруашылығын қайта құру үшiн «Империялық әлеу-
меттiк азық-түлiк» мекемесiн құрылды. Бұл ауыл шаруашылық
мемлекеттiк мекеменiң басты мақсаты халықты азық-түлiкпен
қамтамасыз ету болды. Ауыл шаруашылық жерiнiң мөлшерi
шаруаларға 7,5 га-дан 125 га-ға дейін бөлiнiп берiлетiн болды.
Мұрагерлiк жердiң 21%, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдеу
саласына жердiң 38% берiлдi. Бұл шаралар шаруалар арасында
әлеуметтiк топты нығайту үшiн жүргiзiлдi.
Мемлекеттiк реттеу әлеуметтiк салада жүзеге асырыла бас-
тады. Халықтың еңбек ақысы, зейнетақы, кәсiпкерлiктердi қол-
дау шаралары жүргiзiлдi. Экономиканы реттеу үшiн 4 жылдық
жоспар қабылданды. Гитлер экономиканы басқаруды Г.Геринг-
ке тапсырды. Германия экономикасының ауыр өнеркәсiбi мен
соғыс өнеркәсiбiн дамытуға ерекше көңiл бөлiндi. Сөйтiп,
Германия экономикасы милитаризациялана бастады. Ауыр
өнеркәсiп 1935 жылы 50% артты, соғыс шығыны (1935-1939
жж.) жалпыұлттық бюджеттiң 58% тең болды.1935 жылдан
бастап жалпыға бiрдей әскери мiндет енгiзілдi.
Мемлекет iрi монополия иелерiне несие, субсидия (мемлекет-
тiк тiкелей акция көмегi) көмегiн бердi. «И.Г.Фарбениндустри»
мемлекеттiк кредит арқылы өндiрiске қажеттi технологияны
жаңартып, химия ғылымының жаңалықтарын өндiрiске тез
қосып отырды. Субсидия арқылы химия өндiрiсiне қажетті
өндiрiс орындарын салды. Мемлекеттiк көмектiң нәтижесiнде
1932-1938 жылдарда «И.Г.Фарбениндустри» концернінiң таза
табысы 4 есе өстi. Крупп болса, соғыс өндiрiсiн жедел
дамытудың нәтижесiнде өзiнiң жылдық кiрiсi 380 млн. маркаға
жеткізді. Мемлекет, сонымен қатар өндiрiс пен капиталдың
шоғырлануына көп көмек көрсеттi. 1932-1938 жылдарда
өндiрiстiң
3
2
бөлiгi 6 iрi банк пен 70 iрi акционерлiк қоғамдас-
тықтың меншiгiнде болды. Гитлер үкiметi мемлекеттiк-монопо-
лия саясатының барысында Германияда жұмыссыздықты жой-
ды. Мұндай жетiстiк басқа капиталистiк елдерде болған емес.
Мемлекеттiк-монополиялық реттеу Германияның экономика
және әлеуметтiк салаларын түгелдей қамтыды. Елдiң барлық
билiк саласында iрi қаржы-өндiрiс олигархиясы отырды.
Экономикалық, әлеуметтiк және әкiмшiлiк-басқаруды қайта
құру нәтижесiнде тоталитарлық диктатура билiк жүргiзiп,
Германия жаңа соғысқа бар күшiн салып, кек алу үшiн халықты
жұмылдырды.
Германияның сыртқы саясаты. Гитлерлiк Германия
үкiметiнiң сыртқы саясатының негiзгi мақсаты агрессиялық
милитаристiк бағыт болды. Бұл мақсатқа жету үшiн Версаль-
Вашингтон жүйесiн әлсiретiп, жою қажет еді. Капиталистiк
елдер АҚШ, Франция және Ұлыбританиялардың профашистiк
топтарының қолдауымен Шығыс Еуропа елдерiн жаулау
саясатын қалыптастырды. Олар орта ғасыр заманындағы Прус-
сия корольдерiнiң жүргiзген «Дранг нах Остен» саясатын жал-
ғастырды.
Капиталистік елдер соғыс өндiрiсiнiң құрылымын өзгерте
отырып, соғыс-теңiз кемелерiн көбейту, соғыс самолеттерiн
көптеп шығаруды қолға алды. Сөйтiп, Ұлыбритания және Фран-
ция елдерiмен бәсекеге түстi. 1936 жылы Локарно конференция-
сының шешiмiн бұзып Рейн аумағына өз әскерлерiн енгiзу
арқылы батыс шекарасын нығайта түстi. Шығыс саясатының
бiрiншi кезеңiне Австрия мемлекетiн қосып алу үшiн аншлюс
саясатын дайындады. 1936-1937 жылдарда Германияның агрес-
сиялық саясатын қолдап, Берлин–Рим–Токио белдiгi құрылды.
36
37
Ол КСРО, Франция және Чехословакияның коллективтiк
қауiпсiздiк саясатына қарсы тұрды. Германияның агрессиялық
саясатын қолдаған АҚШ, Франция және Ұлыбритания «бейта-
раптық» саясат жүргiздi. Бұл болып жатқан жағдайды бiлiп
тұрып, көз жұмуымен пара-пар болды. Германия мен Италия
өздерiн Еуропада еркiн сезiндi.
1938 жылы 29-30 қыркүйекте Мюнхен қаласында болған
конференцияда империалистiк елдердiң келiсiм беруiмен
Чехословакияның Судет облысын Германия өзіне қосып алды.
Ал 1939 жылы 15 наурызда Чехословакияны толық жаулап
алды. 1939 жылы Клайпед портын иеленiп, Балтық теңiз
жағалауындағы елдерге қауiп төнгiздi.
Германия империализмi Еуропадағы ең iрi әскери-өндiрiстiк
державаға айналды. Алты жылдың iшiнде өнеркәсiп өнiмдерiн
шығарудан Германия Еуропада бiрiншi орынға, ал дүниежүзiнде
АҚШ-тан кейiнгi екiншi орынға шықты. Дүниежүзiлiк өнеркәсiп
өндiрудегi үлес салмағы 1932 жылы 8,2%, 1939 жылы 13,3%
жеттi. Шойын мен болат өндiруден Франция мен Ұлыбритания-
ны қосқандағы деңгейде болды. Аллюминий өндiруден әлемде
бiрiншi орынға шықты.
1935-1939 жылдарда Германияда 5,5 млн адам әскери дайын-
дықтан өтiп, әскерiнiң саны 2,5 млн адамға жеттi. 1939 жылы 23
тамызда Герман-Кеңес елдерiнiң арасында соғыспау туралы
келiсiмге қол қойылды. Бұл пакті тарихта Молотов-Риббентроп
пактiсi деп аталды. Аталмыш келiсiм туралы екiншi дүниежү-
зiлiк соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынас тарихында кең
түсiндiрiледi. 1939 жылы «Италия мен Германия арасында
достық» пактiсiне қол қойылды. Бұл келiсiм арқылы екi ел
арасында әскери одақ құрылды. Кейiннен белгiлі болғандай, бұл
пактiге Жапония қосылып, үштiк әскери одақ құрылды. Iрi
капиталистiк елдердiң қолдау саясаты Германияны шығысқа
соғыс ашуға айдап салып отырды. Империалистiк елдердiң бұл
саясаты өз нәтижесiн бергенiмен, кейiннен өздерiне қатты
соққы болып тидi. 1939 жылы қыркүйек айының 1 күнi таңғы
сағат 4
15
-те Германия 1,6 млн. адамнан тұратын әскерiмен, 62
дивизия; оның iшiнде 2,8 танк, 6 мың миномет пен артиллерия
және 2 мың самолетпен Польшаға соғыс бастады. Екiншi
дүниежүзiлiк соғыс ХХ ғасырдағы ең жойқын соғыс болды.
|