Метербаева к. М


   Мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріндегі оқыту мен тәр-



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата30.12.2016
өлшемі0,67 Mb.
#818
1   2   3   4   5   6   7   8

5.   Мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріндегі оқыту мен тәр-

биелеуді    жақсарту  шаралары  туралы  қаулы  қай  уақытты 

болды? 

 

A) 1959ж. 21 мамыр; 



 

B) 1917ж. 1 мамыр; 

 

C) 1926ж. 5 қазан; 



 

D) 1930ж. 21 ақпан; 

 

Е) 1936ж. 15 наурыз. 



6.    Қазақ  балабақшаларына  арналған  алғашқы  бағдарлама 

қай жылы  шықты? 

 

A) 1934;  



 

B) 1951; 

 

C) 1964; 



 

D)1987; 


 

Е) 1935. 



7. Тіл дамыту әдістемесінің негізгі мақсаты қандай? 

А)  ұлттық  тіл  ретінде  қоғамдық  әлеуметтік  үлкен  роль 

атқарады; 

В) мектеп жасына дейінгі балалар тілін  қалыптастыруға 

бағытталған  педагогикалық қызметтің заңдылықтарын қарасты-

рады; 


С) практикалық жұмыстарды зерттейді; 

D) баланың  ой-өрісін, ақыл-ойын зерттейді; 

Е) баланың  қабылдауын зерттейді. 

8. Тіл дамыту әдістемесі қандай ғылымдармен байланысты? 

А) дидактика, грамматика; 

В)  тіл  білімі,  психология,  педагогика,  көркем  әдебиет, 

адам  анатомиясы; 

С) анализ, синтез; 


57 

 

D) қазақ тілі, педагогика тарихы; 



Е) математика. 

9.    Модульдік  тапсырманы  орындату  барысында  қандай 

мүмкіндіктерді жүзеге асыруға болады?  

 

A)іскерліктерді меңгеру, модуль-информацияның мазмұ-



нын қалыптастыру, өзін-өзі басқару жүйелерін құру, кері байла-

ныс жүйесін құру; 

 

             B)үйрету  үрдісін  жаңарту,  балалардың  білімді  меңгеруі 



жоспарланған  деңгейге  жеткізіледі,  оқу  үрдісінің  компонент-

терін кешендендіруге байланысты  білім берудің тиімділігі т.б. 

 

C) бақылаушылық пен қызығушылықты дамыту; 



 

D) бұлтты, жаңбырлы, суық; 

 

Е) бір маусымда болатын өзгерістерді  толық қамтып тү-



сіндіру; 

10.  Қазақстанда  тұңғыш  мектеп  жасына  дейінгі  бала  тілін 

зерттеген   ғалым кім? 

А) Б.Баймұратова; 

В) Ғ.Дүкенбаева; 

С) С.Бәтібаева; 

Д) Ә.Әмірова; 

Е) К.М.Метербаева. 



11. Тіл дамыту  әдістемесінің әдістері ? 

А) дидактикалық ойындар; 

В) бақылау, топсаяхат; 

С) баяндау, әңгімелеу

D) көрнекілік, сөздік, практикалық; 

Е) түзету, салыстыру. 



12. Тіл дамыту әдістемесінің  тәсілдерін белгілеңіз? 

А) көрнекілік, сөздік, практикалық; 

В)  талдау, жинақтау; 

С) жанама, негізгі; 

D) еліктеу, әңгімелеу; 

Е) баяндау. 

 

 


58 

 

13.  Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің    құрылымы 



қандай? 

А)  сабақтың  тақырыбы,  мақсаты,  әдістемелік    әдістер, 

үйретілетін  жаңа сөздер, қолданылатын құрал-жабдықтар, сабақ 

барысы; 


             В) кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлім; 

             С) дамытушылық, білім беру, тәрбиелеу; 

             D) жаңа материалдарды түсіндіру, аралас сабақ; 

Е) КВН, диспут. 



14.  Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің    мақсаты  қандай 

міндеттерге негізделген? 

А) эстетикалық, адамгершілік; 

В) ақыл – ой тәрбиесі; 

С) дамытушылық, білімдік тәрбиелік; 

D) тілдің дамуына, сөйлеуіне

Е) еңбек, дене. 



15.  Балабақшада    ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетін  өткізу 

әдістеріне  қарай қандай түрге  бөлінген? 

А) серуен, күн тәртібі; 

В) жарыс, аукцион; 

С) сұрақ-жауап; 

             D) әңгіме оқу, топсаяхат, бақылау сабақтары; 

Е) пікірсайыс. 



16.  Ұйымдастырылған  оқу  іс-  әрекетіне    қойылатын  талап-

тарды ата? 

А)  сөздік  қорды  дамыту,байланыстырып  сөйлеуге    үй-

рету, дыбыстық   мәдениетін тәрбиелеу, грамматикалық дағды-

ларды қалыптастыру; 

В)  сабақ  дайындау,  тапсырманың  ауыр-жеңілдігі,  са-

бақтың  тәрбиелік    мәні, баланың  сөйлеу  белсенділігі,  сабақтың 

эмоциялық сипаты; 

С) анализ, синтез; 

D) аналитикалық, синтетикалық; 

Е) талдау, жинақтау. 

 

 


59 

 

17. Диалогты сөйлеу дегеніміз не? 

А) бір адамның баяндауы; 

В) адамдардың өзара қарым-қатынасы; 

С) белгілі бір тақырып бойынша  әңгімелесу; 

D) екі немесе одан да көп адамдардың пікірлесуі; 

Е) жаттау. 

 18.    Әңгімелесу  іс-  әрекетіне    зерттеуші  ғалым  В.И.Тихеева 

қандай  талаптарды ұсынды? 

А)  бала  негізгі  тақырыптан  алшақ  кетпеуі  керек,  қоры-

тынды  пікірге  жеткізу,  баланың  ойын  бөлмеу,  әңгімелеу,  еркін 

сұраққа  толық    жауап  беру,білетін  уақиғаны  өз мүмкіндігінше 

айтуға мүмкіндік  беру; 

В) балалар әңгімелеп тұрғанда ескертпелер жасау, сұрақ  

қою т.б.; 

С) балаларды арнайы ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті  

кезінде әңгіме құрып айтуға төселдіру; 

D) әңгімелеу  кезінде белгілі  бір объектінің бөліктеріне  

көңіл бөлу; 

Е) барлық жауап дұрыс. 



19.  Байланыстырып  сөйлеудің  қай  түрінде  қайталап  айту 

және ойдан шығарып айту әдістері қолданылады? 

А) монологты; 

В) диалогты; 

С) еліктеу; 

D) сөздік; 

Е) практикалық. 



20.    Білімді  бір  адамнан  екінші  адамға  беру  мақсатымен 

орындалатын    үйренуші  мен  үйретушінің  іс-әрекеті  деген 

не? 

А) тәсіл; 

В) әдіс; 

С) міндет; 

D) мазмұн, мақсат; 

Е) принцип. 

 


60 

 

21.  Белгілі  бір  әдістің  қолданылу  вариантын  сол  әдісті 



құрайтын  негізгі    іс-әрекетке  оқу  дидактикалық  материал-

дық сипатынан туындайтын  қосалқы іс-әрекеттің енгізілуін 

не дейміз? 

 

A) әдіс; 



 

B) міндет; 

 

C) мақсат; 



 

D) тәсіл; 

 

Е) принцип. 



22.  Тіл  дамыту  әдістемесінің    мазмұнын  құрайтын  міндет-

тер: 

А) жаңа сөздер үйрету; 

В) сөздік  қорды дамыту. Байланыстырып сөйлеуге 

үйрету,  сөздің   дыбыстың  мәдениетін тәрбиелеу, сөздің 

грамматикалық   құрылысын қалыптастыру, көркем  

әдебиетпен таныстыру, сауат   ашу; 

С) сөздердің  мағынасын түсіндіру, дыбыстарды дұрыс 

айтуға  қалыптастыру; 

D) диалогты, монологты; 

Е) актив, пассив сөздерді меңгерту. 



23.    Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  монологты  сөзге 

үйретудің қандай   әдістері бар? 

А) әзірленген, әзірленбеген ; 

В) әңгімелесу, еліктеу; 

С) қайталап айту, ойдан шығарып айту; 

D) шығармашылық; 

Е) сөздік, практикалық.  



24.  Байланыстырып сөйлеудің түрлері  қандай? 

