Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет19/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33

МЕЗОСФЕРА (гр. mesos —  ортаңғы  және sphaіra —  шар)  — 
атмосфераның  50  —  80  километр  биіктіктегі  ортаңғы 
қабаты. Стратосфера (мезосфера  асты)  мен ионосфера (мезосфера 
үсті)  қабаттарының  аралығында.  Мезосферада  жоғарылаған  сайын 
температура  тӛмендей  береді:  50  километр  биіктікте  70°С 
шамасында  болса,  80  километр  тӛңірегінде  —  900°С-қа  дейін 
тӛмендейді.  Мезосфера  құбылыстары  (температурасы,  қысымы 
тағы 
басқа) метеорологиялық ракетадағы 
құралдар 
күшімен 
анықталады. 
МЕЛИОРАЦИЯ  (лат. melioratio –  жақсарту)—  жерді  жақсартуға 
бағытталған  техникалық  және  шаруашылық-ұйымдастырушылық 
шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен 
қамтамасыз  ету  тәртібін  жақсартуға,  оны  жел,  су эрозиясы сияқты 
қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде 
ауыл  шаруашылық  дақылдары  мен  мал  азығы  ретінде  ӛсірілетін 
шӛптерден  ұдайы  мол  ӛнім  алуға  болады.  Мелиорацияның 
Қазақстан  үшін  айрықша  мәні  бар:  республика  жерінің  басым 
бӛлігін  шӛлді,  шӛлейтті  және  жартылай  шӛлейтті  аймақтар  алып 
жатыр.  Олардың  әрдайым  суландыруды  қажет  ететіндігін  адам 
баласы  қола,  темір  дәуірлерінен  бастап-ақ  білген.  Сыр  ӛңірі,  Шу-
Талас  аймағы  мен  Іле  алабы,  Сарыарқа  ӛлкесіндегі  кӛптеген 
ортағасырлық  қалалардан  ежелгі  суландыру  жүйелері  табылды 
(қара  Қазақстанның  ежелгі  қалалары).  Қазақстанда  мелиорация 
жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1928 жылы 671 мың гектар, 1940 
жылы  1153  мың  гектар,  1985  жылы  2172  мың  гектар  суармалы 

егістік болды. 20 ғасырдың соңына қарай 54 мың гидротехникалық 
құрылыс салынды. Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-
ақ  ӛзге  де  дақылдарды,  бау-бақша,  мал  азықтық  ӛнімдерді  ӛсіруге 
кӛп  мүмкіншіліктер  туғызды.  Ӛндірістік  қатынастың  сипатына, 
елдің  ӛндіргіш  күштерінің  дамуына,  аймақтың  жағдайына,  жұмыс 
түрлеріне 
байланысты 
мелиорацияның 
гидротехникалық, 
химиялық,  орман,  мәдени-техникалық  жұмыстар,  тағы  басқа 
түрлері жүргізіледі. Құрғату мелиорациясы артық суды құрғататын 
жерден  сыртқа  шығарады;  суландыру  мелиорациясы  суды  қажет 
мӛлшерде  керек  кезінде  жеткізеді;  химиялық  мелиорация 
топырақтың қышқылдылығын азайтады, сор, сортаң топырақтарды 
бейтараптандырады;  агротехникалық  мелиорация  топырақтың 
физикалық,  химиялық  қасиеттерін  жақсартады;  гидротехникалық 
мелиорация  су  және  жел  эрозиясын  тоқтатады.  Қазақстанның 
солтүстік  облыстарында  қар  мелиорациясы  (қар  тоқтату) 
жүргізіледі.  Мелиорацияның  ішіндегі  ең  кӛп  тараған  түрі  су 
мелиорациясы.  Мысалы, Шу ӛзенінің оң жағасындағы Георгиевка, 
Тасӛткел  суландыру  жүйелері  тиісінше  12  және  26  мың  гектар 
жерді  суландырады.  Алматы  облысында  су  сыйымдылығы  28 
миллиард  куб  метр  Қапшағай  су  қоймасы  салынып,  онымен  250 
мың  гектарға  дейін  жер  суарылады.  Орталық  Қазақстандағы  Ертіс 
—  Қарағанды  каналы  облысы  ӛндірісін,  ауыл  шаруашылығын 
сумен  қамтамасыз  етеді.  Батыс  Қазақстанда  Орал  —  Кӛшім 
суландыру  және  ауыл  шаруашылығын  сумен  қамтамасыз  ету 
жүйесі  салынған,  осындай  жұмыстар  Қазақстанның  солтүстігінде 
де  жүргізілуде.  Қазақстан  Республикасында  100  миллион  гектарға 
жуық  жер  суландырылған  және  730  мың  гектар  кӛлтабан  суару 
жүйесі пайдалануға берілген. Кейінгі кездері ауыл шаруашылығын 
қайта  құруға  және  жерді  жеке  меншікке  беруге  байланысты 
мелиорацияның  шағын  түрлері  де  дами  бастады.  Мелиорация  кең 
аймақтардағы  табиғи  ресурстарды  (топырақ,  су  қорлары,  орман, 
тағы  басқа)  адам  қажетіне  жаратуға  кӛп  мүмкіндік  береді; 
атмосфераның  жерге  жақын  қабатында  ылғалдылық,  температура 
және ауаның қозғалуына оң әсерін тигізіп, пайдалы ӛсімдіктер мен 
жануарларға қолайлы жағдайлар жасайды; табиғи ортаны жақсарту 
арқылы адам ӛмір сүретін ортаны қалыпқа келтіреді. 
МЕРИДИАН (лат. meridianus — жарым күндік, тал түс) 
1) Географиялық (жер) меридиан, жер шарының полюстері арқылы  
экваторды тура  кӛлденең  кесіп  ӛтетін  сызық.  Меридианның  бірі 

шартты  түрде  бастапқы  (бірінші,  нәлдік)  болып  алынады  да,  одан 
бойлықтың  шығысқа  (шығыс  бойлығы)  және  батысқа  (батыс 
бойлығы)  қарай  есебі  жүргізіледі.  Халықаралық  келісім-шарт 
бәйынша 
бастапқы 
меридиан 
Гринвичтегі 
(Ұлыбритания) 
обсерватория арқылы ӛтетін меридиан деп қабылданды. Меридиан 
кӛлденең  сызықтармен  бірге градустық  торды құрайды.  Ол  жер 
бетіндегі нүктенің орнын анықтау үшін қажет. 
2)  Жердің магниттік  меридианы;  жердің  магниттік  ӛрісінің  күш 
сызығының  жер  бетіндегі  проекциясы  болып  табылатын  және 
берілген  нүктеден  ӛтетін  сызық.  Магниттік  меридиан  арқылы 
ӛтетін  тік  жазықтык  магниттік  меридианның  жазықтығы  деп 
аталады.  Жер  бетінің  кез  келген  нүктесіндегі  магниттік  жазықтық 
пен  географиялық  меридиан  жазықтығы  арасындағы  бүрыш 
магнитті бүрылу деп аталады. 
3) Геомагниттік  меридиан;  жер  бетін  жазықтықпен  кесу  сызығы. 
Жер  бетінің  кез  келген  нүктесі  және  оңтүстік  және  солтүстік 
геомагниттік  полюстерді  қосып  түрған  түзу  сызық  арқылы  ӛтетін 
сызық. 
4)  Аспан  меридианы;  аспан  сферасының зенит пен  оңтүстік  және 
солтүстік полюстер арқылы ӛтетін, үлкен шеңбері. 
Надир   (араб. назир, назар сӛзінен  –  бірдеңеге  қарау,  кӛру)  –
 зенитке қарама-қарсы орналасқан аспан сферасының нүктесі. 
МЕТАМОРФТЫҚ  ТАУ  ЖЫНЫСТАРЫ (грек. metamorpho – 
ӛзгеру), метаморфизм әсерінен пайда болады. Егер метаморфизмде 
бастапқы  тау  жыныстарының  химиялық  құрамы  ӛзгеріске 
ұшырамаса,  онда  қалыптасқан  Метаморфтық  тау  жыныстарын  
метаморфиттер,  ал  ӛзгеріске  түскендерін метасоматиттер деп 
атайды.  Метаморфтық  тау  жыныстары  геологиялық  қалыптасу 
жағдайына  қарай  катаклаздық,  жапсар-термалық,  аймақтық 
және метасоматоздық болады.  Катаклаздық Метаморфтық  тау 
жыныстары тектоникалық  қозғалыстарға  байланысты  туатын 
қысымның  әсерінен  қалыптасады.  Уатылу  дәрежесіне  қарай 
олардың  тектоникалық   брекчиялар,   катаклазиттер,  милониттер  
сынды  түрлері  пайда  болады.  Жапсар  –  термалық   Метаморфтық 
тау  жыныстары интрузиялардың  сыртында  жылудың  әсерінен 
қалыптасады.  Онда  силикатты  тау  жыныстары  мүйіз  тастарға, 
карбонаттылар мәрмәрлерге, кремнийлілер кварциттерге айналады. 
Олардың  минералдық  құрамы  бастапқы  тау  жыныстарының 
құрамы  мен  температурасына  байланысты  әр  түрлі  болып  келеді. 

Аймақтық  метаморфизмде  жылудың,  қысымның,  ерітінділердің 
әсерінен  тақтатастар,   гнейстер,   гранулиттер,   амфиболиттер, 
мәрмәрлер, кварциттер, мигматиттер, эклогиттер қалыптасады. 
Оларға тақтатастық, сирек шомбал бітім, әркелкі түйірлі құрылым, 
кордиерит, андалузит, силлиманит, кианит, ставролит, омфацит, 
альмандин,  пироп   сияқты  типоморфтық  минералдар  тән. 
Магмалық  және  шӛгінді  жыныстар  жердің  терең  қабатына  түссе 
немесе  жаңадан  кӛтерілген  магмалық  ыстық  лебіне  ұшыраса,  олар 
қысым  күшінің  және  ыстық  лептің  әсерінен  әр  турлі  ӛзгерістерге 
ұшырап, ӛзінің бастапқы құрылыс түрін жоғалтады, сонымен қатар 
олардың минералдық және химиялық құрамы да ӛзгереді. Осындай 
ӛзгерістен  пайда  болған  жыныстарды  метаморфтық  жыныстар  деп 
атайды.  Мысалы,  ізбестас  метаморфтық  әсерден  кристалданып, 
тығыздалып  мраморға  айналады.  Демек, мрамор —  метаморфтық 
жыныс.  Сазтастар  әсерінен  жаншылып,  кристалды  тақтатасқ  а 
айналады.  Граниттер  мен  құмтастар  метаморфизм  әсерінен 
жаншылып,  кристалданып  тақталанады,  оны  гнейс  деп  атайды. 
Габбро ӛзгергенде онан амфиболит атты жыныс шығады. Қазақстан 
жеріндегі  де  кембрийлік  белдемдерінің  кешендері  эпидот  – 
амфиболиттік,  жасыл  тастық  фациялардың  түзілу  темп-раларына 
сәйкес  орта,  жоғарғы  қысым  жағдайларында  пайда  болғаны 
анықталған. Бұл кешендер белдеулік (Үлкен Қаратау, ӛлытау) және 
тең  ӛлшемді  [[[Мақбел]]  (Мақпал), Шу,  Кӛкшетау  кӛтерілімдері
болып бӛлінеді. 
МЕТЕОРИТ –  планетааралық  кеңістіктен  Жерге  келіп  түсетін 
метеорлық  денелердің  қалдықтары.  Метеориттер  темір,  тас-темір 
және тас  метеорит болып  негізгі  үш  түрге  бӛлінеді.  Олардың 
ерекше белгілері: қырлары мүжілген, сыртында жұқа қабығы және 
ӛзіне  тән  шұңқырлары  болады.  Сындырып  қарағанда  метеориттің 
ішкі жағы күлгін қоңыр түстес келеді, қара немесе ақ түстер сирек 
кездеседі. Әдетте ақ  түсті никельді темір  және сары түсті троилит 
минералы 
аралас 
метеорит 
жиі 
кездеседі. 
Тас-темір 
метеоритінде никельді темір  басымырақ  болады.  Метеориттің 
мӛлшері  бірнеше  милиметрден  бірнеше  метрге  дейін,  ал  салмағы 
граммның бірнеше үлесінен ондаған тоннаға дейін жетеді. Сынбай 
түскен  метеориттің  ішіндегі  ең  ірісі  –  Оңтүстік-Батыс  Африкада 
Кейп-Йорк  деп  аталатын  темір  метеорит  (салмағы  34  тонна). 
Метеориялық  денелердің  бӛлшектенуі  нәтижесінде  ондаған, 
жүздеген  тіпті  мыңдаған  метеориттен  тұратын  метеорит  топтары 

бір  мезгілде  жерге  түседі.  Бұл  құбылыс  метеорит  жауыны  деп 
аталады.  1947  ж.  Ресейдің   Приморье   ӛлкесінде  салмағы  70 
тонналықлық Сихотэ-Алинь темір  метеоритжауыны  жауған.  Жыл 
сайын  жерге  мыңдаған  метеорит  түсіп  тұрады,  оның  кӛпшілігі 
теңіздер мен мұхиттарға түсіп, белгісіз болып қалады. Метеориттің 
ақырғы  массасы  мен  жылдамдығына,  сонымен  қатар  метеорит 
түсетін топырақтың құрылымына байланысты метеорит топыраққа 
3  –  5  м  тереңдікке  еніп,  сонда  қалып  қояды.  Метеориттің  беткі 
қабығы 103 – 104 К-ге дейін қызып үздіксіз булану әсерінен ӛлшемі 
кеми  түседі.  Жылдамдығы  үлкен  метеориттер  атмосферада 
түгелдей  дерлік  жойылып  кетеді.  Ауаның  әсерінен  атмосфера 
қабатында  метеориялық  дене  тежеледі.  Оның  кинетикалық 
энергиясы  жылуға  және  жарыққа  айналады.  Метеорит  жерге 
түскенде  жарқыл  пайда  болып,  қатты  сартылдаған  дыбыс  естіліп, 
механикалық  құбылыстар  байқалады.  Метеоритте  кӛп  кездесетін 
элементтер:  алюминий,  темір,  кальций,  оттек,  кремний,  магний, 
никель, күкірт. Сонымен қатар метеоритте бірқатар белгісіз немесе 
жер 
бетінде 
ӛте 
сирек 
кездесетін 
минералдар 
бар. 
Қазақстан жеріне түсіп тізімге алынған метеориттер: 

 
Қарақол (1840, салм. 2,7 кг), 

 
Ямышева (1885, 4,5 кг), 

 
Бестӛбе (1883, 26 кг), 

 
Дорофеевка (1910, 12,6 кг), 

 
Мамра (1927, 0,058 кг), 

 
Николаевка (1935, 4,020 кг), 

 
Новорыбинское (1937, 3,055 кг), 

 
Ерофеевка (1937, 1772 кг), 

 
Павлодар (1938, 0,037 кг), 

 
Богословка (1948, 2185,3 кг), 

 
Зайсан (1963, 0,463 кг). 
Метеорит  қай  жерге  түссе,  сол  мемлекеттің  меншігі  болып 
табылады. 
МЕТЕОРОЛОГИЯ  (грек.  meteora  –  атмосфера  мен  аспан 
құбылыстары  және  ...логия)  –  атмосфера  мен  оның  процестерін 
зерттейтін  ғылым.  Метеорология    атмосфераның  құрамы  мен 
құрылысын; жылу айналымынжылу режимін, т.б. зерттейді. 
 Метеорологиялық  құбылыстар  —  атмосфералык  қҧбылыс
белгілі  физикалық  процесс,  атмосфераның  уақытша  ӛзгеретін 
кезеңі.  Бұларға:  атмосфералық  жауын-шашын,  кҥннің  сууы, 

қарлы  боран,  жойқын  жел,  тҧман  және  т.б.  тәрізді  табиғат 
құбылыстары жатады. Атмосфералық жауын-шашын 
МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ  МОНИТОРИНГ  –  атмосфераның 
физикалық  параметрлері  үшін  комплексті  метеорологиялық,  оның 
ішінде  актинометрикалық,  аэрологикалық,  жылубаланстықтың 
және  мемлекеттік  органдарды,  шаруашылық  кешендерін  және 
халықты  ауа  райы  туралы,  қысқа  мерзімді,  ұзақ  мерзімді 
метеорлогиялық, 
агрометеорологиялық 
болжамдарды, 
метеорологиялық  апатты  құбылыстардың  болу  мүмкіндігі  туралы 
ескертулермен қамтамасы етуді мақсат етуші жүйе. 
Метеорологиялық 
мониторинг 
Қазақстан 
Республикасының 
қоршаған  ортаны  қорғау  Министрлігінің  «Қазгидромет»  РГБ 
арқылы  жүзеге  асады   Маркетинг    және    қызметтерді  дамыту 
басқармасына  хабарласа  отырып  алуға  болатын  «Қазгидромет» 
РМК  ӛнімдерінің  тізімі:  Басқарма  бастығы  -  Шияп  Нұржан 
Айтмағанбетұлы тел.: 8(7172) 79-83-66 shiyap_n@kazhydromet.kz 
Қазақстан  Республикасының  азаматтары  ауа  райы  туралы 
ақпаратты  таяу  тәуліктерді  және  қауіпті  және  апатты 
гидрометеорлогиялық  құбылыстардың  болу  мүмкіндігі  туралы 
ақпаратты Қазгидрометтік ресми сайтынан ала алады  
«Қазгидромет» РГБ ӛнімдерінің тізімі: 
Метеорология  бойынша  ағымдық  және  режимдік-анықтамалық 
ақпарат. 
Метеорология бойынша: 

 
ауа температурасы 

 
жел бағыты мен жылдамдығы 

 
атмосфералық қысым 

 
жер қойнауының үстіндегі және тереңдегі температурасы 

 
бұлттар саны мен формасы 

 
жауын-шашын, атмосфералық құбылыс 

 
қар қабаты және тайғақ-аязды қалып 
Есептік сипаттар: 

 
жер қойнауының қату тереңдігі 

 
түрлі қайталаулардағы жел жылдамдықтары 

 
5% жылдамдықтан асатын жел жылдамдығы 

 
ауа  температурасы  мен  жауын-шашын  температурасы 
бойынша мүмкін сипаттар; 

 
0°С,5°С,  10°С,  15°С  тӛмен  ауа  температурасының  ауысу 
датасы; 


 
ең ерте және ең кейінгі қатулар датасы; 

 
аязсыз кезеңнің жалғасуы

 
түрлі  мүмкіндіктердегі  максимальды  және  минимальды 
температура; 

 
түрлі қамтамасы етілудің тәуліктік максимумы; 

 
ең суық бескүндіктің температурасы. 
Агрометеорология бойынша: 

 
жер қойынауының дымқылдығы 

 
ауыл шаруашылық мәдениетінің жағдайы. 
Болжаулық ӛнім 

 
12  сағаттан  7  тәулікке  дейінгі  пункттер,  аудандар,  облстар 
бойынша ауа райы 

 
бір айға ауа райы болжамы 

 
декадаға ауа райы болжамы 

 
маусымдық болжам-кеңес 

 
ӛрт қауіптілігі болжамы 

 
Алматы  қаласы  бойынша  тәулікке  ауа  ластануының 
метеожағдайын болжау 

 
Алматы қ. ауа бассейні жағдайының күнделікті бюллетені 

 
күнделікті гидрометеорологиялық бюллетень 

 
күнделікті селдік бюллетень 

 
күнделікті тасқындық бюллетень 

 
Қазақстан  ӛзендері  бассейндеріндегі  дымқылдық  қорының 
жиналуы  туралы  және  1  ақпан  мен  1  наурыз  айлары  бойынша  су 
толу кезеңіндегі күтілетін су мӛлшері туралы анықтама 

 
Балқаш  кӛліндегі  Қапшаға  су  қоймасының  су  балансы  (бір 
айға, бір жылға) 

 
Балқаш  кӛліндегі  бассейнге  ӛзен  құйылымының  айлық  және 
жылдық болжаулары 

 
Уба 
және 
Үлбі 
ӛзендерінің 
сомалық 
құйылымы 
гидрографының  болжауы  (Шүлбі  су  қойымасындағы  жандық  су 
ағысы) 

 
Каспий  теңізінің  тербеліс  деңгейінің  болжаулық  кестесі 
(Солтүстік және Орта Каспий) 

 
Каспий теңізі бойынша күнделікті бюллетень 

 
Капсий теңізі бойынша мамандандырылған болжаулар 

 
агрометеорологиялық 
болжамдар: 
жер 
қойнауындағы 
ӛнімділік  дымқылдығы  қорының,  себу,  жетілу  және  егістік 
болжамы, 
дәндік 
мәдениетті 
жинау 
жағдайының 

агрометеорологиялық  болжамы,  декадты  агрометеорологиялық 
бюллетень. 
Қауіпті 
және 
табиғи 
гидрометеорологиялық 
құбылыстар туралы дауылдық ескертулер: 

 
температураның бірден түсуі мен ауа райының ӛзгеруі 

 
үсіктер туралы 

 
күшті жауын-шашын, найзағай мен жел туралы 

 
жалғасатын желдер туралы 

 
сел туралы 

 
кӛшкін туралы 

 
Каспий  теңізінің  қазақстандық  жағалауындағы  қауіпті 
суларды қуалау мен айдаулар туралы 

 
судың жоғары деңгейі туралы 

 
мұз құбылыстарының басталуындағы экстремальды мерзімдер 
туралы 

 
атмосферада  зиянды  қоспаларды  құрыту  үшін  жағымсыз 
метеорологиялық  жағдайлардың  болуы  мен  жалғасуы  туралы 
ескерту. 
Табиғи төтенше жағдайларды болжау 

 
Азаматтар 

 
Қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі 

 
Тӛтенше жағдайлар кезіндегі басқару 

 
Табиғи ТЖ болжамы 
Апат, зілзала мен табиғи апаттар тудыратын тӛтенше жағдайларды 
ескерту және алдын алу үшін Қазақстан Республикасында Тӛтенше 
жағдайларды 
ескерту 
мен 
алдын 
алудың 
Мемлекеттік 
жүйесі  (ТЖМЖ) 
құрылды. 
Қоршаған 
орта 
мониторингін 
ұйымдастыру  мен  болжалды  метеорологиялық  мәліметтер  туралы 
халықты  ақпараттандыру  –  ТЖМЖ  негізгі  мақсаттырының  бірі 
болып  табылады.  Қоршаған  орта  жағдайын  бақылау  мына  күштер 
мен құралдар арқылы жасалады: 

 
 Қоршаған  орта  мен  табиғи  ресурстар,  соның  ішінде 
гидрометеорология  мен  табиғи  ортаның  ластануы  мониторингінің 
қызметі;  

 
Сейсмологиялық  бақылау  мен  жер  сілкінуді  болжаудың 
республикалық жүйелерінің қызметтері;  

 
Сел, сеңдер мен кӛшкіндер мониторингі қызметтері;  

 
Орман және дала ӛрттері мониторингі қызметтері.  

Табиғи  тӛтенше  жағдайларды  болжау  бойынша  Қазақстан 
Республикасының 
орталық 
атқарушы 
органдарының 
атқаратын қызметі  
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

 
Қазақстан  Республикасының  территориясында  сейсмикалық 
бақылауды  ұйымдастыру.  Жер  сілкіну  болжаудың сенімді  тәсілін 
жасау және енгізу, бірінші кезекте қысқа мерзімді;  

 
Сейсмикалық қауіп мониторингін енізу

 
абиғи ортаның жағдайы, қауіпті территориялар мен нысандар 
туралы  ақпарат  жинау  үшін,  оларды  апатты  жағдайлар  туралы 
жедел хабарлау үшін тӛтенше жағдайлар жӛніндегі республикалық 
автоматтандырылған  ақпараттық-басқару  жүйесінің  тұрақты 
негізінде жеткізуді ұйымдастыр және жүзеге асыру. 
 Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі  

 
Қауіпті 
гидрометеорологиялық 
құбылыстар, 
селдер, 
жылжымалар,  қар  кӛшкіндері,  жоғары  деңгейлі  табиғи  орта  мен 
масштабының 
ластануы, 
солармен 
байланысты 
тӛтенше 
жағдайлардың қауіптілігі туралы алдын ала хабарлау.  

 
Тӛтенше  жағдайларды  ескерту  және  алдын  алудың 
мемлекеттік  жүйесінің  басқарма  органдарына  қоршаған  ортаның 
ластану  деңгейі  туралы  гидрометеорологиялық  ақпарат  мен 
мәліметтерді жеткізу.  

 
Қауіпті  метеорологиялық  құбылыстар  туралы  ескерту  жүйесі 
мен  қоршаған  табиғи  ортаның  жағдайын сәйкес  функционалдық 
жүйеге 
қарасты 
бақылау 
құру 
және 
басқару. 
Қауіпті 
гидрометеорологиялық құбылыстардың ұзақ және қысқа мерзімдік 
болжауларының тиімді әдістерін жасау туралы ғылыми зерттеулер. 
 
Географиялық серия» (1991 жылдан) журналдарында басылады. 
 
МИКРОКЛИМАТОЛОГИЯ 

микроклиматты 
зерттейтін 
(атмосфераның 
ең  тӛменгі  кабаттарындағы  температураны, 
ылғалдылықты және желдің вертикаль кескінін анықтау, атмосфера 
режіміне микротопографияның, экспозицияның және ӛсімдіктердің 
әсерін талдау) климатологияның бӛлімі. 
МИНЕРАЛ (ескі  лат.  mіnera  – кентас  кесегі)  –  химиялық  құрамы 
және физикалық қасиеттері бір текті табиғи дене. Ол жер бетіндегі 
немесе  жердің  (ғарыш денелерінің)  қойнауындағы  физикалық  - 
химиялық процестерге байланысты пайда болып, тау жыныстарын,  

кентастар мен метеориттерді,  т.б.  құрайды.  Минерал  негізінен 
қаттыденелер.  Олар   кристалды   (пирит,   галенит),   аморфты 
 (опал, лимонит) 
және метамикты(сырты кристалл тәрізді, 
ішкі 
құрылысы аморфты,  шыныға  ұқсас)  болып  жіктеледі.  Әр  Минерал 
ӛзіне  тән  құрамды, кристалды құрылымы  бар  табиғи  қосынды. 
Жекелегенкристалдар,   дәндер   және  басқа  денелер  Минералдық 
 индивид   деп,  ал  Минералдық  индивидтердің бірігіп  түзілгендері 
минералдық агрегаттар деп аталады. Табиғатта зерттелген Минерал 
түрлері  2,5  мыңға  жуық,  жыл  сайын  30-ға  жақын  жаңа  Минерал 
түрлері анықталады. Минералдардың кӛпшілігінде ионды құрылым 
кездеседі  (кристалдық  химия).   Ковалентті   және   интерметалдық  
құрылымдар  аз  кездеседі.  Минерал  құрауға   Менделеев  
кестесіндегі  
инертті  
(асыл)  
газдар  
мен  
ураннан  
соңғыэлементтердің   бәрі  қатысады.  Олардың  кейбіреуі  Минерал 
құрауда  басты  орын  алады,  ал  құрылымы  мен  қасиеттері 
басты элементтерге ұқсастары (Pd,  Ge,  Іn,  Cd,  Ga,  Tl,  Se,  І,  Br,  
Re,   Rb)  Минералдардың  құрамында изоморфтық қоспалар  түрінде 
кездеседі. Изоморфтыққоспалар 
Минералдардың 
химиялық 
қасиеттерін  ӛзгертеді. Табиғаттасиликаттар (Минералдың  жалпы 
санының  25%-ы),   сульфидтер   (13%),  фосфаттар   мен   ванадаттар  
(18%), тотықтар мен гидрототықтар (12%),  түрлі  табиғи  химиялық 
қосылыстардың (32%) Минералдары бар. Жер қыртысының 92%-ы  
силикаттардан,  
тотықтардан,  
гидрототықтардан 
тұрады. 
Химиялық  құрамы  жағынан  Минералдар  таза элементтер   және 
күрделі қосылыстар болып 
бӛлінеді. 
Минерал 
 кристалдары  
жайаниондардан  (S
2–
, O
2–
, OH

, Cl

, т.б.),  аниондық  радикалдардан 
[CO
3
]
2–

[SіO
4
]
4–

[PO
4
]
3–

т.б. 
құралады. 
Минералдарды 
[[[кристал|кристалды]] 
химиялық 
жіктеу,  
құрылысының  
ерекшеліктеріне    негізделген.  Құрылымы  бір  типтес  Минералдар 
құрамының   изоморфизмпроцестерінен ӛзгеруі  оларды  құраушы  
атомдардың,   иондардың  атомдық   (иондық)   радиустарына,  
кристалдық -  химиялық  сандарына,  химиялық  байланыс  түрлеріне 
байланысты 
болады. 
Минерал  
морфологиясы оның 
ішкі, 
құрылысына,  пайда  болу,  қалыптасу  жағдайларына  қарай 
анықталады.  Мысасылы, Қарағанды  ӛңірінің талшықты  родуситі –
 сұйық,  ал   бұршақ   сияқты   тығыз,   борпылдақ  родуситі – қою  
коллоид   ерітінділерінің   кристалд  ануынан   түзілген.  Жеке 
Минералдар  сыңарларының  ӛлшемі  әр  түрлі  болады.  Тарбағатай  
пегматиттерінен табылған кварц кристалдарының ұзындығы 


метр,  салмағы  72  тонна,  қырларының  ені  1  метрге  жетеді. 
Кейбір коллоидтық  Минералдардың   кӛлемі  бірнеше  м

 болады.  
Табиғаттағы   Минералдар сырт пішініне қарай кӛбіне  дендриттер, 
оолиттер, сферолиттер, секрециялар, конкрециялар, дән, топырақ с
ияқты массалар, сталактиттер, сталагмиттер түрінде 
кездеседі. 
Минералдардың  физикалық  қасиеттері кристалдық құрылымына 
және  химиялық  құрамына  байланысты.  Тығыздығына  байланысты 
Минералдар  жеңіл  (2500  кг/м
3
 дейін),  орташа  (2500  –  4000  кг/м
3
), 
ауыр  (4000  –  8000  кг/м
3
)  және  ӛте  ауыр  (8000  кг/м
3
-тен  жоғары) 
болып  жіктеледі.  Мӛлдірлік  қасиетіне  байланысты  мӛлдір  (тау 
хрусталі),  шала  мӛлдір  (сфалерит),  мӛлдір  емес  (магнетит)  болып 
ажыратылады.  Минералдар  жаралу,  ӛсу,  ӛзгеру  сатыларынан 
(Минералдар онтогениясы) 
ӛтеді. 
Минерал 
 магмалық 
 балқымаларда, 
ерітінділерде, 
 газдарда  
түзіледі. 
Белгілі 
 процестерден кейін  бірнеше  Минералдың  топталуы  Минералдар  
парагенезисі деп 
аталады. 
Пайда 
болған 
Минералдар  
ассоциациялары парагенетикалық талдау  негізінде  жасалған  әр 
түрлі  физикалық  -  химиялық  диаграммалар  бойынша  анықталады. 
Табиғи реакцияларда түзілетін  Минерал  ӛзін  қоршаған  ортамен, 
ортаның  фазалық  қалпымен  және  физикалық  -  химиялық 
параметрлермен 
тығыз 
байланысты. 
Бұл 
жағдайлар 
Минералдардың  құрамы  мен  түрлі  қасиеттеріне  әсер  етіп, 
оғантипоморфтық белгілер (Минералдардың  кристаллографиялық  
ерекшеліктері,   агрегаттарының сипаты,  жеке  сыңарларының 
ӛлшемі,  кейбір  физикалық  -  химиялық  қасиеттер)  береді. 
Минералдар экзогендік, эндогендік, метаморфогендік процестерде 
пайда  болады.  Минералдардың генезисін анықтау  үшін  олардың 
түзілу  
процестерінің  
химизмін, 
пайда 
болған 
ортаның фазалық қалпын,  жүйенің  физикалық  -  химиялық 
параметрлерін, түзілу, ӛсу, даму жолдарын, оны құраған заттардың 
түп  негізін  білу  керек.  Бұл  аталғандарды  анықтаудың  басты 
жолдары: 
а) 
геологиялық 
жағдайларды 
зерттеу; 
ә) типоморфтық белгілерді  анықтау;  б) парагенетиканы талдау; 
в)онтогенды 
талдау; 
г) газ бен сұйық қосындысын 
зерттеу; 
ғ) табиғи  реакциялардың термодинамикалық шамаларын  есептеу; 
д) 
әр 
түрлі 
геотермометрлер 
 мен  
газобарометрлер  
арқылы термодинамикалық параметрлерді анықтау; е) теңдеулердің 
физикалық  -  химиялық  жүйесін  зерттеу;  ж)  табиғатта  түзілу 
жолдарын  тәжірибемен  қайталау;  з) изотоптық құрамын  анықтау. 

Минералдардың  ӛндірісте  қолданылуы  олардың  түрлі  бағалы 
қасиеттеріне  негізделген.  Ӛте  қатты  Минералдар  (алмас,   корунд, 
 гранат,  т.б.)   абразивтер  ретінде,пьезоэлементтік  қасиеті   барлары  
радиоэлектроникада   қолданылады;  қатты  әдемі  түстілерінен 
зергерлік  бұйымдар  жасалады.  Минералдардың  физикалық 
қасиеттері 
олардың 
кендерін 
іздеуге, кентастарды байытуға 
мүмкіншілік  береді.   Қазақстанда   кездесетін  Минералдардан  
Менделеев   кестесіндегі  элементтердің  60-тан  астамы  ӛндіріледі.  
Қазақстанның әр  жерінен  жиналған  Минералдардың  таңдаулы 
коллекциялары Қазақстанның геологиялық 
мұражайларына 
қойылған.   Бандунгтегі   (Индонезия)  геологиялық  мекеменің 
мұражайында Семізбұғы кенінің корунд Минералы сақтаулы; 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет