Реферат
Тақырыбы: Мемлекеттік басқаруды реформалаудың Сингапурлық тәжірибиесі
Жоспар
1. Ли Куан Ю билікке келген жылдары
2. Өзгелердің жұмыс тәжірибесін жастарға сіңіру үдерісі
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформа
4. Сыбайлас жемқорлық әрекетке қызығу себептерінің азаюы
Кіріспе
Сыбайлас жемқорлық - қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат алуы сияқты қауіпті ұғым. Оның жоғары деңгейдегі қоғамдық қауіптілігі - ол мемлекеттіліктің негізін құлдыратып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Ол бүкіл әлемдік мәселе, соның ішінде Сингапур – Азиядағы сыбайлас жемқорлық құбылысы мардымсыз елдердің бірі. Ол Швейцария мен Австралиядан кейінгі 3 орында деп жарияланған. Арнаулы зерттеулерге жүгінсек, ол 12 Азия мемлекеттерінің ішінде ең аз сыбайласқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық елдердің заңнамаларында қарастырылған, бірақ Сингапур үкіметі сияқты жүйелі, әрі қатаң заң талаптары - біраз елдерде ғана бар.
Сингапурдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты өзінің жетістіктерімен таңдандырады. 1960 жылдан бастап мемлекет көшбасшылары бастаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жан-жақты бағдарламаны жүзеге асырды. Астында қазба байлығы, тамылжыған табиғаты, ешқандай бағалы ресурсы жоқ жас мемлекеттің әлемде салтанат құрған бармақ басты, көз қысты қағидасын бұзып, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың желкесін қиғаны таң қалдырарлық дүние. Күллі ғаламға таңдай қақтырған жаңашылдықты, жетістікті жас мемлекетке 1959-1990 жылдары премьер-министр болған Ли Куан Ю алып келген-ді.
Адамзат қанына түскен дертке қарсы қауқар көрсеткен басшының бұл тәртіпке, адами тәрбиеге өзгеріс әкелген өз қағидалары бар. Ол жаңашыл қоғам құруда күллі елдің күшін, ақылын, ар-ұятын пайдаға асырды.
1 Ли Куан Ю билікке келген жылдары
Сингапурдың 1965 жылы Малайзиядан азаттық алып, өзінше байрақ тіккені тарихтан белгілі. елдің халқының әлеуметтік ахуалы өте төмен, бейшара жағдайда еді. Ал сыбайлас жемқорлық пен әлімжеттік көрсету қоғамның ажырамас бөлігіне, күнделікті үдеріске айналған.
Сол кезде билік басына келген Ли Куан Ю батыл қадам жасап, халыққа үндеу тастады.
«Егер сіздер жемқорлықты жеңуді қаласаңыздар, онда өз достарыңыз бен жақындарыңызды түрмеге тоғытуға дайын болыңыздар», - деді ол. Бұл – бір.
Сонымен қатар, премьер-министр шенеуніктердің жалақысын көтеруге тырысып бақты. Мұндағы ойы – егер өкілетті азаматтардың ахуалы жақсы болса, өзге кіріс көзін іздемейді деген үміт.
Бірақ ел басшысының бұл шешімі нәтиже бермеді. Ли мұнымен тоқтап қалмаған. Артынша Қаржы министрлігінің жанынан сыбайлас жемқорлықпен күресетін арнайы бағдарлама түзіп, ауқымды жұмыс жасай бастады. Жаңадан құрылған құзырлы мекеме өкілетті азаматтарды, аймақ басшыларын әрдайым қадағалауда ұстап, күтпеген тексерістер ұйымдастыруды өз міндетіне алатын.
Бұдан бөлек, елдегі бұқаралық ақпарат құралдары да сыбайластықтың иісі шыққан жерді «белден қаза алатын» құзірет алды. Осы уақыттан бастап Тергеу басқармасы авторитарлы өкілеттілікке ие болды. Ал шенеуніктер қосымша кіріс көздерінен айырылды. Басқарма агенттері күдікке ілінген шенеуніктің жеке мүлкін, банктік есеп-шоттарын, әйелі мен балаларына, туыстары мен достарына тиесілі дүниені тексере алатын еді.
Егер күдіктінің шикілігі байқалса, басқарма қызметкерлері ешқандай бұйрықсыз-ақ іске кірісуіне рұқсат. Айыбы нақтыланған шенеунік жұмысынан, зейнетақысынан, жеңілдіктерінен айырылып, түрмеге тоғытылды. Айта кеткен абзал, осы жүйе салтанат құрған уақыттан бастап бірнеше министрлер, алып компаниялардың кәсіподақ төрағалары темір торға қамалған.
1989 жылы заңға өзгеріс енгізіліп, нәтижесінде пара алған қызметкерге тағайындалатын айыппұл көлемі 10 мың сингапурлық доллардан 100 мыңға дейін өсті. Бұл – басшылықтың өкілетті қызметкерлер арасында жүргізген ауқымды «тазалау науқаны» еді.
Өлімге кесу және дүре соғу жазасы әлі заңды күшінде тұрған санаулы мемлекеттердің бірі – Сингапур. Жазаның бұл түрлері есірткі сатқандар мен кісі өлтіргендерге тағайындалады. Ал қылмыстың басқа түрлерін жасаған азаматтарды ұзақ мерзімді түрме күтіп тұр.
Сингапур халқы қылмыс үшін өтелетін жазаның қатаң екенін айтады. Сингапурлықтар, әсіресе, өлім жазасына келгенде пікір қайшылығына тап болады. Көпшілігі «кінәсіз адам құрбан болып кетеді» деген уәжді алға тартса, бір легі мұны тәртіп деп біледі. Сол себепті де дүре соғу жазасы сот тарапынан жиі мақұлданады-мыс.
Қалай десек те, Сингапурдың қылмысқа қатысты заңдары айтарлықтай қатты. Бірінші кезектегі мүдде – адамдардың нені жасап, нені жасамау керектігін сезінуі.
Дарға асу, дүре соғу, мүлкін тәркілеу, бас бостандығынан айыру мен айыппұл арқалату сынды жаза түрлері заңның бар екенін, оның ешқашан талқыға салынбайтынын, асыра сілтегендерге аяушылық болмайтынын ескерткендей...
1 – Сурет. Ли Куан Ю
2- Сурет. Сингапур бұрын және қазір
2 Өзгелердің жұмыс тәжірибесін жастарға сіңіру үдерісі
Мао Цзе Дунның «Мәдени революциясы» Қытай есігін инвесторлар үшін біржола жапты. Ал олар тоқтап қалуға мүдделі емес. Сондықтан көрші жСатқан Гонконг, Тайвань, Сингапур сынды елдерге Қытай қалталылары ақша сала бастады. 60-жылдардың аяғында алғашқы фабрикалар мен зауыттар ашылса, 70-жылдары олар бірінші электронды құралдар жарыққа шықты. Ал 80-жылдары Сингапур технологиялық өнімдердің орталығына айналды.
Инвесторлар үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып, олардың ішкі жұмысына билік араласпады. Сондай-ақ, олар үшін салық жеңілдетіліп, арзан жұмыс күшін пайдаланды.
«Біз әрбір инсвесторды жылы қабылдап қана қоймай, оларға құшақ жайып, біздің елімізде жұмыс жасауына көмек беруге талпындық», - дейді Ли Куан Ю өз сөзінде.
Дегенмен, премьер-министр шетелдік қалталылардың капиталына өмір бойы «малынып» жүруді мақсат тұтпаған сыңайлы. Шын мәнінде ол жас сингапурлықтардың тәжірибелі шетелдіктерден сабақ алғанын қалаған. Қытайлықтардан жұмыс тәжірибесін жинаған жастардың басын қосып, ұлттық компаниялар құрып, ішкі нарықта бәсекелестік туғызды. Сонымен қатар, бұл компаниялар әлемдік нарыққа шыға бастады.
Алғашында тәжірибелі жастардың ірі компаниялар ашуға қаржысы болмады. Ли осы тұста тағы да бір ұтымды қадам жасап, жастарды технология, маркетинг және басқару ісі төңірегінде оқыта бастады. Нәтижесінде Ли мемлекеттік компания ашып, білімді әрі тәжірибелі жастарды жұмысқа тартты.
1960 жылдары Сингапур билігі шетелдік компанияларды жұмыссыздықты жоюға, жас қызметкерлерді тиянақты болуға, жоғары сапалы тауар жасауға үйретуде жақсы пайдаланды.
Осы қызметтік сапаны сақтаудың арасында сингапурлықтар өз жұмысын қарқынды игеріп, бизнес турасында көздері ашылды.
3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформа
2014 жылға Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне (ИВК) сәйкес Сингапур 7-ші орынды иеленді және Дания, Швеция, Жаңа Зеландия сияқты елдерден кейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты ең таза мемлекеттердің қатарында тұр. Бұл ел жалпы рейтингі 100-ден 84 балл жинаған әлемнің ең аз сыбайлас жемқорлық дендеген елдердің төртіншісі болып табылады.
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті шабыттандырушы және ұйымдастырушысы 1959-1990 жылдары премьер-министр лауазымын атқарған Ли Куан Ю болды. 1999 жылдың қарашасында Ли Куан Ю былай деген: «Беделіне дақ түспеген адал, тиімді үкімет басқарушы партияның ең құнды жетістігі мен Сингапурдың басты байлығы болып табылады және солай болып қалады».
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ең бірінші кезектегі шаралар ретінде ел басшылығы мыналарды айқындады:
– қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы құру;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы барынша дербес мемлекеттік орган (сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу бюросы) құру;
– сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату;
– мемлекеттік және муниципалдық қызметшілерге жоғары әлеуметтік кепілдіктер белгілеу;
– басқарушылық кадрларының тұрақты және жоспарлы ротациясының практикасы;
– сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша айғақтар берген адамның және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне заңнамалық кепілдеме беру;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті БАҚ-та кеңінен ашып көрсету;
– заңдар мен нормативтік актілерге сыбайлас жемқорлық салдары бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу.
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес меритократия қағидатына және конфуций этикасының негізгі канондарына негізделген. Осы себепті дарыны мен қадір-қасиеті негізінде адам капиталын тиімді пайдалану туралы қамқорлық, лауазымды тұлғалардың шынайы жауапкершілігінің орныққан жүйесімен үйлесімде кадрлар тағайындаудың ашық және сенім ұялататын жүйесін енгізудің терең мәні бар. Сингапурдың көшбасшы өкілдерінің көпшілігі «адал және параға сатылмаушылық қағидатын» өмірінің нормасы мен әдет деп түсінеді.
Сингапурда күшті әлеуметтік бағдарланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама әрекет етеді. Жемқорлықты болдырмау туралы акті мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын индекстеуді және тұрақты арттырып отыруды, қағазбастылық кедергілерді болдырмау үшін азаматтармен, кәсіпорындар және ұйымдармен өзара іс-қимыл рәсімдерін жетілдіру, бақылау мен қадағалаудың тиісті ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық орнықты байланыстарды қалыптасуын болдырмау үшін кадрлар ротациясы, қызметтік ақпараттың сыртқа шығып кетуін болдырмау үшін құпиялылық режимін қамтамасыз етуді көздейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нақты шараларын (әрбір 3–4 жылда) қайта қарау көзделген.
Күштеп мәжбүрлеу ретінде айыппұлдар, бостандығынан айыру, тәркілеу, жұмыстан босату қолданылады. Әрбір адам парақордың өз бостандығына ғана емес, сонымен қатар өз ұрпағының табысты болашағына да балта шабатынын түсінеді. Және тек бір ғана ұрпағының емес, яғни бірнеше ұрпағының. Мемлекет басшысы ұлттық байлықты қорғаушы, ірі сыбайлас жемқорлық жанжалдарды қатаң және алдын ала тергеудің, ғылыми негізделген кадр саясатын, атап айтқанда атқарушы және сот билігінде, қарулы күштер мен полицияда жоғары лауазымдарға тағайындау бөлігінде жүзеге асырудың кепілі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу бюросы. Оның құзырына экономиканың мемлекеттік секторында, жеке секторда жемқорлық көріністерін тергеу және жолын кесу, шенеуніктер ортасында сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты тексеру, сыбайлас жемқорлық тәуекел аймағын анықтаудың тиімді әдістерін әзірлеу және басқару жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қаншалықты бейімдігін бағалау кіреді. Парламенттік сайлаулар, сайлау алды науқандары, полиция мен инспекциялардың қызметі (тұрғын үй құрылысы, сауда, денсаулық сақтау, жер құрылысы мен жерді пайдалану, лицензия беру), мемлекеттік қызметшілердің және олардың туысқандарының банктік есепшоттары Бюроның ерекше бақылауында болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформа аясында сот жүйесінің кәсібилігін арттыру мен тәуелсіздігін күшейтуге ерекше көңіл бөлінеді .Сыбайлас жемқорлық дендеген судьялар корпусы елдің ең үздік заңгерлеріне алмастырылды, олардың арасында жеке адвокаттар көп. Судьялардың қызметтік өкілеттіктері мен нақты іс-қимылдары қатаң регламенттелді. Қағазбастылық рәсімдер жеңілдетіліп, қажетсіз рұқсаттар мен лицензиялар алып тасталды. Қызметтік қатынастардың этикалық стандарттарының сақталуын нақты қадағалау қамтамасыз етілді. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық жазалау шаралары қатаңдатылды. Осы шаралардың барлығы мемлекеттің экономикаға араласуын азайтумен, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын арттыру және білікті әкімшілік кадрларды даярлаумен ұштасты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік және муниципалдық аппарат қызметшілерінің еңбекақысын арттырған соң нәтижелі болды. Сингапурдың үкіметі былай шешті: полиция қызметшісі, қатардағы кеңсе қызметкері де пара алу мен басқа да сыбайлас жемқорлық асыра пайдалануға жол бермейтіндей еңбекақы алуы тиіс.
Сингапурдың мемлекеттік қызметі Азиядағы ең тиімділердің бірі саналады. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны шамамен 65 000 адамды құрайды. Президент және премьер-министр, 14 министрлік пен 26 тұрақты комитеттердің қызметтері жақсы оқыған және тәрбиелі кадрлармен жасақталған. Бұл – адамның қабілеті, қызметін қазіргі заманғы материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шенеуніктердің қатаң тәртібі мен еңбекқорлығы, олардың қайсарлығы мен тұрақты кемелденуге ұмтылуы негізінде қызметі бойынша ілгерілеу арқылы қол жеткізіледі. Жоғары нәтижеге жету үшін жұмыстың құрамдас бөлігі қызметшілерді тұрақты даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табылады. Әрбір мемлекеттік қызметші жылына ең аз дегенде 100 сағат, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша оқуы тиіс.
Сингапурдағы талант-менеджмент. Жоғарыға барар жол ең ақылды, жаңаша ойлайтын және қабілетті адамдарға ашылады. Бұл үшін Сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу жөніндегі бюро жауап береді. Жұмысқа тарту мектептен басталады, одан әрі болашақ элитаны жетелейді: университетке түсуге көмектеседі, шетелге оқуға және тағылымдамаға жібереді, табыстарын көтермелейді. Сөйтіп, мемлекеттік аппарат дұрыс оқыған және тәрбиелі кадрлармен біртіндеп жаңарады, олардың көпшілігі Бюро қатарын толықтырады.
Әлеуметтік стратификацияның барлық қабатында, Сингапурдың мемлекеттік билігінің барлық тармақтары мен деңгейлерінде «тоғышарлық, шенеуніктердің сатқындығы мен моральдық іріп-шіруіне» жиіркенушілік ахуалын қалыптасқан, қоғамда ғасырлап орныққан «азиаттық сыбайлас жемқорлық өмір салтын» бұзу үшін барлық жағдай жасалған.
Ақылға қонымды қарапайым тұрғын үй, жеке бағбаны мен жүргізушісінің жоқтығы, қатаң қызметтік орынжай, аса қымбат жеке көлігіне тыйым салу көптеген мемлекеттік қызметшілер үшін саясатта және қызметтік қатынастарда адалдыққа ұмтылу символына айналды. Жұмыссыздықпен күрес, аз қамтылғандарды мемлекеттік қолдау, тұрғын үй мен денсаулық сақтауды субсидиялау, экономика тиімділігінің артуына сәйкес еңбекақыны қарқынды өсіру туралы қамқорлық, әділетті зейнетақымен қамтамасыз ету, теңгермелі салық салу саясаты елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығының кепілі болып табылады.
Осылайша, Сингапур бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, экономикалық бостандық және басқарушылық деңгейі бойынша әлемдік рейтингте жетекші орын алады. Сингапурдың мысалы саяси күш-жігер, заңнамадағы тиімді өзгерістер, сатылмайтын Бюро және судьялар корпусының тәуелсіздігінің арқасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жиіркену ахуалын қалыптастыруға болады.
Кесте 1
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі құрамдас бөліктері
Бүкіл ел ішінде
|
Мемлекеттік қызметте
|
Басқарушы элитаның саяси күшжігері адал болу заң үстемдігі қару мен есірткіге қарсы қатал заңдар халықаралық құқық нормаларын имплементациялау барлық деңгейде экономикалық өсу, әл-ауқаттың артуы қылмыстылық көбейген қалалық оқшауланған шетін дамытпау төмен жұмыссыздық жоғары білім деңгейі
|
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі, олардың «сапасы» Меритократия: HAIR Current Estimated Potential (CEP) қағидаттарында іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді бағалау (әлеует пен қызметтің тиімділігі) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қатаң заңнамалық жазалар Барабар еңбекақы –жеке сектормен бенчмаркинг
|
4 Сыбайлас жемқорлық әрекетке қызығу себептерінің азаюы
1959 жылы Сингапур мемлекеті өте кедей болғандықтан қызметкерлердің жалақысын көтере алмады. Есесіне олар барлық заңдарында жемқорлықты туындататын мүмкіндіктерді жойды, әрі жемқорлық жасаған қылмыс үшін жазаны қатайта түсті. Экспремьер-министр Ли Куан Ю 1985 жылы 22 наурызда өткен парламентте жариялағандай, мемлекеттегі басшы қызметкерлер мен саяси көшбасшылардың жалақысын көтеру салдарынан – жемқорлықтың туындауына себеп болатын стимулдарды жояды. Себебі, оларға қажетті мөлшерде еңбекақы төленбесе, оларды жемқорлық әрекеттер нәтижесі қызықтырып, өз арнасына тартып әкетуі мүмкін. Осыған орай, Сингапур мемлекетінің мемлекеттік қызметшілерінің жалақысы 1973,1979,1982,1989 және 1994 жылдары біршама деңгейге көтерілді. Сонымен Сингапур мемлекетінің жемқорлыққа қарсы күрес 1960 жылдан бастап оң нәтижесін бере бастады: 1) жемқорлық әрекеттердің бой алуына кедергі болатын мүмкіндіктерді РОСА мен СРІВ-тің күрес тәсілдерін бірлесе қолдану арқылы қол жеткізді. 2) Саяси көшбасшылар мен басты мемлекеттік қызметшілердің жалақысын жоғарыда айтылған әрекеттерге бару мүмкіндіктерін азайту мақсатында кезең – кезеңімен көтеру арқылы оң нәтижелерге қол жеткізді. Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес тиімділігін айтқан кезде, белгілі бір шешімге келер алдында, екі бірдей күмәнді мәселенің басын ашып алған абзал. Біріншіден, Сингапурлық модельді басқа мемлекеттерге көшіріп, қондыра салу ақылға сыймайды, өйткені әр мемлекеттің өзіндік тарихи ерекшеліктері, географиялық, экономикалық, демографиялық және саяси ерекшеліктері бар. Екіншіден, тағы бір қателіктен сақтандырмаса болмайды, өйткені сингапурлық модель көп қаржылық шығындарды талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы заң талаптарын орындаудан жалтаруға мүмкіндік бермейтіндей өмірдің сан-алуан жағдайларын қарастыратындай жан-жақты мәселелерді қамтулары тиіс және өзекті мәселелерді қайталай қарастырып, қажетті жағдайда өзгерістер енгізуге мүмкіндік туғызу жағдайы да қарастырылуы абзал. Мемлекеттік қызметшілер мен саяси көшбасшылар арасында жемқорлық әрекеттерге баруды азайтудың жолдары ретінде олардың жалақылары мен кейбір берілетін жеңілдіктерін жеке сектордың деңгейіне салыстырмалы түрде тақатса, осы бағыттағы жұмыстың қомақты жетістігі болар еді. Басқа сөзбен айтсақ, саяси көшбасшы мен мемлекеттік қызметшілердің төмен жалақысы лауазымдық қызметтері мен жауапкершіліктерінің салмағына сәйкес болмағандықтан, жемқорлықтың түрлі сиқырына төтеп бере алмайды. Бірақ та, мемлекетте экономикалық деңгейдің дамуында белгілі бір алға жылжушылық пен қаржының қосымша көздері болмаса, үкімет бұл қызметшілердің жалақысын көтеруге мүмкіндігі болмайды. Яғни, мемлекеттік сектордың болашағына мемлекеттік қызметшілердің жалақысының төмендігі қолайсыз жағдай тудыруы әбден мүмкін, өйткені, дарынды мемлекеттік қызметшілер жеке кампанияларға жұмысқа кетіп қалу қаупі бой көтереді. Себебі, онда жалақы әлдеқайда жоғары, ал қабілеті төмендер орындарында қалып, мардымсыз жалақыларының өтемін жемқорлық жолмен табуға тырысады.
Жоғарыда айтқандарды қорыта келе, Сингапурдағы жемқорлық әрекеттердің азаюына екі жақты саясат, яғни, жемқорлықтың туындауына мүмкіндіктің азаюы және оған қызығушылық тудыратын құбылыстардың жойылуы әсер етті. Шындығында, ондай күрес жолдары оң нәтижелерге қол жеткізді деуге болады. Бұған мықты саяси қаржылық керек. Егер осы айтылғандарды жүйелі түрде іс жүзінде асырмаса, мақсатқа жетуге қиындатады.
Сингапурдың сыбайлас жемқорлықа қарсы саясатының басты идеясы мына қағидаларды басшылыққа ала отырып шешіледі:
- мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы жеке секторда табысты жұмыс істейтіндердің жалақысымен теңестірілген.
- сыбайлас жемқорлық жағдайына байланысты шенеуніктер ісіне қатаң бақылау жасау.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес Сингапурдың экономикалық жетістіктерінің негізгі өзегі деп танылды
Қорытынды
Жоғарыда айтқандарды қорыта келе, Сингапурдағы жемқорлық әрекеттердің азаюына екі жақты саясат, яғни, жемқорлықтың туындауына мүмкіндіктің азаюы және оған қызығушылық тудыратын құбылыстардың жойылуы әсер етті. 2014 жылға Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне (ИВК) сәйкес Сингапур 7-ші орынды иеленді және Дания, Швеция, Жаңа Зеландия сияқты елдерден кейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты ең таза мемлекеттердің қатарында тұр. Бұл ел жалпы рейтингі 100-ден 84 балл жинаған әлемнің ең аз сыбайлас жемқорлық дендеген елдердің төртіншісі болып табылады.
Осылайша, Сингапур бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, экономикалық бостандық және басқарушылық деңгейі бойынша әлемдік рейтингте жетекші орын алады. Сингапурдың мысалы саяси күш-жігер, заңнамадағы тиімді өзгерістер, сатылмайтын Бюро және судьялар корпусының тәуелсіздігінің арқасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жиіркену ахуалын қалыптастыруға болады
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес меритократия қағидатына және конфуций этикасының негізгі канондарына негізделген. Осы себепті дарыны мен қадір-қасиеті негізінде адам капиталын тиімді пайдалану туралы қамқорлық, лауазымды тұлғалардың шынайы жауапкершілігінің орныққан жүйесімен үйлесімде кадрлар тағайындаудың ашық және сенім ұялататын жүйесін енгізудің терең мәні бар. Сингапурдың көшбасшы өкілдерінің көпшілігі «адал және параға сатылмаушылық қағидатын» өмірінің нормасы мен әдет деп түсінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Жұмабаев Н.Ә. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың халықаралық және қазақстандық тәжірибесі. Дөңгелек үстелдің «Құқық қорғау органдары, прокурорлар, судъялар және өзге де тиісті лауазымды тұлғалар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі мамандырылған семинар бағдарламасы. //www.apa.kz 28.01-01.02. 2008г.
2. Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупрежддение) //Материалы международной научно-практической конференции. Астана: Акмолинская полиграфия, 1999. – С.65
3. Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупрежддение) //Материалы международной научно-практической конференции. Астана: Акмолинская полиграфия, 1999. – С.65
4. Коррупция в Казахстане(сущность, проблемы, предупрежддение) //Материалы международной научно-практической конференции. Астана: Акмолинская полиграфия, 1999. – С.65.
5. Қапаров С.Ғ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың шетелдік тәжірибесі. Дөңгелек үстелдің «Құқық қорғау органдары, прокурорлар, судъялар және өзге де тиісті лауазымды тұлғалар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі мамандырылған семинар бағдарламасы. //www.apa.kz 28.01-01.02. 2008г
Бақылау сұрақтары
1. Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен негізгі белгілері
Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы – ''коррупция'' терминінің этимологиясы латынның "corruptіo" (паралап сатып алу) ұғымын білдіреді.Сыбайлас жемқорлық (коррупция) – қазіргі кезеңде әрбір мемлекетте белең алған қоғам үшін қауіпті құбылыстардың бірі. «Сыбайлас жемқорлық» сөзі (латын тілінен «corumper») көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» көп мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын «со» қосымшасы сыбайлас жемқорлық – бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді. Бұдан өзге, латынша «corruptio» «параға сатып алу», «іріп-шіру» дегенді білдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді. Рим құқығында «corrumpire» сөзі «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу», сондай-ақ «құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы» деген мағынаны білдіреді[1]. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің құрт асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады.
2. Сыбайлас жемқорлықтың дамуының тарихи аспектілері
Ежелгі дереккөздерді талдау сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың туындауымен қатар пайда болған және әртүрлі тарихи даму кезеңінде барлық елдерге сол немесе өзге дәрежеде тән болды. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы деректерінің бірі – Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары (біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр). Ежелгі құқық көздерінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін нақты жазалануы тиіс екені көрсетіледіЕгер судья істі талқылап, шешім шығарып, мөрі бар құжатты дайындаса, сосын өз шешімін өзгертсе, онда бұл судьяны шешімін өзгерткенін әшкерелеген жөн және осы істегі талап сомасын жиырма есе етіп төлеуі тиіс, одан бөлек жиналыста оны судьялар орынтағынан қуылуы тиіс және ол орнына қайтып келіп, сотта судьялармен бірлесіп отырмауы тиіс.
3. Сыбайлас жемқорлық ұғымы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырудың тарихи кезеңдері
Шумерлар мен семиттер дәуірінде Лагаш Патшасы (ежелгі қала - қазіргі Ирак жерінде Шумердегі мемлекет) Урукагина шенеуіктер мен судьялардың өздерінің қызметтерін теріс пайдалануының алдын алу, сондай-ақ, патша әкімшілігі жағынан храм қызметкерлерінен заңсыз марапаттарды қорқытып алушылықты азайту, рәсімдер үшін төлемдерді азайту мақсатында мемлекеттік басқаруды құрды. Аристотель «Саясат» атты өзінің еңбегінде сыбайлас жемқорлықты мемлекетті апатқа әкелмесе, қайта тууына әкелетін маңызды фактор деп көрсетті. Мұндай қайта туудың мысалына монрахияның тираньға айналуы жатады.
Аристотельдің кепілдемелерінің кейбіреулері ежелгі Афина тәжірибесінде пайдаланылды Нәтижесінде Афинада әрбір азаматқа қалай өмір сүріп отырғаны жөнінде есеп беруді міндеттейтін заң дүниеге келді.
Парақорлық XIII ғасырдағы орыс жазбаларына да арқау болған. Сыбайлас жемқорлық әрекетіне мемлекеттік дәрежеде алғаш мемлекеттік дәрежеде III Иванға тыйым салды. Ал 1561 жылы Иван Грозный жергілікті басқарманың сот шенеуіктеріне пара алғаны үшін өлім жазасы тағайындау туралы Жарлық шығарды.
Патша А.Романов тұсында -1648 жылы Мәскеуде екі парақор «министр» - Плещеев пен Траханиотов халық алдында қатаң жазаға тартылды.
Парақорлық және қызметін теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы сұрақтар 1649 жылы қабылданған құқықтық жинақтарда шешімін тапты. Оның 5 және 7 баптарында сот органдары ның лауазымды тұлғаларына сыйлық алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ал 6 бап пара алғаны үшін жауапкершілік тартуы тиіс субъектілердің тізімін көрсеткен, яғни оларға сот шенеуіктері атқаратын қызметті атқаратын тұлғалар жатқызылған.
Реформатор патша I Петр кезінде сыбайлас жемқорлық пен қатар патшаның онымен қатал күресі тәсілі де жарысы жүргізілді. I Петр мемлекеттік қызметте ерекше қатал тәртіп енгізіп, жемқорлықты біржолата жоқ қылуға тырысты. Алайда, оның жергілікті жағдайды жете түсінбей бастаған шаралары түпкі нәтиже бермеді. Парақорлық пен қызметті теріс пайдаланудың алдын алу мақсатында әскер басылар үшін мемлекеттік қызметке өтудің жаңа тәртібін де енгізді. Соған сәйкес лауазымды қызметке қабылданғандар жаңа жұмыс орынында екі жылдан артық уақыт бола алмайды. Бұл мерзім егер қала тұрғындарынан аталған лауаызымды тұлға өзінің міндеттемелерін орындауын жалғастыру туралы жазбаша өтініш болған жағдайда ғана ұзартылуы мүмкін.
4. Қазіргі әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен шарттары
Сыбайлас жемқорлықтың себептері: шенеуніктердің әрекеттеріне, табыстарына және шығындарына қатаң бақылаудың жеткіліксіздігі сот жүйесінің жетілмегендігі сыбайлас жемқорлық фактілері үшін жазалардың дұрыс еместігі жетілмеген экономика мен қоғамдық бақылаудың жоқтысы бюджеттік саладағы жұмысшылар жалақысының төмендігі ұлттық дәстүрлер мен менталитет.
Достарыңызбен бөлісу: |