Мәтінде сипатталған мектепті алтын медальмен бітірген қазақ халқының ұлы ағартушысын анықтаңыз: А). Әлихан Бөкейханов
В). Шоқан Уәлиханов
С). Абай Құнанбайұлы
D). Шәкәрім Құдайбердіұлы
Е). Ыбырай Алтынсарыұлы
15. «Интелигенция өкілдерінің кейбіреулері ғана ақталды. Қазақтың айтулы азаматтары Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин... ақталып, олардан жалған айып алынып тасталды... Бірақ сол кезде қазақ зиялыларының Ә. Бөкейханов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев сияқты жарқын өкілдері ақталмай қалды... Мәскеу өкімет орындары оларды «барып тұрған ұлтшылдар» мен алашордашылар деп есептеді»:
Мәтіндегі сипатталған тарихи оқиға болған кезеңді анықтаңыз. А). «Жылымық» кезеңі
В). «Ұлы Отан соғысы» кезеңі
С). «Қайта құру» кезеңі
D). «Тоқырау» кезеңі
Е). «ЖЭС» кезеңі
15. Мәтінде қай саясат туралы айтылғандығын анықтаңыз. «…халық шаруашылығына әкімшіл-әміршілдікті сақтай отырып, белгілі дәрежеде капитализмге уақытша ерік беруге есептелген пролетариат мемлекеттің ерекше саясаты. … аз уақыт әрекет етіп, барлық саланы біртұтас қамтылған жұйе болып қалыптасып үлгермеді.»
Жауабы: ЖЭС 16. Мәтінде берілген үндеудің қай үкімет жариялағанын анықтаңыз. «Ресей мұсылмандары… бұдан былай сіздердің діндеріңіз бен әдет-ғұрыптарыңыз, сіздердің ұлттық және мәдени мекемелеріңіз еркін деп,оларға ешкім қол сұқпайды деп жарияланады. Өздеріңіздің ұлттық өміріңізді еркін және кедергісіз құра беріңдер. Сіздердің бұған хақыларыңыз бар, біліп қойыңыздар Ресейдің барлық халықтарының құқықтары сияқты,сіздердің құқықтарыңыз революциямен оның органдарының жұмысшы солдат және шаруа депутаттар Кеңестерінің бар күшімен қорғалды… Осы революцияны және өкілетті үкіметін қолдаңыздар.»
Жауабы: Кеңес үкіметі 17. Мәтінде берілген патша жарлығы желеу болған тарихи оқиға. «…Соғысып жатқан армия шебінде қорғаныс құрылыстары мен әскери қатынастар салу жөніндегі жұмыстарға сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс үшін қажет өзге де барлық жұмыстарға осы соғыс барысында империяның төменде аталған 19 жастан 43 жасқа дейінгі бұратан еркек халқы тартылсын…»
Жауабы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс 18. Мәтіндегі қаулының нәтижесінде жарияланған салдарының ішінде қатесін табыңыз. «Ол күшіне енген сәттен бастап шаруа қожалықтарына өзіндік ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын қалауы бойынша иелену құқығына кепілдік беретін. Жаңа экономикалық саясаттың принциптерінен бас тартылды. Қаулыға сай,байлардың шаруашылығын тәркілей отырып, оларды тұрғылықты жерінен қоныс аударып жіберуге рұқсат етілді… тәркілеу науқаны… халықты қорқыту және зорлау арқылы, байсымақтарды күштеу арқылы іске асырылды… Сонымен бірше малдың көп бөлігі көршілес республикаларға айдап әкетілді»
Жауабы: Ауқатты шаруалардың жағдайы жақсарды. 1. "Көтерілістің желеуі - соғыс майдандарындағы қара жұмысқа бұратана елдерден адам алу. Өкіметтің қара жұмысқа адам алғанда жер-жерде қолданылған шаралары мен тәртібі. Өкіметтің жер-жерде қолданған шараларын тұрғын ел өзінше ұғынды.
Түркістандағы бұратана елдердің көтерілісі, Түркістандағы төңкеріс қозғалысының тарихындағы ең үлкен оқиғалардың бірі десе болады. Өйткені бұл көтеріліске тұрғын ел, 50 жылға жақын өкіметшілігін жүргізіп, дегенін істеп келген Ресей патшалығының "Ақ патшаның" әміріне бастап қарсылық көрсетті. Бұратана елдер, алдымен қарсы болып, көздегені патшаның әкімдері еді, бірақ соңында елдің мақсатына, тілегіне қарсы болған тұрғын елдің әкімдерін де аяған жоқ, көтеріліске ел алдын ала дайындалған жоқ; көтеріліс Түркістанның әр жерінде, жергілікті ұлттардың арасында біржола бір уақытта басталды.
...Патша үкіметінің соғыс министрінің Түркістанның жанаралгубернаторына телеграммен бергеп бұйрығы бойынша соғыс майдандарындағы жол түзету, соғыс қорғандарын жасау жұмысына Ресей мемлекетіндегі айырым Түркістандағы соғыс міндетінен бұрын азат етілген бұратана елдерден, соғыс біткенше жұмыс істеуге адам алынатыны жарияланды".