Глаукофанды сланецтер өте жоғары қысым (10— 12 кбар) және төмен (-аргиллит -—> сазды сланец—>-филлит—>-кристалдық (слюдалы) сланец мигматит—>-гранит гнейс қышқыл гранулит —чарнокит
Осы жағдайда сазды жыныстардың үгілу заттары екенін біліп, ал үгілу қыртысы магмалық жыныстар (граниттер мен чарнокиттер және т. б.) негізінде пайда больш, одан ары қарай эволюциялық даму сатыларынан өтетінін ескерсек, бұл процестерді төмендегідей түрде көрсетуге болар еді (И. Д. Лукашевич, 1909—1911): Үгілу заттары — шөгінді қабаттардың түзілуі —> диагенез — катагенез — метаморфизм —>- магматизм (граниттік) —>- үгілу әрекеттері. Сонымен, осындай жолмен үздіксіз қайталанып отыратын жер қыртысың, атмосфера, гидро-сфера қабаттарын түгел қамтитын және биосфераның қатысуымен (үгілу әрекеттері) жабық түрде тоқтаусыз жүріп жататын процес-тердің тұйық цикл құрайтындығын айта аламыз.
Сондықтан да академик ғалым В. И. Вернадскийдің айтқанындай “қазіргі кездегі жер қыртысын бұрынғы биосфераның сақталған іздері”, деп түсінуге болады.
Жоғарыда аталған метаморфизм түрлерінен басқа метаморфизм-нің тағы бір ерекше түрі — екпінді-соқпалық метаморфизм болып табылады. Метаморфизмнің бұл түрі жер бетіне ірі метеориттердің орасан зор екпінмен құлап түсу кезінде туатын соқтығысу әрекеттерімен байланысты байқалады. Қазіргі кезде барлық конти-ненттерді қосып есептегенде (Антарктидадан басқа) екі жүзден астам метеориттік кратерлердің (астроблемдердің) бар екендігі анықталды.
Оның ішінде жүзге жуығын екпінді-соқпалы метаморфизм қатарына жатқызуға болады. Мысалы, дүние-жүзіндегі ең ірі Попигай атты астроблемнің (Солтүстік Сібірден табылған) диаметрі 100 км-ге дейін жетеді; астроблемдердің көпшілігі (көлденеңінен есептегенде) 2 км-ден 33 км-ге дейінгі шамада кездеседі.
Метеориттің жер бетіне құлап түсу сәтінде қас қағым уақыт ішінде (<0,1 с) орасан зор кинетикалық энергия бөлініп шығады. Бұл энергия механикалық (сығылу және уатылу немесе бөлшектену) және жылулық (балқу және буланып ұшып кету) әрекеттерге жұмсалады.