Мәтін және оның мазмұны негізінде тест құрастыру арқылы жұмыс нәтижесін арттыру



бет2/5
Дата22.10.2022
өлшемі6,26 Mb.
#44790
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Воркшоп Мереке.11қазан (1)

Тірек сөздер


Мәтінді құрастыруға негіз болатын сөздер «тірек сөздер» деп аталады. Мәтін не туралы? деген сұраққа жауап беретін сөздер мәтіннің тірек сөздреі болады. Мәтіннің тірек сөздерін «кілт сөздер» дет те атауға болады.
Әдетте, мәтін құрастырар алдында оқушыға тірек сөздер беріледі. Оқушы берілген тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырады. Тірек сөздер арқылы шағың әңгіме, ертегі, өлең немесе кез келген мәтін түрін жазуға болады. Жазылған мәтін жүйелі шығу үшін тірек сөздердің бірін біріктіретін тақырып тауып алу керек. Мәтін не туралы болса, тақырыбы да сол болады. Мәтінге ат қойғанда оның тақырыбының қысқаша нұсқасын пайдаланады.

Мәтін және сынақ тапсырмасы

  • 1- мәтін
  • Ертеде Мадан деген хан болыпты. Хан болған соң, оның қырық уәзірі болады ғой. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып:
  • — Уәзірлерім! Сендер қырқың да, асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын және шөптің жаманын, құстың жаманын тауып келіңдер. Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір айдың ішінде тауып келмесеңдер, жазалы боласыңдар! — дейді.
  • Хан бұйырған соң, амал жоқ! Уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Көп іздеп, азап шегіп, шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі – тікен, арасынан жүрсе, киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы осы ғой», – деп, шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып: «Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың жаманы осы екен», – деп, қырғауылды атып алады. Енді адамның жаманын таба алмай, қырық уәзір келе жатса, таудың етегінде, үстінде жыртық тоны, басында тері тымағы бар, бір адам бес-он қойды бағып жүр....
  • ......— Апыр-ай, оны қайдан білдің? Айтқаның рас. Менің Ақша хан деген құдам бар еді. Соның тұлпар табатын бір биесін қалап алдырғанмын. Бие күні жетіп, құлынды туа алмай, өлер болған соң: «Бие өлсе өлсін, құлын қалсын», – деп, ішін жарып, құлынды алғанмын. Сол құлын осы еді, әбден отығып кеткенше, сиырдың сүтімен асырап едім. Ал енді сен мұның сиырға шатыс екенін қайдан білдің? – дейді хан таңданып. Тұлпарыңыз судан әрі-бері өткенде, аузын суға малып, артқы аяғын сілкіп өтті. Сиыр күніне қырық суарсаң да судан айдағанда, аузын суға малмай, артқы аяғын сілікпей, өтпеуші еді. Тұлпардың сиырға шатыс екенін сонан білдім, – дейді. Жұрт таң қалып, бір-біріне қарасады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет