Мәтінде көп нүктенің орнына сәйкес келетін қала атауы


Мәтіндегі сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз



бет7/7
Дата27.01.2023
өлшемі26,67 Kb.
#63299
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тест 9 матин

Мәтіндегі сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз:
Жауабы: 1916 жылғы көтеріліс.
12. Мәтінді оқып шығып, 20-30 жылдардағы мәдени құрылысты жүзеге асырудағы басты кедергілердің бірін анықтаңыз.
Бейбіт өмірге көшуге байланысты халықтың мәдени деңгейн жетілдіру, сауатсыздықты жою мен маман кадрлар дайындау қажеттігі туындады. Ел алдында мәдени құрылысты жүзеге асыруда бірқатар кедергілер тұрды: қажетті материалдық – техникалық база жоқ еді, ұлт зиялыларыда ат төбеліндей аз болатын.. Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла басталды.Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп. Мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты ...20-30-жылдарда репрессияға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп әдебиеттің дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті»:
Жауабы: 30 жылдардағы жаппай саяси қуғын сүргін жүргізілуі.
2. «... РКФСР Үкіметі орталық өкімет орындарына әскери бұйрық ретінде Сібір мен Қазақстанда азық-түлік салғыртын арттыруды міндеттеген арайы декрет жариялады. Осылайша артық өнімдер ғана емес, күнкөріске қажетті астықты, тіпті тұқымдық қорды да тәркілеу басталды... Қалаларда бұрынғыша азық-түлік тапшылығы сақталды. Егін түсімі төмендеуінің салдары өнеркәсіпте де байқалды. Көптеген зауыттар отынның жетіспеушілігінен жабылып, жұмысшылар жұмыссыз қалды... Жеуге жарайтын нәрсенің бәрі таусылғандықтан келесі көктемде себілетін тұқым қалмады»:
Мәтінде қай саясаттың салдары сипатталғанын анықтаңыз.
Жауабы: «Әскери коммунизм».
13. Мәтінде үзінді келтірілген Қазақ АКСР ОК-нің декретінің тарихи маңызы.
«...Сібір казак әскерінің меншігіне берілген, Семей губерниясындағы Өскемен, Семей, Павлодар .... Сібір казак әскерінен жалға алып келген еңбекші халқына қайтарылып берілді»:
Жауабы: Патша үкіметі заңсыз таратып алған жерлердің бір бүлігі қазақтарға қайтарылды.
20. Қазақстан К (б) П Орталық Комитеті Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысы туралы мәселе қарады.
ҚК (б) партиясы Орталық Комитетінің көпшілік-саяси және идеологиялық жұмыстың жайы және оны жақсарту шаралары туралы қаулыларынан, сол сияқты, Қазақ КСР тарихының мәселелерін баяндау жөніндегі идеологиялық, ұлтшылдық елеулі қателерді айқын көрсеткен ҚК (Б) партиясы Орталық Комитетінің «қазақ КСР тарихын» екінші рет бастыруға даярлау туралы қаулысынан Тіл және әдебиет институты тиісті қорытынды шығармады.
...Өткендегі әдебиет өкілдері жалпы халық қайраткерлері болды деп көрсетілді, ал олардың шығармашылығы тап күресіне байланыстырмай, одан тыс тексеріліп, сөйтіп, олардың шығармаларындағы феодалдық-реакциялық, буржуазиялық-қлтшылдық сарындары қағажу, бүркеуде қалдырылды (Базар, Мұрат, Шортанбай, Шәңгерей, Ғ. Қарашев, С. Торайғыров және басқа ақындар)...
...Мұның нәтижесінде ол мәселелерге институттың ғылыми-зерттеу жұмысында ерекше көңіл бөлінбеді, ол мәселелер Қазақстанның әдебиет зерттеушілерінің еңбектерінде баяндалмады. Қазақстанда Кеңес өкіметі орнатылған жылдарда Кеңес өкіметіне дұшпан болған және контрреволюцияшыл алашорда партиясының қатарында большевиктер партиясына қарсы белсенділікпен күрескен бірсыпыра қазақ әдебиетшілерінің еңбегі әшкереленбеді және оған тиісінше тойтарыс берілмеді.
Бұл айтылғандардың нәтижесінде көптеген әдебиет зерттеушілер мен тіл зерттеушілер бұрыннан қалған мұраға сын көзімен қарауды қойды, әдебиетке идеясыздық және саясаттан тысқары көзқарастарды өткізіп жіберді.
Қазақстан К (б) П Орталық Комитеті Қазақ КСР Ғылым академиясы төралқасының қоғамдық ғылымдар бөліміне, оның ішінде Тіл және әдебиет институтына ойдағыдай басшылық етпегенін атап көрсетті. Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымы идеология жұмысын, әсіресе ғылыми кадрларға маркстік-лениндік тәрбие беру жұмысын ақсатты, идеясыздық пен саясаттан тысқары қалушылықтың қаңдайына болса да қарсы большевиктік күрес жүргізбеді. Қазақстан К (б) П Орталық Комитеті Қазақ КСР Ғылым академиясы төралқасына Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы жоғарыда көрсетілген саяси өрескел қателерді жоюға батыл шаралар қолдануды, БК (б)П Орталық Комитетінің идеология мәселелері жөніндегі қаулыларына және Жданов жолдастың «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы баяндамасына сәйкес институттың жұмысын тез арада түбегейлі қайта құруды міндет етті.
Мәтіндегі Қазақстан БК (б) Орталық Комитетінің қаулысы шыққан мерзімі:
Жауабы: 1947 ж. 21 қаңтар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет