§ 1. Польша
Польша буржуазиялық мемлекетiнiң құрылуы. 2 – Речь
Посполитая. 1918 жылы қараша айында бiрiншi дүниежүзiлiк
соғыс аяқталды. Соғысқа дейiн Польша жерi үш мемлекеттiң
қол астында болып келдi. Батыс Польша жерi Пруссияның,
Шығыс Польша Ресейдiң, Силезия мен Гомиция Австро-Венг-
рияның отары болды. ХVI ғасырдың соңындағы Речь Пос-
политаяның үшке бөлiнуi поляк халқын тәуелсiздiгiнен айырды.
Бiрақ поляк халқы ұзақ жылдар бойына тәуелсiздiк үшiн күрес
жүргiзiп келдi. Соғыста Германия мен Австро-Венгрия жеңiлiп,
Польша халқы қайтадан мемлекетiн құруға мүмкiндiк алды. Бұл
тарихи оқиға поляк халқына тәуелсiздiктi алуға жол ашты.
Поляк халқының адал ұлдары Юзеф Пимудский, Роман
Димовский, Игнацы Падеревский, Игнацы Дашинскийлер зор
үлес қосып, тәуелсiздiктiң баянды болуына еңбек еттi.
1917 жылы 25 қазанда Ресейде қарулы көтерiлiс болып,
Петроград қаласында жаңа кеңес үкiметi құрылды. Кеңестiк
Ресей соғыстан шықты. 1918 жылы ақпанда кеңес үкiметi
Польшадан бас тартатынын мәлiмдедi. 1918 жылы 29 тамыз күнi
Польшаның тәуелсiздiгiн мойындаған декретке қол қойылды.
ХХ ғасырдың алғашқы жылдарындағы саяси-қоғамдық өзге-
рiстер Польшаның өз алдына қайтадан мемлекет болуына жол
ашты. 1918 жылы қараша айының 11-і күнi Варшава қаласында
Регенттiк Кеңес елдегi әскери билiктi Магдебург түрмесiнен
шығып келген Юзеф Пилсудскийге бердi. Юзеф Пилсудский
жаңа үкiмет құрды. Үкiмет басшысы болып социалист Енджеем
Морачевский тағайындалды. Польша буржуазиялық демокра-
тиялық мемлекет болып жарияланды. Екiншi Речь Посполитая
Республика болды. Бiрiншi Речь Посполитая 1569 жылғы
Люблин униясынан кейiн құрылған. Бұл уния негiзiнде Польша
королдiгi мен Ұлы Литва княздiгi қосылып – мемлекет бiртұтас
Речь Посполитая деп аталған. Речь Посполитая – көп ұлтты
мемлекет болды.
122
1919 жылы қаңтар айында Польша мемлекетiнiң парламенті
(Заң шығарушы органы Сеймге) сайлау өттi. Сеймге сайлау
жалпыға бiрдей, тең негiзде өттi. Сайлаудан кейiн Польша
мемлекетi құрылуының бiрiншi кезеңi аяқталды. 1919 жылы
ақпан айында бiрiншi рет Сейм шақырылды. Сеймде Юзеф
Пимудский сөз сөйледi. Ол: «Бiр жарым ғасырға созылған күрес
жеңiспен аяқталып, халық жаңа демократиялық Речь Поспо-
литая мемлекетiнiң қайтадан өрлеуiне толық сене бастады. Бүгiн
бiз үшiн Ұлы жеңiс мейрамы» – дедi.
Сеймде елдiң жаңа конституциясын жазу үшiн арнайы
комисссия құрды. Комиссия екi жыл жұмыс iстеп, 1921 жылы
наурыз айында жаңа конституция қабылдады. Бұл конституция
1721 жылғы 3 мамырдағы конституция негiзiнде жасалынып,
Еуропадағы ең демократияшыл конституция болып қабыл-
данды. Польша буржуазиялық мемлекетiнiң құрылуы аяқталды.
Польшаның антисоветтiк саясаты. 1919 жылы ақпан
айында Польша әскерлерi Кеңестiк Ресей жерiне кiрiп, Ковель,
Брест, Вильнюс (Вильно), Минск, Житомир және Батыс
Украина жерлерiн басып алды. 1920 жылы мамыр айында Киев
қаласын алады. Большевиктер партиясы мен кеңес үкiметi Киев
қаласын азат ету үшiн соғыс қимылдарын жүргiздi. Польша
әскерлерiне қарсы Буденный басшылығындағы атты әскер
қатысып Киев қаласын азат еттi. Польша әскерi кейiн шегiнуге
мәжбүр болды. Кеңес әскерлерiнiң соғыс қимылдарына генерал
Михаил Тухачевский басшылық жасады. Соғыстың барысында
Буч озенiнен өтiп, Белосток қаласын азат етiп Варшава қаласына
жеттi. 12–18 тамызда Варшава үшiн соғыстар жүрдi. Қаланы
қорғау генерал Тадеуш Розвадовскийге тапсырылды. 16 тамызда
Польша әскерлерi қарсы шабуылға шығып Радзимин, Непо-
ренто және Осково қалаларын Қызыл әскерлерден азат еттi.
Маршал Пимудский соғыс қимылдарына өзi басшылық жасады.
Қызыл Армия кейiн шегiнуге мәжбүр болды.
1920 жылы қазан айында Польша – Кеңес келiсiмi болып,
соғыс қимылдары тоқталды. Соғыс аяқталғаннан кейiн 1921
жылы 18 наурызда Рига қаласында Польша – Кеңес келiсiмiне
қол қойылды. Келiсiм бойынша Польша – Кеңес шекарасы
белгiленiп, Польшаға Батыс Украина мен Батыс Белоруссия
территориясы Речь Посполитаяға берiлдi.
123
Капитализмнiң уақытша тұрақтану кезеңiндегi Польша.
Польша мемлекетiнiң жер көлемi 388 мың км
2
, 1921 жылғы
халық санағы бойынша 27 млн адам, оның 65% поляктар болды.
20 жылда Польша халқының саны 35 млн адамға жеттi. 1922–
1924 жылдарда елде экономикалық қайта құру реформалары
жүргiзiлдi. Реформа айтарлықтай нәтиже бермедi, елде эконо-
микалық дағдарыс кең етек алды. Шет елге мемлекеттiк қарыз
мөлшерi 2 млрд златых болды. Көмiр өндiру – 68%, болат қо-
рыту 37,5% кемiдi. Шет ел капиталы өндiрiстiң негiзгi сала-
ларына ие бола бастады.
1926 жылы Польшаның экономикалық дамуына қолайлы
жағдай әсер етті. Елде егiс көлемi өсiп, жазда егiннен мол өнiм
түстi. Сыртқы саудада бидай (астық) көптеп шығарылды. 1926
жылғы мамыр айындағы Англиядағы көмiршiлердiң жалпы
ереуiлi нәтижесiнде ағылшын көмiрiнiң орнына Польша
көмiрiне сұраныс өстi.
1924 жылы тамыз айында үкiмет ақша реформасын жүргiздi.
Осы кезге дейiнгi немiс маркасының орнына польша злотасы
енгiзiлдi. Ұлттық ақша беделi өсiп, шетелге тәуелдiлiк азая
бастады. 1925 жылы Польша сеймi аграрлық реформаны аяқ-
тады. Реформа бойынша Батыс Польшада 180 гектардан артық
жер бөлiнуi қажет болды, ал шығыста 300 гектардан артық жер
бөлiске түстi. Себебi, Шығыс Польшаның жерi егiс егуге
қолайлы болатын. Өндiрiс пен жеке өнеркәсiп иелерiне 700
гектар жер берiлдi. Бұл бөлiс екi жылда аяқталуы керек, екi
жылдан кейiн жерi бөлiске түскен жер иесi мемлекеттен арнайы
банк арқылы несие алатын болды. 1921 жылғы мәлiмет
бойынша, халықтың 60% шаруалар болды. Реформа бойынша,
iрi помещиктерден алынған жер үлесi шаруаларға берiлдi, олар
шаруашылықтарын жүргiзу үшiн банктен ақшалай несие алды.
Кепiлдiлiкке жерлерiн қойды. Реформа толық жүргiзiлмедi.
Шаруалардың жерiне салық мөлшерi көп салынды. Халықтың
көп бөлiгi қайыршылықта күн көрiп жатты.
1926 жылғы мамыр айындағы төңкерiс. 1922 жылы сейм
сайлауында Пилсудскийдi қолдаған саяси партиялар жеңiлiс
тауып, Пилсудский елдегi саяси жұмыстан кетедi. Парламент
елдi басқару iсiнде белсендiлiк танытады. Бiрақ халық үкiмет
пен парламенттi сынап қарсы шығады. Саяси партиялар
124
конституцияға өзгерiстер енгiзудi талап етеді. Атқарушы билiктi
күшейтуге, жеке билiктi Пилсудскийге берудi талап етедi.
Армия арасындағы беделiн пайдаланып Пилсудский төңкерiс
арқылы ел билiгiн қолына алуға дайындық жасап жатқанда,
1926 жылы мамыр айында үкiмет дағдарысы басталады.
Президент Войцеховский үкiметтi ауыстырады. Пилсудский
мамыр айының 12-і күнi елде төңкерiс жасайды. Үш күннен
кейiн армияның қолдауымен Пилсудский елдегi билiктi өз
қолына алады. Парламент таратылмайды, Польшаның жаңа
президентi болып Игнацы Мосицицкий сайланады. Конституция
мен парламент сақталғанымен, Пилсудский мемлекеттiң басшы-
сы болды.
Жаңа үкiмет басшысы болып Бартель тағайындалады. Үкiмет
елдi дағдарыстан шығару үшiн санация бағдарламасын
жариялайды. Санация – аурудың алдын алу деген сөз. Мектеп
балаларының тiс ауруын болдырмас үшiн дәрiгерлер мектепте
санации жүргiзедi. Экономиканы көтеру үшiн санация арқылы
бiршама реформалар жүргiзiлдi. Маршал Пилсудский конститу-
цияға өзгерiстер енгiзудi, президенттiң жарлығы заң күшi
ретiнде пайдалануды талап еттi. Бартель үкiметi елде өнеркә-
сiптiң жаңа салаларын дамытуға, Гдын қаласындағы кеме жасау
портын жаңадан салуға көп қаржы бөлдi. Ұлттық ақша беделi
өсiп, аграрлық реформа жалғасты. Елдiң экономикасы дами
бастады. Әсiресе, көмiр өнеркәсiбi көп өнiм шығарды.
1928 жылы 4 наурыз күнi сейм сайлауы өттi. Сайлауда
Пилсудский жағы жеңiске жеттi. Бiрақ парламенттi тарата
алмады. Елде санация диктатурасына қарсы оппозиция әлi де
болса күштi болды. Бiрақ 1929 жылы Польшада экономикалық
дағдарыс басталды. Экономикаға шет ел капиталы көп келе
бастады. Халық наразылығы күшейдi. Олар санация диктату-
расын қолдаған саяси күштер конституцияны өзгертiп, жеке
билiктi күшейтудi талап ете бастады.
Экономикалық дағдарыс жылдарында. Дүниежүзiлiк
экономикалық дағдарыс Польша экономикасының барлық сала-
сын қамтыды. 1929 жылы өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 15,2%
азайды, ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығару 4,7 млрд злотаға,
1,5 млрд злотаға кемiдi. Елде 500 мың жұмыссыз болды.
Санация үкiметiне қарсы ереуiлдiң қозғалыс күшейiп, оған 1934
жылы 400 мың жұмысшы қатысты. Украина мен Батыс
Белоруссия шаруашылығының жағдайы өте ауыр болды. Волын
және Краков воеводтарында шаруалар көтерiлiсi кең етек алды.
Польшада 1934 жылы Березе-Картуда концентрациялық лагерь
(концлагерь) пайда болды.
Экономикалық дағдарыс санация диктатурасы кезiнде саяси-
билiк саласын да дағдарысқа әкелдi. 1934 жылы билеушi топтар
конституцияны өзгертудi талап еттi. Пилсудский парламент
арқылы жаңа конституцияны бекiттi. 1935 жылы сәуiр айының
23-і күнi президент Мосьцицкий жаңа конститу-цияға қол
қойды. Сәуiр конституциясы бойынша, елдегi басшылық
Пилсудскийдiң қолына көштi. Ол «құдай мен тарих» алдында
ғана жауапты болды. Президент 7 жылға сайланады. Президент
үкiметтi тағайындауға және алып тастауға, парла-менттi
таратуға, елде төтенше жағдайды жариялауға құқылы, сонымен
бiрге жоғарғы әскери қолбасшы болды. Сенат депутаттарының
3
1
президент тағайындай алады. Конституция азаматтардың
құқын тежедi. Халықтан мемлекеттi жоғары санады. Польшада
жеке адам диктатурасы орнап, демократия шектелдi.
Конституция қабылданғаннан кейiн бiрнеше жетiден кейiн
маршал Пилсудский қайтыс болды. Маршал Краков қаласында
Ваел костелiнде (шiркеуiнде) Речь Посполитая корольдерiнiң
қасында жерлендi.
Осыдан кейiн Польшада жаңа конституция бойынша сейм
(парламент) сайлауы болды. Сайлауда санация диктатурасын
қолдаған саяси партиялар жеңiске жеттi.
Польша мемлекетiнiң басшысы болып генерал Эдварда–
Смигло тағайындалды.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңында Польша мемлеке-
тiнiң сыртқы саясаты Германия мен КСРО арасында тепе-
теңдiктi сақтауды қолдады. Польшаның сыртқы iстер министрі,
полковник Юзеф Бек болды. 1932 жылы КСРО мен бiр-бiрiне
соғыспау туралы келiсiмге қол қойылды. 1934 жылы осындай
келiсiм Германиямен де жасасылды. 1939 жылы Гитлер
Польшадан Данциг қаласын және «польша коридорын»
Германияға берудi талап еттi. «Польша коридорымен» Польша
125
126
жерiнен Шығыс Пруссияға бару үшiн темiр жол мен автомобиль
жолдарын салу үшiн жер бөлудi ұсынды. Польша үкiметi
Германия ұсынысын қабылдамады. Сөйтiп, 1934 жылғы келiсiм
бұзылды. 1939 жылы тамыздың 23-і күні Молотов–Риббентрон
пактiсiне қол қойып, Батыс Украина, Батыс Белоруссия,
Финляндия, Латвия және Бессарабия КСРО-ға берiлетiн болды
да, Литва Германияғпа өтетiн болды. Соғыс басталмай тұрып-ақ
Гитлер мен Сталин Польшаны осылай бөлiстi.
1939 жылы қыркүйектiң 1-і күнi Германия Польшаға соғыс
ашты. Польша халқы ерлiкпен өз отанын қорғап, соғыс
қимылдарын жүргiзiп жатты. Варшава қаласын екi жетi бойына
қорғап, күштiң тең болмауына байланысты Германия Польшаны
жаулап алды.
1939 жылы қыркүйектiң 17 күнi КСРО Батыс Украина мен
Батыс Белоруссия жерiне басып кiрдi. Молотов – Риббентрон
пактiсiнiң жасырын ықпал жасау келiсiмiне сүйенiп, КСРО
Польшаға соғыс ашты. Германия мен КСРО қыркүйек айында
Польшаны толық жаулап алды.
§ 2. Чехословакия
Буржуазиялық Республиканың құрылуы. 1918 жылы
қазан айының 28-і күнi Австро-Венгрия өзiнiң АҚШ үкiметiне
жiберген нотасында соғыстан шығатынын және бiтiмге қол
қоюға дайын екенiн жазды. Австро-Венгрия империясы құлады.
Бұл қуанышты хабар жеткеннен кейiн эмиграцияда жүрген
Чехословак ұлттық комитеті елдегi өкiмет билiгін өз қолдарына
алатынын жариялады. 1918 жылы қазан айының 30-ы күнi
Турчанский Мартин қаласында Словак ұлттық комитетi арнайы
декларация қабылдап, өздерiн чех халқының бiр бөлiгi ретiнде
санап, бiр мемлекетке қосылатынын бiлдiрдi.
1918 жылы қараша айының 16-ы күнi Чехословак ұлттық
комитеті уақытша конституция жариялайды. Жоғарғы заң
шығарушы Ұлттық жиналыс (парламентi) болып қабылданады.
Ұлттық жиналыстың бiрiншi отырысында елдiң тұңғыш
президентi болып Т.Г.Масарик (1886–1918 жж.) сайланады.
Чехословак үкiметiн ұлттық-демократиялық партия жетекшiсi
К.Краларис басқарады. Чехословак сыртқы iстер министрi
127
Э.Бенеш тағайындалады. Э.Бэнеш (1884–1949 жж.). 1918–1935
жылдарда сыртқы iстер министрi. 1935–1948 жылдарда Чехо-
словак Республикасының президент қызметiн атқарады.
Чехословак Республикасының шекарасы Версаль, Сен-
Жермен және Трианон келiсiмдерi арқылы шешiлдi. Чехослова-
кия мен Польша арасындағы Тешин облысы Антанта елдерiнiң
қолдауымен 1919 жылы ақпан айында екi ел келiсiмi арқылы
бейбiт жолмен шешiледi. Тешин облысы екiге бөлiнедi. Бұл
бұрыннан екi ел арасында талас туғызып келген мәселе бола-
тын. Ользе өзенiнiң оңтүстiк-батысында Тешин Силезиясын-
дағы жер болатын. Осымен Чехословак буржуазиялық Респуб-
ликасының құрылуы аяқталды.
1918–1920 жылдарында Чехословак үкiметi елде экономи-
калық-әлеуметтiк шаралар жүргiздi. 1920 жылы аграрлық
реформа қабылдады. Мемлекет iрi жер иелерiнен 150 га жерден
артық жердi сатып алып, оны шаруаларға бердi. Шаруалардың
жердi сатып алуы үшiн аграрлық банктерден несие алуларына
рұқсат етiлдi. Аграрлық реформа ұзақ уақытқа созылды. Елде
революциялық қозғалыстар кең етек алды. Оған себеп
бiрiншiден, Ресейдегi қазан төңкерiсi, екiншiден, 1919 жылғы
Венгриядағы революция болды. 1919 жылы маусым айының 16-
ы күнi Словакияның Пресиове қаласында революция жеңiп
Словак кеңес Республикасы құрылды. Кеңестiк өкiмет үш апта
ғана өмiр сүрдi.
1920 жылы ақпан айында Ұлттық жиналыс жаңа конститу-
ция қабылдады. Конституция буржуазиялық демократиялық
кеңшiлiк жариялады. Азаматтардың құқықтарын және жеке
меншiктi қорғады. Жоғарғы заң шығарушы органы екi
палатасын Ұлттық жиналыс бекiттi. Президент парламент
арқылы жетi жылға сайланды. Жергiлiктi басқару мекемелерi
айтарлықтай өзгерiске ұшыраған жоқ. 1920 жылы сәуiр айында
Чехословакияда тұңғыш парламент сайлауы өткiзiлдi. Сайлауда
социал-демократ партиясы мен социалистер жеңiске жеттi.
Қызыл-жасыл коалициялық үкiмет құрылды. Масарик прези-
дент болып қалды. Үкiмет басшысы болып Тусар тағайындалды.
Еңбекшi үкiметi аталған Тусар үкiметi халықтың әлеуметтiк
және тұрмыс жағдайын жақсарта алмады. Елде жұмыссыздық
өстi. Қымбатшылық, азық-түлiктiң жетiспеуi революциялық
128
қозғалысқа әкелдi. 1920 жылы желтоқсан айында жұмысшы
қозғалысы кең етек алды. Тусар үкiметтен кетiп, оның орнына
Я.Черный тағайындалды. 1921 жылы мамыр айында солшыл
социал-демократтар Прага қаласында өздерiнiң съездерiн өткiзiп
Чехословак
Коммунисттiк
партиясының
құрылғандығын
жариялады.
1918–1921 жылдарда Чехословак үкiметiның сыртқы саяса-
ты антисоветтiк бағытта болды. Сыртқы саясатта Антанта
мемлекеттерiне арқа сүйедi. Оның iшiнде Франция үкiметiнiң
сыртқы саясатын қолдау арқылы жүргiздi. Францияның тiкелей
айтуымен антисоветтiк саясатты қолдап Орталық Еуропада Кiшi
Антанта әскери одағы құрылды. Кiшi Антанта Югославия
корольдiгiнiң қатысуымен құрылды. 1920 жылы 14–15 тамызда
Чехословак – Югославия, Чехословак – Румыния келiсiмдерiне
қол қойылды. Кiшi Антанта одағының мiндетi бiрiншiден,
советтiк Ресейге қарсы тұру, екiншiден, Австро-Венгрия
империясының қайтадан құрылуына жол бермеу болды. 1921
жылы қыркүйек-қазан айларында Карл Габсбург екi рет
монархияны қалпына келтiру үшiн төңкерiс ұйымдастырды.
1921 жылы қазан айында төңкерiсшiлдер жеңiлiс тауып, Карл
тақтан түстi. Габсбург монархиясын қайта құруға тыйым
салынды.
Капитализмнiң уақытша тұрақтану кезiндегi Чехосло-
вакия. Чехословакия капитализмнiң уақытша тұрақтану кезiнде
1924–1929 жылдарда экономикалық дамуда айтарлықтай жеңiс-
ке жеттi. 1926 жылы өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 1913 жылмен
салыстырғанда 20% артты. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн
шығару 1913 жылғы деңгейге жеттi. 1927 жылы өнеркәсiп өнімі
108%, ал 1927 жылы 113% өстi. Чехия мен Моровия ауданда-
рында ауыр өнеркәсiп қаржы олигархиясының қолдауымен тез
дамыды. Өнеркәсiп-қаржы иесi Живностен банкiн өз қолына
алды. Словак ауданы аграрлы болып қала бердi. Өнеркәсiптiң
20% шет капиталының қолында болды. 1930 жылы 494 iрi
өнеркәсiп орындарында жұмысшылардың 21,7% жұмыс iстедi.
ХХ ғасырдың 20-жылдарында ұлттық буржуазия жеңiл
өнеркәсiпте айтарлықтай табысқа жеттi. Змине қаласындағы аяқ
киiм фабрикасы елдегi аяқ киiм өнiмдерiн шығарудың 90% өз
қолына алды. 1924–1930 жылдарда Бати концернi 3 млннан 22,5
129
млн пар аяқ киiм шығарды. Чехословакия экспортқа аяқ киiм
шығарудан дүние жүзiнде бiрiншi орынға шықты. Чехословак
шет елге капитал шығарып отырды. Австрия, Венгрия,
Югославия, Румыния және Польша ұзақ мерзiмге несиеге
Чехословакия тауарларын алды.
Аграрлық реформа Чехословакияда 1929 жылы аяқталды.
1927 жылы 4881 iрi жер иесiнiң үлесiнде 1 млн 166 мың га жер
болса, 1 млн 67 мың шаруалардың үлесiнде 2 млн 30 мың га жер
болды. Әрбір ірi жер иесiнде 238 га жер болса, әр шаруада 2 га
жер болды. Техникалық дақылдардың егiс көлемi артты. Қант
қызылшасының көлемi 2 есеге жуық өстi.
Жұмысшы табының әлеуметтiк жағдайы ауыр болды. Елде
қымбатшылық кең етек алды. Жұмысшы ереуiлдерi жиi-жиi
болып жатты. 1924 жылы мамыр айында Жилин қаласында
тоқымашылар ереуiлге шықты. Қыркүйек айында Прага қала-
сындағы демонстрацияға 10 мың адам қатысты. Қымбат-
шылыққа қарсы ереуiл 19 қыркүйекте Братиславада, 30 қыр-
күйекте Остров қаласында өттi.
1924 жылы қазан айында парламент әлеуметтiк қауiпсiз-
дендiру туралы заң қабылдады. 1925 жылы жұмыссыздарға
төленетiн көмек туралы заң шықты. Кәсiподақ ұйымы жұмыс-
сыздарға үш айға дейiн көмек төлейтiн болды. Мемлекет
кәсiподақ ұйымына қайтарым төлем төлейтiн болды.
1922–1926 жылдарда Швеглы үкiметi еңбекшi халықтың
мүддесiне сай жұмыс атқара алмады. Елде үкiметтiк дағдарыс
қалыптасты. 1925 жылы парламент сайлауы өттi. Сайлауда
бiрлiк үкiмет партиялары жеңiске жеттi. Социал-демократ,
Аграрлық ұлттық-демократиялық партиялары 146 мандатқа ие
болса, оппозициялық партиялар 141 мандат алды. Чехословак
коммунистiк партиясы екiншi орын алып 40 мандат жеңiп алды.
Социал-демократ партиясы 19 мандатқа ие болды. Жаңа
үкiметтi Швеглы басқарды. 1926 жылы мамыр айында үкiметтiң
құрамынан социал-демократтар шықты. Ұкiметтi Ян Черны
ауыстырды. 1927 жылы әскерлер сайлау құқынан айрылады.
Елде әкiмшiлiк басқару реформасы жүргiзiлдi.
1930 жылы Чехословакияда дүниежүзiлiк экономикалық дағ-
дарыс басталды. 1930 жылы өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 30%
қысқарды. Өнеркәсiп орындарының 15% жабылды. Елде 1,3 млн
130
адам жұмыссыз қалды. 1929 жылы парламент сайлауында
Аграрлық партия жеңiске жеттi. Ұкiметтiң құрамына социал-
демократ партиясы кiрдi. Жаңа үкiмет дағдарыстан шығудың
жолын еңбекшi халыққа салынатын салық мөлшерiн көбейту
арқылы жүргiздi. Дағдарыс әлеуметтiк қайшылықты тереңдеттi.
Жұмыссыздар өздерiнiң жағдайын жақсарту жолында шерулер
ұйымдастырды. 1930 жылы наурыз айының 6-ы күнi 100 мың
адам қатысқан шерулер болды. 1932 жылғы ақпан айында
осындай шерулерге 400 мың адам қатысты. Жұмыссыздардың
шерулерiн Чехословак коммунистiк партиясы басқарды. 1932
жылы наурыз айында жұмысшылардың саяси ереуiлi жалпы
халықтық сипатқа ие болды.
Солтүстiк Чех ауданындағы Мостец көмiршiлерiнiң ереуiлi
кең етек алды. Бұдан басқа 400-дей саяси ереуiлдер өткiзiлдi.
Экономикалық дағдарыс жылдарында күйзелiске ұшыраған
Закарпат Украин шаруаларының қозғалысы да өрши түсті.
Экономикалық дағдарыс Чехословакияда 1937 жылға дейiн
созылды. Еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайы нашарлай бердi.
Елде саяси дағдарыс күшейе түстi. 1939 жылы Германияда
фашистiк диктатураның орнауы, елде фашистiк партиялар
құрылып, Судет облысында Генлейн бастаған «немiс судет»
партиясы құрылды. Чехословакияның тәуелсiздiгiне тiкелей
қауiп төндi.
1935 жылы желтоқсан айында президенттiк сайлау өттi.
Масарик президенттiк билiктен бас тартуына байланысты,
сайлауда көпшiлiк дауыс алған ұлттық-социалистiк партия
ұсынған Э.Бенеш жеңiске жеттi. 1935–1938 жылдарда Германия
мен Италия елдерiнiң агрессиялық саясаты Чехословакияның
сыртқы саясатта жаңа бағыт ұстауына әкелдi. Франция мен
КСРО елдерiнiң коллективтiк қауiпсiздiк саясатын қолдау
арқылы антисоветтiк саясаттан бас тартуға мәжбүр болды. 1935
жылғы мамырдың 2-і күнгi Кеңес – Француз келiсiмiн қолдап,
1935 жылы мамырдың 16-ы күнi Мәскеу қаласында бiр-бiрiне
шабуыл жасаспау және өзара көмек көрсету туралы Совет –
Чехословак келiсiмiне қол қойылды. Бұл саясат Чехословакия-
ның тәуелсiздiгiне уақытша болса да кепiлдiк бере алды.
Мюнхен келiсiмi. 1938 жылы 12 наурызда фашистiк
Германия Версаль бiтiмiн бұзып Австрияны аншлюс саясаты
131
негiзiнде Германияға қосты. Чехословак тәуелсiздiгiне тiкелей
қауiп төндi. 1938 жылы 23–24 сәуiрде Карлово-Вары қаласында
Судет немiстер партиясының съезi болып, өздерiнiң талаптарын
қойды. Бiрiншiден, Судет облысына автономиялық құқық беру,
екiншiден немiс ұлтшылдарына еркiн үгiт-насихат жүргiзуге
рұқсат ету, КСРО – Чехословак келiсiмiнен бас тарту сияқты
саяси талаптар қойды. Генлейннiң съезде сөйлеген сөзi Герма-
ния радиосы арқылы толық берiлдi. Мамыр айында Судет
облысында арандатушылық, үгiт-насихат жұмысы күшейдi.
1938 жылы мамырдың 22-і күнi Судет облысында өткен
жергiлiктi басқару органдарын сайлаудан бас тартқан Судет
немiстерiнiң бүлiгi болды. Судет немiстерiн қолдаған Германия
Чехословакияға қарсы соғыс ашу үшiн «Грюн» жоспарын
жасады. Мамырдың 21-і күнi Чехословакия үкiметi елде
мобилизация жариялады. Чехословак халқы отанын қорғауға
дайындалды. Мамыр дағдарысы қыркүйек айына дейiн созылды.
Франция мен Англия үкiметтерi Гитлердiң Чехословакияны
басып алу саясатын қолдап, Судет облысын Германияға беруге
көндiру үшiн 1938 жылы 19 қыркүйекте Чехословакияға ульти-
матум табыс еттi. Чехословак президентi Э.Бэнеш екi күннiң
iшiнде жауап беру керек болды, егер жауап болмаса Германия
соғыс ашады деп қорқытты. Чехословак үкiметi ультиматумнан
бас тартты. Гитлер: «Егер Судет облысы 1 қазан айына дейiн
берiлмесе, мен вермахт солдаты ретiнде Чехословакияға соғыс
ашамын» – деп радио арқылы сөз сөйледi. Чехословакияда
мобилизация жалғасып, 1,5 млн адам әскер қатарына шақырыл-
ды. Гаджи үкiмет оставкаға кетуге мәжбүр болды. Қыркүйек
дағдарысы 26 күнге дейiн жалғасты. АҚШ президентi Ф.Руз-
вельт «Чехословак мәселесiн» бейбiт жолмен шешуге бола-
тынын айтты. Соғыс болса Еуропада саяси құрылымның өзгеруi
мүмкiн, сондықтан бұл мәселенi бейбіт түрде шешу үшiн АҚШ
президенті халықаралық конференция шақыру керек деген
ұсыныс жасады.
29–30 қыркүйек айында Мюнхен конференциясы ашылды.
Конференция жұмысына Гитлер, Муссолини, Даладье және
Чемберлен қатысты. Конференцияның күн тәртiбiнде «Чехос-
ловак мәселесi» қаралғанымен, Чехословак президентi Э.Бенеш
қатыстырылмады. Мюнхен келiсiмi бойынша Судет облысы
132
Германияға берiлдi. Судет облысында 5 млн халық тұрса, соның
3 млн халқы немiстер болатын. Судет облысында Чехословакия
өнеркәсiбiнiң 40% орналасқан едi. Мюнхен келiсiмiнен кейiн
Германияның шекарасы Прага қаласынан 40 шақырым жерде
болды. Мюнхен келiсiмi екiншi дүниежүзiлiк соғыстың бастауы
болды. Мюнхен келiсiмiнен кейiн Гитлер Венгер сыртқы iстер
министрi Чакимен кездескенде былай деген: «Неслыханное
достигнуто. Вы думаете, что я сам полгода назад считал
возможным, что Чехословакия будет мне как бы поднесена на
блюде ее друзьями? Я не верил, что Англия и Франция вступят в
войну, но я был убежден, что Чехословакия должна быть
уничтожена военным путем: то, что произошло, может произойти
лишь раз в истории». (1939 год. Уроки истории. М., 1990.–144 с.).
Мюнхен келiсiмiнен кейiн Чехословакия жерi екiге бөлiндi.
Чехословакия 1939 жылдың 15 наурызына дейiн Екiншi Респуб-
лика деп аталды. 1938 жылы 5 қазан күнi Бенеш биліктен кеттi.
Чехословакия президентi болып реакциялық топтардың басшы-
сы Э.Гаха сайланды. Үкiмет басшысы Р.Беран болды. 1939
жылы наурыздың 14 күнi Гаханы Берлинге шақырып Гитлер Че-
хия мен Моравияны Германияның протектараты деп жариялады.
15 наурызда Германия Чехословакияны толық жаулап алды.
1939 жылы наурыз айының 21 күнi Гаха Ұлттық жиналысты
таратып, елдiң билiгiн немiс әкiмшiлiгiне өткiздi.
1938 жылы қарашаның 2-і күнi Вена арбитраж заңынан
сәйкес, Словакия дербес мемлекет болып жарияланды. Герма-
нияның бақылауындағы «қуыршақ» Словак мемлекетiн Тисо
басқарды. Словак жерiне немiс армиясы орналастырылды. 1941
жылы маусым айының 24-і күнi Словакия КСРО-ға соғыс
жариялады.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы Франция, Англия
және АҚШ мемлекеттерiнiң ұсынысымен Мюнхен келiстi.
Чехословак мемлекетiнiң жойылуына байланысты чех және
словак халқы өздерiнiң тәуелсiздiгiнен айырылды. Чехословак
халқы 1939–1945 жылдарда фашизмге қарсы ұлт-азаттық күрес
жүргiздi.
1939–1945 жылдарда Бенеш басқарған Чехословак эмигра-
циялық үкiметi Лондон қаласында антигитлерлiк бiрлiк елдерi
жағында фашизмге қарсы күрестi.
133
Достарыңызбен бөлісу: |