Бахтияр: Жарқырап күннің жанары,
Шұғыла жерді орады.
Сүйеді жүзін орақтың,
Сылдырап егін сабағы.
Әлнұран: Ақ бидай – жерге сәуле,
Үйілді қырман – дәу төбе.
Сүйсіне қарап тұрмын мен,
83
Жаздағы жайсаң өлкеме.
Айжан: Аймағымды аялап,
Алтын қанат туса жаз.
Айдын көлді қиялап,
Қаңқылдап ұшар үйрек-қаз.
Айгүл: – Аққу жүзіп көлінде,
Гүлге қонып көбелек.
Сұлу жазда менің де,
Көңіліме күй келеді.
Балаларды арнайы су сеуіп дайындаған құмның үстіне
алып келіп, оны аяқтарымен басқызып сездіру.
– Балалар, құм қандай, құрғақ па, әлде ылғал ма?
– Ылғал.
– Ол не себепті ылғал екен?
– Өйткені, оған су себілген.
Дұрыс, ал енді мына жердегі топырақты келіп қараңдар.
Оны да аяқтарымен басқызып бақылату.
– Топырақ қандай?
– Құрғақ.
– Не себепті құрғақ екен?
– Өйткені оған су себілмеген.
– Дұрыс.
– Балалар, топырақ пен құмның қайсысында ойнаған
сендерге көңілді?
– Құмда. Құмнан әр түрлі қорғандар, жолдар салуға бо-
лады. Шаң болмайды, үстіміз бүлінсе, тез сыпырылып түсіп
қалады.
Балалармен құмда қорғандар жасатып болған соң әр ба-
ланың еңбектерін бағалап, табандарының іздерін құмға түсіре
отырып, «Менің іздерім» ойынын жүргізу.
Су жайында жұмбақ шешкізіп, мақал-мәтел, жаңылтпаш
айтқызып үйрету.
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су)
Қашан су тасысасың,
Қашып, су шашысасың?
84
Сәумен сүймемнен мұзды бұзды,
Суда жүзген мұзды сүзді.
Суда сең келеді.
Сегіз серке тең келеді.
Тамшыдан тама берсе,
Дария болар.
ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕГІ САУЫҚТЫРУ МЕРЕКЕСІ
Мақсаты: Балалардың жаз туралы түсініктерін кеңейту.
Жаздың ерекшелігін бақылатып, түсіндіре отырып, шағын әң-
гіме құрып айту қабілетін, тілін дамыту, байланыстырып сөй-
леуге үйрету.
– Осы кездегі жыл мезгілінің атын ата (жаз).
– Жаз айларын ата (маусым, шілде, тамыз).
– Жаз табиғатының ерекшелігін айт.
(Ыстық, құрғақ болады, күн ұзарады, түн қысқарады,
өсімдіктер бойлап өседі, жануарлар төлдерін ертеді, т.б.)
– Жазда адамдар тұрмысынан не байқадыңдар? (адам-
дар өте жеңіл киінеді, суға шомылады, жайлауға, тауға демалуға
барады, балық аулайды т.б.)
– Жазғы табиғат жайында шағын әңгіме құрастыр.
(Жазда табиғат әсем. Бау-бақшада құстар сайрайды. Бұ-
лақ сылдырлап ағады. Маңай гүлге толады. Орманда неше түрлі
жеміс піседі, т.б.)
Жаз мезгілі мерекесіне арнап, жаттаған тақпақтарыңды
айтыңдар.
Бірінші бала: Жаз келіпті дегенше,
Алма пісті дегейсің.
Бағымызда ендеше,
Алма теру көбейсін.
Екінші бала:Елге ойдағы, қырдағы,
Қақтырып жарқын жаз жайраң.
Қызып еңбек думаны,
Шаттанып жұртым мәз-мәйрам.
Үшінші бала: Күлімде, күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
85
Жаз келді деп қуанып
Шаттанады бүлдіршін.
Жұмбақ шешу:
Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп. (күн)
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (күннің көзі)
Балалардың осыған дейін меңгерген мағлұматтарына
сүйеніп әңгімелесу. Балаларды жазда күннің ыстық болатынын,
күн көзінің түсуіне байланысты жер бетіндегі барлық табиғат-
тың (тау, тас, құм, топырақ) қызатынын тірі табиғаттың ерекше
күйге енетінін айтады.
Балалар аяқтарын шешіп, топырақтың ыстығын сезеді
(оларды алдын-ала тазаланған құм алаңына әкеліп «Кімнің қа-
дамы алшақ» деген ойын ұйымдастырады.)
Тәрбиешінің қысқаша беретін түсінігі: Құм жылынып,
суды өткізеді. Жаз мезгілінде құмда жалаң аяқ жүрген денсау-
лығымызға өте пайдалы. Сулы құмнан қала көшелері мен әсем
биік үйлерді тұрғызуға болады. Осы айтылған түсінік бойынша
ұжымдық ойын ойнату. Ол үшін арнайы су құйылып дайын-
даған құралдар беріледі.
Балалар өздерінің тұрғызған үйлері, көшелері туралы
әңгімелету.
Өлең оқып, оның не туралы айтылғанын анықтау:
Аймағымды аялап,
Алтын туса жаз,
Айдын көлді қиялап,
Қаңқылдап ұшар үйрек, қаз.
Аққу жүзіп көлінде,
Гүлге қонып көбелек.
Сұлу жазда менің де,
Көңіліме күй келді.
Балалардың көбі бұл оқылған өлең «Жаз» туралы деп
жауап береді. Осы өлең мазмұнына байланысты асфальтқа
түрлі-түсті бормен сурет салғызу.
86
Балалар еңбектерін тамашалап, бағалап болған соң, жаз-
да табиғат тек жайнап тұра бермей, кейде түрлі табиғи құбы-
лыстардың (құйын, шаңды боран, жаңбырдың жаууы т.б.) бола-
тыны жайында түсіндіріледі.
Жұмбақтар шешеді:
Дөңгелей береді, дөңгелей береді,
Шаңды аспанға көтере келеді. (Құйын)
Ұшатын тіршілікте қандай мүше бар? (Қанат)
Жүру үшін не керек? (Аяқ)
Ал дыбыс шығару үшін ше? (Ауыз)
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – желеді.
Аузы жоқ – ұлиды. (Жел)
Олай болса, жұмбақта не туралы айтылып тұр? Қанаты
жоқ болса, қалай ұшады? (Желдің әсерінен).
Жазда желдің әсерінен қандай құбылыстар болады?
(Құйын)
Жұмбақтарды балалармен көмектесе отырып шешу,
мағынасын жеке-жеке түсіндіру. Сонан соң балаларды ауладағы
арнайы су алабына апарып судың мөлдірлігін, тазалығын бақы-
лату (суға шомылдырып, су жағасына күнге қыздырыну). Осы
байқағандары бойынша сөйлем құратып жаттықтыру: Суға шо-
мылдық. Су мөлдір, таза, жылы. Күнге қыздырындық. Суға шо-
мылу денсаулыққа пайдалы, т.б.
Күн сәулесінің денсаулыққа өте пайдалы екенін түсінді-
ріп, олардың өздері білетін табиғат құбылыстары жайында өлең,
тақпақтар айтқызу. Сауықтыру соңына «Қызыл-жасыл көбелек»
әнін орындау. Өлеңнің сөздерін қайталап жаттықтыру қажет.
2. Ойындар
Көктемгі жауын (қимылды)
Балалар балапан болып жем іздеп жүреді. Балалардың
санынан бір кем ұяшық болады. Көктем болып сайланған бала
жауын жауды дегенде, балапандар жүгіріп ұяшыққа үлгеру үшін
жанталаса жүгіреді. Артық қалған балаға көктем өзі туралы тақ-
пақ, жұмбақ және т.б. айтуын талап етеді. Оның ішінде көк-
87
темде кездесетін мерекелер 8 наурыз, 22 наурыз, 2 мамыр және
9 мамырды да кіргізуге болады.
Ережесі: Балалардың жүгіру кезінде бір-бірімен соғыс-
пау, ұяшыққа ие бола алмай қалған баланың өз еркімен мойын-
дауы
, сондай-ақ өз қарызын өтемеген
бала ойыннан шығуға тиіс.
Педагогикалық маңызы: Балалардың әр түрлі қимыл қоз-
ғалыс кезінде тепе-теңдігін сақтау, есте сақтау қабілетін дамы-
тады және тіл байлығын молайтып, байланыстырып сөйлеуге
үйренеді. Сондай-ақ ұжымда қарым-қатыста жасауға үйренеді
Кімнің қадамы алшақ (мерекелік)
Ойынның мазмұны: Ойын 8 наурыз қарсаңында ойнаты-
лады. Ортаға қызғалдақ гүлін әкелеміз. Балалар қатарынан
тұрады. Гүлге жету бағытында балалардың қадамы саналады.
Кім ең аз қадам аттап гүлге жетсе, ол анасын өте қатты жақсы
көреді деп есептеліп, гүлді анасына сыйға береді.
Ережесі: Балалар түзу қатарға тұрады. Қадам, аттайтын
көлемі, сызығы міндетті түрде белгіленіп, дұрыс жүру талап
етіледі.
Педагогикалық маңызы: Балалардың спортқа деген қы-
зығушылығы артады, үлкендерге деген адамгершілік мінезі қа-
лыптасады және ата-анасына деген сүйіспеншілігі артады.
Алтын күз бізге не береді? (мазмұнды)
Ойын мазмұны: Мұнда сатушы, сатыпалушы және күз
мезгілінде болатын бидай, әртүрлі жеміс-жидектер болып қал-
ған балалар
сайланады. Сатушыға,
сатып алушы: – Сәлеметсіз бе?
Сатушы: Сәлеметсіз!
Сатып алушы: Сіздерде қандай азық-түлік бар?
Сатушы: Бізде күз мезгілінде пісетін азық-түлік, жеміс-
жидектер бар.
Сатып алушы: Маған бидай керек еді, – дегенде бидай
тұра қашады. Сатып алушы соңынан қуады. Бидай қашып өз ор-
нына кіруге тырысады. Егер ұстатпай келсе, сатып алушы тағы
зат сұрайды. Бұл 3 рет қайталанады.
88
Ереже: Үш рет сатып алушы ұстай алмаса, ол қарыз бо-
лып, сатушының жұмбағын шешеді. Ол шешпесе бидай мен са-
тыпалушы орын алмастырады.
Педагогикалық маңызы: Баланың басқа ортада қарым-
қатынасы дамуына ақыл-ойын дамытуға және ептілікке тәрбие-
лейді.
Кемпірқосақ (қимылды)
Ойынның мазмұны: Мұнда балалар мініп жүре алатын-
дай әр түске (сары, қызыл, көк, жасыл және т.б.) тақтайлар
қойылады. Олар қатар орналастырылады. Оған кемпірқосақ деп
ат қойылады. Балалар құс болып ұшып жүреді, болмаса кемпір-
қосақтың үстінде қонып тұрады. Сонда күн (тәрбиеші) қызыл
және жасылға қонамыз дейді. Балалар екіге бөлініп белгіленген
түсті естеріне сақтап орналасады.
Ережесі: Белгіленген түстерді естеріне сақтап, шатаспай
орналасу керек. Шатасқан құс ойыннан шығады. Соңына жеткен
құс жеңімпаз атанып, құс алыбы бүркіт болып марапатталады.
Педагогикалық маңызы: Балалардың есте сақтау қабілеті
дамиды. Түстерді есіне жақсы сақтауға ажыратып, сипаттап айта
білуге үйренеді.
Автомобиль
Ойынның мазмұны: Балалар өз қалауынша автомобиль
маркаларын таңдап алады. Мерседес, джип, трактор, зиль және
тағы басқа. Сол бойынша балалар белгіленген жолдармен өз ба-
ғыттарында жүреді. Қиылысу жолында тәрбиеші бағдаршам
қызметін атқарады. Өте алмаған бала ойыннан шығады.
Сондай-ақ мұнда бағдаршам қазір қыс, жер мұз десе ма-
шиналар (балалар) отырып жай жүреді. Жаңбыр жауды десе ең-
кейіп жүреді. Қар жауғанда да еңкейіп жүреді.
Ережесі: Бағдаршамда дұрыс жүру керек. Жолда жүру
бағытын, табиғи құбылыс кезінде бағдаршамнан да жаңылмай
өту тиіс. Бұл кезде дұрыс жүре алмаған бала тәрбиешіге және
өзге балаларға бағдаршамның әр түсі кезінде не істеу керектігі
туралы және табиғи құбылыс кезінде жолдың қандай болатынын
естеріне түсіреді. Қате айтса, балалар дұрыстайды.
89
Педагогикалық маңызы: Балалар түсті ажыратады. Бағ-
даршамда, жолда дұрыс жүруді меңгереді. Жүрген бағыттары
туралы байланыстырып айтуға дағдыланады.
Кімнің қадамы алшақ
Тәрбиші балаларды өзіне қаратып: Ал, балалар, қазір
мен сендерге өлі табиғат құбылыстарының атын атаймын. Мен
әрбір құбылысты атаған кезде 1 қадам алшақ аттайсыңдар. Егер
мен басқа құбылыс немесе бір заттың атын атасам онда атта-
майсыңдар. Егер кімде-кім шатасып аттап қалса, онда сол бала
осы табиғатқа байланысты тақпақ немесе өлең айтып береді,
айта алмаса ол
ойыннан шығады. Ал бастаймыз:
жауын – 1 қадам
алшақ.
қырау – 1 қадам алшақ.
ою – 1 қадам алшақ.
тұман – 1 қадам алшақ
гүл – 1 қадам алшақ.
шық - бір қадам алшақ.
Ойын ары қарай жалғасады.
Ережесі:
1. Балалар құбылыстар аталған кезде мұқият тыңдауы қажет.
2.Қадамын аттаған кезде алшақ аттауы керек.
3.Тақпақ немесе өлең айтқан кезде сөздерін анық, мәнерлеп
айтуы керек.
Педагогикалық маңызы. Табиғат құбылыстарын ажырата
білуге, олар жайлы өлең тақпақтарды дұрыс, анық, мәнерлі ай-
туға үйренеді.
Алтын күз бізге не береді?
Ойын мазмұны: Балалар сатушы және сатып алушы бо-
лып бөлінеді. Кішкене базар ұйымдастырылады. Ойынға 6 адам
қатысады. Олардың біреуі – қарбыз, қауын сатса, екіншісі –
алма, алмұрт, өрік сатады. Және олар сатып тұрғанда тақпақтап
айтулары керек. Алушыларды жемістеріне қызықтырып, шақы-
ра білулері керек.
Ойын ережесі: Әрбір сатып тұрған жемістерге байла-
нысты тақпақтар айтылуы керек.
90
Педагогикалық маңызы: Жеміс-жидектердің аттарын
білуге, олардың қандай түсте, ащы, тәтті екенін айыра білуге үй-
рету. Олардың пайдасын білуге, олар жайлы тақпақтар айтқы-
зып отырып, тілдерін дамыту. Оларды ұқыптылыққа, тазалыққа
тәрбиелеу. Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын,
ынта-ықыластарын дамыту.
Автомобиль (қыс мезгілі)
Ойын мазмұны: Ойын далада өткізіледі. Ойынға 5 бала
қатысады. 4 бала автомобиль жүргізушісі, ал біреуі милиция бо-
лады. Алдын ала алаң сызып дайындалады. Балалар сол алаңда
автомобильдерімен ережелерді бұзбай өтулері керек. Және олар
тайғақ жерде және қар басып қалған жерлерден дұрыс өтулері
керек.
Ойын ережесі: Балалар рөлдерге бағынуы керек. Жол
ережелерін сақтаулары керек.
Әдістемелік нұсқау: Балалардың ойынға деген ынта-
ықыластарын арттырып, ойынға деген қызығушылықтарын арта
түсуін қадағалау.
Педагогикалық маңызы. Бағдаршамдағы түстерді айыра
білуге, жылдамдыққа, байқампаздыққа баулу, жол белгілерін
айыра білуге үйрет.
Кемпірқосақ (дидактикалық)
Ойын мазмұны: Ойынға 10 адам қатысады. Балаларға
мозаикалар таратып беріледі. Олар түрлі-түсті мозаикалардан
кемпірқосақтың суретін өз ойлары бойынша құрайды. Ойын
жарыс түрінде өтеді. Олар тек кемпірқосақ ғана емес, өз шығар-
машылықтары бойынша жанына ағаш, гүлдердің басқа да сурет-
тер құраулары тиіс.
Ойын ережесі: Балалар топқа бөлінеді. Мазаиканы тез
құраулары керек. Бірінші біткен топ жеңіске жетеді.
Әдістемелік нұсқау: Балалардың қызығушылықтарын,
ынталарын арттыру.
Педагогикалық маңызы: Кемпірқосақ түстерін біліп. Шы-
ғармашылық қабілетін дамытып, байланыстырып сөйлеуін қа-
лыптастыру жылдамдыққа тәрбиелейді.
91
Көктемгі жаңбыр ойыны (дидактикалық)
Ойынның мақсаты: Балалардың сабақта алған білім-
дерін бекіту.
Ойынның мазмұны. 10-12 баланы ойынға қатыстыруға
болады 4-5 баланы жаңбыр тамшылары деп белгілейді. Қалған
балалар шашырап әр жерде ойнап тұрады (бір-біріне жақыны-
рақ). Ойын жүргізуші аспанды бұлт торлап, жаңбыр себелеп
жауа бастады дейді, сол кезде Жаңбыр тамшылары болған бала-
лар ойнап жүрген балаларға жақындай түседі. Ойын жүргізу-
шісі: «Жаңбыр сіркіреп жауады» дегенде балалар қашып тасаға
тығылады (оны сызықтармен төртбұрыш жасап соның ішінде
кіргізуге болады) «Жаңбыр тамшылары» балаларды қуып ша-
масы келгенше ұстап алуы керек. Ойын жүргізушісі ойын ба-
сында «Жаңбыр жауғанда кимімізді су қылмай тез тасаға тығы-
лу керек. Үлгермеген
ұсталып қалған бала ойыннан шығады» деп
ескертеді.
Ойынның ережесі:
1. “Жаңбыр тамшылары” болған балалар тек ойын жүр-
гізушінің бұйрығынан кейін ғана қалған балаларды қуу керек.
2. “Жаңбыр себелеп жауа бастады” деген кезде қатты
жүгіріп бірден, қууға болмайды, ақырын балаларға жақындау-
лары керек.
3. Балалар жаңбырдан қашып, тығылатын таса жерді
төртбұрыш немесе үшбұрыш, шеңбер жасап, сызып белгілеп
қоюу керек, ол жерге кіріп үлгерген баланы ұстауға болмайды.
4. “Жаңбыр тамшыларының” орнын ауыстырып отыру-
ға болмайды (2-3 рет қайталанған кезде).
5. Ойын шартын бұзған бала ойыннан шығады.
Педагогикалық маңызы. Балаларды ептілікке, шапшаң-
дыққа
, зейінін тез шоғырландыра
білуге, жылдамдыққа үйретеді.
Әдістемелік нұсқау: Ойынды спорт залда немесе далада
өткізуге болады. Ойын қызықты болу үшін «Жаңбыр тамшы-
ларын» ерекше белгілермен (эмблема, тамшының суреті бар бас
киім) көрсетуге болады.
92
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Қазақстан Республикасының “Тіл туралы Заңы”. – Алматы:
Дәнекер, 2001. – 7 б.
2.
Білім туралы. Образований: Қазақстан Республикасының
Заңы. – Алматы: Литера, 2000. – 96 б.
3.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты – Астана: 2008 жылы 6 ақпан.
4.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасы /Жетісу. 30. 12. – 2003.
5.
Балаларға міндетті мектепалды даярлығы тұжырымдамасы /
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орта
жалпы білім департаменті Шәкәрім атындағы Семей мемлекет-
тік университеті//
Қазақстан мұғалімі.–29 желтоқсан.–1999.–2-7 бб.
6. Аймауытов Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995. – 305 б.
7. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1993. – 112 б.
8. ТихееваЕ.И.Развитие
речи детей.–М.: Просвещение
,
1981.–157
с.
9. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі (оқу құралы). –
Алматы: Санат, 1995. – 352 б.
10. Тәжібаев Т. Жалпы психология. – Алматы: Қазақ универси-
теті, 1993. –238 б.
11.
Алдамұратов Ә. Жалпы психология.–Алматы:Білім,1996.–222
с.
12
. Қожахметова Х.Қ.Мәнерлеп оқу.–Алматы
:Мектеп,1982
.–187
б.
13. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. 2 томдық /Құраст.:
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы: Рауан, 1998. – 416 б.
14.
Урунтаева Г.А. Дошкольная психология /Учеб. пособие
для
сту-
дентов 4-е изд.–М.:Издательский центр
“Академия”, 1999. – 336 с.
15. Балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу программасы. Қазақ
ССР Оқу министрлігі. – Алматы: Мектеп, 1987. – 276 б.
16. Балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы. –
Алматы, 1988. – 240 б.
17. Балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы. –
Алматы: Мектеп, 1989. – 244 б.
18. Үздіксіз тәрбие беру тұжырымдамасы. – Алматы, 1992.
19. “Балбөбек” бағдарламасы. – Алматы: Шартарап, 2000.–240 б.
93
20. Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау
бағдарламасы. – Алматы: Шартарап, 2000. – 90 б.
21.Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды даярлау
бағдарламасы. – Астана-Алматы, 1999. – 22 б.
22. Мектеп жағдайында 6-7 жастағы балаларды мектепалды
даярлау бағдарламасы. – Астана-Алматы, 1999. – 54 б.
23. Мектепалды даярлау бағдарламасы (5-6 жастағы балаларға
арналған). – Алматы-Семей, 1998. – 32 б.
24. Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін
дамыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1991.- 122 б.
25. Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге
үйрету. –Алматы: Мектеп, 1984. – 94 б.
26. Асқарбаева. А., Аймағамбетова Қ., Ботабаева Ұ. Айналадағы
дүниемен таныстыру. – Алматы: Мектеп, 1984. – 64 б.
27. Карбушева Г.А. Ознакомлние детей дошкольного возраста с
Казахстаном. – Алматы: Мектеп, 1984. – 48 б.
28. Алексеева М.М., Яшина В.И. Методика развития речи и
обучение родному языку дошкольников /Уч. пособие. для студ.
выш. и ср.пед.уч.зав. – 2 изд. – М.: Академия, 1998. – 400 с.
29. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы:
Жеті жарғы, 2000. – 49 б.
30. Бородич А.М. Методика развития речи детей. – М.: Просве-
щение, 1981. – 254 с.
31. Развитие речи детей дошкольного возраста /под. ред. Ф.А.
Сохина. –М.: Просвещение, 1984. – 221 с.
32. Махмудов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдас-
тыру. –Алматы: Мектеп, 1981. – 247 б.
33. Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. –
Алматы: Білім, 2001. – 174 б.
34. Жұмағожина Р. Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында
пайдалану. – Алматы: Мектеп, 1981. – 42 б.
94
МАЗМҰНЫ
1.Кіріспе.............................................................................................3
2. Мектепалды даярлық балаларын байланыстырып сөйлеуге
қалыптастыру–тіл дамытудың басты міндеті...............................7
3. Баланы байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлері, олардың
ерекшеліктері.....................................................................................9
4. Әңгімелеу барысында балалардың ойлау әрекетінің
ерекшелігі.........................................................................................12
5. Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың әдіс-
тәсілдері............................................................................................15
6. Балабақша бағдарламасы мен оқу-әдістемелік құралдардағы
тіл дамыту мәселесінің берілуі.....................................................44
7. Тест сұрақтары............................................................................55
8. Қорытынды..................................................................................64
9. Қосымшалар.................................................................................66
10.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................92
95
МЕТЕРБАЕВА К.М.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ
БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ӘДІСТЕМЕСІ (5-7 жас)
Оқу құралы
Редакторы: А.Б.Абдиева
Компьютерлік қалыптаушы: С.Е.Смағұлова
Көркемдеуші: А.Қалибекұлы
Басуға 10.02.2013 ж. қол қойылды. Пішімі 60 х 84/
16.
Офсеттік қағаз. Компьютерлік терілім.
Әріп түрі «Times/New Roman» Riso басылымы.
Шартты баспа табағы 6
Таралымы 100 дана.
Тапсырыс № 93
«Қыздар университеті» баспасы .
050000, Алматы, Гоголь көшесі 116 үй
Достарыңызбен бөлісу: |