А) дауыс, үн реңкі; 

В) талдау, жинақтау; 

С) диалог, монолог; 

D) актив, пассив; 

Е) дауыс күші. 

 

 

 



61 

 

25.  Байланыстырып сөйлеу деген не? 

А) екі немесе одан да көп адамдардың пікірлесуі; 

В) адамдардың өзара түсінісуі және қарым-қатынасын 

қамтамасыз   ететін мағыналы сөздер, сөйлемдер жүйесі; 

С) бір адамның баяндауы; 

D) тұрақты сөз тіркстерін үйрену; 

Е) барлық жауап дұрыс емес.      

      

 

26.  Баяндау, картина, дидактикалық ойындар, лексикалық 



жаттығу,  логикалық  тапсырма  беру,  схема  арқылы  сипат-

тау,  серуен  әдістері  тіл дамыту  әдістемесінің  қай  міндетінде 

жүзеге асырылады? 

А) сөздік қорды дамыту; 

В) байланыстырып сөйлеуге үйрету; 

С) дыбыстық мәдениетті тәрбиелеу; 

D) сауат ашуға даярлау; 

Е) көркем әдебиетпен таныстыру. 



 

27.  Әңгімелесудің түрлері  қандай? 

             А) алдын-ала әзірленген  әңгіме; 

С) әзірленбеген әңгіме; 

D) сұрақ-жауап; 

Е) диалогты; 

 

28.  Байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістерін ата?  

А) логикалық тапсырма беру, схема арқылы және ойын-

шықтар арқылы сипаттау, серуен, лексикалық жаттығу, картина, 

баяндау; 

             В) талдау, жинақтау; 

             С) актив, пассив; 

             D) баяндау, жаттату; 

             Е) түсіндіру, белсенді. 



 

29.  Ұйымдастырылған  оқу  іс-  әрекеттен  тыс  кезде  мектеп 

жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жолдары қандай? 

А) сабақ, күнделікті іс-әрекет; 

В) күн режимінде; 

С) серуен, топсаяхат, бақылау, еңбек, ойын әрекеті т.б.; 

D) барлық жауап дұрыс; 


62 

 

Е) әңгімелеу; 



Е) барлық жауап дұрыс. 

30.    Әңгімелесу  іс-  әрекетінде    бала  негізгі  тақырыптан  ал-

шақ  кетпеуі  керек,  қорытынды  пікірге  жеткізу,  баланың 

ойын  бөлмеу,  еркін    әңгімелеу,  сұраққа  толық  жауап  беру, 

білетін  уақиғаны  өз    мүмкіндігінше  айтуға  мүмкіндік  беру 

деген талаптарды кім ұсынған? 

А) В.И.Тихеева; 

В) Г. Дүкенбаева; 

С) А.М.Бородич; 

D) Б.Баймұратова; 

Е) З.Еденбаева. 



31.    Баяндау іс- әректінің  құрылымы  

A)  кіріспе,  мәтінді  оқып  беру,  2-ші  рет  оқу,  шығарма 

мазмұнын  талдау,шығарма  мазмұнын  түсінгенін  байқау 

үшін мәтінді қайтадан оқу, жауап беруге уақыт беру,  ба-

лалардың баяндауы; 

 

B) адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесінің дамуы; 



 

C) жаман әдеттерден жиреніп жақсыға ынталану; 

 

D) шығарманың құрылысын талдау; 



            Е) баяндау. 

32.  Топсаяхатты  қандай  міндеттер  арқылы  ұйымдастыруға 

болады? 

 

A)бақылаушылық пен қызығушылықты;  



 

B)қоршаған  ортаның  объектілері  мен  құбылыстарына  

белсенді және дұрыс қарым-қатынасты тәрбиелеу; 

 

C)қоршаған  дүниедегі  заттар  мен  құбылыстардыдың  



біріктілігін, біртұтастығын аңғара білуге үйрету; 

 

D)байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру; 



 

Е) Барлық жауап дұрыс. 



33.  Проблемалық жағдаят жасаудың мақсаты қандай? 

 

A) бала ойын өрбіту; 



 

B) байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру

 

C) бұрынғы білімдерін тұжырымдау; 



 

D) өз ойларын жүйелеп, баяндап айту; 

             Е)  барлық жауап дұрыс. 


63 

 

34.    Табиғаттағы  қысқа  мерзімде  болып  өтетін  өзгеріс  ту-



ралы  мысалы,  қардың  еруі,  нөсер  жаңбырдың  жаууы,  жа-

пырақтардың сарғаюы т.б. қай әдісте жүзеге асырылады? 

             А) лексикалық жаттығу жұмыстары; 

 

B) логикалық сөздік тапсырма орындату; 



 

C)  балаларды  дұрыс  оқи  білуге  үйрете  отырып  олардың 

тілін дамыту; 

 

D) «тірі дыбыстар» деген ұғымды үйрету; 



 

Е) оқуға үйрету. 



35.      Бір  маусымда  болатын  өзгерістерді  толық  қамтып 

түсіндіру  және әңгіме құрату қай әдісте жүзеге асырылады? 

 

A) логикалық сөздік тапсырма орындату; 



             В) лексикалық жаттығу; 

 

C) дидактикалық ойын; 



 

D) проблемалық жағдаят жасау; 

 

Е) модульдік тапсырма орындату. 



36.    Табиғат құбылыстарының заңды байланысынбайқату 

мысалы,  жыл  мезгілдерінің  келу  реті  қай  әдісте  жүзеге 

асырылады; 

          A) логикалық сөздік тапсырма орындату; 

          В) лексикалық жаттығу; 

 

C) дидактикалық ойын; 



 

D) проблемалық жағдаят жасау; 

 

Е) модульдік тапсырма орындату. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



64 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Балаларға  міндетті  мектепалды  даярлығы  тұжырымда-



масында  5-7  жасар  балаларды  мектепке  даярлаудың  негізгі 

критерийлері  анықталып,  онда:  “Бала  мектепке  барар  алдында 

сөздікпен,  грамматикалық  құрылыммен  таныстырылып,  жан-

жақты оқытылатын тілдердің көп тілділігіне психологиялық жа-

ғынан  бейімделе  білуі  қажет  делінген.  Жаңа  заман  азаматын 

тәрбиелеуде  мемлекеттік  тілді  өзіндік  бедерімен,  ою-өрнегімен 

меңгертуді  балабақшадан  бастау  көзделіп  отыр.  Баланың  айна-

ладағы  өмірді,  қоршаған  дүниені,  адамдар  арасындағы  қарым-

қатынасты танып-білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Тілдің дамуы 

оның сана-сезімінің, ой-өрісінің, жеке бас ұйтқысының қалыпта-

суына  негіз  болады.  Болашақ азаматтың жеке  бас  тұлғасын  қа-

лыптастыру негізі мектепке дейінгі кезеңде басталады. Бала өмі-

рінің  алғашқы  жылдарындағы  дұрыс  тәрбие  оның  кейінгі  жан-

жақты  дамуының  жемісті  болуына  себеп  болатыны  бәрімізге 

белгілі. 

Ең  алдымен,  баланың  мектепте  білім  алуына  баланың 

психикалық  дайындығының  негізі  саналатын  ақыл-ой  деңгейін 

дамыту маңызды орын алады. Осы ретте мектеп жасына дейінгі 

балалардың  ақыл-ой  дамуындағы  негізгі  орын  олардың  байла-

ныстырып  сөйлеу  тілін  дамытуға  беріледі.  Баланың  ана  тілі  – 

жеке бас тәрбиесінің қуатты құралы – қоршаған ортаны танып-

білудің кілті. Яғни, балаларды табиғат құбылыстарымен таныс-

тыру балалардың осы құбылыстарға деген санасы мен сүйіспен-

шілігін тәрбиелеу жөнінде белгілі бір көлемде білім беруді көз-

дейді. 

Педагогика  саласында  тіл  біліміне  ерекше  мән  беріліп, 



тіл мен сана, сөйлеу мен ойлау өте тығыз байланысты қарасты-

рылады. Адам ойы сөйлеу тілінде көрініс табатындықтан, дұрыс 

сөз құрау, өз ойын нақты да, тиянақты жеткізу ақыл-ойдың көрі-

нісі болмақ. Сөздердің грамматикалық жүйесін, оларды қолдану 

тәсілдерін  меңгеру  арқылы  адамның  ойлау  жүйесі  де  дамиды. 

Сонымен  қатар  көргенін  айтып,  талдау  арқылы  бала  қоршаған 

дүниені таниды.  


65 

 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  санасына  тән  ерек-



шелік-қоршаған  дүниені  тануға,  білуге  тырысу.  Сондықтан  ба-

лаға күрделі және беймәлім құбылыстарды қарапайым және тү-

сінікті  түрде  жеткізу,  жұмбақ  дүниеден  бала  танымына  жақын 

таныс нәрсеге көшу, бала күнделікті өмірден көріп-біліп жүрген 

табиғи  құбылыстарды  таныс  құбылыстармен  салыстыра  оты-

рып,  олардың  сана-сезіміне  әсер  ету  –  тәрбиешінің  басты  мін-

деттерінің бірі. 

Бала сөзі көзбен көретін нақты заттар, құбылыстар негі-

зінде құралатыны белгілі. Сондықтан да, көптеген ғалымдар ба-

ланың сөздік қорын молайтуда негізгі орынды көрнекілік прин-

ципіне береді. Жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, баланың бай-

ланыстыра  сөйлеуін  қалыптастыру  үшін  оларды  табиғат  құбы-

лыстарымен  таныстырып,  бақылау  жүргізуге  дағдыландырып, 

сол арқылы байқағандарын айтқызу жұмыстары деген қорытын-

дыға келеміз. 

Табиғи  құбылыстар  туралы  түсініктер  мен  ұғымдарды 

қалыптастыруда сөздің зор маңызы бар. Балалардың байланыс-

тырып сөйлеуінің және ана тілін меңгеріп алуы табиғатты сезіне 

танумен бір тұтас байланыста жүзеге асады. 

Бала  тіл  өнерін,  сөз  өнерін  айналасындағы  адамдардан 

солармен  қарым-қатынас  жасаудың,  сөйлесудің  нәтижесінде 

үйренеді.  Балаға  сөз  үлгісін  көрсететін  бірінші  отбасы  десек, 

сондай-ақ, ол үшін ең басты өнеге балабақшадағы тәрбиеші-пе-

дагогтардың сөзі, олардың сөйлесе білу тәсілдері, сөйлеу мәнері 

бұдан да маңызды болмақ. 

Баланы  табиғаттың  әсемдігін  көре  білуге,  оны  сезіммен 

қабылдап,  эстетикалық  әсер  алуға,  табиғат  құбылыстарының 

ерекшеліктерін  ажырата  білуде  әр  түрлі  әдіс-тәсілдер  арқылы 

әңгімелеуге,  күнделікті  іс-тәжірибеде  байланыстырып  сөйлей 

білу дағдыларының қалыптаса бастайтынын байқаймыз. 



 

 

 

 

 

66 

 

ҚОСЫМШАЛАР 



 

1. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үлгі жоспарлары 

Қыс қызығы (кешенді) 

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  мақсаты:  Балалар-

дың қыс туралы түсініктерін кеңейте отырып, қысқы табиғатты 

бақылай білуге жаттықтыру. Қыс туралы өлең, тақпақ, жұмбақ, 

мақал-мәтел  үйрету.  Сол  арқылы  балалар  тілін  дамытып,  бай-

ланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. 



Тірек  сөздер:  мөлдір,  көктайғақ,  сырғанақ,  боран,  суық 

аяз, қырау, т.б. 



Алдын  ала  жүргізілетін  жұмыстар:  Қыс  туралы  өлең, 

тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер жаттатқызу. 



Тірек білім: Балалардың күзгі табиғат жайында алған бі-

лімдері. 



Базалық білім: Аяз, суық, боран, т.б. жаңа сөздерді сөз 

қорына енгізе отырып, қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныс-

тыру. 

Барысы: Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті аулада, бақ-

ша алдындағы алдын ала әсем безендірілген алаңда өтеді. 



I.

 

Балалармен  әңгімелесу:  Жан-жақтарыңа  қарап,  қыс 

мезгілі туралы байқағандарыңды айтыңдар. 

(Айнала  аппақ,  қар.  Күн  ашық.  Қар  күнге  шағылысып 

жылт-жылт  етеді.  Қыста  қар  жауады.  Күн  суытады.  Боран,  аяз 

болады. Өзен, көлдер мұз болып қатады. Егер күн аздап жылын-

са

, қар еріп, жер көктайғақ



 болады. Көктайғақ – табиғи құбылыс) 

II.

 

Жұмбақ шешу:  

Мамықтай ұлпа, 

Қанттай аппақ.            (Қар) 

Қыста жер бетін басады

Жазда сайға қашады.  (Қар) 

Қыста киген, 

Көктемде кеткен, 

Көрпе боп жатқан, 

Жылға боп аққан.        (Қар) 

 


67 

 

III.



 

 Ө.Байділдаевтің “Қыс қызығы” әнін орындау. 

 



Балалар,  қардың  түсі  неге  ұқсайды  (аппақ  мамықтай, 

қантқа, сүтке ұқсайды)? 

 

Қардың ерігенде неге айналатынын балаларға айтқызу 



(қар суға, судың буға айналуы). 

IV.

 

 Ойын – “Дәл түсіре біл” 

Балаларды  екі  топқа  бөлу.  Құрсауға  дәл  әрі  көп  қар 

түсіру.  

Ойынның шарты: Қай топтың баласы осыны орындаса, 

сол топтың балалары жеңімпаз атанады. 

Осы  тұста  балалардың  қолғабын  шештіріп,  олардың 

қолдарының  шымырлап  тоңа  бастағанын  анықтау:  Бұл  неден? 

(суықтан,  аяздан).  Олай  болса,  осы  жайында  сөйлем  құрастыр 

(Суықтан  қолымыз  тоңды.  Аяз  қолымызды  шымырлатты.  Қол-

ғапсыз қол тез тоңады, т.б.). 

Жұмбақ шешу:  

Қолы жоқ, сурет салады, 

Тісі жоқ, тістеп алады.      (Аяз) 

Қыс туралы жаттаған тақпақтарын айтқызу. 



Ә.Асылбаев “Қыс” 

Қыс дегенің ақ қала, 

Үлбіреген мақта ма? 

Тыным таппай күнұзақ, 

Тұрғызады аққала. 

Аққала, күнұзақ, үлбіреген деген сөздерді талдап, мағы-

насын түсіндіру. Осыларды қолданып сөйлем құрату. 

Абай  “Қыс” 

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 

Соқыр-мылқау танымас тірі жанды. 

Үсті-басы аққырау, түсі суық, 

Басқан жері сықырлап келіп қалды. 

Өлеңдегі қиын сөздерді талдау. 

Балаларды  мұз  айдынына  әкеліп  әңгімелеу:  –  Балалар, 

мынау не? – Мұз… Мұздың табиғи құбылысқа жататынын, мұз 

–  судың  қатты  күйі  екенін  айтып,  оның  түсі  жайында  айтқызу 

(жылтыр,  әйнекке  ұқсайды,  ақ  түсті,  түссіз,  тағы  басқа).  Мұз 



68 

 

айдынындағы  ойын  түрлерін  ататқызу  (конкимен,  шанамен 



сырғанау). 

Ғ. Ормановтың “Сырғанау” өлеңін оқып беру. 

Қыста терезеге әсем-өрнек салатын – қырау. Ол өте ше-

бер, неше түрлі ою-өрнектерді терезе әйнегінен көреміз. Бұл да 

қыстың кереметі, табиғи құбылыс. 



Жұмбақ шешу: Жоқ қолы, не аяғы, 

Терезеге қонады. 

Әсем ою ояды, 

Көркем сурет салады.   (Қырау) 

Балалармен  қыс  мезгіліндегі  адамдардың  қар  тоқтату 

жұмыстарын  жүргізетіні  туралы  әңгімелесу.  Егін  алқаптарына 

қар жинау жайында көргендерін айтқызу. Бұл қардың көктемде 

еріп  суға  айналатынын,  оның  егінге  тигізетін  пайдасын  айтып 

түсіндіру.  Жер  бетін  қар  басқанда  қыстап  қалған  құстарға  жем 

беріп  аялаудың  керегін  айту.  Осы  жайында  сөйлем  құрату 

(Қарға,  сауысқан,  суық  торғай  –  қыстап  қалатын  құстар.  Қарға 

суыққа  төзімді.  Ол  қалдықтармен  қоректенеді.  Оның  тұмсығы 

өткір, т.б.). 

Балаларға  табиғи  құбылыстар  жайында  түсінік  берген-

нен  кейін  түрлі  (аяз,  бұлт,  қырау,  қар,  т.б.)  жаңылтпаштар  мен 

мақал-мәтелдер айтылады. 



Көктемгі  жаңбыр (бақылау) 

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  мақсаты:  Балалар-

дың көктем туралы түсініктерін кеңейту. 

Табиғат  құбылыстары:  жаңбыр,  найзағай,  бұлттылық, 

кемпірқосақ,  т.б.  құбылыстарды  бақылатып,  түсіндіре  отырып, 

осының  негізінде  балаларды  байланыстырып  сөйлеуге  жаттық-

тыру, тілін дамыту, сөз қорын молайту. 

Тірек сөздер: найзағай, күркіреді, жаңбыр жауды, тамды, 

сіркіреді, құйып кетті, кемпірқосақ, т.б. 

Керекті құралдар: Табиғат қүбылыстарының картиналары. 

Тірек  білім:  Күнделікті  өмір  тәжірибелеріне  сүйену: 

Жаңбырдың жаууын бақылау, оның дыбысын есту, найзағайды, 

бұлтты,  кемпірқосақты  бақылау  арқылы  алған  білімдері.  Таби-

ғат  құбылыстары  жөнінде  жаттаған  тақпақ,  өлең,  жұмбақ,  жа-



69 

 

ңылтпаштары. 



Базалық білім: Осы құбылыстардың ауа райына тигізетін 

әсерін,  ылғалдылық,  бұлттылық,  топырақтағы  болатын  өзгеріс-

тері, т.б. 

І.  Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті  музыка  тыңдаудан 

басталады.  «Жаңбыр»  әнін  тыңдатып,  оқушыларға  эмоциялық 

әсер ету, сұрақтар мен тапсырмалар беру: 

а) Өлең  не жайында айтылды? 

ә) Сендер жаңбырды бақылаған болатынсыңдар, сондағы 

байқағандарыңды айтып беріңдер (жауынға бетімізді, қолымыз-

ды тосып көргенбіз). 

б)  Жаңбыр жауғанда қандай дыбыстар естисіңдер? 

Ол  туралы  сөйле    құрастырыңдар  (жаңбыр  тырс-тырс 

етіп жауады). Тағы қалай айтуға   болады? (себелеп, құйып, нө-

серлеп жауады). 

ІІ.  а)  Тәрбиешінің  беретін  қысқаша  түсінігі:  Жаңбыр 

бұлттан  пайда  болады,  ұсақ  тамшылар  бір-бірімен  қосылып, 

ауырлайды  да  бұлттан  бөлініп,  жерге  түседі.  Ол  –  су  тамшы-

лары. Бұлт бірнеше түрлі болады: қою бұлт, сұрғылт бұлт, ақша 

бұлт,  т.б.  Бұлттар  қозғалып,  көшіп  отырады,  оны  қозғалатын 

желдің бағыты. Өте қою бұлттан нөсер жаңбыр жауады. 

б)  Осы  айтылған  түсінік  бойынша  сөйлем  құрату.    Ол 

үшін  тірек  сөздер  беріледі  (қою  бұлт,  нөсер,  сіркіреді,  тамшы-

лады, т.б.).  

Мәселен, балалар мынандай сөйлем құрастыруы мүмкін: 

аспанды қою бұлт басты; қою бұлттан нөсер жаңбыр жауды; күн 

бұлттанып   жаңбыр  сіркіреді;  жаңбыр  тамшылады;  аспанда ақ-

ша бұлттар көшіп жүр т.б.  

Балалардың  сөйлем  құрауына  тәрбиеші  назар  аударып 

тірек сөздерді есіне түсіреді.  Олардың құрған  сөйлемдерін қай-

талатып,  бүкіл баланың назарын сөйлемнің мәніне аударады. 

ІІІ.   Көрнекілікпен   жұмыс:   жаңбырлы   күнді   бейне-

лейтін      сурет  бойынша  балалардың  әңгіме  құрастыруына  жағ-

дай жасау:  

– Суреттегі көріністі байқап қарап ат қойыңдар.  

– Осы көрініс туралы әңгімелеңдер. 


70 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет