«Металдар» тарауы бойынша эксперименттік есептер шығару.
Жұмыстың мақсаты: оқушылардың жалпы металл қосылыстары жөніндегі алған білімдерін қорытындылап, тұжырымдап, бұрын қалыптасқан икемділіктерін іс жүзінде пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: әр оқушының жұмыс орнында спиртшам, ерітінділер – күкірт қышқылы, натрий гидроксиді, калий ферро (III) гексацианиді, алюминий хлориді, болу керек.
Беріліп отырған эксперименттік есептердің мазмұны бойынша бұл жұмыс оқушылардың «Металдар» тарауында алған білімдерін қорытындылауға бағытталған. Дегенмен де келтірілген есептерді шығару үшін оқушылар бұрын қалыптасқан икемділіктері мен білімдерін жаңа байланыста пайдаланады. Осы жайлы ескере отырып, мұғалім оқушыларды сабақ барысымен таныстырып, эксперименттік есептерді шығару тарапынан тиісті нұсқаулар береді.
№1тапсырма Индикаторларды қолданып, мырыш сульфаты, натрий карбонаты, натрий хлориді ерітінділерін анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |