шығысын,Ресей жерінде Батыс
Сібір жазығы мен Шығыс Орал
етегін қамтиды. Қазақ жерінде Ертіс ағынын Қатын, Қалба, Нарын,
Тарбағатай және Сауыр жоталарынан, Құлынды даласынан
жинайды.
Кӛп
жерінде
тау
сілемдерін
тіле
терең шатқалдарқалыптасқан. Бұл тұста жағаларының биіктігі 500
м-ге жетеді. Құлынды даласында ӛзеннің арнасы кеңейіп,
жайылмасы пайда болады. Таулық аңғары (250 м биіктікке дейін)
қылқан
жапырақты орманды, оң жағы кӛбіне қарағайлы
шабындықты келеді, осы тұстағы арнасының ені 100 – 150 м, Омбы
қаласы тұсында 6 – 8 км, Тобыл қаласы тұсында 25 – 30 км-ге
жетеді. Қазақстандық бӛлігіндегі басты салалары – Есіл, Тобыл,
Бұқтырма, Шаған, Үлбі, Шар, Күршім,
Үлкен
Бӛкен, Қалжыр,
Нарын, Алқабек, Ұлан,Қайыңды; Ресей аумағындағы салалары –
Вагай, Конда, Омь, Тара, Демьянка. Жылдық ағынын реттеу және
электр энергиясын алу үшін ӛзен
бойында Бұқтырма, Ӛскемен,
Шүлбі
бӛгендері
салынған. Сарыарқа аймағындағы
табиғи
қорларды игеру мақсатында Ертіс – Қарағанды каналы тартылған.
Кӛліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды.
Ертісті бойлай кеме қатынасы бар (3600 км- ге жуық).
Басты кемежайлары: Ӛскемен,Семей, Павлодар, Омбы, Тобыл, Хан
ты-Мансийск. 1953 жылы Ертісте
Ӛскемен су электр станциясы
(
СЭС) салынған. Ертіс каскадындағы 3-саты Шульба СЭС-і
бӛгетінің құрылысы басталды. Ертіс алабының су энергетикалық
ресурстарын игеру жылына 30 млрд. кв/сағ-қа
дейін электр
энергиясын бере алады. Ертістің суы Орталық Қазақстандысумен
қамтамасыз етуге және суландыруға арналған Ертіс - Қарағанды
каналын қоректендіруге (75 м
3
/с су алынады) пайдаланылады.
Ертіс сүйрік, сылан, бекіре,
шортан, алабүға, елең және
т.б.
балықтарға бай. Сазан, табан, кӛксерке және байқал омулі
жерсіндірілген.
ЕУРАЗИЯ — Жер шарындағы ең үлкен құрлық. Ауданы 53,4 млн.
км2 (бүкіл құрлықтардың 37%-і), оның 2,75 млн. км2-ге
жуығы
аралдар. Еуразия екі дүние бӛлігінен — Еуропа менАзиядан тұрады
(аталуы содан). Олардың арасындағы шартты шекара — Орал
тауының шығыс етегі, Жем ӛзені, Каспий теңізініңсолтүстік-
жағалауы, Кума және Маныч ӛзендерінің аңғарын бойлап Донның
сағасына ӛтеді. Одан әрі шекара Азов және Қара теңіздер, Босфор
бұғазы. Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы Жерорта
теңізіне шығады. Біртұтас құрлықты Еуропа және Азия дүние
бӛліктеріне бӛлу ежелгі дәуірде қалыптасқан тарихи-дәстүрлі
түсінік. Құрлықтың қиыр шеттері: солтүстігінде —Челюскин мүйісі
(77º43’ с.е. ), оңтүстігінде —Пиай мүйісі (1º16’ с.е.),
батысында
Рока мүйісі (9º34’ б.б.), шығысында —Дежнев мүйісі (169º40’ б.б.)
Солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км-ге, батыстан шығысқа 16 мың
км-ге созылады. Еуразияға жататын бірқатар аралдар құрлықтан
біршама қашық жатыр. Шпицберген,
Франц Иосиф жері және
Солтүстік Жер аралдары 80º с. е-тен әрі асады. Малай топаралдары
оңтүстік жарты шарға ӛтіп, 11º о.е-ке дейін барады. Атлант
мұхитындағы Азор аралдары 28º б.б-та орналасқан. Еуразия —
барлық мұхиттармен (Атлант, Солтүстік Мұзды, Үнді, Тынық)
және олардың шеткі теңіздерімен шектесіп жатыр. Мұхиттар мен
теңіздер құрлыққа сұғына кіріп, әсіресе, оның батыс және оңтүстік
шеттерін кӛбірек тілімдеген. Бірақ аумағының орасан зор болуына
байланысты құрлықтың ішкі бӛліктері теңіздер мен мұхиттардан
мыңдаған км қашықта орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: