қабырғалар, саңыраулар арқылы жылу эмиссиясы болып бӛлінеді.
Қазіргі уақытта ұйымдастырылған
жылу эмиссиясын ысырап деп
қарау керек, ӛйткені кетіп жатқан тӛмен температуралы жылуды
шикізат дайындау, үй-жайларды жылыту, басқа да ӛндірістік
және тұрмыстық энергетика) — энергия тасымалдаушылардың
(негізінен кӛмір, мұнай, газ, тақтатас, шымтезек)
есебінен
энергия алу. Жылу энергетикасының барлық нысандары
атмосферада кӛміртек диоксидтерінің кӛбеюіне және кӛшетхана
эффектісінің күшеюіне бастайды. Кӛмір жылу энергетикасы мұның
үстіне планета бетінде орасан кӛп мӛлшерде қатты қалдықтардың,
улы және радиоактивті күлдің жинақталуына апарып соғады. Қалай
болғанда да, кӛмір энергетикасы жылу энергетикасың келешегі мол
бағыты деп саналады, ӛйткені кӛмір қоры әр түрлі мәліметтер
бойынша әлі 150-700 жылға жетеді деп болжанады. Кӛмір жылу
электр станциясаларының түтінін, күлін
тазалайтын қазіргі
қондырғылар пайдаланылса, қатты және газ қалдықтардың 99
пайызын ұстап қалуға болады, алайда одан энергияның бағасы
бірнеше есе қымбаттайды. Экологиялық тұрғыдан энергия негізі
ретінде кӛмірді пайдаланудың ең қауіпсіз амалы —
жер астында
газға айналдыру, яғни, 1000—2000°С жоғары температурада
кӛмірді жанар газға айналдыру. Алайда бүл амал кӛмір жылу
электр станциясыларының түтінін тазалаудан бетер қымбатқа
түседі. Газ жылу электр станциясы кӛмір жылу электр
станциясынан гӛрі ауаны анағүрлым аз
ластайды, алайда газ қоры
шектеулі. Газ, мұнай және кӛмір шығару кезіндегі табиғатқа
келетін нұқсан 1:4:11 шамасындағы ара қатынаста, ал ӛндірілетін
электр
энергиясына
шаққанда,
бұлардың
дүниежүзілік
бағаларының ара қатынасы 1:1,7:0,8 шамасында. Қазіргі уақытта
электр энергиясын жылу ӛндірумен бірге ӛндіру
неғұрлым тиімді
деп бағамдамады. Мұндай біртүтас цикл электр энергиясын жылу
электр орталығынан алудың дәстүрлі әдістерінен 4—10 есе
нәтижелі болуы мүмкін. Жылу электр станциясы мен жылу электр
орталығы басқа жағдайлар бірдей болғанда айналадағы ортаға
шамамен бірдей жүктеме түсіретіні мәлім. Жылу электр
станцияларының қоршаған ортаға әсері қаншалық екенін
атмосфераға шығарылатын барлық зиянды шығындылардың 25%-
ы
солардың
үлесіне
келетініне
қарап
білуге
болады.
Суқоймалардың эволюция барысында жеткен теңдестігін бұзатын
жылулық ластану деп аталатынның да қаупі одан кем түспейді.
ЖЫРА — жауын және қар суларының
бұзу әрекетінен пайда
болған рельефтің ойық формасы. Ұзындығы бірнеше километрге
жетеді, тереңдігі 10— 15 м және одан да тереңірек болады.
Жыралар әсіресе борпылдақ жыныстарда тез пайда болады.
Жыралардың ӛсу жылдамдығы жылына 3—5 м-ге, тіпті 25 м-ге де
жетеді.
ЖОТА – кӛтеріңкі жер бедерінің атауы. Оның биіктігі, ұзындығы
және пішіндері, әдетте, жер бедерінің даму ерекшелігіне және
түзілген тау жыныстарыныңлитольдік құрамына байланысты.
Жоталар таулы жер бедерінің басты құрамдас бӛліктерінің бірі.
Олар бірлесіп тау тізбегін құрайды. Тау жоталары бір-бірімен
қиылыспайтын тау торабынан таралып –
радиальді Жота, басты
жотадан қарама-қарсы жаққа қарай екінші қатардағы жоталар
таралып – қазбауырлы жота, сондай-ақ бұталы жота (виргация)
болып орналасуы мүмкін. Жоталар пайда болуына байланысты
жанартаулық, эрозиялық және тектоникалық болып бӛлінеді.
Абсолютті биіктіктеріне қарай – аласа, орта және биік жота болып
келеді. Геологиялық уақыт бойында сыртқы (экзогендік)
процестердің әсерінен жоталар мүжіліп тӛбелі
тауларға, ұсақ
шоқыларға айналады. Мұндайморфологиялық және геологиялық
жасы
жағынан
біршама
ескі,
мүжілген
жоталар
аймағына Сарыарқаны жатқызуға
болады.
Сонымен
қатар,
Қазақстан жерінде геологиялық жасы едәуір егде болғанымен
морфологиялық
жағынан
жас
жоталар
кездеседі
(мысалы, Қаратау жотасы)
Достарыңызбен бөлісу: