Мәтінде сипатталған үзіндіден «Алаш» партиясы бағдарламасының бөлімінің атауын анықтаңыз: А). Билік һәм сот
В). Мемлекет қалпы
С). Жер мәселесі
D). Жергілікті бостандық
Е). Негізгі құқық
17. «а) ҚАКСР аумағында қырғыз және орыс тілдерін мемлекеттік деп тану туралы;
ә) ҚАКСР-інің мемлекеттік және қоғамдық мекемелері мен ұйымдарында орыс тілімен қатар қырғыз (қазақ) тілінде де іс жүргізуді енгізу туралы;
б) Декреттерді, нұсқауларды, нұсқаухаттарды, міндетті қаулылар мен басқа да заң және үкімет актілерін екі тілде қабылдау мен шығару туралы декреттерін жүзеге асыру үшін... қаулы етті:
1. ...барлық қазақ болыстарында... қырғыз (қазақ) тілі іс жүргізу қырғыз және орыс тілдерінде қатар жүргізіледі».
Мәтінде сипатталған декретті енгізген үкіметтік орган: А). Қазақ Революциялық комитеті
В). Қазақ АКСР ОАК
С). Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
D). Түркістан АКСР ОАК
Е). Алашорда үкіметі
18. «Күрделі кезеңде түрлі саяси-мемлекеттік жүйеде қилы жауапты іс жасаған бұл қайраткердің ұлтқа болысқан еңбегі нәтижесіз емес еді
- саяси қайраткер ретінде құқы аяққа тапталған ұлтының теңдігі жолында дәйекті іс атқарды;
- маман-теміржол инженері ретінде төңкеріске дейін де, одан кейін де шойын жолды салуда ұлт мүддесін бірінші кезекке қойды;
- публицист ретінде орыс тілінде шыққан мақалаларында Петербургтың зиялы қауымына патша шенеуніктерінің әділетсіздігін жеткізсе, қазақ тіліндегі мақалаларында қандастарына теңдік алудың жөн-жобасын көрсетті;
- тарихшы ретінде қазақ елінің көне дәуірден бүгінге дейінгі шынайы тарихын жасаудың батыл бағыттарын іс жүзінде анықтап берді».
Мәтінде қай тарихи тұлға туралы айтылғанын анықтаңыз: А). М. Тынышбаев
В). Т. Рысқұлов
С). Ә. Ермеков
D). Н. Нұрмақов
Е). Қ. Кемеңгеров
7. «Отанымызға фашистік Германияның қарақшылықпен шабуыл жасауы туралы хабырды тыңдай келіп, М. И. Калинин атындағы Ленин орденді қорғасын зауытының ұжымы үкіметіміздің Кеңес Одағына фашистік Германия шабуылына байланысты болуы мүмкін зардаптар үшін барлық жауапкершілік Германияның фашистік үкіметіне жүктелетіні туралы мәлімдемесін қуаттайды.
Біз өзімізге соғысты әлсіз елдерді ішінара жеңуіне байланысты ар-ұяттан жұрдай болған Германияның қанқұмар әміршілері тобының таңып отырғанын білеміз.
Біз даңқты Қызыл Армиямыздың, Әуе және Әскери – Теңіз Флотымыздың асынып-тасынған агрессорға күйрете соққы беретініне күмәнданбаймыз.
Біз үкіметімізді, өзіміздің Коммунистік партияны өз Отанымызды қорғауға үкіметтің кез келген тапсырмасын орындауға әзір нағыз патриоттар ретінде бәріміздің бір кісідей жұмыла шығатынымызға сендіреміз. Біз барлық жұмысшыларды ұйымшылдыққа, тәртіп пен қырағылыққа шақырамыз.
Біз құтырған фашистік төбеттердің басына борату үшін қазір қорғасынның қандай қажет екенін ұғынамыз. Сондықтан біз зауытымыздың бұрынғыдан да жақсы жұмыс істеп, қорғасынды үкіметіміз қанша талап етсе, сонша беруі үшін еңбегімізді, білімізді, ал егер қажет болса, өмірімізді де адал әрі жанқиярлықпен қиямыз.
Біз жауды жеңетінімізге кәміл сенеміз....»