10 том - тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің тарихы.
"Қазақ әдебиеті тарихының" бұл соңғы оныншы томы 1991-2001 жылдардағы әдебиетке ғылыми сыпаттама беруге арналған.
28. Жазушы еңбегі және көркем мәтін мәні (ойша айтуға болады)
29. Көркем мәтінді әдеби талдау: жолдары мен ерекшеліктері
Көркем әдебиет тілін, сонымен бірге көркем мәтін тілін зерттеудегі негізгі мақсат – көркем туындының бейнелі құрылымының өзіндік ерекшелігін ашу, көркем мазмұнды бейнелейтін тілдік құралдардың қызметін көрсету. Ал олардың алғышарттарына мыналар жатады: көркем шығарманың мазмұн мен формасын (тілін) бірлікте алып зерттеу; көркем шығарманың өзара және басқа компоненттерімен байланыс, қарым-қатынасын ескеру; бейнеленетін мазмұнға автор қатынасын ескеру; шығарманың жанрлық ерекшеліктерін ескеру;
ғылыми дамудың жаңа бағыт-бағдарларына сүйену т.б. Көркем шығарма тілін талдаудың ғылымда синтетикалық әдіс, құрылымдық және статистикалық әдіс түрлері белгілі. Көркем әдебиет өнері өмірді сезім арқылы танытып қана қоймайды, ол сол арқылы өз оқырманына эстетикалық ықпал етеді. Көркем мәтінді талдаудың басты мақсатына жазушының көркем ойының қозғалысын,
шығарманың бейнелі құрылымын, автордың көркемдік әлемін, күрделі ассоциативті образдар қатарын т.б. ашу, яғни шығарманың терең ендіктегі мән-мазмұндық қабаттарын
анықтау жатады. Нағыз көркем туындының мазмұны мен формасы бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста,
оларды ажыратуға болмайды. Ондай шығарманың мазмұны да формасы арқылы
анықталады, көркем мазмұн өзінің формасынан тыс өмір сүре алмайды. Демек, көркем шығарманың мазмұнын формасы арқылы ғана ашуға болады. Көркем туындыны талдауда осы ескерілуі тиіс.
30. Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы» оқулығының мәтіндік мәні
Сүйіншалиев Х. «Қазақ әдебиетінің тарихы». – Алматы: Санат, 1997
Х.Сүйіншолиев қазақ өдебиеті тарихының VII1-IX ғасырлардан басталып, үздіксіз дамып келе жатқанын айқын дөлелдей алган, шынында да үздік ғалым. Ұстаз еңбектерінде, сондай-ақ, XV - XVII ғасырларда өмір сүрген жыраулар мен XIX ғасыр перзенгтері Шоже, Базар, Кемпірбай, Орынбай, Жанақ, Сүйінбай, ІІІернияз, Майлы, Мөделі, Қүлыншақ, Ақан, Біржан, Сара, Нүрым, Қашаған, Түбек, Бақтыбай, Құлан секілді оған дейін жете зерттелмеген ақындар шығармалары да өдемі талданып, көркемдік сырлары ашылган. Әдебиет тарихын зерттеуде солшылдық басым болған кезде тарих сахнасынан шығып, кертартпалар аталған-Дулат, Шортанбай, Мүрат, Шөңгерей т.б, шығармашылығы қайта зерттеу объектісіне айналды. Хан- екең олардың халықтық -реалистік бетін айқындап шықты. Оқушы қауымға әдебиетіміздің осы өкілдері жайлы мол мағлүмат беріп, жаңа ғылыми түжырым жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |