Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы 1- нұсқа тапсырма



Дата13.03.2023
өлшемі17,97 Kb.
#73789

Оқушының аты-жөні:______________________________________________________ 10 сынып / 3 тоқсан БЖБ №2
«Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы
1- нұсқа
1.тапсырма: Галогендерді физикалық қасиеттеріне байланысты сәйкестендіріңіз:

Галогендер

Физикалық қасиеттері





Фтор

Қатты, металдық жылтыры бар қара – сұр зат


Хлор

Сәл жасыл түсті газ тәрізді зат


Бром

Сарғыш – жасыл түсті газ тәрізді зат


Йод

Қатты, күлгін, жеңіл балқиды





Қоңыр түсті газ





Қоңыр түсті сұйықтық




(4 балл)
2 тапсырма:
Галогендер үшін дұрыс болып табылатын тұжырымды көрсетіңіз. Егер тұжырым шын болса + белгісін, ал егер тұжырым жалған болса - белгісін қойыңыз: Галогендер жайлы тұжырым:

Қалыпты жағдайда молекуласы екі атомды





Барлық галогендер бөлме температурасында газ тәрізді агрегаттық күйде кездеседі





Барлық галогендер жылу мен электр тогын жақсы өткізеді





Барлық галоген атомдарында қалыпты жағдайда сыртқы энергетикалық деңгейінде 7 электрон болады





Қатты күйде галогендер иондық кристалл торын түзеді





(5 балл)
3 тапсырма:

Топ бойынша галоген тобындағы элементтердің электртерістілігі, тотықтыру қасиеті қалай өзгереді?
_______________________________________________________________________ (1 балл)
4 тапсырма: Хлор суды тазалау үшін қолданылады. Тазалау әдісінің бір артықшылығымен бір кемшілігін жазыңыз:
Артықшылығы:___________________________________________________________
Кемшілігі:_______________________________________________________________ (2 балл)
5 тапсырма:Реакцияны электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер:
C a3(PO4)2 +SiO2 +C =P + CaSiO3 + CO

(3 балл)
6 тапсырма: Масасы 10 г темір мен мыс ұнтақтарынан тұратын қоспаға күкірт қышқылымен әсер еткенде 3,93 л (қ.ж) сутек алынды. Қоспадағы мыстың массасын есептеңдер ( 5 балл)

Оқушының аты-жөні:______________________________________________________ 10 сынып / 3 тоқсан БЖБ №2


«17 топ элементтері. ІІ топ элементтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 2- нұсқа
1.тапсырма: Галогендерді физикалық қасиеттеріне байланысты сәйкестендіріңіз:

Галогендер

Физикалық қасиеттері





Фтор

Қатты, металдық жылтыры бар қара – сұр зат


Хлор

Сәл жасыл түсті газ тәрізді зат


Бром

Сарғыш – жасыл түсті газ тәрізді зат


Йод

Қатты, күлгін, жеңіл балқиды





Қоңыр түсті газ





Қоңыр түсті сұйықтық




(4 балл)
2 тапсырма:
Галогендер үшін дұрыс болып табылатын тұжырымды көрсетіңіз. Егер тұжырым шын болса + белгісін, ал егер тұжырым жалған болса - белгісін қойыңыз: Галогендер жайлы тұжырым:

Қалыпты жағдайда молекуласы екі атомды





Хлор, фтор агрегаттық күйі – сұйық





Барлық галогендер жылу мен электр тогын өткізбейді





Барлық галоген атомдарында қалыпты жағдайда сыртқы энергетикалық деңгейінде 1 электрон болады





Қатты күйде галогендер молекулалық кристалл торын түзеді





(5 балл)
3 тапсырма:
Атмосфераға зиянды күкірт диоксиді SO2 газының өтіп кетуін болдыртпау экономикалық және техникалық тұрғыдан қиын үрдіс болып табылады. SO2 газының атмосфераға бөлінуін азайту үшін пеш мұржаларында десульфирлеу әдісі қолданылады, яғни газдар кальций гидроксидімен тазаланады (жуылады). Қандай негізгі өнім түзіледі? A) CaO B) Ca(OH)2 C) CaSO3 D) CaSO4 (1 балл)
4 тапсырма: Магний, кальций атомдарының электрондық конфигурациясын жазыңыздар:
(2 балл)
5 тапсырма:Реакцияны электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер:
H2S + Cl2 + H2O = H2SO4 +HCl


(3 балл)


6 тапсырма: Массасы 2,14 г кальций нитратымен әрекеттесетін 10% -дық күкірт қышқылының (тығыздығы 1,16 г/мл) көлемін табыңыздар: (5 балл)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет