райы ӛзгереді. Тропосфера қабатында
оған
циклон
және
антициклонмен
тығыз
байланысты пассаттар мен муссондар,
тропосфераның жоғарғы қабаты мен стратосфераның ауа ағыны ӛте
қатты жүретін тӛменгі қабаттары жатады.Атмосферадағы айналым
бірнеше ірі кӛлемдегі ауа қозғалыстарын қамтиды, соның ішінде ең
ірісі – ауа массасының батыс тасымалы. Сонымен қатар,
атмосферада
кіші
кӛлемді
жергілікті
ауа
айналымдары
(бриз, бора, фен және тау аңғарлық желдер) мен күшті құйындар
(тромб, торнадо, қарадауыл) да байқалады.
АТМОСФЕРАЛЫҚ АКУСТИКА — акустиканың атмосферада
дыбыстың пайда болуы мен таралуын, сондай-ақ атмосфераның
қасиеттерін зерттейтін бӛлімі. Дыбыс толқындары бос атмосферада
таралған кезде, олар ауаның жылу ӛткізгіштігі және тұтқырлығы
әсерінен жұтылады (яғни ӛшеді); дыбыс жиілігі неғұрлым жоғары,
ал атмосфера тығыздығы неғұрлым аз болса, дыбыс толқындары
соғұрлым күштірек жұтылады. Ал құлаққа естілмейтін, жиілігі ӛте
тӛмен дыбыс (инфрадыбыс) нашар жұтылатындықтан, ол бірнеше
мыңдаған км-ге дейін еш ӛзгеріссіз тарай алады. Кӛптеген
атмосфералық және Жер беті мен астында ӛтетін құбылыстар —
дыбыс толқындарының табиғи кӛзі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: