Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия


ЖАТЫС ЖАҒДАЙЛАРЫ БОЙЫНША ЖЕР АСТЫ СУЫ



Pdf көрінісі
бет79/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   206
ЖАТЫС ЖАҒДАЙЛАРЫ БОЙЫНША ЖЕР АСТЫ СУЫ тӛрт 
типке 
бӛлінеді: топырақ 
суы, қалқыма 
су, грунт 
суы жэне қабатаралық су .Жатыс жағдайына жер асты суының 
режимі, яғни оның минералдануы, температурасы, деңгейі жэне 
басқа 
кӛрсеткіштерінің 
уакыт 
ағымында 
ӛзгеруі 
байланысты.Алаптар сулы горизонттармен ғана емес, сондай-ақ 
морыған кристалды таужыныстардың ірі массивтерімен де 
байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жарықшақтық пен 
желілік судың алабы жаралады. 
ЖЕР БЕДЕРІ , рельеф (франц. relіef, лат. relero — кӛтеремін деген 
сӛзінен 
шыққан) 
— 
жер 
бетіндегі 
құрлықтардың, 
мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы. 
Жер бедері тау, жазық,  ойпат,  таулы үстірт,  тӛбе,  қырқа,  аңғар,
жыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және 
экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі 
нәтижесінде 
пайда 
болады. 
Әрбір 
аймақтың 
бедері 
оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы процестердің 
біреуінің басым болуына байланысты. Жер бетінің бұдырлылығы 
әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мӛлшеріне (масштабына) қарай 
Жер бедерін планеталық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны) 
мегапішінді 
(тау 
жүйелері, аумақты 
жазық 
жерлер, мұхит 
ойпаттары), 
макропішінді 
(жоталар, 
тауаралық 
аңғарлар), 
мезопішіндер (тӛбелер, аңғарлар, сай-жыралар), микропішіндер 
(шұқанақтар, дала 
бидайықтары) 
және 
нанопішіндер 
(түбіршіктер, тӛбешіктер) деп бӛледі. Осы заманғы Жер бедері 
шамамен бұдан 150 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі кезде 


бүкіл құрлықтардың 55%-і таулы және 45%-і жазық ӛлкелер. Жер 
бедерін геоморфология ғылымы зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет