Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет16/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33

КҤН  ЖҤЙЕСІ –  Күннен,  оны  айнала  қозғалатын  9  үлкен 
планетадан  (Меркурий,   Шолпан,   Жер,   Марс,   Юпитер,   Сатурн, 
Уран,   Нептун және Плутон),  планета  серіктерінен,  мыңдаған  кіші 
планеталардан  (астероидтардан),  шамамен  1011  кометадан және 
толып  жатқан  метеорлық  денелерден  құралған  ғарыштық  денелер 
жүйесі.  Күннен  ең  алыс  орналасқан  планетаға  дейінгі  орташа 
қашықтық  шамамен  40  а.б.  немесе  6  млрд.  км-ге  тең.  Күн  –  Күн 
жүйесіндегі  орталық  дене  болып  саналады,  оның  массасы  Күн 
жүйесіндегі  барлық  денелердің  жиынтық  массасынан  750  есе 
артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар центрі Күн қойнауында 
орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дӛңгелек дерлік 
орбита  бойымен,  бір  бағытта  қозғалады.  Олардың  орбиталарының 
бір-біріне  қатысты  кӛлбеулігі  ӛте  аз.  Планеталардың  Күннен 
қашықтығы  белгілі  бір  заңдылыққа  бағынған,  яғни  кӛршілес 
орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. 
Планеталар  қозғалысының  физикалық  қасиеттеріне  байланысты 

Күн  жүйесінің  үйлесімді  екі  топқа  бӛлінуі  ғарыштық  денелердің 
кездейсоқ  жиынтық  емес  екендігін  кӛрсетеді.  Барлық  кіші 
планеталар  да  үлкен  планеталар  қозғалған  бағытта  Күнді  айнала 
қозғалады,  бірақ  олардың  орбиталары  едәуір  созылыңқы  және 
эклиптика  жазықтығына  кӛлбеу  орналасады.  Кометалардың 
кӛпшілігі  параболаға  жақын  ӛте  созылыңқы  орбита  бойымен 
қозғалады.  Айналу  периоды  миллиондаған  жылға  жетеді.  Мұндай 
комета  орбиталарының  эклиптика  жазықтығына  кӛлбеулігі  алуан 
түрлі,  олар  Күнді  айнала  тура  және  кері  бағытта  да  қозғалады. 
Шолпан мен Ураннан басқа планеталардың барлығының ӛз осінен 
айналу  бағыты  Күнді  айналу  бағытымен  сәйкес  келеді.  Уран 
планетасының  осі  орбита  жазықтығына  98°  кӛлбеу  орналасқан, 
сондықтан оның айналысы сырттай қарағанда кері болып кӛрінеді. 
Шолпан  планетасы  кері  бағытта  ӛте  баяу  айналады.  Күн  мен 
планеталар  арасындағы  қозғалыс  мӛлшерінің  таралуы  маңызды 
космогониялық  сипаттама  болып  есептеледі.  Күн  жүйесінің 
орталық  денесі  Күн  –  жұлдыз,  яғни  қызған  газды  шар.  Ол  ӛзінің 
қойнауынан  үздіксіз  энергия  бӛліп  шығарады.  Күн  бетінің  күшті 
сәуле  таратуына  қарамастан,  ол  ӛзінің  жоғары  температурасын 
сақтап  қалады.  Күн  жүйесінің  қалған  денелері  –  салқын  денелер. 
Олардың  бетінің  температурасы  Күн  сәулесінің  қыздыруына 
байланысты  анықталады.  Планеталар  массасына,  химиялық 
құрамына,  айналу  жылдамдығына,  серіктерінің  санына  қарай  екі 
топқа  бӛлінеді.  Күн  жүйесінің  тӛрт  ішкері  планетасы  (Жер 
тобындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) аса үлкен 
емес,  олар  тығыз  тасты  заттар  мен  металдардан  құралған.  Алып 
планеталар  –  Юпитер,  Сатурн,  Уран,  Нептун  және  Плутон 
әлдеқайда 
кӛлемдірек, 
олар 
негізінен 
жеңіл 
заттардан 
(сутек, гелий, метан,  т.б.)  құралған,  сондықтан  олардың  орташа 
тығыздығы  қойнауындағы  зор  қысымға  қарамай  аз  болады. 
Планеталардың  екі  тобының  аралығында  орналасқан  кіші 
планеталардың  химиялық  құрамы  Жер  тектес  планеталардың 
құрамына жақын. Біршама тар аймақта қозғалатын кіші планеталар 
бір-бірімен  соқтығысып,  ӛте  майда  сынықтарға  ыдырайды. 
Осындай  майда  сынықтар  метеорлық  денелердің  соққысынан  да 
бӛлінеді.  Ал  ӛте  майда  тозаңдар  қосылғанда,  зодиактік  жарық 
құбылысы байқалады. Метеориттердің жасын ӛлшеу (құрамындағы 
радиоактивті  элементтерге  және  олардың  ыдырау  ӛнімдері 

бойынша)  Күн  жүйесінің  шамамен  4,6  млрд.  жыл  бұрын  пайда 
болғанын анықтады.  
КҤН  РАДИАЦИЯСЫ,  күннің  сәуле  шығаруы  –  Күннің 
электрмагниттік 
және 
корпускулалық 
сәуле 
шығаруы. 
Электрмагниттік 
радиация 
(күннің 
сәулелік 
энергиясы) 
электрмагниттік  толқындар  түрінде,  300000  км/с  жылдамдықпен 
тарап,  жер  атмосферасына  енеді.  Жер  бетіне  дейін  тура  (жерге 
бұлтсыз  ашық  жағдайда  атмосферадан  кӛктей  ӛтіп  жететін  Күн 
сәулелері)  және  шашыранды  (атмосферадағы  шаң-тозаңнан, 
бұлттан  шашыраған  Күн  сәулесі)  радиация  түрінде  жетеді. 
Олардың  48%-ы  спектрдің  кӛрінетін  бӛлігінде  (0,38  –  0,76  мкм), 
45%-ы  инфрақызыл  сәуле  (0,76  мкм),  7%-ы  ультракүлгін  сәуле 
(0,38  мкм)  спектрінде  жатады.  Корпускулалық  радиация  негізінен 
300  –  1500  км/с  жылдамдықпен  қозғалатын  әрі  түгелімен  жер 
магнитосферасында  тұтылып  қалатын  протондардан  тұрады 
(концентрациясы 5 – 80 ион/см3, ал күн активтілігі артқанда, ол да 
артады).  Күн  радияциясы  –  Жер  бетінде  және  атмосферада  болып 
жатқан  экзогендік  процестер  үшін  бірден-бір  энергия  кӛзі  болып 
табылады; әдетте оны жылулық әсері бойынша ӛлшейді. Оның жер 
бетіне  келетін  мӛлшері  уақыт  бірлігінде  1  см  2  жерге  түсетін 
калориямен ӛрнектеледі. Жер әр минут сайын Күннен 2,4·1018 кал 
сәулелік энергия алады. 
КҤН  ЭНЕРГИЯСЫ -  шешуші экологиялық  факторлардың бірі. 
Атап айтқанда жарық жерде ӛмір сүретіндердің барлығына дерлігін 
фотосинтез   арқылы  энергиямен  және  құнарлы  заттармен 
қамтамасыз етеді. Тірі  ағзалар үшін сӛуле толқынының ұзындығы, 
оның  қарқындылығы  және  сәулелендірудің  ұзақтығы  қажет.  Күн 
сӛулесінің  спектрі  үш  аймаққа  бӛлінеді,  ӛлар: ультракүлгін, 
кӛрінетін жәнӛинфрақызыл сәуле шығару аймағы 
 
Қ 
 
ҚАБАТАРАЛЫҚ  (ҚАБАТТЫҚ)  СУ.  Қабатаралық  судың 
ерекшелігіне  ең  алдымен  оның  екі  сутірек  қабаттың  арасында 
орналасатыны  жағады,  яғни  ол  астынан  да  (жабыны  жағынан), 
үстінен де (табаны жағынан) шектелген. Қабатаралық суы бар сулы 
горизонттар  әдетте  ӛлшемдері  мындаған  км2-ге  жететін  байтақ 
алқаптарға 
таралатындығымен, 
режимінің 
түрақтылығымен 
сипатталады.  Мұнда  су  біршама  тереңдіктерде  жатып,  алқаптың 

шеттерінде  ғана  жер  бетіне  шыгады.  Қабатаралық  су  таралған 
мұндай байтақ алқап гидрогеологиялық алап деп аталады 
ҚАБЫҚШАЛАР - Белгілі бір субстраттың (жекелеген тасмалтадан 
немесе  организмдер  қалдығынан  бастап,  ірі-ірі  геологиялық 
денелерге 
дейін) 
сыртқы 
ӛңірін 
түгелімен 
қоршай 
қалыптасатын хемогендік заттар қабатшасы. 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ  ҚЫЗМЕТ  - 
Қазақстанда  алғашқы  аспаптық  метеорологиялық  бақылау 
жүргізу  1855  жылы  Қазалы  және  Семей  қалаларында  басталды.  Ал 
1917 жылы Қазақстан аумағында 94 метеорологиялық станциялар 
мен  49  бекеттер.  123  гидрометеорологиялық  бақылау  бекеттері 
жұмыс  істеді.  1922  жылдың  23  қаңтарында  Қырғыз  АССР-ның 
(Қазақстан)  Жср  жӛніндегі  Халык  комиссариатына  қарасты 
Физикалық  Бас  обсерваториясында  Орынбор  облыстық  
метеорологиялық    бюросы    болып,  ал  1931    жылы    Қазақ  
гидрометеорологиялық      комитеті    болып    қайта    құрылады. 
Оның    негізінде    1933    жылдың    мамыр    айында    Қазақ 
АКСР-інің    Қазақ  гидрометеорологиялық              қызметінің       
Біріңғай              Басқармасы              құрылды.              Қазақстанның 
Гидрометеорологиялық  қызметінің  бірінші  басшысы  болып 
Қазақстанның  белгілі саяси қайраткері -  Ораз  Қиқымұлы  Жандосов 
жұмыс  атқарды.  1999  жылы  2  наурызда  Қазақстан  Рсспубликасы 
Үкімстінің №185 қаулысына сәйкес Қазақстан Рсспубликасының 
Қоршаған  ортаны  қорғау 
министрлігінің 
«Қазгидромет» 
республикалық  мемлекеттік  кәсіпорны  құрылды.  Қазгидромет 
кәсіпорны  қызметінің  негізгі  мақсаты:  қысқа  және  ұзақ 
мерзімдік  метеорологиялық  және  агрометеорологиялық  болжамдар 
жасау:  гидрометеорологиялық  апатты  құбылыстардың  пайда  болу 
мүмкіндіктері  туралы  алдын-ала  хабарлау;  гидрометеорологиялық 
және қоршаған ортаның ластануы бойынша мәліметтер қорын жасау: 
Қазақстан Рсспубликасының ӛнеркәсіптерін, ауыл шаруашылығын 
және экономикасының басқа да салаларын гидрометеорологиялық 
қамтамасыздауды  іске  асыру:  ауа-райы  мен  климат  туралы.  нақты 
және  болашақтағы  гидрометеорологиялық  жағдайлар  туралы, 
табиғи  қоршаған  ортаның  ластануы  туралы  мәліметтер  беру 
арқылы  Қазақстан  Рсспубликасының  мемлекеттік  ұйымдарының. 
экономика 
салаларының 
және 
халықтың 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру. 

ҚАЗЫҒҦРТ 
ТАУЫ 
– Талас 
Алатауының оңтүстік-батыс 
сілеміндегі  аласа  келген  жота. Шымкент қаласынан  оңтүстікке 
қарай  35  км-дей  қашықтықта  орналасқан.  Солтүстік-шығыстан 
оңтүстік-батысқа  қарай  55  км-ге  созылған.  Ортаңғы  биіктеу 
бӛлігінің ұзындығы 22 км, енді  жері 10 км. Ең биік жері жотаның 
шығыс  бӛлігінде  орналасқан  (1768  м).  Шығыстан  батысқа  қарай 
аласарып 800 м-ге дейін тӛмендейді. Батыстың ең биік жері 875 м 
(Бағаналы  тауы).  Солт.  беткейі  жалпақтау  болып  келетін  бірнеше 
қырқалы  жондарға  тармақталады. Келес  ӛзенібастау  алатын 
оңтүстік-шығыс  беткейі  жарқабақты  келген.  Тектоникалық 
құрылымы 
жағынан 
 палеозойлық 
қатпарлыққа  
жатады. 
Геологиялық  жыныстарының  кӛпшілігі  әктастардан  тұрады.  Жер 
бедерінде карстық процестер байқалады. Жотаның жонды-қырқалы 
келген шығыс бӛлігіндегі қоңыр топырағында бұта аралас бидайық, 
нарғия,  батысындағы  аласа  бӛлігіндегі  сұр,  бозғылт  сұр 
топырағында  кӛктемдік  кӛп  жылдық  ӛсімдіктер,   еркекшӛп,  
қоңырбас,   қияқ,  т.б.,  беткейлерінде  бетеге,  боз,  шатқалдары  мен 
аңғарларында    арша,  долана,  алма  ағашы  ӛседі.  Ежелгі  аңызда 
дүниені  топан  су  басқанда, Нұқ  пайғамбар кемесі  Арабияда  Жуда 
тауында,  10  ғ-дағы  аңызда Арарат  тауына тоқтаған  делінеді.  Қазақ 
(түркі)  аңызы  бойынша  топан  су  қаптағанда  Нұқ  пайғамбар 
[«Топан  су»  мифінің  кӛне  нұсқасында  Нұқ  пайғамбардың  есімінің 
орнында «Йвшқар-ата» («Жылаған-ата», «Жылауық ата») деген кісі 
есімі  де  қолданылады]  кемесі  Қ.  т-ның  шыңында  тұрып  қалған. 
Топан  су  қайтқан  соң,  адамзаттың  жаңа  ұрпағының  тіршілігі 
сыртқы  бітімі  кемеге  ұқсас  Қ.  т-нан  басталған».  Кейін,  ислам 
дінінің  таралуына  байланысты  Нұқ  пайғамбар  туралы  аңызбен 
ұштасып,  ежелгі  мифтің  жаңа  нұсқасы  пайда  болған.  Жер-су 
атауының  мифтік  түсінігіне  қарағанда  «Қазығұрт»  атауының  ең 
ежелгі  (прототүркілік)  нұсқасы  –  «Қаңғұқ-урт»  болған.  Мұндағы 
«қаңғұқ»  (қуыс,  шұңқыр,  үңгір)  тіркесі:  а)  «бастапқы  тіршілікті 
жаратқан  құрсақ,  Ұлы  Ана»  дегенді  білдіреді,  бұл  ұғымның 
мысалдарын  «Авестадағы»  «Кангха»,  «Шахнамадағы»  «Канг-диз», 
кӛк  түркілерден  «Ӛтүкен»  (Ӛтү-»қаңғ»),  Ергенеқон  (Аргы-ене-
»қаңғ») 
мифтік 
топонимдерінен, 
Қаңғу-Тарбан 
тарихи 
топонимінен,  қаңғар,  қаңғарлы,  қаңлы  этнонимдерінен,  т.б.  кӛруге 
болады, бұл жағдайда «қаңг» (қаңғұқ) барлық тіршілікті сақтаушы 
әлдебір  кеңістік  сипатына  ие  болып,  типол.  тұрғыдан  Нұқ 
пайғамбар  кемесіне  сәйкес  келеді;  б)  «қайық»  дегенді  білдіреді 

(«қаңғұқ»-»қайұқ»-»қадзұқ»-»қазық»), 
бұл 
нұсқаның 
Нұқ 
пайғамбардың  кемесімен  типол.  сәйкестігі  тіпті  дау  туғызбайды, 
оның  үстіне  Қ.  т-ның  сыртқы  сұлбасы  расында  да  алып  қайықты 
елестетеді.  Ал  сӛз  жасаушы  екінші  компонент  –  «ұрт»  сӛзінің 
мағынасы «жер, жер тумағы, жер ортасы, кіндігі» дегенді білдіреді 
(жалпы  түркілік  «жұрт  –  йұрт»  сӛзімен,  «орда  –  орта»  сӛзімен, 
«жер»  сӛзімен,  «жер»  деген  мағынаны  білдіретін  германдық 
«йордэрт»,  «шумерлік  «эриду»,  «урта»  сӛздерімен  салыстыруға 
болады).  Сонда,  «Қазығұрт»  сӛзінің  бастапқы  мағынасы  «барлық 
тіршілік  тегін  сақтап  қалған  жер  (тумағы)»  немесе  «жер  (тумақ)» 
дегенді  білдірген.  Сӛздің  түркі  тілі  негізінде  түсіндірілуіне  қарап, 
Қ.  туралы  мифтің  б.з.б.  2  мыңжылдықта,  Еділдің  арғы  бетінен 
шыққан  үнді-ирандықтардың  қазақ  жеріне  келіп  қоныстана 
бастаған  уақытының  алдындағы  жергілікті  прототүркі  тілді 
жұрттың  қолданысында  болғандығын  топшылауға  болады; 
заратуштрашылдықтың  діни  мәтіндер  жинағы  –  «Авестада», 
кейінірек  –  «Шахнама»  дастанында  сақталған  «Кангха/Кангдиз» 
деген  ғажайып  жердің  де  нақ  осы  Қазығұрт  тауы  орналасқан 
аймақпен  (Шымкент  –  Ташкент  аймағымен)  сәйкестендірілуі  де 
прототүркілік мифтік түсініктің б.з.б. 1 мыңжылдықта-ақ иран тілді 
ортаның  дүниетанымына  еніп  кеткендігін  кӛрсетеді.  Кейбір 
зерттеушілер Қ. тауын «ригведалық» (үндіарийлік) топан су туралы 
мифпен  де  байланыстырады;  бұл  мифтегі  топан  судың  куәгері 
болған  Ману  деген  кісінің  есімі  мен  Қ.  ӛңіріндегі  Мансары  тауы, 
Мансары  әулие  сияқты  топонимдердің  ұқсастығы  осындай 
пайымдауға  негіз  болған.  Қ.  тауының  үнді-арийлердің  Еділдің 
батысындағы  далалардан  бүгінгі  Үндістанға  дейінгі  қоныс  аудару 
бағытының 
бойында 
жатқандығын 
ескергенде, 
осындай 
топшылаудың  қисынды  екендігі  аңғарылады.  Яғни,  үнді-арийлер 
ӛздерінің  топан  су  туралы  мифтерін  прототүркілерден  алып,  ӛз 
талаптарына  сай  ӛзгерткен  болып  шығады.  Қазақ  ауыз 
әдебиетіндегі Қ. т. туралы аңыз ӛлеңде «Қазығұрттың басында кеме 
қалған,  ол  әулие  болмаса  неге  қалған,  Жетім  қозы  басында  жатып 
қалып,  Шопан  ата  жануар  сонан  қалған»  деп,  Шопан  ата,  Зеңгі 
баба, Жылқышы ата (Қамбар ата), Ойсыл қара сияқты тӛрт түліктің 
киелі иелері аталады. 
ҚАЙРАҢ — әдетте, ағысқа қарсы бағытталған және ағыс бойынша 
тік  құлама,  жалпақ  беткейлі  болып  келетін  ӛзен  арнасының  жал 
түріндегі  телімі  немесе  жазық  жер  ӛзендерінің  таяз  сулы  бӛлігі. 

Олар  ӛзендердің  бұрылыс  аралықтарында,  арналардың  ұлғайған 
тұсында және оның салалары сағасына жақын жерде пайда болады. 
Топырағы  борпылдақ  шӛгінділерден  түзілген.  Қайраң  кеме 
қатынасына қолайсыз. Арнаны су ағыны мен тасынды шӛгінділері 
біркелкі  шаймауынан  пайда  болады.  Жайылманың  ұлғайған  тұсы 
мен құйылыстардың сағаларында жиі кездеседі. 
ҚАЛА —тұрғындары ӛнеркәсіп пен сауда орындарында 
және 
ғылыми,    мәдени,  басқару  мекемелерінде  еңбек  ететін  ірі елді 
мекен.  Қала  орталық  коныстандырылған  пункт,  кішкене  қала 
мен ауылдардан   айырмашылығы    шекара  ішінде  діни,  әскери-
саяси, экономикалық және  мәдени    қызметтің  жүзеге  асырылу 
деңгейімен  және  үлкен  кӛлемімен  ерекшеленеді.  Осы  әрекеттер 
жиынтығы қоршаған шағын ауылдарға билік жүргізуді білдіреді.  
Қала  кӛбіне  ӛз  атырабының  әкімшілік  және  мәдени  орталығы 
болып  табылады.  Елді  мекенді  қала  дәрежесіне  кӛтеретін  басты 
межелер  —  ондағы,  халықтың  саны  және  олардың  атқаратын 
қызметі  (ӛнеркәсіп, мәдени, саяси - әкімшілік орталықтары). 
ҚАЛҚЫМА  СУ –  жер  бетіне  ең  жақын  жатқан  жер  асты суы. 
Қалқыма  су грунт суынан  жоғары  орналасады.  Ол  кӛбінесе 
ойыстарда,  ӛзен-кӛл  арналарында,  су  ӛткізбейтін  қабаттардың 
бетінде, құм топырақтар  арасында қар суы ерігенде, су тасығанда, 
нӛсер  жауыннан  кейін  пайда  болады.  Қалқыма  судың  қоры,  су 
шығымы  әр  ӛңірде  әр  түрлі  болады,  температурасы  да  ӛзгермелі 
келеді. Ылғалдылығы біршама мол, булану мӛлшері аз аймақтарда 
қалқыма  су  тұщы,  ал  тұзды  топырақтар  арасында  тұзды  болып 
кездеседі.  Оның  сапасына  жер  бетіндегі  сарқынды  сулар  мен 
ластану  кӛздері  әсер  етеді.  Қорының,  ӛнімділігі  мен  сапасының 
тұрақсыздығына  байланысты  қалқыма  суды  ауыз  су  ретінде,  мал 
суаруға  тек  уақытша  ғана  пайдалануға  болады.  Мұндай  сулардың 
қорын  қар  тоқтату,  жауын  және  тасқын  суларды  ойыс  жерлерде 
жинау  арқылы  жасанды  жолмен  арттыруға  болады.  Кӛп  жағдайда 
қалқыма  су  астыңғы  қабаттардағы грунт және  тұрақты  жер  асты 
суларымен байланысты болатындықтан оны да ластану кӛздерінен 
сақтай  білу  қажет.  Әдетте  қалқыма  су  тұтас  таралмайды,  сутірек 
таужыныстардың  үстінде  орналасатыш  шағын  линзалар  жасайды. 
Қалқыма  судың  мұндай линзаларының қалындығы  кӛбінесе  0,5-1 
м-ден  аспайды,  кейде  2-3  мге  жетеді.  Мүндағы  су  гравитациялық 
түрде болып, деңгейге ие болады. Қалқыма судың режимі тұрақсыз 
-  деңгейі  мен  минералдылығы  айтарлыктай  ӛзгеріп  тұрады.  Кейде 

құрғақ климатты аудандарда  қалқыма  сулы  құдықтар  жазда  толық 
кеуіп кетеді. 
ҚАПШАҒАЙ - Қазақстандағы қала. Қазақстандағы құмар ойындар 
ойнатуға  рұқсат  етілген  екі  қаланың  бірі.  Қапшағай  қаласы  1970 
жылдары  құрылған.  Қапшағай  3600  шаршы  м  құрайды.  Қапшағай 
қаласында  кәзіргі  таңда  2  округ  және  11  елді  мекен  бар.Қапшағай 
бӛгетінің  солтүстік  батысында  20  шақырым  жерде  Іле  ӛзенінің  оң 
жағасында Тамғалы  Тас орналасқан.  Қапшағай  ӛңірінде  54,4 
мыңнан  астам  адам  турады.  Қала Қапшағай  бӛгені жағасында  бой 
кӛтерген.  Қапшағай  халықтың  ең  кӛп  демалатын  жерлерінің  бірі 
болып саналады. 
ҚАР - атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары 
түріндегі  жау-ын-шашын.  Су  буының  суб-лимациясы  нәтижесінде 
ӛте шағын (0,1 — 0,2 мм) крис-талдар үлкейіп Қ. жұлдызшаларына 
айналады. Атмосфе-радағы турбуленттік қозғалы-стың салдарынан 
ауадағы  Қ-дың  жеке  жұлдызшалары  бір-бірімен  ұйыса  бірігеді, 
яғни  жерге  жапалақ  Қ.  (диам.  8  -10  мм)  жауады.  Ауа  темп-расы 
0°С-тан тӛмендегенде бұлттардан жауады. Қоңыр-жай ендіктерден 
бастап  солт-тің  және  оңт-тің  жоғары  ендіктерінс  қарай  жайласқан 
аймақтарда  Қ-дың  кӛп  түсуі  нен  Жердің  қар  жамыл  ғысы  пайда 
болады.  Қазақстан  аймағында  Қ.,  қазан-қараша  айларынан  бастап 
(қиыр  оңт-ндегі  жазық  ӛңірлерін  қоспағанда)  түседі;  Қ. 
жамылғысының  қалынд.  солт.  облыстарда  25-30  см,  оңт-ндегі 
жазық  жерлерінде  10  см-дей;  Жетісу  (Жоңғар)  Алата-уында  және 
Алтайдың  батыс  беткейінде  60  см-ге  жетеді.  Ӛскемен,  Петропавл, 
Қостанай 
қалаларының 
тӛңірегінде 
Қ. 
150-165 
күндей 
(республикадағы  ең  ұзақ  мерзім),  Қызылорда,  Шымкент 
атыраптарында 49-61 күндей (ең қысқа мерзімі) жатады. 
Бҧршақ сӛзінің бірнеше мағынасы бар: 

 
Бұршақ - кӛгеннің ӛн бойындағы тӛл (кӛбінесе, қозы мен лақ) 
байлайтын,  жүн  не  қылдан  есілген  бекітпе  ілмешектер.  Бұршақ  - 
мӛлшері  5-тен  55  мм-ге  дейін  және  одан  да  ірі  жұмырланған  мұз 
түйіршіктерінен  тұратын  атмосфералық  жауын-шашын.  Қалың 
жаңбырлы  будақ  бұлттардан,  әдетте,  қатты  найзағай  кезінде  енсіз 
(бірнеше  км-лік),  ұзын  (жүздеген  км-ге  созылған)  ӛңірде  жауады. 
Бұршақ ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. 
Бұршақтан  қорғау  будақ  бұлттарда  бүршақ  түзілуін  болдырмау 
үшін  йодты  күміс,  қатты  кӛмір  қышқылын  және  кейбір 

гигроскопиялық  реагенттерді  ендіру  арқылы  дамуын  реттеуге 
арналған жүмыстар 
ҚАР  ЖӘНЕ  МҦЗ  КӚШКІНІ–  тау  шыңдары  мен  беткейлеріндегі 
қар  және  мұздықтардың  қозғалуы,  тӛмен  қарай  сырғуы.  Қар 
кӛшкінінің  құлау  себебі  беткейдің  қарға  аса  толып  кетуінен, 
беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және 
қар  қайтадан  кристалданғанда,  қар  кабатының  ішінде  қиыршық 
горизонттың  пайда  болуынан  туады.  Жекелеген  қар  кӛшкінінің 
кӛлемі  2  млн  м3ге  жетеді.  Ұру  күші  1  .м2ге  60—  100  тонна.  Қар 
кӛшкіні құлағанда пайда болатын әуе толқыны қауіпті. 
ҚАРАҚҦМТүрікмен  Қарақұмы (түрікменше  –  Гарагум)  – 
Орталық  Азияда,  Түрікмен  мемлекетінің  80%-дай  аумағын  алып 
жатқан  құмды  алқап,  шӛл.  Солтүстік  және  солтүстік-шығысы  
Сарықамыс ойысы,  Әмудария  аңғары, оңтүстік-шығысы  Қарабел  
және   Бадхызқыраттары,  оңтүстігі Копетдаг етегі,  батысы  Батыс 
Узбоймен  шектелген.  Ауданы  350  мың  км
2
.  Қарақұм  солтүстік 
Унгуз, Орталық және Оңтүстік-шығыс Қарақұмдарға бӛлінеді. Жер 
беті  тӛбелі  жазық.  Негізінен,  осы  жерлер  арқылы  ӛткен  ежелгі 
Әмудария,  оңтүстігінде Мургабжәне Теджен ӛзендерімен  келген 
құм  шӛгінділерінен  түзілген.  Шӛлде  тақыр  жерлер  мен  сортаңды 
қазаншұңқырлар,  құм  тӛбелер  және  қырқалар  жиі  кездеседі. 
Оңтүстік-шығыс 
және 
Орталық 
Қарақұмдардағы 
құмды 
қырқалардың  биіктігі  3  –  30  м.  Қарақұмның  климаты  қоңыржай 
континенттік.  Қаңтар  айының  орташа  температурасы  3°С-тан 
(оңтүстікте)  –5°С-қа  (солтүстікте)  дейін.  Шілдеде  орташа 
температура  солтүстігінде  28°С,  оңтүстігінде  34°С.  Жауын-
шашынның жылдық орташа мӛлшері 60 – 150 мм. Құмды алқаптың 
солтүстік-шығысымен  Әмудария  ӛзені  ағып  ӛтеді.  Оңтүстік  және 
оңтүстік-батысындағы  Мургаб  және  Теджен  ӛзендері  құмға  сіңіп 
кетеді.  Эфемерлі  ӛсімдіктер, ӛлеңшӛп,  ақ  және  қара   сексеуіл,  
қараған,   астрагал,   қылша   ӛседі.   Киік,   түлкі,   қасқыр,   қарсақ, 
 шибӛрі,  т.б.  аңдар,  бауырымен  жорғалаушылар,    кемірушілер  ӛте 
кӛп;  құстардан бозторғай, шіл,  т.б.  кездеседі.  Қарақұм  аумағында 
Түрікменнің  негізгі  кен  байлықтары  (газ, мұнай,күкірт)  жатыр. 
Шӛлді  аумақтың  орталық  бӛлігінен  Түрікменбашы  (Қарақұм) 
каналы (ұзындығы 450 км) ағып ӛтеді. Оңтүстік-шығыс Қарақұмда 
дүние  жүзіндегі  ең  байырғы   Репетек  құм  ғылыми-зерттеу 
стансасы және осы аттас  қорық  бар. Шӛлде 6 мыңнан астамқұдық  
орналасқан.  

ҚАРАҚҦМ
 
– Балқаш және Сасықкӛл кӛлдері  аралығындағы  құм. 
 Алматы  облысының Алакӛл ауданы жерінде, теңіз деңгейінен 350 
– 450 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы 120 км, ені 30 км, ауданы 
1600  км
2
.  Оңтүстігінде   Арқарлы  тауы   және   Сарықұм   мен  
Тасқарақұмды  алқабы  орналасқан.  Қарақұмның  басым  бӛлігі 
қырқалы, тӛбелі (биіктігі 5 – 30 м, әсіресе солтүсік-батыс жағында) 
келеді; бұта аралас жусан, еркекшӛп, т.б. сораң шӛптермен бекіген. 
Айнала етегі тақыр, тақырлы сораңдарға ұласады. Тұщы грунт сулы 
құм  қабаты  жер  бетіне  жақын  жатыр.  Қарақұм  –  қысқы  мал 
жайылымы. 
ҚАРАҚҦМ
 
 – Каспий  теңізінің солтүстік-шығысында  орналасқан 
құмды алқап. Теңіз жағасынан 10 – 20 км жерде. Оңтүстік-батыстан 
солтүстік-шығысқа  қарай  150  –  160  км-ге  созылған.  Құм   Атырау  
облысының   Жылыой   және   Маңғыстау  облысының   Бейнеу  
аудандары жерін қамтиды. Батысы теңіз деңгейінен 19 м, шығысы 
9  м  тӛмен  жатыр.  Қарақұмда  теріскен  аралас  ақ  жусан,  еркекшӛп, 
изен,  т.б.  сораң  шӛптер  ӛскен.  Минералдылығы  әр  түрлі,  грунт 
сулары  2  –  6  м  тереңдікте  жатыр.  Қарақұм  ӛңірінде  мұнай  кен 
орындары бар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет