Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. -Москва: Наука, 1981. - 139 с.
Автордың интенциясына сәйкес белгілі бір коммуникативтік мақсатты жүзеге асыратын, иерарахиялық-семантикалық құрылымға негізделген күрделі мазмұндық тұтастық. Мәтін – обьективті әлемнің субьективті бейнесі.
Қазақ тілтанымында мәтін лингвистикасы ғылым саласы ретінде Р.Сыздықова еңбектерінен бастау алады.
«Абай шығармаларының тілі» атты іргелі зерттеу мәтінтану ғылымының қалыптасуына негіз болды.
«ХҮ-ХІХ ғасыр қазақ әдеби тілінің тарихы», «Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы», «Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің тілі», «Абайдың сөз өрнегі», «Жазушы және сөз мәдениеті», «Сөз құдіреті» сияқты монографиялық еңбектері мен ғылыми зерттеулерінде мәтін тілінің көркемдік ерекшеліктерін қарастырады.