Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет78/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   206
ЖЕР АСТЫ СУЫ – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының 
аралығындағы су. Ол шӛгінді және борпылдақ тау жыныстары 


бӛлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін,  магмалық  және 
 метаморфтық жыныстардың  жарықтары мен жіктерін, гипс,
доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып 
жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын 
күшінің 
мӛлшеріне 
қарайқалқыма 
су, грунт және артезиан 
сулары болып 3 топқа бӛлінеді. Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, 
құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған ӛзен, кӛл 
суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, Жер бетіне 
ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық 
құрамы мен температурасына ауа райының ӛзгерістері үлкен әсер 
етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі кӛз жойылғанда, бұл су 
құрғап қалады. Жауын-шашынмол жылдары, ӛзен қатты тасығанда, 
қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады. Грунт суы – 
табиғи қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты, Жер бетіне жақын 
кеуекті, жарықты, карсты сулы қабаттардағы арынсыз жер асты 
суы. Мұндай суды ерте заманнан бері құдық қазып, кеңінен 
пайдаланғандықтан «құдық суы» деп те атайды. Ол Жер бетінен 1 – 
5 м-ден 50 – 70 м-ге дейінгі тереңдікте кездеседі; ӛзен, кӛл, теңіз 
маңында, сайларда, тау-тӛбе, қырат бӛктерлерінде тұма-бұлақ 
болып, Жер бетіне еркін шығып та жатады. Жер бетіне біршама 
таяу жатқан грунт суының деңгейі ауа райының ӛзгешеліктері мен 
табиғи ӛзгерістерге тәуелді болып отырады. Жауын-шашын мол 
жылдары, кӛктемде қар ерігенде, күзгі кӛп жауын кезінде бұл 
судың деңгейі едәуір жоғары кӛтеріледі, ал құрғақшылық 
жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі тӛмендеп, тереңдеп 
кетеді. Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның кӛтеріліп-
тӛмендеу мӛлшері де соғұрлым кӛп болады. Тайыз жердегі грунт 
суының деңгейі бір жыл ішінде 1,5 – 2 метр және одан да кӛп 
мӛлшерде ӛзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек 
бірнеше см-ге ғана ӛзгереді. Су деңгейінің ӛзгерісіне, жыл 
маусымдарының 
ауысуына 
байланысты 
бұл 
сулардың 
минералдылығы, химиялық құрамы  мен  температурасы да ӛзгеріп 
отырады. Артезиан суы – тереңде (75 – 100 м-ден астам) жатқан 
шӛгінді (құм, құмтас, әктас) тау жыныстарында шоғырланған 
арынды жер асты суы. Ол ӛткізбейтін жыныс қабаттарының 
арасында жатқандықтан, арын күші едәуір болады, бұрғыланған 
ұңғылар арқылы жоғары кӛтеріліп (кейде шапшып), Жер бетіне 
шығады. Артезиан суының қоры, минералдылығы, химиялық 
құрамы, температурасы ұзақ жылдар бойы пайдалану нәтижесінде 


ғана ӛзгерістерге ұшырайды. Жер асты суының негізгі 
қоры ӛзен, кӛл, теңіз суларының және қар мен жауын суларының 
Жерге сіңуі нәтижесінде қалыптасады. Құрамындағы тұздардың, 
минералдың мӛлшеріне сәйкес жер асты суы тұщы (минералдығы 1 
г/л-ге дейін), ашқылтым (1 – 10 г/л), ащы (10 – 50 г/л) және тұзды 
(50 г/л-ден астам) сулар болып бӛлінеді. Қазақстан бойынша жер 
асты суының (артезиан және грунт суларының) жалпы қоры 7500 
млрд. м3, ол жылма-жыл 35 – 40 млрд. м3 сіңбе сумен толығып 
отырады. Қазіргі кезде қалалар мен елді мекендерді сумен 
қамтамасыз ету, мал жайылымдарын суландыру, Жер суғару 
бағыттарында пайдаланып жүрген жер асты суының мӛлшері 3,5 – 
4 млрд. м3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет