Бүкілодақтық
ауыл
шаруашылығы
аэрофотогеодезиялық
институтытының Қазақстан филиалы Геодезия және картогр. Бас
басқармасының картогр. материалдарын пайдаланып Қазақстан
аумағының фотокартасын түсірді және а.ш-ғының
картасын
жасады (1960). Г-лық тәсілдермен жер сілкінудің алдын ала болжау
мүмкіндігін анықтау мақсатында, жер қыртысының жылжуын
зерттеу үшін Тянь-Шань аймағында геодинамикалық болжау
полигоны құрылды. Полигонда қазіргі
кездегі жер қыртысының
жылжуының вертикаль және горизонталь құраушылары зерттеледі.
ГЕОЛОГИЯ (гео... және
logos — ілім) — Жердің қыртысын және
ішкі қабаттарын, олардың құрамын, құрылысын, қозғалысын, даму
тарихын, кен байлықтарының пайда болу, орналасу заңдылықтарын
зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының
кешені.
Геология
жаратылыстану ғылымдарының жеке тармағы ретінде 18 ғ-дың
аяғы мен 19 ғ-дың басында бӛлінді. 20 ғ-дың бас кезінде
біртұтас ғылым болып қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: