Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет155/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   206
САХА РА (араб. ) — жер бетіндегі ең үлкен шӛл. Ауданы 9 
065 000 км². Сахара Солтүстік Африкада 10 мемлекеттің 
территориясында орналасқан (Египет, Ливия, Тунис, Алжир, 
 Марокко,  Батыс Сахара, Мавритания, Мали, Нигер, Чад, Судан). 
СЕЙСМОГРАФ — жер қабығының тербелуін жазатын аспап. 
Сейсмограф ӛзінің ӛте сезімталдығының нәтижесінде бірнеше мың 
километр қашықтықта болған жер сілкінуін жазып алады. Бұрынғы 
СССР-да Голицин мен Никифоров сейсмографтары тараған. Онда 
ілулі заттың тербелуі электрлік тербелуге айналып, жазуды алыстан 
түсіруге мүмкіндік береді. 
СЕЙСМОЛОГИЯ — жер сілкінуді зерттейтін геофизикалық 
ғылымның бір саласы. Бұл жер сілкінудің пайда болуының 
себептері мен жағдайларын, олардың географиялық таралуын, жер 
сілкіну әсерінен пайда болған сейсмикалық (серпімділік) 
толқындарды және сол толқындардың жердің ішкі қабаттарында 
таралуын зерттейді. Жасанды жер сілкінуге негізделген 
экепериментті сейсмологияның әдістері пайдалы қазындыларды 
іздеу мен инженерлік-геологиялық зерттеуяерде қолданылады 
СЕЛДЕР — таулы аудандарда жиі болып тұратын лайлы немесе 
тасты-лайлы тасқындар. Олар жазғы күшті жаңбырлардан түзілген 
ағын судың тік тау беткейлерінен тастопырақтарды ӛзен арнасына 
ағызып әкеп, одан әрі арна арқылы тасқын құрауынан пайда 
болады. Селдерде кесек тастардың үлесі 75%-ке дейін барады. 


Селдер орасан күшпен және жылдамдықпен ағады да кӛбінесе 
жолындағы елді мекендерді, кӛпірлерді, жолдарды бұзып
егістіктер мен бау-бақшаларды басып, аса зор апатқа ұшыратады 
(Мыс.: 1963 жылғы 7 июльдегі Есік кӛлінде болған сел). Селді 
тасқындармсн күресу үшін олардың ағатын жолдарындағы 
қалтарыстардан дамбалар, бӛгеулер жасап, ӛзен бассейнінде 
ағаштар отырғызылады. қазақстанда сел Іле Алатауы мен Жоңғар 
Алатауынан ағатын ӛзендерде жиі кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет