Метербаева к. М



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата30.12.2016
өлшемі0,67 Mb.
#818
1   2   3   4   5   6   7   8

1.Сұрақтардың нақтылығы, жауаптың дәл берілуі, жа-

бық сауалнама өткізу (жауаптары шектеулі), ашық жауап алуға 

да болады, бала ойын, көзқарасын айта алады. 

2.Сөздік  әдістерді  (баяндау,  репродуктивті,  эвристика-

лық)  қолдануда  негізгі  көңіл  бөлгеніміз  бала  тілінің  дамуымен 



34 

 

қатар  ойының  жүйелілігін,  байланыстырып  сөйлеуін  дамыту 



болды.  

3.Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде жиі қол-

данылатын  әдіс  баяндау  әдісі.  Баяндау  кезінде  айтылатын  тір-

кестер анық, сөйлемдер қысқа, жеңіл грамматикалық формамен 

берілуі қажет. Баяндау кезінде мәнерлі сөйлеуге дағдыландыра-

тын  төл  сөздерді  де  кірістіруге  болады.  Баяндау  іс-  әрекетінің 

құрылысы төмендегідей болуы тиіс. 

1)

 



Кіріспе  бөлім.  Балаларды  жаңа  материалды  қабылдауға 

даяарлау. 

2)

 

Мәтінді  оқып беру.  



3)

 

Шығарманы балалар есте жақсы сақтау үшін екінші рет оқу.  



4)

 

Шығарма мазмұнын талдау. 



5)  Талдаудан кейін балалардың шығарма мазмұнын қалай түсін-

генін байқау үшін тағы да шығарманы қайталап оқу.  

6)    Балалар  оқылған  материалды  естеріне  түсіріп  жауап  беруге 

дайындау үшін бірнеше секунд уақыт беру. 

7)   Балалардың баяндауы. 

Кейде мұндай сабаққа жаңа өтілген материалдармен қа-

тар  оларға  бұрыннан  таныс  шығармаларды  да  естеріне  түсіріп, 

қатар баяндату олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Со-

нымен  қатар  әңгімелесу,  баяндау  сабақтары  бір-бірімен  байла-

нысты, бірін-бірі толықтырып отыратындай дәрежеде өтілуі ке-

рек.  Балаға  үйретілетін  әрбір  жаңа  сөзбен  сол  сөз  бейнелейтін 

зат арасында байланыс болуы қажет. Балабақшадағы оқыту жұ-

мысын  балалардың  шағын  ұжымда  өткізілетін  педагогикалық 

процесс болғандықтан, ол сәбиге берілетін білімнің дәлдігі, са-

палығы, дамыта оқытылды. 

Баяндау әдіс арқылы сабақта балаларға жаңа білім бері-

леді.  Баяндау  әдісін  қолдану  үшін  материалдарды  тәрбиешінің 

өзі жетік те, толық білуі тиіс. Баяндау барысында шығарманың 

басталуы,  өрбуі,  шарықтау  шегі  және  аяқталуын  дауыс  ырғағы 

арқылы  шебер  жеткізіле  отырып,  көркем  шығарманы  баланың 

санасына жеткізуге жағдай жасалады. 



Репродуктивті  әдісті  ұйымдастырылған  оқу  іс-  әрекеті  

қолдану  кезінде  тәрбиеші  түрлі  сұрақтар  қойып,  тапсырмалар 



35 

 

орындатып балалардың жаңа білімді меңгеруіне, өткенді естері-



не түсіруіне, яғни табиғат құбылыстарын суреттеуі немесе оқи-

ғаны қысқаша өз түсінігі бойынша айтып беруге жетелейді. Ба-

лалардың  өткен  тақырыпты  естеріне  түсіруге  және  жаңа  мате-

риалдарды  меңгертуге  мазмұнды  суреттер  беріліп  әңгімелеу 

ұсынылады. 

Эвристикалық  әдістің  көмегімен  байланыстырып  сөй-

леуді қалыптастыруда түрлі жағдаяттар туғызатын сұрақтар мен 

тапсырмаларды балалардың өздігінен шешуіне мүмкіндік туғы-

зылады.  Сондай-ақ  баладан  ойын  жүйелі  құрастыруға  және  то-

лық жеткізуге талап қойылады. Сөздік әдіске жататын баяндау, 

әңгімелеу, әңгімелесу, қысқаша әңгіме құрастыру тәсілдері, мек-

тепалды даярлық тобындағы  балалардың ойын,  өрбітіп, байла-

ныстырып сөйлеуін қалыптастыруда өте тиімді. 

Балалардың  байланыстырып  сөйлеуін  қалыптастыруды 

жүзеге асырудың ерекше бір жолы – ойын. Ойын – балалар үшін 

қызықты ғана әрекет емес, ол білім мен әдет-дағдыларды игеру-

ге  мүмкіндік  беретін  іс-әрекет.  Ойынды  арнайы  сабақ  ретінде 

немесе оқу үрдісі кезінде ұйымдастыруға болады. 

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  ойынды  қолдану-

дың ерекше көңіл бөлетін негізгі шарттары бар. Олар: 

- ойын балалардың алдына тапсырма ретінде қойылады; 

- балалардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады; 

- оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады; 

- ойынның нәтижесі бірден қорытылып отырылады. 

Педагог-тәрбиешілер  сабақта  ойын  элементін  қолдану 

барысында мына негізгі мәселелерге көңіл аударады: 

-  ойынның  мақсатын  айқындау.  Балалар  ойын  кезінде 

қандай іскерлік пен дағдыны, жаңа сөздерді, сөйлем құру ерек-

шелігін игереді, ойынның тәрбиелік мақсатын; 

- ойынға қатысушылардың санын анықтау; 

-  ойын  барысында  қолданылатын  материалдардың  тар-

тымдылығы; 

- ойын шартын түсіндіруге уақытты үнемдеу, түсіндіру; 



36 

 

-  ойынның  қанша  уақытқа  созылатындығы.  Ойынның 



әсерлілігі, қызықтылығы және байланыстырып әңгімелеуге сәй-

кестігі; 

- балалардың ойынға қатысу белсенділігін бақылауға; 

-

ойынды қорытындылау, оның нәтижесін хабарлауға тиісті. 



Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті  жүйелі  және  орынды 

қолданылған  ойын  элементтері  балалардың  білуге  деген  ынта-

сын  арттырып,  білім  дағдыларын  игеруге  іскерліктерін  шың-

дауға, байланыстырып сөйлеуге ықпал жасайды. 

Зерттеу  кезінде  тәрбиеші-педагогтің  басқаруымен  ойын 

ұйымдастырып, баланың жеке басының ерекшелігіне: мінез-құл-

қы, сана-сезімі, ерік-жігеріне ықпал жасайтындай жағдай туғы-

зып,  тікелей  табиғат  құбылыстарымен,  табиғат  заттарымен  та-

ныстыра  отырып,  олар  туралы  балалардың  саналы  білімін  қа-

лыптастыру мақсатын көздейді.  



Байланыстырып  сөйлеуге  үйрету  мақсатымен  “Ыстық 

күн”,“Көктемгі жаңбыр”,“Автомобиль”,“Алтын күз бізге не бер-

ді”, “Кімнің қадамы алшақ”, “Кім тез ойлайды”, “Сөз ойла”, т.б. 

ойындар  алдын  ала  дайындалды.  Ойын  кезінде  балалар  рөлге 

бөлінеді. Әр рөлдегілер өз міндетін түсініп алады.  

Ойынның аты – “Ыстық күн”.    

Мақсаты: балаларға табиғат құбылыстарының тіршілікке 

тигізетін пайдасын, ерекшеліктерін түсіндіру. Осының негізінде 

байланыстырып сөйлеуге үйрету. Қоршаған ортаға деген қызы-

ғушылықтарын арттыру. 

Ойын  шарты:  жаз  мезгілі.  Ыстық  күндегі  алма  ағашы-

ның 


көрінісі. Ыстықтан

 шөлдеп тұрған алма ағашына табиғат құ-

былыстарының тигізетін әсері, күн, жел, бұлт, жаңбыр. Табиғат 

құбылыстарының  бір-бірімен  өзара  қарым-қатынасы  және  тірі 

табиғатпен байланысы. Осыларды өз сөздерімен айтып жеткізу. 

Рөлдерде: Алма ағашы – Рауан 

Күн – Мақпал 

Жел – Алмас 

Бұлттар – Олжаc, Қуаныш  

Жаңбыр – Сымбат, Нұржан 

Кемпірқосақ – Жұлдыз. 


37 

 

Керекті  көрнекіліктер:  алма  ағашы  болып  киінген  бала, 



бұлттың, жаңбырдың, кемпірқосақтың суреттерін салған плакаттар. 

Ойын барысы: күн ыстық. Алма ағашы ыстықтан қатты 

шөлдейді. Шөлге шыдай алмаған алма ағашы Күнге: 

–  Күн,  қандай  ыстықсың.  Мен  ыстықтан  қатты  шөлде-

дім, – дейді.  

Күн: Жарайды, онда мен желге бұйырамын, ол бұлттар-

ды айдап келсін. Бұлттан жаңбыр жаусын. 

Күн: Жел, ағаштар шөлдеп кетіпті, бұлттарды қуып кел-

ші, -дейді.  

Жел уілдеп барып бұлтты қуып келеді. 

Бұлт: Жаңбыр, жаңбыр, жауыңдар, Шөлдемесін тіршілік. 

Жаңбыр: Біз тіл алғыш тамшымыз, Айтсаң болды, жауа-

мыз, – дейді. 

Жаңбырдан соң көкте кемпірқосақ көрінеді. Ол күліп: 

– 

Амансыңдар ма, достарым



жаңбырдан нәр алдыңдар

 ма? 

Шөлдеріңді қандырдыңдар ма? 



Алма  ағашы:  Сәлеметсің  бе,  кемпірқосақ,  иә,  шөліміз 

қанып қалды. 

Күн:  Алма ағашы, шөлің қанды ма? 

Алма  ағашы:  –  Ризамын,  Күн,  барлық  тірі  табиғат  жаң-

бырдан нәр алады. Енді сен жарқырап нұрыңды төгіп тұра бер, – 

дейді.  Ойын  соңында  бәрі  “Жауын”  әнін  айтады  (әні  мен  сөзі 

Ж.Мусинанікі). 

Жау, жау, жауын, жау жауын, 

Көктеп кетсін бақ-бауың, 

Бізге керек жеміс-жидек. 

Алма, алмұрт, тәтті қауын, 

Жау, жау, жауын! Жау жауын! 

Ойынға  топтағы  барлық  бала  қатысады.    Егер,  ойынды 

бірнеше  рет  қайталауды балалар  өтінсе  ,  олардың  тілегін  қана-

ғаттандырған  абзал.  Рөлдерді  әр  бала  өз  қалауларымен  таңдай-

ды. 


Ойын барысында

  балалар белсенділік танытуы мүмкін. Мұн-

дай  ойынды  ұйымдастырудағы  басты  мақсат  табиғат  құбылыс-

тарының  тірі  табиғатқа  ықпалы  зор  екенін,  табиғат  объектіле-

рінің  бір-бірімен  өзара  байланысты  болатындығын  біліп,  олар-


38 

 

дың негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін білу күнделікті өмір-



де керек деген қорытынды жасауға болады. 

Балалардың ой-өрісін кеңейту, қиялын дамыту, тілін ұс-

тарту мақсатында ойын тақырыбына сай жұмбақтарды да  айту-

ға  болады.  Жұмбақтар  негізінен  табиғат  құбылыстарына  арна-

лады. 

Бояуларым қашып кетті, 



Көк қағазды басып кетті. 

Қатарларын тізіп алды, 

Арттарынан ізі қалды. 

                                      (Кемпірқосақ) 

Аспанға ұшар біз болып, 

Жерге қайтар су болып. 

                                     (Бұлт) 

Көзіңе көрінбейді, 

Қолыңа ілінбейді, 

Бірақта құлағыңа 

Ұдайы күбірлейді. 

                                    (Жел) 

Жұмбақтарды  шешкен  соң  балалар  табиғат  құбылыста-

рының  суретін  салады.  Әр  бала  өзінің  салған  суреттері  туралы 

шағын әңгіме құрастырады. 

Мысалы, бірі: Мен кемпірқосақ салдым. Әр түрлі түстен 

құралған.  Жаңбыр  жауып  болған  соң  көрінеді.  Кемпірқосақтан 

соң жаңбыр жаумайды деп өз ойын қорытса, екіншісі: 

–  Мен  күн  бұлттанғанын,  жаңбырдың  жауып  тұрғанын 

салдым.  Шөлдеп  тұрған  жемістер  мен  көкөністер  жаңбырдан 

нәр алып жатыр, – деді. Осылайша олар өз ұғымдарын бейнелеу 

өнерін кіріктіріп, 

пікірлерін қорытты. Мұндай

 жағдайда балалар-

дың сөз қолдануы, сөйлем құрылысы дұрыс орындалады. 

Әсіресе,  байланыстырып  сөйлеуге  үйретуде  дидактика-

лық  ойынның  алатын  орны  ерекше.  Дидактикалық  ойын  бары-

сында  балалардың  алдына  қандай  да  бір  міндеттер  қойылады, 

оларды шешу үшін зейін қойып, күш жұмсап, соның нәтижесін-

де ұғып алуға тырысады, жүйелі сөйлеуге үйренеді.  



39 

 

Зерттеу барысында “Сөйлем ойла”, “Керекті сөзді тауып 



айт”, “Кім тез айтады”, т.б. дидактикалық ойындарын ұйымдас-

тырдық.  

Дидактикалық ойынды қолданудағы басты мақсат бала-

лардың  ойын  кезінде  белсенділіктерін  арттыру.  Берілген  тірек 

сөздерді  қолданып,  сөйлем  құруға  жаттықтыру.  Осының  нәти-

жесінде байланыстырып сөйлеуге үйрету. 

Тірек сөздер:бұлтты,жаңбырлы,суық,кемпірқосақ,

 жел, т.б. 

Осы сөздер арқылы табиғат құбылысы жайында сөйлем 

құрайтып жаттықтыру. Балалар тірек сөздерді пайдаланып: күн 

бұлтты,  жаңбыр  жауып  тұр.  Суық  жел  соқты.  Жаңбыр  жауып 

болған соң кемпірқосақ шықты. Кемпірқосақтың түсі неше түрлі 

деп сөйлемдер құрастырды. Мысалы, мұндай ойындар “Автомо-

биль


”,т.б. тақырыптар

. Мұндай жағдайда балалар күнделікті өмір 

тәжірибелеріне  сүйеніп,  сөйлем  құрайды.  Кейде  шағын  әңгіме 

құрастыруға да талпынады. 

Тәрбиеші  тілі  балалардың  сөйлеу  тілін    дамытудың  не-

гізгі көзі. 

Балабақшада  тіл дамыту мүмкіндігі түгелімен тәрбиеші 

сөзінің  сапасына байланысты, яғни үлгілі сөйлеу тілін меңгеру 

тәрбиешінің  кәсіби даярлығының көрсеткіші  болып табылады. 

Тәрбиеші алдымен сөйлеу  мәдениетін  меңгеруі қажет, ол тілдің 

барлық элементтерінің  мағыналарын түсініп қана қоймай, оны 

әдеби тілде қалай қолдану керектігін үнемі  есте сақтауы  керек. 

Сондықтан тәрбиеші бейнелі сөздерді көп білсе,  синонимдерді, 

антонимдерді  жетік  меңгереді.  Топтағы  балаларға    тіл  үйрету  

жеңілге түседі. Балабақшадағы білім беру және  тәрбиелеу бағ-

дарламасының      алдына  мынадай    міндеттер  қояды.  Баяндала-

тын  тақырыпты баланың жас  ерекшелігіне  сай түсінікті тілмен 

жеткізе  білу,  қойылатын  сұрақтың  дәл,  нақты  болуын    қадаға-

лау,  айтылуы  қиын  жаңа  сөздердің    үлгісін  дұрыс    бере  білу, 

сабақта  тақырыпқа байланысты әдістерді дұрыс пайдалана білу. 

Баяндаған немесе оқыған шығармалардың әсерлі болуы шығар-

ма мазмұнына орай дауысты өзгертіп құбылтып отырып, шығар-

мадағы  автордың  ойына  өзінің  пікірін  білдіру  және  сол  пікірді 


40 

 

балаларға жеткізе білу, әрбір кейіпкердің ерекшелігін мүмкінді-



гіне қарай бейнелі  сөздермен жеткізу т.б. 

Балаларды  қоршаған  дүниемен  таныстыру  кезінде  көр-

кем әдеби шығармалар кеңінен қолданылады,  әрбір құбылысты 

тек  түсіндіріп,  көрсетіп  қана  қою  емес,  олардың  әсемдігін,  об-

разды сөздер, теңеулер, салыстырулар  арқылы балалар ұғымын 

танымын  кеңейту  мақсаты  да  қойылады.  Ол  үшін  көркем  әде-

биет  шығармаларының  барлық  жанры  түгел  дерлік  пайдаланы-

лады. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын дамытуда, байланыс-

тырып сөйлеуге  үйретуде көркем әдебиеттің, ауыз әдебиетінің 

қай-қайсысының болсын мәні ерекше.  Мұндай жұмыс түрлерін 

арнайы тақырыптарға  арналған  ертеңгіліктерде кеңінен қолда-

нуға 


тура  келеді. Мәселен

, балабақшада  ұйымдастырылған  «Та-

биғат  аясында» атты ертеңгілікте балалар  табиғат құбылыста-

ры туралы қысқаша

 әңгімелерден 

үзінді тыңдап, тақпақтар

 айтады. 

Өлеңдер мен әңгімелерді пайдалану арқылы балалар та-

биғат құбылыстарының ғажайып көріністері мен оның  ерекше-

ліктерін меңгеруде оны сипаттайын сөз, сөйлем құру мүмкіндік-

терін меңгереді. Сонымен бірге олардың логикалық ойлары да-

мып,  өлеңді  айтып  қана  қоймай,  оның  мазмұнын  түсінуге,  тү-

сінгенін әңгімелеп айтып беруге төселеді. 

Байланыстырып  сөйлеуге  үйретуде  жиі  қолданылатын 

әдістердің  бір  лексикалық  жаттығу  жұмыстарын  жүргізу.  Мұн-

дай жаттығулар көбінесе  сөздік ойын түрінде жүргізіледі. Мы-

салы, бұлтты, жаңбырлы, суық, мөлдір, ашық, бұлыңғыр деген 

сөздерді қандай сөздерге қосып айтуға болатындығын таптырту 

және айттыру қажет.  

Байланыстырып сөйлеуде қолданылатын тағы бір әдіс  – 



логикалық сөздік тапсырмалар орындату. Ол үшін тәрбиеші жыл 

маусымдарының өзгерісіне  әңгіме құрайды да сол сипатталған 

өзгерістің  жылдың  қай  мезгілінде  болатындығын    таптыртады.  

Мұндай логикалық сөздік тапсырманы тұрмыста қолданылатын 

балабақшада бар заттардың, нәрселердің түрлеріне байланысты 

ұйымдастыруға  болады.  Логикалық    сөздік  тапсырма,  егер    та-

қырып  табиғат  құбылыстарына  арналса  мынадай  үш  бағытта 

жүргізуге болады. 



41 

 

1.



 

Табиғаттағы  қысқа  мерзімде  болып  өтетін  өзгеріс  -  қардың 

еруі, нөсер жаңбырдың жаууы, жапырақтардың сарғаюы т.б.  

2.

 



Табиғат құбылыстарының заңды байланысы - жыл мезгілдері-

нің келу реті. 

3.

 

Бір  маусымда  болатын  өзгерістерді  толық  қамтып  түсіндіру 



әңгіме құрату. 

Мектеп жасына  дейінгі балаларды байланыстырып сөй-

леуге үйретуде бейнелі көркем сөздерді

 меңгертудің де үлкен мәні 

бар. Образды сөйлеуге  үйретудің алғашқы қадамы, бақылау, са-

лыстыру


 

арқылы


 

іске


 

асырылады.

 

Мысалы, Қуандық Шаңғытбаевтың



 

“Күзгі жапырақтар” өлеңінде: 

Алуан – алуан жапырақ, 

Күзгі бақша күлімдеп, 

Көз тартады жалтырап. 

Таудан салқын жел соқса, 

Сыбырлайды қалтырап, 

Жақын қалды жел тоқсан, 

Жабырқайды жапырақ. 

Ой, алақай, тамаша, 

Шашу шашты жапырақ, 

Бақтың іші алаша, 

Аунарма - еді жатып-ап. 

Осы  өлеңіндегі  күлімдеп,  жалтырап,  қалтырап,  жабыр-

қайды, шашу шашты жапырақ немесе өзендегі тастарды неге ұқ-

сайтындығын  сұрағанда  олар  аппақ,  жұмыртасты,  қоңырқай, 

сары,  сабын  секілді,  судың  мөлдір  жерін  айнадай  деген  теңеу-

лерді  айтып  жауап  бере  алады.  Сонымен  балаларды  байланыс-

тырып  сөйлеуге  үйрету  тәрбиешіден  үлкен  шеберлікті  талап 

ететін тіл дамыту  әдістемесінің басты саласы. 

Балалардың  байланыстырып  сөйлеуін  қалыптастыруды  

жүзеге  асырудың    ерекше  бір  жолы  –  ойын.  Ойын  –  балалар  

үшін қызықты  ғана әрекет емес, ол білім мен әдет – дағдыларды 

игеруге  мүмкіндік беретін іс-әрекет. Ойынды арнайы  сабақ ре-

тінде  немесе оқу үрдісі кезінде ұйымдастыруға болады.  

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті    жүйелі  және  орынды 

қолданылған ойын  элементтері  балалардың білуге деген  ынта-


42 

 

сын  арттырып,  білім  дағдыларын    игеруге    іскерліктерін  шың-



дауға, байланыстырып сөйлеуге ықпал жасайды. 

Балабақшада  балаларды  байланыстырып    сөйлеуге  үй-

рету – күннің  екінші жартысында  серуенге шыққанда  әңгіме-

лер, ертегілерді балалардың естеріне түсіріп өздерінің  балабақ-

шадан  тыс  уақытында  көргенін  әңгімелетуге  болады.  Мұндай 

жұмыс кезінде  тәрбиешінің  негізгі мақсаты олардың қатесіз дұ-

рыс сөйлеуіне көңіл бөлу қажет.   

 

 



Студенттерге берілетін тапсырмалар. 

 

1.  Әдіс  дегеніміз  не?  Педагогикалық  сөздіктен  анықтамасын 

жазып келу. 

2.  Сауалнама, модуль дегенді қалай түсінесіздер? 

3.  Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері: 

а) баяндау; 

ә) бақылау; 

б) топсаяхат; 

в) сауалнама, әңгімелесу; 

г) модульдік тапсырма беру; 

6. Баяндау іс- әрекетінің    құрылысы … 

_____________ 

_____________ 

7.  Бақылау іс- әрекетіне     қойылатын талаптар. 

 

● 

● 



● 

8. 


 

 

 



 

9. Балаларды байланыстырып  сөйлеуге үйретуде лекси-

калық жаттығудың  алатын орны, оның түрлері. 

Модульдік  тапсырманы  

орындатудың  ерекшелігі 

 


43 

 

10.  Логикалық сөздік тапсырмалар орындату арқылы ба-



лалардың байланыстырып сөйлеуін  үйрету, оның бағыттары. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



11.  Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде ойын-

ның  ролі және оларды жікте. 

12.  Мектепалды  даярлық  тобына  арнап  проблемалық 

жағдаят құрастыр. 

13.    Бұлтты,  жаңбырлы,  суық,  мөлдір,  ашық,  бұлыңғыр 

деген  сөздерді  қандай  сөздерге  қосып  айтуға  болатынын  және 

ол қай әдісте жүзеге асырылады? 

14.    Қоршаған  дүние  негізінде  балалардың  байланысты-

рып сөйлеуін қалыптастыру үшін  сауалнама әзірле. 

15. Топсаяхатты ұйымдастырудың   жолдары, бір  сабақ 

жоспары. 

16. Бақылау іс- әрекетіне бір сабақ жоспары. 

17. Бейнелі сөздер деген не? 

18. Ойындар, олардың түрлері мен ерекшеліктері. 

 

 

 

Логикалық сөздік тапсырмалар 

Орындату әдісінің  бағыттары 

 

Табиғаттағы 



қысқа 

мерзім.............. 

 

Табиғат 


құбылыстарының  

заңды 


байланысы......... 

 

Бір маусымда 



болатын 

өзгерістерді.......... 

 

Образды сөйлеуге үйретудің алғашқы қадамы 



 

44 

 

Балабақша бағдарламасы мен оқу-әдістемелік  



құралдардағы тіл дамыту мәселесінің  берілуі 

 

Балабақшадағы  тәрбиелеу,  білім  беру  бағдарламалары 

мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен білім беру жұмысының 

мазмұнын, мақсаттарын және міндеттерін белгілейтін мемлекет-

тік құжат екені белгілі. Республикада осы кезге дейін қолданы-

лып келген мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасы – балалардың 

жас ерекшелігін ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балалар 

тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесін жинақтап, оларды дамы-

туда қол жеткен жаңалықтарды қамтыған құрал. Тәрбие бағдар-

ламасы  қоғамдық  тәрбиені  дамыту  және  жетілдіру  жолдарын 

көрсетеді.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  бағдарламасының  алғашқы 

жобасы  1932  жылдан  бастап  жарық  көрді.  Оны  РСФСР  Халық 

ағарту  комиссариаты  шығарды.  Осы  алғашқы  құжаттың  өзінде 

мектепке  дейінгі  бала  тәрбиесіне  аса  назар  аударып,  бағдарла-

маға  қоғамдық-саяси  тәрбие,  еңбек,  музыкалық  әуенді  қимыл 

тәрбиесі, бейнелеу іс-әрекеті, математика, сауат ашу сияқты та-

раулар  енді.  1934  жылы  жетілдірілген  “Тәрбие  бағдарламасын-

да” сурет салу, жапсыру, еңбек сабақтарын, математикалық бас-

тапқы түсініктерді дамыту, сауат ашу оқулары жаңадан енгізіл-

ді.  Сонымен  қатар  мектепке  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  мін-

деттерін  ашып  көрсететін  “Балалар  бақшасы  тәрбиешісі  үшін 

басшылық” атты әдістемелік нұсқада 1938 жылы басылып шық-

ты.  Алғаш  рет  осы  құжатта  мектеп  жасына  дейінгі балалардың 

жас ерекшелігін есепке алу туралы анық айтылды. 

Балалар бақшасына  оқыту  ісінің  енгізілуімен  байланыс-

ты  оқу-тәрбие  жұмысының  және  балаларды  мектепке  даярлау 

сапасын арттыру мақсатымен 1953 жылы “Басшылық” қайта қа-

ралып өңделді. 

Сәбилер  тобынан  бастап  мектепалды  дайындығына  де-

йін қамтып, балаларға білім мен тәрбие беруді жан-жақты қарас-

тырған бағдарлама Республикада тұңғыш рет 1962 жылы жария-

ланды.  Осы  бағдарлама  негізінде  Республикада  бірінші  рет  қа-

зақ  тіліндегі  “Балабақшадағы  тәрбие  бағдарламасы”  (1964)  жа-

салып,  жарық  көрді.  Бұл  бағдарламаның  жетістігі  тіл  дамыту, 



45 

 

көркем әдебиет шығармалар көлемі кеңейтіліп, олар мазмұн жа-



ғынан баланың даму 

ерекшеліктеріне лайықты

 таңдалып,2-7 жас-

қа дейінгі топтарды қамтыған.  

Еліміздегі осы саладағы ғылыми зерттеулер мен алдың-

ғы  қатарлы  іс-тәжірибелерді  пайдалану  негізінде  жаңа  талап-

тарды ескере отырып 1971, 1987, 1988, 1989 жылдары бағдарла-

малар қайта өңделіп, толықтырылды. Бұл өңдеу барысында ба-

лаларды дамыту, тіл байлығын молайту мәселелеріне баса көңіл 

бөлінді. Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі балаларды 

өлі табиғат заттарымен және құбылыстарымен таныстыру қарас-

тырылып  аспан  әлемі  (күн,  ай,  жұлдыз);  табиғи  құбылыстар 

(күннің  шығуы  мен  батуы);  су  үні,  күйі  (қар,  бу,  мұз);  қатты 

денелер  мен  (құм,  саз,  тас,  т.б.)  олардың  қасиеттері;  ауа,  оның 

қозғалысы, желдің бағыты және күші, электр және жарық құбы-

лыстары (найзағай, күннің күркіреуі, кемпірқосақ); қар, бұршақ 

жаңбыр,  боран,  үскірік,  сең  жүру,  найзағай  жарқылдау,  тұман, 

шық түсу тәрізді табиғат құбылыстарымен таныстыру, т.с.с ма-

териалдар енгізілді.  

Мұндай  қоршаған  ортадан  берілетін  түсініктер  мен 

ұғымдарды қалыптастыруда сөздің маңызы зор. Балалардың сөз-

дік  қорының  молаюы  және  оның  ана  тілін  меңгеруі  табиғатты 

сезім мүшелері арқылы қабылдауымен біртұтас байланыста жү-

зеге асады. Сондықтан да бағдарламада табиғатпен танысу және 

тіл дамыту жөніндегі материал біріктіріліп беріліп, ең алдымен, 

балаларды  күнделікті  өздерін  қоршаған  табиғатпен  таныстыру 

міндеті  қойылады.  Оларға  қандай  ұғым  берілсе  де  тіл  дамыту 

мақсатымен,  табиғат  көрінісі  және  объектілерін  таныстырумен 

байланыста жүргізіледі. Себебі, қоғам дамуы табиғатпен тікелей 

байланысты болса, ал адам да табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол 

табиғаттан керегін алады, оны өзгертеді және қорғайды. Табиғат 

пен  қоғамның  осы  байланысын  балаларға  ғылыми  тұрғыдан 

жеңіл түрде ұғындыру әрбір табиғи құбылысты, заттарды көзде-

ріне көрсете отырып түсіндіру барысында іске асады. 

Қазақстан  Республикасының  егемендік  алуы  болашақ 

ұрпақ  тәрбиесіне  жаңаша  көзқараспен  қарау  міндетін  жүктеді. 

“Білім беру туралы” Қазақстан Республикасының Заңы (18 қаң-


46 

 

тар  1992  жылы)  қабылданды.  Аталған  құжатта  еліміздегі  білім 



беру жүйесін жетілдірудің негізгі қағидалары айқын көрсетілді. 

Осы құжаттың “Жалпы ережелер” атты бөлімінің 2-бабында бі-

лім  беру  жүйесінің  міндеттері  туралы  айта  келіп  мына  мәселе-

лерді қамтиды:  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет