Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка


§ 3. Австрия. 1918–1939 жж



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата02.01.2017
өлшемі1,2 Mb.
#1011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
§ 3. Австрия. 1918–1939 жж. 
 
Австрия  Республикасының  құрылуы.  1918  жылы  қазан 
айында  Австро-Венгрия  соғыста  жеңiлдi.  Габсбург  мұрагерлiк 
империясы  өмiр  сүруiн  тоқтатты.  Империя  құлағаннан  кейiн 
Орталық  Еуропада  тәуелсiз  мемлекеттер  құрылды.  Олар:  Авс-
трия, Венгрия, Чехословакия, Польша. 1918 жылы қазан айының 
30-ы  күнi  Вена  қаласында  еңбекшi  халықтың  қатысуымен  iрi 
демонстрация  ұйымдастырылып,  халық  республиканың  жария-
лануын  талап  еттi.  Социал-демократ  партиясының  басшысы 
Карл  Реннер  үкiмет  құрды.  Уақытша  ұлттық  жиналыс  (парла-
мент)  шақырылып,  конституцияның  жобасын  қабылдады. 1918 
жылы  қарашаның 12-і  күнi  парламент  Австрия  Республика-
сының құрылғандығын жариялады. 
Австрияның  экономикалық  дамуында  дағдарыс  басталды. 
Экономикалық  дағдарыс  елде  үкiметке  қарсы  наразылықты 
күшейттi. 1920 жылы  маусым  айында  социал-демократ  үкiметi 
отставкаға  кетуге  мәжбүр  болды. 1920 жылы 1 қазан  айында 
жаңа  конституция  қабылданды.  Австрия  демократиялық  Рес-
публика  болып  жарияланды.  Парламент  екi  палатадан:  Ұлттық 
кеңес  және  Федералдық  кеңестен  құрылды.  Конститу-ция 
жалпыға  бiрдей  сайлау,  сөз  бостандығы,  ұждан,  баспасөз  және 
әлеуметтiк  құқықтарды  жариялады. 1920 жылы 17 қазанда 
парламент  сайлауы  өттi.  Сайлауда  негiзгi  буржуазиялық  хрис-
тиан-әлеуметтiк партиясы жеңiске жеттi. 
Жаңа  үкiметтi  реакциялық  бағыттағы  И.Зейпель  басқарды. 
Ол  алғашқы  күннен  бастап  фашистiк  ұйымдарды  қолдап, 
Австрияны  Германияға  қосуға  шақырды.  Экономикалық  дағда-
рыстан  шығу  үшiн  Австрия  үкiметi  Ұлттар  лигасынан  қаржы 
көмегiн  сұрауға  мәжбүр  болды. 1922 жылы  қазан  айында 
Женева  конференциясына  қатысқан  елдер  Австрияға 650 млн 
крон  заем  беруге  келiстi. 1922 жылы  Австрияда  ақша  рефор-
масы  жүргiзiлiп,  қазiргi  Австрия  ақшасы - шиллинг  енгiзiлдi. 
Шет  ел  капиталының  қолдауымен  Австрияда  капита-лизм 
уақытша тұрақтану кезеңiне аяқ басты. 
1924–1929  жылдарында  Австрия  экономикасы  тұрақтанып, 
халықтың  тұрмыс  жағдайы  жақсара  бастады.  Буржуазия  өндi-
рiстi  дамытып,  жұмысшылардың  әлеуметтiк  талаптарын  еске-

134 
 
рiп, жалақыны өсiрдi, тұрғын үй мәселесiн шеше бастады. Вена 
қаласының басшысы 1931 жылы тұрғын үй салу бағдар-ламасын 
жасап,  қалада  жаңадан 45 мың  пәтер  салды.  Жергiлiктi 
жерлердiң  бюджетiне  түсетiн  арнаулы  салықтар  жүйесi 
енгiзiлдi. Бiрақ елде реакция мен фашизм кең етек ала бастады. 
1927  жылы  парламент  сайлауы  өттi.  Сайлауда  христиан  демо-
кратиялық  партиясы  жеңiп,  премьер-министр  Зейпель  үкiмет 
басына  келді.  Зейпель  бастаған  үкiмет  реакция  мен  фашизмдi 
қолдау саясатын жүргiздi. Сыртқы саясатта Германияны қолдап, 
антисоветтiк саясат ұстанды. 1927 жылы шiлде айында  жұмыс-
шы  табының  реакция  мен  фашизмге  қарсы  қарулы  көтерiлiсi 
болды. Қарулы көтерiлiстiң жеңiлiс тапты,  140 адам өлiп, 1500 
адам жараланды. Әйтсе де бұл реакция мен фашизмге тойтарыс 
берген алғашқы үлкен соққы еді. 
Дүниежүзiлiк  экономикалық  дағдарыс  жылдарында  Авс-
трияда  өнеркәсiп  өнiмдерiн  шығару  қысқарды. 1929 жылы 462 
мың т шойын, 632 мың т болат шығарылса, 1933 жылы 88 мың т 
шойын, 226 мың  т  болат  өндiрiлдi. 1932 жылы  елде 500 мың 
жұмыссыз  болды.  Әлеуметтiк  қайшылық  күшейiп,  халықтың 
тұрмыс  жағдайы  ауырлады.  Австрияда  фашизм  қайтадан  күш 
ала  бастады.  Фашизм  қозғалысында  екi  ағым  болды.  Бiрiншiсi, 
Италияны  қолдағандар – хеймверлер,  екiншi  германияны 
қолдағандар – нацистер  болды.  Үкiмет  басында  отырған 
христиан-демократтар  демократияға  шабуыл  жасай  бастады. 
Мұны Австрияның социал-демократтар партиясы қолдады. 1929 
–1930 жылдарда Шобер үкiметi конституцияны өзгертуге шешiм 
қабылдады. 1929 жылы  желтоқсанда  конституцияға  өзгерiстер 
енгiздi.  Сайлауға 20 жастан  емес, 21 жасқа  толған  адамдар 
қатыса  алатын  болды.  Президенттi 7 жылға  жалпыхалықтық 
сайлау  арқылы  сайлады.  Президент  парламенттi  таратуға, 
үкiметтi  парламент  келiсiмiнсiз  тағайындауға  құқықты  болды. 
Конституция  бойынша  парламент 3 палатадан  тұрды:  Ұлттық 
кеңес  және  Федеративтiк  кеңестен  құрылса,  үшiншi  палата 
Ұлттық кеңес екi палатаға бөлiндi. Бiреуi Австрияның жергiлiктi 
басқару  өкiлдерiнен,  екiншiсi  мұрагерлiк  кеңес  мүшелерінен 
(совет  сословий)  тұрды.  Жоғарғы  палата  жер  және  сословия 
кеңесі болып қайта құрылды. 

135 
 
Конституциядағы  саяси-әлеуметтiк  құқықтың  баптары  қыс-
қартылып,  демократиялық  кеңшiлiктер  шектелдi. 1929–1933 
жылдардағы  экономикалық  дағдарыс  кезінде  Австриядағы  ең 
бiр  ірі  банк  «Боденкредитанштальт»  банкрот  болды. Iрi  өнер-
кәсiп  орындары  жабылды.  Жұмысшылардың 53%-ы  қысқар-
тылды.  Донавиц  қаласындағы  «Альпинс  Монтангезелль-шафт» 
металлургия  заводы  тоқтатылды. 1932 жылы  ағаш  өңдеу 
заводтарының 60% жұмыс iстемедi. 
1934  жылы  ақпан  айында  жұмысшы  табы  реакция  мен 
фашизмге  қарсы  қарулы  көтерiлiстi  бастады.  Қаңтар  айында 
Тирол қаласында хеймверлар (фашистер) террор ұйымдастырып 
елде  фашистiк  төңкерiске  дайындалды.  Австрия  үкiметтi 
фашизмге қарсы күрес жүргiзiп, қару-жарақтарын тартып алып, 
тұтқындап  жатты.  Бiрақ  фашистiк  ұйымдардың  қарсылығы 
күштi болды. Вена, Линца, Грац қалаларында халық көтерiлiске 
шықты.  Фашизмге  қарсы  қарулы  көтерiлiс 15 ақпанға  дейiн 
жалғасты.  Көтерiлiске  қатысқандар  арасында  бiрлiк  болмады, 
социал-демократ  партиясы  мен  коммунистiк  партия  бiртұтас 
жұмысшы  майданын  құра  алмады.  Фашизм  жеңiске  жеттi. 
Көтерiлiсшiлер  жеңiлдi. 1000 адам  өлiп, 5 мыңдай  адам  жара-
ланды. 10–11 мың адам тұтқындалып, Вемерсдорф концлагерiне 
жiберiлдi. 
Фашистiк  диктатураның  орнауы. 1934 жылы  мамыр 
айында  фашистiк  күштердi  қолдаған  Дольфус  үкiметi  жаңа 
фашистiк  конституция  қабылдады.  Австрияда  барлық  саяси 
партиялар  мен  кәсiподақ  ұйымдарына  тыйым  салынды. Италия 
мен  Ватиканның  ықпалы  күшейдi.  Дольфус  үкiметiнiң  бұл 
саясаты  Германияға  жақпады. 1933–1934 жылдарда  Дольфус 
Муссолинимен бiрнеше рет кездесулер өткiздi. Германия өзiнiң 
аншлюс  саясатын  жүзеге  асыру  үшiн  күрес  жүргiзiп,  Дольфус 
үкiметiн  құлатудың  жолын  қарастырды. 1934 жылы  шiлде 
айында  Германия  Австрияда  мемлекеттiк  төңкерiс  ұйымдас-
тырып,  Дольфустi  өлтiрдi.  Жаңа  үкiметке  католик  шiркеуiн 
қолдаушы  Шушинг  тағайындалды.  Германия  Австрияны  басып 
алуға  дайындала  бастады.  Аншлюс  саясатын  жүзеге  асыруға 
кiрiстi. 
1936  жылы  шiлде  айында  Австрия  Германиямен  келiсiмге 
қол қойды. Австрия қағаз жүзiнде ғана дербес  мемлекет болға-

136 
 
нымен,  мен  өзiн  «Германияның  бiр  бөлiгi»  деп  қарастырды. 
1938  жылы  қараша  айында  Австрия – Германия  жасырын 
келiсiмiне  қол  қойылды.  Германия  Австрияны  экономикалық 
жағынан  тәуелдi  жасай  бастады.  Гитлер  Австрия  премьер-
министрi  Шушингтен  фашистердi  қолдау,  үкiметтiң  кейбiреу-
лерiн  жұмыстан  алуға  дейiн  талап  еттi.  Олардың  орынына 
нацист-министрлер  тағайындалды.  Қауiпсiздiк  министрi  болып, 
нацист Зейс-Инквартты қойды. 1938 жылы наурыздың 11-і күнi 
Гитлер  Австрияны  жаулап  алу  туралы  нұсқауға  қол  қойды. 
Зейс-Инкварт  Шушингпен  тiкелей  телефон  арқылы  сөйлесiп, 
Берлиннен Гитлердiң нұсқауларын жеткiзiп отырды. Наурыздың 
13-і  күнi  Шушинг  Австрияда  плебисцит  өткiзуге  шешiм 
қабылдайды.  Сол  күнi  Берлиннен  Геринг  Зейс-Инквартқа 
телефон соғып плебисциттi тоқтатуды талап етеді. Екi сағаттан 
кейiн  Зейс  Берлинге  телефон  соғып,  Шушинг  плебисциттi 
тоқтатқанын  айтады.  Шушинг  отставкаға  кетуге  мәжбүр 
болады.  Үкiметтi  Зейс-Инкварт  өз  қолына  алып,  Австрияда 
мемлекеттiк  төңкерiс  жүзеге  асады.  Зейс  үкiметi  Германиядан 
әскери көмек сұрайды. 1938 жылы наурыздың 13-і күнi аншлюс 
саясаты  жүзеге  асып,  Австрия  Германияға  қосылады.  Орталық 
Еуропада  Австрия  тұңғыш  рет  фашистiк  Германияның  агрес-
сиялық  саясатының  құрбанына  айналды.  Англиядағы  Герма-
нияның  бұрынғы  елшiсi,  әрi  Германияның  сыртқы  iстер 
министрi  Риббентроп  Англия  премьер-министрi  Чемберленмен 
жолығып  толық  қолдау  алғандығын  айтып,  Герингке  телефон 
соғады. 17 наурыз күнi КСРО үкiметiнiң сыртқы iстер министрi 
Германияның  Австрияны  жаулап  алуына  байланысты  үндеу 
таратады. «Совет  үкiметi  агрессорларға  қарсы  бiрiгiп  күресу 
керектiгiн  айта  келiп,  келесi  қауiп  Чехословакияға  төнiп 
отырғандығын  ескертiп,  Ұлттар  лигасы  арқылы  коллективтiк 
қауiпсiздiк  саясатын  қолдау  таппаса,  ертең  кеш  болатындығын 
ескертедi» делiндi. 15 наурыз күнi таңертең Гитлер өзiнiң туған 
елi  Австрияға  келедi.  Бiрнеше  мың  адам  қатысқан  жиында 
Гитлер  сөз  сөйлеп,  өзiнiң  арманының  орындалғанын  айтады. 
Вена  қаласының  тұрғындары  Гитлердiң  сөзiн  зор  қуанышпен 
тыңдап, қолдау тапқандарын бiлдiредi. 
Австрия жерi 7 облысқа бөлiнiп, Германияның «шығыс марка 
жерi»  деп  аталады.  Австрияны  рейхкомиссар  басқарады. 

137 
 
Аншлюс  саясатын  елдегi  реакция,  фашистер,  католик  шiркеуi 
оңшыл социал-демократтар қолдады. 
 
§ 4. Венгрия. 1918–1939 жж 
 
1918  жылғы  буржуазиялық-демократиялық  революция. 
1918  жылы  қазан  айында  Австрия–Венгрия  соғыста  жеңiлдi. 
Венгрияда саяси күрес кең етек алды. 29 қазанда Будапешт қала-
сында  тәуелсiздiк  алу  жолында  саяси  шерулер  басталды. 
Буржуазиялық-демократиялық  революция  барысында  реакция-
лық  Хадики  үкiметi  құлады.  Үкiметтi  Ұлттық  Кеңес  өз  қолына 
алды.  Оның  құрамына  буржуазиялық  және  социал-демократ 
партиялар кiрдi. 16 қарашада жұмысшы-солдат Кеңесі  жеңiске 
жетiп,  Халық  Республикасын  жариялады. 24 қарашада  Буда-
пешт  қаласында  Венгр  коммунистiк  партиясы  құрылды.  ВКП-
ның  сайлауы  болды.  Венгрияда  қос  өкiмет  орнады.  Буржуазия 
үкiметтi  өз  қолына  алып,  буржуазиялық  республика  жариялап, 
Венгрия  тәуелсiздiктi  жеңiп  алып,  Габсбург  империясының 
құрамынан  шықты.  Буржуазиялық  үкiметті  граф  М.Карольи 
басқарды. Социал-демократ партиясы үкiметтiң құрамына кiрдi. 
Соғыстан  кейiн  елдiң  экономикасы  өте  ауыр  жағдайда  болды. 
Жұмысшы тобы өз тұрмыс жағдайларын жақсартуды үкiметтен 
талап  етті.  Елде  ашаршылық  басталды.  Еңбекшi  халық 
көтерiлiске шықты, буржуазиялық үкiмет ешқандай экономика-
лық шараларды жүргiзуге шамасы келмедi. Венгрияда жергiлiктi 
жерде  басшылықты  кеңестер  қолына  ала  бастады.  ВКП-ның 
беделi  өстi.  Революциялық  дағдарыс  жалғасты.  Қос  өкiметтiң 
билiгін  солшыл  күштер  өз  қолдарына  ала  бастады. 1919 жылы 
19  наурызда  Антанта  елдерi  буржуазия  үкiметтiк  билiктi  өз 
қолдарында  ұстай  алмаса,  әскер  жiберетiнiн  ескертiп  жатты. 
Социал-демократ партиясы революцияны қолдамады. ВКП-ның 
басшысы  Бела  Кундi  және  басқаларын  тұтқындады.  Антанта 
әскерлерiнiң елдi басып алу қаупi күшейдi. 
Пролетарлық  революция.  1919  жылы 21 наурыз  күнi 
Будапешт қаласында  социал-демократ  партиясы  мен  Венгр 
коммунистiк партиясы үкiметтi өз қолдарына алу үшiн келiсiмге 
келдi.  Будапешт  қаласында  жаңа  үкiмет  құрылды.  Венгр  Кеңес 
Республикасын  жариялады.  Революциялық  Кеңесті  үкiметтiң 

138 
 
жұмысшы  табы  қолдады,  буржуазиялық  үкiмет  амалсыздан 
көнуге мәжбүр болды. Венгр Кеңес Республикасы 133 күн өмiр 
сүрдi.  Кеңес  өкiметi  саяси  кеңшiлiктер  жариялады  (шерулер, 
жиналыс, сөз бостандығы, баспасөз). 18 жасқа толған азаматтар 
сайлау  құқығына  ие  болды.  Кеңес  үкiметiн  қорғау  үшiн  ескi 
полиция  мен  жандармерияны  таратып,  Қызыл  Армия  құрды. 
Экономика  саласында  көптеген  шаралар  жүргiздi.  Өнеркәсiп 
пен  жердi  национализациялады.  Еңбекшi  халықтың  тұрмыс 
жағдайын  жақсарту  үшiн  жеңiлдiктер  бердi. 1919 жылы 
маусымда  жалпывенгрлiк  кеңес  съезiнде  Венгр  Кеңес 
Республикасының конституциясы қабылданды. Бұл шаралардың 
көбi  толық  жүзеге  аспады.  Антанта  елдерi,  оның  iшiнде 
Францияның  тiкелей  басшылығымен  Венгр  Кеңес  Республика-
сына  интервенция  ұйымдастырылды.  Француз  әскерiнiң 
генералы  Фош  басқарған  чехословак  және  румын  әскерлерi 
Қызыл  Армия  қарсылығын  баса  отырып,  шет  ел  әскерлерiмен 
бірігіп,  Венгр  жерiн  жаулап  алды.  Венгр  Кеңес  үкiметi  жалғыз 
өзi  көмек  көрсете  алмады,  себебi  Антанта  елдерiнiң  интервен-
циясымен  азамат  соғысын  жүргiзiп  жатты.  Венгрияның 
буржуазиясы  мен  социал-демократиялық  партиясы  Антанта 
интервенциясын  қолдады.  Сөйтiп, 1919 жылы 1 тамызда  Венгр 
Кеңес  Республикасы  құлады.  Үкiмет  отставкаға  кеттi.  Оңшыл 
социал-демократ Пейдл үкiмет құрды. Жаңа үкiмет Венгр Кеңес 
Республикасының  барлық  декреттерiнiң  күшiн  жойды. 
Буржуазия жеңiске жеттi. 
Хорти  үкiметiнiң  iшкi  контрреволюциялық  қызметi. 
Венгр  Кеңес  Республикасы  құлағаннан  кейiн  реакция  мен 
террор  кең  қанат  жайды.  Тибор  Самуэли,  Отто  Корвин,  Ене 
Ласло  т.б.  тұтқындалып,  өлiм  жазасына  кесiлдi.  Одан  басқа 
бiрнеше  мың  адам  тұтқындалып,  сотталды. 1919 жылы  қараша 
айында  Антанта  әскерлерiнiң  қолдауымен  адмирал  Миклош 
Хорти үкiметтi өз қолына алды. Венгрияда контрреволюциялық 
үкiмет  құрылды. 1920 жылы  қаңтарда  Венгрияда  парламент 
сайлауын  өткiзiп,  Хорти  диктатурасын  қолдаған  саяси  күштер 
жеңiске жеттi. Венгрияда монархиялық билiк қайтадан қалпына 
келтiрiлiп,  Регент  Хорти  сайланды.  Хорти  диктатурасын  iрi 
қаржы  монополиясы,  кейiннен  ұсақ  және  орта  буржуазиясы 
қолдады. Ұлттық фашистiк ұйымдары құрыла бастады. 

1920  жылы  маусымда  Трианон  келiсiміне  қол  қойылды. 
Келiсiм  бойынша  бұрынғы  Венгр  жерiнiң 
3
2
,  халықтың 60% 
Чехословакия,  Румыния  мен  Югославияға  берiлдi.  Венгрия  өте 
көп  мөлшерде  репарациялық  төлем  төлеуге  мәжбүр  болды. 
Хорти үкiметi антисоветтiк саясатты кең түрде жүргiздi. Польша 
–совет  соғысы  жылдарында  австро-венгро-польша  антисоветтiк 
одақ  құру  көзделдi. 1920–1921 жылдарда  контрреволюциялық 
үкiмет елдiң экономикасын қалпына келтiре бастады. Буржуазия 
жеңiске  жетiп,  елде  бейбiт  өмiр  басталды. 1921 жылы  үкiметтi 
граф  Иштван  Бетлен  басқарды.  Басқа  Еуропа  елдерi  сияқты 
Венгрия  экономикасы  капитализмнiң  уақытша  тұрақтану 
кезеңiне өттi. 
Капитализмнiң  уақытша  тұрақтануы  кезеңiндегi  Вен-
грия. ХХ ғасырдың 20-жылдарында барлық капиталистiк елдер-
дiң  экономикасы  уақытша  тұрақтану  кезеңiне  өттi.  Еуропа 
елдерiндегi  жұмысшы  табының  революциялық  қозғалысы 
жеңiлiс  тапты.  Буржуазиялық  үкiмет  капитализмдi  сақтау  үшiн 
реформалар  арқылы  экономиканы  қалпына  келтiрiп,  дамытуға 
шараларын  жүргiздi.  Дүниежүзiлiк  капитализм  бiр-бiрiне  қар-
жылай  көмек  көрсете  бастады.  Франция  үкiметi  Венгрияның 
Хорти  үкiметiне  ақшалай  көмек  көрсетiп,  өндiрiс  саласын 
дамытуға қолдау көрсетті. Венгрия 1924 жылы Ұлттар Лигасына 
мүше болып, 250 млн крон заем алды. Хорти үкiметi салықтың 
мөлшерiн өсiрдi. Еңбекшi халықты қанау арқылы экономиканы 
көтеруге  қол  жеткізді.  Өндiрiсте  капиталдың  шоғырлануы 
күшейдi. 1929 жылы  өндiрiстiң  өсiмi 1913 жылмен  салыстыр-
ғанда 19,3% өстi. 
Ауыл шаруашылығында 1920 жылдары жүргiзiлген рефор-ма 
айтарлықтай  нәтиже  бере  алмады.  Халықтың 95,6% ауыл 
шаруашылығына  тәуелдi  болды.  Өңделетiн  жердiң 37%-ы  ғана 
шаруалардың  меншiгiнде  болды. Iрi  жер  иелiктерiнде 1000 
хольда жер болды. 1 хольд – 0,75 га. Iрi помещиктiк жер иелiк-
терi сақталды. 
Капитализмнiң  уақытша  тұрақтануы  жылдарында  Хорти 
үкiметi  фашистiк  елдерiмен  жақындасты. 1927 жылы  Италия – 
Венгрия  достық  келiсiмiне  қол  қойылды. Iрi  капиталистiк 
139 
 

140 
 
елдердiң  қолдауымен  Венгрия  қарулана  бастады. 1939 жылы 
Гитлер үкiметiмен келiссөздер жүргiзе бастады. Венгрия сыртқы 
саясатта агрессиялық фашистiк елдердi қолдап отырды. 
Венгрияда  экономикалық  тұрақтану  ұзаққа  созылмады. 
Елдегi аграрлық дағдарыс күшейiп, өндiрiс орындары жабылды, 
1929  жылы  экономикалық  дағдарыс  басталды. 1930–1932 
жылдары егiс көлемi азайып, астық өндiру кемiп, шет елге астық 
шығару 5,5 млн центнерге қысқарды. Iшкi рынок экономикалық 
тоқырауға  ұшырады.  Шаруалар  күйзелiске  түсіп,  мемлекеттiң 
қарызы  көбейдi.  Мал  саны  қысқарып,  азық-түлiк  азайды. 
Кедейшiлiк бүкiл елдi қамтыды. 
Дағдарыс  өндiрiс  салаларын  да  кең  түрде  қамтыды. 700-ге 
жуық өнеркәсiп орындары жабылды. Жұмыссыздық 800 мыңдай 
адамды  қамтыды.  Ауыл  шаруашылық  машина  жасау  саласы 
18% кемiдi. Ауыр машина жасау, металл өңдеу, жеңiл өнеркәсiп 
өнiмдерi 65% қысқарды. 1929–1932 жылдары  жұмысшылардың 
жалақысы 81% қысқарды.  Жұмыс  уақыты 9–11 сағаттан 14 
сағатқа  ұзартылды.  Венгрияда  тұрмыс  жағдайының  нашарлауы 
мен  жұмыстағы  ауыр  еңбек  салдарынан  туберкулез  ауруы  кең 
етек алды. 
Венгриядағы  экономикалық  дағдарыс  жылдарында  саяси 
жағдай  шиеленiсе  түстi. 1931 жылы  Бетлен  үкiметi  отставкаға 
кеттi. 1932 жылы үкiмет дағдарысы жалғасып, жаңа күштi билiк 
үкiметi  генерал  Гембеш  тағайындалды.  Демократия  шектелдi, 
елде фашизм кең етек алды. Буржуазияның қолдауымен Гембеш 
үкiметi  Германиямен  жақындасты.  Венгриядағы  дағдарыс 
жылдарында  халық  қозғалыс  кең  етек  алды.  ВКП-сының 
ұйымдастыруымен 1930 жылы  Будапешт  қаласында 100 мың 
адам  қатысқан  демонстрация  өткiзiлдi. 1931 жылы  қыркүйек 
айында  үкiмет  елде  төтенше  жағдай  жариялады.  Ньйртуре, 
Балмазуйарош  қалаларындағы  жұмысшы  ереуiлiне  қатысқан-
дарға  үкiмет  зеңбiректен  оқ  атқылады.  ВКП-ның  басшылары 
Имре Шаллай мен Шандор Фюреттердi тұтқындап, өлтiрдi. 
1933 жылы маусым айында Гембеш бiрiншi болып Берлинге 
барып,  Гитлермен  кездестi.  Венгрия  Германияның  экономика-
лық  жағынан  тәуелдi  болды.  Гембеш  үкiметii 1936 жылы  от-
ставкаға  кеттi.  Оның  орнына  Кольмона  Дараньи (1936–1938) 
үкiметтi басқарды. 1937 жылы Венгрияда сайлау заңы шығарды. 

141 
 
Жаңа  сайлау  заңы  бойынша 1 млн  адам  сайлау  құқығынан 
айрылды.  Ұлттық-социалистiк  партия  мен  фашистiк  партияның 
реакциялық  террор  саясаты  күшейдi. Венгр  еврейлерiн  қудалау 
басталады.  Хорти  диктатурасының  билiгi  елде  толық  орнады. 
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңында Гитлер Чехословакияны 
жаулап  алғаннан  кейiн  Венгрияға  сыйлық  ретiнде  оңтүстiк 
Словакия мен Закарпат Украинасын бердi. 1939 жылы қаңтарда 
Венгрия  «антикоммитерн»  пактiсiне  қол  қойылды.  Закарпат 
Украина  жерiн  Венгрия  толық  жаулап,  екiншi  дүниежүзiлiк 
соғыста Венгрия Германия жағында соғысқа қатысты. 
 
§ 5. Румыния 
 
Бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғыстан  кейiнгi  Румынияның 
саяси-экономикалық  дамуы.  Румыния  Антанта  елдері  жа-
ғында соғысты. Соғыс жылдарында еңбекшi, халықтың тұрмыс 
жағдайы  өте  ауыр  болды.  Елдiң  көп  жерiн  Германия  әскерлерi 
жаулап алды. Өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 2 есеге азайды. Егiс 
көлемi 25% қысқарды. 1918–1919 жылдар  аралығында  Румы-
ниядағы халық қозғалысы кеңінен етек алды. 1918 жылы Румы-
ния  үкiметi  кеңестік  Ресейге  қарсы  соғыс  бастап,  Бессарабия 
жерiн уақыт-ша басып алды. Кейін 1918 жылғы Бухарест бiтiмi 
бойынша  Бессарабия  Румынияның  құрамында  қалды. 1918 
жылы  желтоқсан  айында  Трансильвания  жергілікті  халықтар-
дың  талабына  сәйкес  Румынияға  қосылды. 1919 жылы  Париж 
конференциясының  шешімімен  Солтүстiк  Буковина,  Тиссе 
өзенiнiң  жағалауындағы  венгерлер  тұрған  жер,  Батыс  Баната, 
Оңтүстiк  Добрудже  жерлерi  Антанта  мемлекеттерiнiң  қол-
дауымен  Румынияға  берiлдi.  Румынияның  жер  көлемi 138 
мыңнан 295 мың  кв  км  өстi, 7,8 млн  халықтан, 1920 жылы 16 
млн адамға жеттi. Сөйтiп Антанта мемлекеттерiнiң қолдауымен, 
Францияның  тiкелей  басшылығымен 1921 жылы  Орталық 
Еуропада  Румыния – Чехословакия – Югославия  келiсiмдерi 
өтiп, «Кiшi  Антанта»  саяси-әскери  одағы  құрылды.  Румыния 
үкiметi  Орталық  Еуропадағы  антисоветтiк  саясатты  жүргiзуші 
елдер  қатарында  болды. 1918–1922 жылдар  арасында  Румы-
нияда  буржуазиялық-помещиктiктiк  үкiмет  жетi  рет  ауысып, 
саяси тұрақсыздық ұзаққа созылды. 

142 
 
1922 жылы Румынияда революциялық қозғалыс бәсеңдеп, ел 
экономикасы қалпына келтiрiліп, тұрақтану кезеңiне өттi. 1924–
1929 жылдар арасында өндiрiстiң дамуы соғыс алдындағы даму 
деңгейiне  жеттi.  Өндiрiс  пен  капитал  шоғырланып  ұлттық 
буржуазия  капиталы  өстi.  Шетел  капиталы  мұнай  өндiрiсiне 
көптеп  тартыла  бастады. 1924 жылы  жер  байлығын  игерiп 
пайдалануда  шет  ел  мен  ұлттық  капитал 50% теңестiрiлдi. 
Өнеркәсiпте  жұмысшылардың  жағдайы  бұрынғыша  ауыр 
жағдайда  болды.  Жұмысшылар 10–12 сағат  жұмыс  iстедi. 
Жалақы 2 есеге  қысқарды.  Капитализмнiң  уақытша  тұрақта-
нуына  байланысты  ұлттық-либерал  партиясы (1922–1926 жж.) 
үкiметi  аграрлық  реформа  жүргiздi. 1921 жылғы  заң  бойынша 
жер  алу  құқығына  ие  болған 1369 мың  шаруа  жер  алды.  Бұл 
шаруалардың 60% болатын.  Ал  жердiң 30% помещиктердiң 
қолында  болады.  Аграрлық  реформа  жылдарында  ауыл  ша-
руашылығы капиталистiк жолмен тез дами түстi. 
Ұлттық  либерал  үкiметi  елде  ішінара  саяси  қайта  құрулар 
жүргiздi. 1923 жылы  наурызда  жаңа  конституция  қабылданды. 
Румыния бiртұтас мемлекет болып жарияланды. Барлық азамат-
тар  заң  алдында  бiрдей  құқыққа  ие  болды.  Елде  еркiндiк 
жарияланғанымен,  коммунистiк  партия  және  басқа  демокра-
тиялық  күштерге  қарсы  террор  мен  реакция  күшейдi.  Румыния 
коммунистiк  партиясы 1921 жылы 8 мамырда  құрылған  бола-
тын. Үкiмет профашистiк ұйымдарды қолдап, оларды жұмысшы 
табына  қарсы  қойып  отырды.  Капитализмнiң  уақытша 
тұрақтануы  жылдарында  еңбекшi  халық  өз  тұрмыс  жағдайын 
жақсарту  үшiн  күресін  жалғастыра  берді. 1922–1924 жылдарда 
Лупен,  Ароде,  Бухарест,  Тимишоар,  Браиле  қалаларында  iрi 
жұмысшы  қозғалыстары  болды. 1924 жылы  Бессарабияның 
Татарбунар  ауданында  шаруалар  қозғалысы  кең  етек  алып, 
кейбiр  жерлерде  кеңес  өкiметiн  орнатып,  Молдава  Кеңес  Рес-
публикасын  құрды.  Көтерiлiсшiлердi  басу  үшiн  әскер  жiберiп, 
көтерiлiсті  басып,  Кеңес  республикасын  құлатты. 3 мың  кө-
терiлiсшi өлтiрiлiп, Татарбунар ауданы талқандалды. 
Румынияда  саяси  билiк  үшiн  күрес  күшейiп,  ұлттық  партия 
мен  Царанистiк  (шаруалар)  партиялары  арасында  өкiмет  үшiн 
бақталастық кең етек алды. Бiрақ, 1926 жылы екi партия бiрiгiп 
Ұлттық-Царанистiк  партия  болып  аталды. 1928 жылы  парла-

143 
 
менттiк  сайлауда  ұлттық-царанистік  партия 77,9% дауыс  алып, 
ұлттық  партия  басшысы  болған  Ю.Маиу  премьер-министр 
болып  тағайындалды.  Жаңа  үкiмет  жүргізген  реформалар 
нәтижесінде  кулактардың  жағдайы  жақсарды,  жаңа  жерлер 
сатып  алынып,  жерсiз  қалған  шаруалардың  көбi  жұмыс  iздеп 
қалаларға  кетуге  мәжбүр  болды.  Аз  ұлттар  румындардың  ез-
гісіне  түсіп,  ұлттық  қақтығыстар  күшейе  түсті. «Ашық  есiк» 
саясаты  ұлттық  өндiрiске  француз,  ағылшын  және  американ 
капиталының көптеп келуiне жол ашты. 
1922–1924  жылдарда  Румынияның  ұлттық-царанист  үкiметi 
сыртқы  саясатта  «Кiшi  Антанта»  ұйымына  арқа  сүйеді,  сол 
арқылы  Францияның  беделi  өстi.  Италия  өзiнiң  ықпалын 
нығайту үшiн, Румыниямен келiссөздер жүргiзе бастайды. 1926 
жылы  мамыр  айында  Румыния  мен  Италия  арасында  «достық 
және  ынтымақтастық»  келiсiмiне  қол  қойылды.  Бұл  келiсiм 
«Кiшi  Антанта»  ұйымының  әлсiреуiне  жол  ашты.  Франция 
болса  өз  жағынан  «Кiшi  Антанта»  ұйымын  нығайту  үшiн 1926 
жылы  маусымда  Румыниямен  келiсiмге  келiп,  Бессарабия 
мәселесiн  Румыния  пайдасына  қалдыруды  қолдайды.  Бұл 
келiсiмге Кеңес үкiметi өз қарсылығын бiлдiредi. Екiншi дүние-
жүзiлiк  соғысқа  дейiн  орталық  Еуропада  Кеңес  елiмен  елшiлiк 
қатынас орнатпаған жалғыз Румыния болды. 
Экономикалық  дағдарыс  жылдарындағы  Румыния 
(1929–1933  жж.). 1927–1928 жылдарда  Румынияда  дағдарыс 
басталды.  Көмiр,  металлургия,  тоқыма  өнеркәсiп  орындарында 
өнiм  шығару  қысқарды.  Жұмыссыздық  тез  өстi. 1929 жылы 
экономикалық  дағдарыс  кең  етек  алды.  Өнеркәсiптiң  көптеген 
салалары  тоқтатылды.  Егiс  көлемi 30–40% қысқарды.  Азық-
түлiк жетiспедi. Темiржолдан түскен табыс 30% кемiдi. 
1928–1931 жылдарда  қаржы саласындағы  дағдарысқа  байла-
нысты  iрi  банк  жүйелерi  банкроттықа  ұшырады.  Румыниядағы 
«Мараморан  Бланк  және  Кә»  өз  жұмысыын  тоқтатты. 1928 
жылы  үкiмет  басына  келген  ұлттық-царанисттік  партия  елдi 
дағдарыстан  шығару  үшiн  шет  елдiң  қаржы  көмегiне  сүйенді. 
Бұл  шара  Румынияның  шет  елге  тәуелдiлiгiн  күшейте  түстi. 
Дағдарыс  жылдарында  еңбекшi  халықтың  тұрмыс  жағдайы 
нашарлай түстi. Елде халықтың үкiметке қарсы күресi күн санап 
көбейе  түстi. 1927 жылы  ереуiлге – 60 мың  адам  шықса, 1930 

144 
 
жылы – 120 мың адамға жеттi. 1929 жылы Лупен көмiршiлерiнiң 
көтерiлiсi кең етек алды. Жұмысшылар 8 сағаттық жұмыс күнiн, 
жалақыны  өсiрудi  сұрады.  Үкiмет  көмiршiлердiң  ереуiлiн 
қарумен  басты. 1930 жылдары  Бухарест,  Буковина,  Тимишоар, 
Галац, Клуже, Констанце қалаларында ереуiлдер жалғасты. 
Экономикалық  дағдарыс  жылдарында  үкiметтке  сенiмсiздiк 
күшейiп, бiрнеше рет ауысты. Ұлттық-царанистік үкiмет дағда-
рыстан  шығу  үшiн 1930 жылы  елден  қуылған  Фердинанд 
корольдiң  баласы  Карлды  шақырып,  таққа  отырғызды. 1930 
жылы маусымда Карл II таққа отырды. Ол елдегі монархияшыл 
реакциялық  саяси  күштердiң  қолдауына  сүйендi.  Ұлттық-
царанистiк  үкiметтiң  басшысы  Маниу  бұрынғыша  американ, 
француз  және  ағылшын  заемдарына  сүйене  отырып,  дағдарыс-
тан шығуға талпынды. Шет елдердiң қарызына белшеден батқан 
Румыния  экономикасы  оларға  бұрынғыдан  да  тәуелдi  бола 
бердi. 1932 жылы  Маиу  үкiметi  Ұлттар  лигасынан  көмек 
сұрады.  Бұл  шаралардың  барлығы  экономикалық  дағдарыс 
жылдарындағы  еңбекшi  халықтың  тұрмыс  жағдайын  жақсарта 
алмады. Экономикалық дағдарыс жалғаса бердi. 
Экономикалық-саяси  дағдарыс  әлеуметтiк  қайшылықты 
күшейттi.  Румынияда  Карл II билiгi  реакция  мен  фашистiк 
күштерге  сүйенгендіктен,  буржуазиялық-помещиктiк  топтар 
күшейе  түстi. 1934 жылы  Румыния  экономикалық  дағдарыстан 
шыға  бастады.  Ұлттық  монополия  мемлекеттiң  қолдауымен 
өндiрiстi  дамыта  бастады. 1934 жылы  өнеркәсiп  орындарында 
өнiм  шығару 1,5 есе  өстi.  Мұнай  өндiру 4,8 млн  т – 7,3 млн  т 
жеттi.  Болат  өндiру  мен  химия  өндiрiсi  жедел  дамып  отырды. 
Ауыл  шаруашылығында  аграрлық  реформа  толық  аяқталмады. 
2,5 млн шаруа жерсiз қалды. 
1934–1937  жылдарда  ұлттық-либерал  партиясының  басшы-
сы  Г.Татареску  үкiмет  басына  келді.  Жаңа  либералдық  үкiмет 
фашистiк Германиямен жақындаса бастады. 1935 жылы наурыз 
айында  Румын – Герман  келiсiм  болды. 1934 жылы  маусымда 
Румыния  КСРО  елiмен  елшiлiк  қатынас  орнатты.  Мұндай 
саясатты  жүргiзуде  Румын  сыртқы  iстер  министрi  Н.Титулес-
кудiң жеке басының рөлi күштi болды. 
1937 жылы желтоқсанда Румынияда парламент сайлауы өттi. 
Сайлау  мажоритарлық  жүйе  негiзiнде  жүргiзiлдi.  Ұлттық-

145 
 
либералдық  партия 40% дауыс  жинап,  парламентте  көп  орын 
ала  алмады.  Бұл  елде  диктатураның  орнауына  жол  ашты. 
Сайлаудан кейiн 1938 жылы ақпан  айында Карл II жаңа үкiмет 
құрды.  Үкiметтiң  құрамына  бiрде-бiр  саяси  партиялар  кiрмедi. 
Үкiмет  тiкелей  монархқа  бағындырылды.  Карл II елде  жеке 
билiктi  өз  қолына  алды.  Ол  Конституцияға  өзгерiстер  енгiздi. 
Парламенттiң  шешiмiнсiз-ақ  заңдарға  қол  қоя  алды.  Елде 
фашистiк  ұйымдар  өз  жұмыстарын  қайта  жоспарлап,  жаңа  фа-
шистiк  партия  құрылды.  Ол  «Ұлттық  өркендеу  майданы»  деп 
аталды.  Сыртқы  саясатта  Германияны  қолдап,  екi  ел  арасында 
экономикалық-сауда  келiсiмiне  қол  қойылды. 1939 жылғы  нау-
рыз  айындағы  келiсiм  нәтижесінде  Румыния  экономикасы 
Германияның шикiзат көзiне айналды. 
Румын – КСРО  қарым-қатынасы.  Екiншi  дүниежүзiлiк 
соғыстың бiрiншi кезеңiнде екi ел арасында Бессарабия мәселесi 
шешiмiн  таппады.  Румын  үкiметi  КСРО-ның  бейбiт  жолмен 
шешу  жөнiндегi  ұсынысын  қабылдамады. 1940 жылы 26 
маусымдағы  КСРО-ның  соңғы  ұсынысына,  румын  жағы 27 
маусымда «бессарабия мәселесi» бейбiт жолмен шешуге келiсiм 
беретiнiн  хабарлады. 28 маусым  күнi  Кеңес  армиясының 
оңтүстiктегi  әскерлерi  армия  генералы  Г.К.Жуковтың  бұйры-
ғымен  Днестр  өзенiнен  өтiп,  Бессарабия  мен  Солтүстiк 
Буковина жерiне кiрдi. Румын жағы қарсылық көрсетпедi, оның 
себебi Германия  Румын  үкiметiн  алдын  ала  көндiрген  болатын. 
КСРО  өзiнiң  батыстағы  шекарасын 200 шақырымға  кеңейттi. 
Бұған 1939 жылғы  тамыздағы  кеңес – герман  пактiсiндегi 
жасырын  келiсiмнiң  тiкелей  қатысы  болғаны  кейiннен  белгiлi 
болып отыр. Бессарабия мен Солтүстiк Буковинаның қайтарыл-
ған жер көлемi 5 мың кв. км, халқының саны 4 млн адам. Азат 
етiлген аудандарда кеңес өкiметi орнады. 
1940  жылы 2 тамызда  КСРО  Жоғарғы  Советiнiң  жетiншi 
сессиясы  Молдава  Совет  Республикасының  құрылғандығын 
жариялады.  Украин  ССР-ының  құрамына  Солтүстiк  Буковина, 
Хотин,  Аккерман  және  Измаил  уездерi  Бассарабиямен  қоса 
кiрдi. Бұл жерлерде украиндар көп тұрған болатын. «Бессарабия 
мәселесi»  шешiмiн  тапқанымен,  Румыния  КСРО-ға  қарсы 
саясатын жалғастырып, Германияның одақтасына айналды. 1940 
жылы қараша айында Герман – Румын келiсссөздерi жүргiзiлiп, 

146 
 
22  қарашада  Румыния  үштiк  одаққа  кiрдi.  Фашистiк  Германия 
әскерлерi Румынияға кiргiзiлiп, жаңа соғысқа бiрiгiп дайындала 
бастады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет