Алғашқы медициналық көмекті көрсету ережелері Күйген кезде (жанарғы жалынымен немесе жанарғы заттармен) күйген жерді калий перманганатының концентрациялы ерітіндісімен дымқылдау керек немесе калий пермаганатының түйірлерімен тері қоңырқай болғанша сүрту керек немесе күюге қарсы ерітіндімен ылғалданған (дәрі салынған қорапшадағы) мақтамен сүрту керек.
Қатты күйген кезде тез арада дәрігерге қаралу керек.
Күкіртсутекпен, хлормен, бром буымен, көміртек(II) оксидімен уланғанда, зардап шегушіні таза ауаға алып шығып, дәрігерді шақыру керек.
Егер теріге концентрациялы қышқыл немесе сілті ерітіндісі тисе, жараланған жерді лезде судың көп мөлшерімен жуу керек. Қышқылмен күйген жағдайда 5%-тік сода ерітіндісімен немесе аммиактың сұйылтылған ерітіндісімен өңдеу керек; сілтімен күйгенде 2%-тік сұйылтылған сірке қышқылының ерітіндісімен өңдейді. Содан кейін терінің зардап шеккен бөлігінің дағы кеткенше сумен жуу керек.
Ыстық аппаратураға жанасып кетіп күйгенде терінің күйген жерін 2%-тік калий пеманганаты немесе 3%-тік танаин ерітіндісі сіңірілген матамен жабу керек.