мемлекеттердің
азаматтары,
қос азаматтығы бар
адамдар,
азаматтығы жоқ адамдар, олардың отбасылары немесе қоныс
аударуға тілек білдіруші ұжымдық қоғамдастықтар.
ИНСОЛЯЦИЯ (латынша: insolatio, insolo - Күнге қоямын) — Жер
бетінің Күннің тура немесе жиынтық (тура және шашыраған)
радиациясымен сәулеленуі. Уақыт бірлігінің
ішінде алаң бірлігіне
келетін калориямен ӛлшенеді. Инсоляцияның шамасы Куннің
биіктігіне, ӛңірдің теңіз деңгейінен биіктігіне,
сондай-ақ Жердің
ендігіне жоне т.б. байланысты. Инсоляция жер бетіндегі,
атмосферадағы жылудың жайын және Жердің табиғи жарықтығын
анықтайды. Инсоляция — жерге түсетін күн сәулесі мен жер бетіне
келіп жететін күн энергиясының мӛлшері. Кіші калориямен
ӛрнектелетін ол,
атмосфераның шегінде, жерге түсетін күн
сәулесіне перпендикуляр орналасқан 1 см
2
арқылы минутына ӛтетін
1,94 кіші калорияға тең (күн тұрақтысы).
Жер бетінде инсоляция:
күннің горизонттан биіктігіне,
атмосфераның жағдайына,
сондай-ақ күн дақтарына байланысты жыл және күні бойы
ӛзгеріп тұрады. Инсоляция барлық ӛсімдік пен жануарлар
дүниесінің ӛмірінде ӛте үлкен роль атқарады. Инсоляция
актинометр, пиргелиометр
сияқты арнаулы аспаптармен
ӛлшенеді. Күннің жерге жіберіп тұратын жылуының шамамен
40% атмосферада ұсталып қалады.
ИНФРАҚЫЗЫЛ СӘУЛЕ – кӛрінетін жарықтың қызыл бӛлігі
(0,74 мкм) мен қысқа толқынды радиосәуленің (1 – 2 мм)
арасындағы спектр аймағына орналасқан электрмагниттік сәуле.
Инфрақызыл сәуле қыздыру шамын,
газразрядты шам шығаратын
сәулелердің едәуір бӛлігін құрайды.
ИОНОСФЕРА — газ молекулаларының ионизациясы жоғары
болатын, 80 км-ден 800—1000 км биіктік аралығында жатқан
атмосфераның қабаты. Атмосфераның 50- 80 км биіктіктерден
бастальт, 1200-1300 км- ге шейін созылатын жоғарғы қабаттары.
Бұл қабаттарда газдар ішінара ионданған күйде болады.
Қысқа
толқынды радиобайланыс үшін үлкен маңызы бар. Ионосфера -
Жер бетінен 50-80 км-ден мындаған километр биіктікке дейінгі
атмосфераның жоғары ионданған қабаты (жоғары Ионосфера).
Ионосфераның бӛлшектері сейілген және жоғары электрӛткізгіш
ортаны түзеді. Ионосфера
жер бетінде қысқа толқынды
радиотолқындардың таралуына кӛп әсер етеді. Ионосферада
поляр шұғыласы мен ионосфералық магниттік дауыл болып
түрады.
Ионосфераны барлап білу (Зондирование ионосферы) —
50-80 км-ден 400-500 км-ге дейінгі
қабаттағы атмосфераның
ионданусипаты туралы деректер алу. Ол
ионосфералық станция,
метеорологиялық ракета арқылы жүзеге асады.
Ионосфераны
барлап білу деректері алыс радиобайланыс үшін тиімді жиілікті
таңдау кезінде пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: