Метафора тілдің лексикалық Қабатын дамытушы қҰрал



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата22.09.2022
өлшемі167,9 Kb.
#39891
1   2   3
қораздану, түлкі – түлкілену; петух – петушиться, ворона – 
проворонить, ёж –съёжиться; a dog – to dog (преследовать), a snake 
– to snake (змеиться: тропинка змеилась меж горных отрогов), a fox 
– to fox (перехитрить). Бұл етістіктерді абсолютті метафоралық 
дейтін себебіміз, оларды тіке немесе ауыспалы мағынада қолдану 
мүмкін еместігінде, бұларға тек бір ғана метафоралық мағына тән, 
яғни, бұл сӛздер тілдерде метафоралы қолданысқа ғана ие. 


Сӛздердің мағыналық жақтан дамуы нәтижесінде омонимдер 
жасалады.Дәлірек айтсақ, ауысқан мағынаның ӛзінің метафоралануы 
кӛбіне оны полисемант жүйесінен әбден бӛлініп шығуға, басқа бір 
лексикалық единицаға, омонимге айналуына алып келеді [1,31]. Бұл 
құбылыс та тіл –тілде кездесе береді. Мысалы, көк сӛзі «кӛкке қарау» 
дегенде аспан мағынасында, ал «мал кӛкке тойынды» дегенде шӛп 
мағынасында қолданылып тұр. Мұнда сӛздер түсіне қарай 
метафоралану арқылы омонимдер қатарын құрауда. Орыс тілінде 
луна сӛзімен қатар месяц сӛзі де бірге жүреді, әрі мерзімді білдіру 
үшін де осы сӛз қолданылады (пять месяцев). Ағылшын тілінде kid 
сӛзі қазіргі кезде бала мағынасында қолданылып жүр. Бірақ оның 
негізгі мағынасы ешкінің лағы дегенді білдіреді.
Терминдердің жасалу табиғатына кӛз жүгіртсек, сӛздік 
құрамның бұл саласы да метафораның кӛмегіне кӛп жүгінетініне куә 
боламыз. Жалпы метафораның ғылымдағы ролі жайлы метафора 
теориясының негізін салушылардың бірі Эрл Маккормак былай деп 
жазады: «Ӛте ұзақ уақыт бойы метафоралар дәл анықтамаларды 
амалсыз ауыстырушылар деп есептелді және ғылыми теорияларда 
метафораларды қолданудан аулақ болу керек делінді. Олар теориялық 
түсініктемелер беруге қабілетсіз, тек қоршаған ортаны жырлау үшін 
ақындарға ғана керек деген пікір кең таралып келді. Бірақ ғалымдарға 
ескі теориялардан жаңа теорияларға ӛту үшін кӛпір ретінде метафора 
аса қажет. Тек метафора тәсілі арқылы ғана жаңа теорияға жаңа 
мағына беріп, түсінуге болады. Белгісіздікті суреттеу үшін ғалымға 
белгілі сӛздерді қолдануға тура келеді» (Ауд. автор)[5, 150-151]. 
Ғылымда метафораны қолданудың қажеттілігін Э.Хаттен былай деп 
дәлелдейді: «Метафоры используются, чтобы придать более точный 
смысл нашим выражениям или выделить в них важный нюанс; когда 
слова, обычно употребляемые в данном контексте, не передают 
необходимого значения, мы прибегаем к помощи слов, которые 
обычно встречаются в другом контексте. Именно таким способом мы 
расширяем сферу использования наших обычных выражений; и это 
необходимо, если требуется построить специальный язык для 
описания некоторого эксперимента, проведенного искусственным 
образом в лаборатории. В физике мы говорим о «силовом поле» (a 
field of force) или «тепловом потоке» (the flow of heat) и т.п. В самом 
деле, в научном изложении нельзя обойтись без метафорического 
языка...» [6, 53]. Ағылшын тілінде field сӛзі кӛптеген 
математикалық, физикалық терминдердің құрамында жиі кездеседі; 


бұл терминдердің барлығы метафораға құрылған, бірақ ғылыми 
терминологияда ұзақ қолданылуларына байланысты олар метафора 
ретінде қабылданбайды: electric field-электрическое поле-электрлік 
өріс, magnetic field-магнетическое поле-магниттік өріс, radiation 
field-радиационное поле-радиациялық өріс.Терминдердің үш тілдегі 
варианттарын салыстыра отырып, field, поле, өріс сӛздері тіке 
мағыналарынан (green field, зеленое поле, малдың өрісі) метафоралану 
процесінің нәтижесінде терминденіп ауыспалы мағынаға ӛткенін 
кӛреміз. Кейбір сӛздер метафора арқылы жаңа мазмұн, 
терминологиялық мағына алады. Мысалы, шӛптің түбірі дегеннен, 
ұқсастығына қарай, математикадағы «түбір» мен грамматикадағы 
«түбір» туған, сол сияқты егін «егуден» дәрі егу (укол) шыққан. 
Әрине, мұндай мысалдар тізімін жалғастыра беруге болады, бірақ 
біздің басты мақсатымыз бұл емес. Біздің мақсатымыз - метафораның 
сӛздік құрамды дамытуда, тілдің лексикалық қабатын байытуда 
негізгі роль атқаратын процестердің бірі екенін дәлелдеу. 
Тілдің байлығы мен даму дәрежесі лексикалық единицалардың 
сандық мӛлшеріне ғана байланысты емес, мағына молшылығы, 
сапасына да байланысты. Ал метафора – мағына масштабын 
кеңейтетін тәсіл. Бұған жоғарыда тілдің әртүрлі лексикалық 
қабаттарынан келтірілген мысалдар дәлел. 
Сӛз туғызудың басқа тәсілдерінен метафораның негізгі 
айырмашылығы – сӛз мағынасын ғана жаңартып, сырт тұлғасына 
фонетикалық, морфологиялық ӛзгеріс енгізбейтіндігінде. Тілдің 
сӛздік құрамын байытудағы метафораның орнын анықтауда бұл 
айырмашылықты әрдайым есте сақтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет